
- •Дәріс тақырыбы: Қылмыстық психология
- •Дәріс жоспары:
- •Қылмыскер адам қасиеттерінің психологиялық ерекшеліктері
- •Қылмыскерлер типологиясы
- •Қоғамға қарсы бағыттану белгісі бойынша типология негізінде адамның әртүрлі қоғамдық құндылықтарына деген қатысы жатады:
- •Әлеуметке қарсы бағыттану тереңділігі мен тұрақтылығы бойынша қылмыскерлер былай бөлінеді:
- •Қоғамқа деген қауыптілігі, қылмысты белсендігі бойынша қылмыскерлер мынадай типтерге бөлінеді:
- •Пайдақорлық қылмыскерлер :
- •Қосымша әдебиет
Дәріс тақырыбы: Қылмыстық психология
Дәріс жоспары:
Қылмыскер адамның психологиялық ерекшелікеті.
Қылмыстық әрекеттің қалыптасу механизмы
Қылмыстар типологиясы (жіктелуі).
Қылмыскерлер типтерінің сипаттамалары
Криминальды психология – қылмыскер тұлғасының психологиялық ерекшелерін, жалпы қылмысты жүріс-тұрыстың және кейбір қылмысты әрекеттің (зорлықшыл қылмыс, пайдақорлық қылмыс, жасы толмағандардың қылмысы) себептерін, мотивациясын, қылмыстық топ психологиясын зерттейтін тарау.
Кісі өлтірушілер эмоциялық қозушылығы жоғары болады. Өмірінде олар тек қана өз қажеттіліктерін қанағаттауға бағыттанады. Басқа адам өмірінің құндылығын олар мақұлдамайды, айяушылығы жоқ болады. Қақтығысқа дайын тұрады, әлеуметтік байланыстары тұрақсыз, мағынасыз болып кетеді.
Кісі өлтірген адамның басқа қылмыскерлерден айырмашылығы – эмоциялық тұрақсыздық, шағылысу, ағат пікірлік , құбылыс мен заттарды субъективті түрде қабылдау. Бұндай адамдар күдікшіл, күмәнданғыш, кекшіл, ызақор, мазасыз, тұрақсыз болады. Қоршаған маңай оларға қас көрінеді, қандай болмасын адам оларға жау сияқты болады.
Осындай адамдар пікірлерін өзгерту қыйынға түседі. Қандай болмасын өмірде кездескен кедергіні, қыйыншылықты, сәтсіздікті олар басқалардан көреді. Жауапкершілікті олар өзіне ешқашан да алмайды. Кісі өлтіруші адамның намысына тиюге болмайды, өйткені олар өзін-өзі өте жоғары бағалайды. Шамадан тыс намысқорығынан олар намысына кішкене де болса кір келтірген адамнан кегін алуға тырысады. Басқалардың хал-күйі өзінікінен артық болып көрнеді.
Кісі өлтірушілер эмоциялық бұзылыстармен, психологиялық және әлеуметтік жатырқаушылықпен, тұйықтықпен, араласпаушылықпен сипатталады. Басқамен қарым-қатынас құрастыру, моральды-құқықтық ережелерді қабылдау олар үшін қыйыншылық туғызады. Жиі кісі өлтірушілік жыйналған аффектке төзбеушіліктен жасаланады. Бұндай қылмыскерлер қақтығыс жеңудің басқа жолын көрмейді.
Өзіне тән қасиеттерді, тілектерді, ниеттерді, қасақаналық, кекшілдік сияқты өзгешелікті олар басқа адамдарға көшіреді. Соның салдарынан барлық адамдар олар үшін қас, қауып төндіріп тұрғандай көрінеді. Сондықтан да кісі өлтірген кезде олар өз намысын, өмірін, мүддесін қорғағандай сезінеді. Сонымен, адамдармен қарым-қатынасты бағалау өзгереді. Мәнсіз, шамалы сылтаудан бұндай адамдар өзін өзі ұстай алмай, кісі өлтіруге барады.
Жалпылап қорытқанда, жоғарыда қарастырылған қылмыскерлерді былай сипаттауға болады: жасы 35-37 шамада, бұрын бір-екі рет сотталған (оның ішінде зорлық қылмыс үшін). Жиі ішімдікке салынған адамдар кездеседі. Агрессивті, қақтығысқа дайын тұрады. Соңғы рет қастықпен адам өлтіру үшін сотталған. Мінезі тұыйық, аутизм, пессимизм бақыланады. Тілдесу мен бейімделуде қыйындық көреді. Кінә сезімі төмен, ызақор, сезгіш келеді. Жиі аффективті күйге түседі. Бұндай адамдар күдікшіл, күмәншіл келеді, көңіл-күйі төмен, эротизмы жоғары болады. Зерде деңгейі, ойлау қабілеті төмен, эротизмы жоғары болады. Логикалық ойлау әрекетіне аффективті күйзелістер кедергі болады. Қорқақтық, өзіне деген сенбеушілік, өзін төмен бағалау пайда болады.
Өнегелі-құқықтық ережелерді орындамайды, жеке пайдасына ғана бағытталған. Ішкі дисциплинасы болмайды, коллективті менсінбейді, өз басын ғана ойлайды. Іс-әрекеті кездейсоқ қажеттіліктерге бағынады. Өзін өзі реттеу қабілеті жеткіліксіз, түзету мекемедегі өмірге бейімделуге тырысады. Өзін өзі үнемі тыю күйзеліске, невротикалық реакцияларға ұшыратады.
А.Р.Ратинов қолбасшылығымен өткізілген осы зерттеулер қылмысты әрекет жасауға дайындайтын, қылмысқа апаратын қорғаныс механизмдерінің үлкен мағынасын көрсетті.
Қорғаныс механизмдерге пецептивті қорғаныс, мойындамау, ығыстыру, рационализация, проекция , т.б. жатады. и др.
Жасаған қылмысты әрекетті ақтау мотивтері келесі құбылыстарда көрінеді:
криминальды жағдайды бұрмаланған тұрде түсіну: бір элементтер мәнді, екіншілері мәнсіз болып көрінеді. Соның салдарынан қылмыс үшін жазалану міндетті түрде болмайтыны туралы ой пайда болады;
қылмыскер жауапкершілікті өзіне алғысы келмей, қылмысты әрекет себебін жағымсыз жағдайлардың кездесуінде көреді;
өзін өзі еріксіз көндіру, қысым, алдау, зұлымдық құрбаны ретінде көрсетеді, біреуден қыянат көріп, қылмысқа баруға мәжбүр болғанын айтады. Немесе қылмысты әрекетті білмегендіктен істегенін дәлелдеуге тырысады;
ереже бұзу дағдылы нәрсе, заңды бәрі де бұзады деген сенім;
жәбірленуші немесе ұрланған мүліктің құндылығын түсіру, жасаған әрекетінің қоғамдық қауыптілігін, зиянды салдарын елемеу;
қылмысты әрекеттегі өз ролін шамалылап көрсету;
өз әрекет мотивін игілі қылып көрсету;
қылмысты әрекет жасауға жағымсыз жағдай, жаман қоршаған орта итергенін айту;
өз қасиеттерін ерекше, басқадан артық сипаттау.