Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дріс 3.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
101.38 Кб
Скачать

Қылмыскерлер типологиясы

Криминальды психология қылмыскер тұлғасының психологиялық қасиеттерін, қылмысты әрекет мотивациясын, қылмыстық топ психологиясын зерттейді; жеке және топтық қылмыстың алдын алу жөнінде нұсқау дайындайды. Криминальды психология қылмысты әрекетке итеретін тұлға ерекшеліктерін, қылмыстың ішкі себептерін, қылмысқа деген дайындық мотивтерін анықтайды.

Адам психологиясын білмей, әлеуметтік-психологиялық құбылыс пен процесстің психологиялық мотивтері мен механизмдерін ұқпай қандай болмасын жүріс-тұрыстың, оның ішінде қылмыстық жүріс-тұрысты, түсіну мүмкін емес. Неге осы адам нақ осы қылмысты жасады, оның себебі қандай? Осындай сұрақтарға жауап беру үшін қылмысты әрекет жасауға апарған тұлға өзгешеліктерін айқындау қажет.

Қылмыскер тұлғасын зерттегенде бірнеше өзіндік ерекшелігі бар қылмыскер типтері, типологиялық схемалар анықталады. Осындай жіктеу келесі принциптар бойынша жасалынады:

  1. Қоғамға қарсы бағыттану белгісі бойынша типология негізінде адамның әртүрлі қоғамдық құндылықтарына деген қатысы жатады:

А) Адам тұлғасына, мәнді құныдылықтарына (өмір, денсаулық, денеге қол сұқпаушылық (телесная неприкосновенность), ер, намыс, тыныштық) негативті-қорлау қатынас. Бұндай қатынас қасақана, агрессивті-зорлықшыл қылмыстар негізінде жатады – адам өлтіру, дене зақымдау, зорлау, қорлау, бұзақылық, т.д.

Б) Материальдік игіліктерді адамдардың істеген еңбегіне қарай тарату принципімен санаспау, мемлекеттің, қоғамның, жеке адамның меншікке деген құқығын бұзумен байланысқан пайдақорлық қатынас. Бұндай бұзылыстар ұрлық, талан-тараж (хищение), алаяқтық, парақорлық, контрабанда негізінде жатады.

В) Нешетүрлі әлеуметтік институттарды жақтырмау, заңды, жарлықтарды, жалпы азаматтық, кәсіптік, жанұялық міндеттерді орындамау шаруашылықтағы, әскердегі қылмысқа, басқару тәртібі, әділ сот ережелерін бұзуа әкеледі.

Г) Әлеуметтік құндылықтар мен өз міндетіне немқұрайлықпен, жауапкерліксіз қарау көптеген абайсыздықпен жасалатын қылмыстар негізінде жатады.

  1. Әлеуметке қарсы бағыттану тереңділігі мен тұрақтылығы бойынша қылмыскерлер былай бөлінеді:

А) «Кездейсоқ» қылмыскер заңға қарсы істі бірінші рет жасайды, қылмысты әрекет сол адамның әдебіне , адамгершілігіне, жалпы әлеуметтік-позитивті бағыттануына қайшы келеді.

Б) «Криминогенді» қылмыскер түлғасы заңға қарсы жағдайда, қоршағандардың (жанұя, жолдастар, таныстар) аморальды жүріс-тұрысына лайық қалыптасады. Бұрын үнемі нешетүрлі аморальды әрекет жасаған, жаза қолданса да қайтадан заңды бұзған. Қоғамның құндылықтарын, ережелерін еңгермейді. Өз әрекетіне негативті баға береді, өзін-өзі қорғаудың әлеуметтік-психологиялық жолдарын таңдайды. Қылмысты жағдайда өте белсенді болады, қылмысты себепсіз жасауы мүмкін. «Криминогенды» типтің бірнеше түрі (подтипы) бар :

  • Бірқалыпты - криминогенді түр моральды-құқықтық нормалар үнемі бұзылатын ортада қалыптасады . Қылмысты әрекет заңды түрде адамның үйреншікті жүріс-тұрыс стилінен, өмір салтынан, қоғамға қарсы көзқарастан, тұрақты бағдарлардан басталады. Қылмысты жағдайды осындай адамдар өздері белсенді жасайды.

  • Ситуативті – криминогенді қылмыскердің адамгершілігі, өнегесі бұзылады. Әлеуметтік рольдің талаптары толық орындалмайды. Қарам-қайшылығы көп ортада қалыптасады. Жағымсыз жағдай (біреумен қақтығысу, криминогенді топқа қосылу) қылмыс себебі болуы мүмкін . Қылмысқа қоршаған ортасы, өмір салты тиереді.

Қылмыскердің ситуативті түрінде қоғамға қарсы ниет шамалы болады. Ортамен қйын жағдайда дұрыс қарым-қатынас жаса алмайды. Қыйын жағдайға бейімделе алмайды. Қылмысты әрекет адамның өзіне көнбейтін өзгеше, ұшқар жағдай әсерінен, басқаның қысымымен немесе үлгісімен жасалынады. Дегенмен бұндай қылмыскердің «кездейсоқ» қылмыскерден айырмашылығы - өз жағымсыз әрекетін ақтау. Жиі қылмыскер қақтығыстың заңға лайықты шешу жолдарын білмейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]