Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дріс 3.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
101.38 Кб
Скачать

Қылмыскер адам қасиеттерінің психологиялық ерекшеліктері

Тұлғаның психологиялық ерекшелігі деп жүріс-тұрыс түрлерін белгілейтін жекедара қасиеттерінің тұрақты жыйынтығы аталады.

Қылмыскер адамдарды эмпирикалық жолмен зерттеу оларда басқа кісілерден айрықша өзгеше тұлғалық қасиеттер бар екенін дәлелдеген . Осы зертеулердің арасынан А.Р.Ратиновтың өткізген нормативті - құндылықты жүйенің зерттеуін атап кетуге болады. Бұл зерттеу нәтижесінде заңды бұзбайтын және бұзатын адамдардың құқық танымы, көптеген қоғамның әлеуметтік институттарына дегн қатынасы екітүрлі болатыны дәлелденген.

Мысалы, қылмыстық заңды, оны іске асыру жолдарын қолдау заңды бұзбайтын адамда артық болады. Қылмыскер заң қағидаларын білсе де, оны бұзуы ықтимал. Құқықтық құндылық пен нормаларды олар дұрыс, лайықты деп қабылдамайды. Қылмысты әрекетті олар заңды мақұлдағаннан емес, жазадан қорықаннан ғана жасамайды.

Құқық қорғау органдарына деген көзқарас, олардық қызметін бағалау әртүрлі адамдарда бірдей болмайды. Жазалау тактикасын қылмыскерлер өте қатал деп бағалайды, әсіресе өздері жасаған қылмыстің жазасын. Басқа адамдарға қарағанда, заң бұзған кісілер заң қызметкерлеріне сенімсіздікпен, күмәнмен, сақтықпен қарауы артық болады. Сенімсіздікпен, менсінбеушілікпен құқық қорғау органдарына парақорлар, пайдақорлар қарайды. Ал зорықшыл қылмыскерлер оларға анық қастық, өшпенділік, қасақаналық көрсетеді.

Дегенмен, қылмыскердің нормативті-құндылық жүйесін зерттеу қылмыскер тұлғасының психологиялық мәнін, қылмыс әрекет себебін анықтауға жеткіліксіз болады. Сондықтан да Ю.М.Антонян ұйымдастырған қылмыскер адамдарды психологиялық қасиеттері бойынша жіктеу криминальды психологияда ерекше орын алады. Антонян адам өлтірген, зорлау , бұзақылық , ұрлық, тонау, шабуыл жасап тонау әрекетін жасаған, ауыр дене зақым келтірген қылмыскер тобын зерттеген. Зерттелуші топ заңды бұзбаған адамдар тобымен салыстырылынады. Зерттеу үшін Минесоталық көпфакторлы тұлғалық сұрақтізбесінің (ММРІ) бейімделген варианты қолданған - көпжақты тұлғалық методика (ММИЛ).

Статистикалық әдіспен талдау мынадай нәтижені көрсеткен: заңды бұзбайтын адамдардың және қылмыскерлердің психологиялық қасиеттері әртүрлі болады, сондықтан кейбір адамдар қылмысқа барады. Олардың моральды – құқытық, өнегелі сферасы өзгеше блып табылған. Осы зерттеу нәтижесі зерттелген қылмыскерлердің психологиялық суреттемесін жасауға, ерекше тұлғалық қасиет белгілеуге мүмкіншілік береді.

Біріншіден, қылмыскерлер әлеуметке нашар бейімделеді. Қоғамдағы өз орнына қанағаттанбайды. Ерекше қасиеті – импульсивтік. Бұл қасиет өз жүріс-тұрысын реттеу қабілетінің жоқтығында, жете ойланбай істелген әрекетінде, эмоциялық шалалықта, инфантизизмде көрінеді. Өнегелі-құқықтық ережелердің мағыналылығын олар қабылдамайды. Қоғам талаптарын түсінбейді, немесе түсіне тұрып, орындағысы келмейді. Нормативті өзін өзі реттеу бұзылады, сондықтан қылмыскерлер әлеуметтік жағдайды моральды - құқықтық позициядан немес, өзінің тілектеріне, қажеттілігіне, өкпесіне, күйзелісіне сай қабылдайды. Бір сөзбен айтқанда, әлеуметтік бейімделу қылмыскер адамда күрделі түрде бұзылады.

Адамдармен араласу да бұзылады: маңайдағы адамдармен тіл табысу, олардың пікірін, көзқарасын түсіну, өзіне сын көзбен қарау өзгереді. Осының барлығы лайықты бағыттануды нашарлатады, басқа адамдар, қоғам қас, жаман көрінеді, аффективті күйге апарады. Соның салдарынан тұйықтық, жатырқау, жаратпау, қастық, күдіктілік пайда болады. Нәтижесінде жағдайды дұрыс бағалау одан да қатты бұзылады, өйткені жүріс-тұрысты аффективті бағдарлар басып кетеді. Басқа адамдар әрекеті қауыпты, қорқынышты, қауып тудырып тұрғандай қасақана болып көрінеді. Қыйын жағдайды шешу үшін заңға қарсы келетін жолдар таңдалады.

Жоғарыда көрсетілген ерекшелер әртүрлі қылмыскерлерде әртүрлі деңгейде көрінеді. Қылмыскерлер арасынада ұрлаушылар (расхитители) өзгеше болады.

Басқа қысмыскерлерге қарағанда олар әлеуметтің нешетүрлі жағдайына, оның өзгеруіне жақсы бейімделеді. Әлеуметтің ережелерін, талабын дұрыс түсінеді, ұстамды келеді, өз жүріс-тұрысын толық реттей алады. Ұрлаушылардың басқалармен қарым-қатынасы бұзылмайды, әлеуметтік конакт құруға қабілеті бар. Жиі кездесетін ерекшелік – лидерлікке, басшылыққа ұмтылу. Зерде деңгейі жоғары болады. Ұшқар психологиялық күй оларда сирек кездеседі. Әлеуметтік ережелерді түсінуінде кедергі болмайды.

Зорлықшыл пайдақорлардың психологиялық қасиеттері өзгеше болып келеді. Олардың іс-әрекеті импульсивті болады. Әлеуметтік ережелерді менсінбейді, зерде мен жігер деңгейі төмен болады. Маңайындағы адамдарға қасақана, агрессивті көзбен қарайды. Қылмысты әрекет жасау олар үшін күнделікті, үйреншікті іс болып кетеді. Зорлықшыл пайдақорлар өнегелі-құқықтық нормаларды шамалы түсінеді. Пайда болған тілектерді, қажеттіліктерді қалай болса да қанағаттау оларды бала тәрізді, инфантильды әрекетке апарады. Өз жүріс-тұрысын өзіне көндіріп, реттей алмайды, әрекеті бақылаусыз, ойланымсыз болып кетеді. Әлеуметтік ортадан олар қашқақтайды, басқалардан шеттеліп кетеді. Қыйын жағдайды лайық түсіне алмайды. Аффект күйі тұрақты, қозғалымсыз болып табылады.

Ұрылар зорлықшыл пайдақорларға жақын болып келеді, дегенмен олардың психологиялық өзгешелігі соншама айқын көрінбейді. Әлеуметке бейімделу бұзылысы, импульсивтігі шамалы болады, аффект күйі сирек кездеседі. Жүріс-тұрысы икемді болады, күйзеліс күйге сирек ұшырайды. Тілдесу қабілеті мен дағдалары жеткілікті, адамдармен қарым-қатынасты жеңіл орындай алады. Өз әрекетін бақылай алады, өзіне сын көзімен қарай алады, бірақ өз кінәсін сезбей, қылмысты әрекетін дұрыс деп бағалайды.

Зорлаушылар психологиялық өзгешеліктерінің ішінде ең айқыны – біреуге басым, үстем болуға, кедергі жеңуге ұмтылу. Бұндай адамдар қатігез, мейрімсіз болады. Өз жүріс-тұрысын реттей алмай, ұстамсыз болып кетеді. Зерделік деңгейі кеміс болады. Тағы жиі кездесетін ерекше қасиеттер – импульсивтік, әлеуметтік бейімсіздік, қоғамнан шеттену.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]