- •Дәріс тақырыбы: Қылмыстық психология
- •Дәріс жоспары:
- •Қылмыскер адам қасиеттерінің психологиялық ерекшеліктері
- •Қылмыскерлер типологиясы
- •Қоғамға қарсы бағыттану белгісі бойынша типология негізінде адамның әртүрлі қоғамдық құндылықтарына деген қатысы жатады:
- •Әлеуметке қарсы бағыттану тереңділігі мен тұрақтылығы бойынша қылмыскерлер былай бөлінеді:
- •Қоғамқа деген қауыптілігі, қылмысты белсендігі бойынша қылмыскерлер мынадай типтерге бөлінеді:
- •Пайдақорлық қылмыскерлер :
- •Қосымша әдебиет
Қоғамқа деген қауыптілігі, қылмысты белсендігі бойынша қылмыскерлер мынадай типтерге бөлінеді:
А) «Ерекше қауыпты» (белсенді) қылмыскер – бірнеше сотталған рецидивисттер. Тұрақты қылмыстық мінез-құлық қоғамға, қоғам құндылықтарына белсенді түрде қарсы тұруында көрінеді. Осы түрге қайтадан ұрлық жасаған, тонау, бұзақылық, тұлғаға қарсы ауыр қылмыс жасайтын аламдар жатады. Қылмыс олар үшін өмірге қаражат табудың жалғыз көзі. Олардың ішінде шебер ұрылар, тонаушылар жиі кездеседі. Қылмыс жағдайын өздері белсенді ұйымдастырады. Сонымен қатар осы топқа ұзақ уақыт бойы қылмыс жасаған мүлік ұрлаушылар, ірі парақорлар жатады.
Б) «Қоғамнан тыс қауыпты қылмыскерлер (пассивті)» – бірнеше сотталған, табынан айырылған , қарым-қатынастан қалған, жанұясы, үйі жоқ , арамтамақ өмірін сүріп жүрген адамдар : қаңғыбастар, қайыр сұраушылар, маскүнемдер. Өміріне қаражат табу үшін олар ұсақ ұрлық жасайды, қолындағысын ішімдікке жұмсайды. Қылмысты жағдайды өздері ұйымдастырмайды, ұрлықты көбінесе ыңғайы келген кезде жасайды. Заң бұзу әрекеті бірқалыпты болады.
В) «Тұрақсыз» қылмыскердің өмірі заңды мен заңсыз күнгөру түйсінінде өтеді. Оларда тұрақты қоғамға қарсы ниет болмайды. Қылмысты – ұсақ ұрлық, бұзақылық, тонауды – жиі мас күйде жасайды. Осындай адам өмірін жақсы жаққа өзгертсе, олармен тиымды тәрбие жұмысын жүргізс, олар қылмысты әрекеттен бас тартады.
Г) «Ситуативті» қылмыскер мінез-құлқысында күрделі қоғамдық қауып болмайды. Олардың психологиялық өзгешелігі – қыйын жағдайды өз басымен реттей алмай, не істерін білмей қалады. Ұшқар оқыйғадан тиымды жол таба алмай, қылмысты әрекет жасауға мәжбүр болады. Жиі осындай адамдар ауыр материальді күйге ұшйрағанда ұрлыққа, зорлыққа баруы мүмкін.
Жоғарыда көрсетілген типтер ышын өмірде таза күйінде кездеспейді. Қылмыскер адамды нақты түрде белгілі бір типке жатқызу қыйынға соғады. Көбінесе типтер аралас болып келеді. Тағы бір атап кететін жағдай – осындай жіктеу, классификациялау қылмыстардың ішкі себептерін, түрткілерін түсіндірмейді. Оны түсіну үшін заңды бұзған адамның ішкі дүниесін, жасырын және айқын субъективті қасиеттерін анықтау керек.
Адам жүріс-тұрысының (оның ішінде қылмысты әрекеттің) ішкі себебі ретінде мотивтер шығады. Мотив әрекеттің тұлғалық мағынасын, белгілі істің неүшін жасалғанын бейнелейді. Мотив негізінде адам ниеті, қажеттіліктері, сезімдері, бағдарлары жатады. Әдетте адам әрекеті бірнеше мотивке бағынады. Олардың адамға деген мағына деңгейі әртүрлі болуы мүмкін. Біреулері басты, негізгі болса, екіншісі – қосымша, көмекші болады. Адам тәні көп жағдайда өз мотивтерінен білінеді . Алкоголь мен есірткіге деген физиологиялық қажеттілікті қанағаттауға бағытталған мотивтерден басқа түрткілердің өзі қылмысты болмайды, қылмысты болатын сол мотивтерді орындау, іске асыру жолдары.
Сондықтан қылмыскер адамдарды заң бұзу әрекетінің мотиві бойынша жіктеген дұрыс болып көрінеді. Мысалы, зорлықшыл қылмыстар мотив, түрткісі бойынша бірнеше топқа бөлінеді : қызғану мотиві, кек алу мотиві, өз статусын немесе артықшылығын дәлелдеу мотиві, т.б. Мотивациялық белгі бойынша қылмыс пен қылмыскерлер келесі топтарға бөлінеді:
