Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры каз.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
407 Кб
Скачать
☆

№ 47 Емтихан билеті

1. Резервтік капиталды құру және пайдалану тәртібі

Резервтік капитал – акционерлік қоғамның және басқа да тараптардың таза табысының есебінен қалыптасатын меншік капиталының бір бөлігі. Резервтік капитал субъектінің негізгі қызметінен алынған зияндарын жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, девиденттерді төлеуге пайдаланылады. Резервтік капиталды құрау және оны пайдалану құрылтайлық құжаттарымен және қолданыстағы заңдармен анықталады. Резервтік капиталжарлық капиталымен және қолданыстағы заңдармен анықталады. Резервтік капитал жарлық капиталымен және басқа да қаражаттармен бірге бухгалтерлік баланстың пассивінде көрініс табады және ол кәсіпорынның меншіктік капиталы болып табылады.

Резервтік капиталдың есебі 5400 «Резервтер» бөлімшесінің мынадай пассивті шоттарында жүргізіледі: 5410 «Құрылтайшы құжаттармен белгіленген резерв капиталы» және 5460 «Өзге резервтер».

Заңдармен белгіленген резервтік есебі. Шаруашылық жүргізуші серіктестіктің (ЖШС, АҚ және басқалары) резервтік капиталы құрылтайшылардың құжаттарында белгіленеді, сондай-ақ белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркеуден өтеді. Жыл сайын түскен таза табыстан жарияланған отыру акционерлердің жалпы жиналысында белгіленеді. Оның мөлшері жарияланған жарлық капиталдың 15 %-нан кем болмауы керек.

Резервтік капиталдарды қалыптастырған кезде 5510 шоты дебеттеледі де, 5410 шоты кредиттеледі.

Резервтік капитал қаражаттарын пайдалану 5410 – ші шоттың дебетіне мына шоттардың кредитінде көрініс табады:

4410, 4430 – артықшылығы бар акциялар бойынша төлем жасауға қажет қаржысы болмаған жағдайда серіктестіктердің резервтік капиталының ішіндегі девиденттердің есебінен төлеген кезде; 5510 «Есептік жылдың бөлінбеген пайдасы», 5530 «өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы» - зиян шеккен соманы резервтік капиталдың есебінен жапқан кезде.

Басқа да резервтік капитал есебі, 5460-ші «Басқа да резервтік капитал» шотында жүргізіледі. Бұл шоттан заң тәртібімен көзделген ең төменгі мөлшерден тыс жасалған резервтік капиталдар есептелінеді. 5460-шоттың дебеті мен кредиті бойынша шоттар корреспонденциясы 5410-шоттың корреспонденциясына ұқсас. Бұндай резервтер кәсіпорынның өз қалауы бойынша қалыптастырылады.

2. Кезең шығыстарының есебі. Өзге де шығыстар есебі

Кезеңдік шығындар 7110, 7210, 7310, 7320, 7330 шоттарда жүргізіледі. Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатуға байланысты жұмсалған шығындарды есепке алуға 7110 шоты арналған. Бұл шотта сату бойынша жұмсалған шығындар: кәсіпорын қоймаларындағы өнім ыдыстарына және өнімді буып-түюге жұмсалған шығындар енгізіледі. Өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын жасағанда сату бойынша жұмсалған шығындарды тек сатылған өнімнің толық өзіндік құнын және өнімді, жұмыстарды және қызметтерді сатуға байланысты нәтижелерін есептеп шығарған кезде ғана жедел түрде назарға алады.

Шаруашылық қызметінің барысында, кәсіпорында келесі есепті кезеңнің өндіріс шығындарына немесе айналымына жатқызылатын шығындар туындайды. Мұндай шығындарға мынадай жұмсалған шығындар: маусымдық өнеркәсіп саласында өндірісті дайындау бойынша, жаңа өндірісті, жаңа цехтарды құрау және жаңа кәсіпорындарды игеру бойынша, өнімнің жаңа түрін өндіруді игеру, техникалық әдебиеттерге, газеттерге жазылу сомасы, алдағы есепті кезең үшін төленген жалдау ақысы, алдын ала төленген сақтандыру төлемдері және басқа да шығындар жатады.