Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры каз.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
407 Кб
Скачать
☆
  1. Активтердің жіктелуі: қысқа мерзімді активтер. Ақша қаражаттарын және олардын баламаларын тану

ҚР Қаржы Министірлігінің жанындағы «Бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі департаментінің» №4 «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп»- деп аталатын бухгалтерлікесеп стандартының бірінші басында : «Кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни субъектілердің ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі осы деректі пайдаланушылардың түрлі операциялық және инвестициялық қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша»- деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартының бірінші бабында: «Кәсіпорындар мен ұйымдардың, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі осы деректі пайдаланушылардытүрлі операциялық ж/е инвестициялық қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп ттүсуі, кірістелуі ол қаржылырдың жұмсалуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етіп ж/е оларға осы заңды тұлғаның қаржы жағдайындағы бағалауына мүмкіндік береді.

Ақшамен қаржылармен есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу мен оны ұйымдастырудың мақсаттары мыналар болып табылады:

  1. Ақшамен есеп айырысу операцияларын толық ж/е уақытылы дер кезінде есептеу.

  2. Субъектідегі ақшалай қаржылардың түгелдігін ж/е оларды дұрыс, тиімді пайдалануды бақылау.

  3. Есеп айырысу, төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорынның, ұйымның немесе фирманың ақшалай кірістері мен шығындарын дұрыс есептеу.

1030- «Жолдағы ақшалай қаражаттар» шотында ақша қаражаттарын есептеу үшін мынадай құжаттар болуға тиіс:

  • Саудадан немесе басқа да операциялардан түскен түсімді банкінің қабылдағанын дәлелдейтін құжат.

  • Почта бөлімінің ақшаны қабылдағаны жайлы квитанциясы.

  • Басқа кәсіпорындардан олардың ақша аударғаны жайлы берген авизасы.

Аккредитив – сатып алушыға қызмет ететін банк мекемесінің осы кәсіпорынды немесе ұйымды жабдықтайтын шаруашылық субъектісіне қызмет көрсететін банк мекемесіне тауарларының жіберілгендігін немесе қызметтерінің көрсетілгендігін дәлелдейтін құжаттар бойынша төлем төлеу жайлы тапсырмасы.

Курс (бағам) – бұл ҚР Ұлттық банк мекемесі белгілеп отыратын екі ел ақша бірліктерінің (валюталарының) өзара қатынасы.

1040- «Есеп айырысу шотындағы ақшалар» - деп аталатын шоттың кредитінде жазылған операциялар номері 2-журнал-ордерде, ал дебетінде жазалған операциялар осы журналдың ведомосында есептелінеді.

Есеп айырысу шоттарындағы қаражаттар заңда көрсетілген белгілі тәртіп бойынша шот иесінің жазбаша бұйрықтары негізінде белгілі ғана пайдаланылады.

Әрбір кәсіпорындар мен ұйымдардың, шаруашылық обектілерінің қолда бар нақты ақшалай қаражаттарын сақтайтын өздерінің кассасы болуы керек. Касса арнайы жабдықталған, едені мен төбесінен ешқандай адам кіре алмайтындай етіп едені жабылған, терезесі мен есігіне темірден тор қойылған ж/е дыбыстық белгі беретін қондырқылар орнатылған, өрттен сақталатындай түрлі материалдармен қапталып жасалған бөлмеде орналастыруды қажет етеді.

1010- «Кассадағы ұлттық валютасы түріндегі нақты ақша» ж/е 1020- «Кассадағы шетел валютасы түріндегі нақты ақша» - деп аталатын шоттар бойынша жүргізілетін операциялардың есебі: кредиті бойынша номері бірінші журнал-ордерде, ал дебеті бойынша осы журнал-ордердің ведомосында жүргізіледі. Кассаның кірісі бойынша операциялар №1 санды журнал-ордердің ведомосында, ал шығысы бойынша операциялар №1 санды журнал-ордерде жүргізіледі.

3. Аудиттің мәні, мақсаты және маңызы

Аудит Қазақстан Республикасы заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есеп берудің дүрыстығы мен объективтілігі туралы пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық қорытынды есебін тексереді.

Аудиторлық қызметтің мәні қаржылық есеп беруді, төлем есептеу құжаттамасын тәуелсіз тексеру, түрлі қызметтер мен кеңес беру, бухгалтерлік есеп жүргізу мен қалпына келтіру, ұйымның активтері мен міндеттемелерін бағалау, салық декларациясын толтыру, қаржы-шаруашылық қызметке экономикалық талдау жүргізу бойынша тұтынушыларға қызметтер ұсынатын аудиторлық фирмалардың (ауди-торлардың) кәсіпкерлік қызметі болып табылуында.

Аудиттің мақсаты - аудиторға қаржылық қорытынды есепті құрудың белгіленген концептуалдық негізіне сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша қаржылық қорытынды есептің дайындалғаны жөнінде қорытынды беру мүмкіндігін беру /3/. Аудит мақсатының стандартты анықтамасына қарамастан, аудит мақсаты дегенде аудитордың алдына тапсырыс беруші қоятын мақсатты түсінуіміз керек.

Аудиттің маңызы тиісті жақтардың мүдделеріне қол жеткізуде болып табылады. Атап айтқанда:

- экономикалық субъектілердің (фирмалар, акционерлік қоғамдар);

- салық қызметі тұлғасындағы мемлекеттің;

- қаржылық есеп беруді әр түрлі пайдаланушылардың;

- аудиторлардың меншік иесі мен мемлекеттің мүдделерін қорғау, сонымен бірге есеп және қорытынды есеп беруді қамтамасыз ету болып табылады.

Дүние жүзіндегі қалыптасқан үлгі бойынша барлық елдерде мемлекет тұрғысынан аудит заңы қабылданады. Сол сияқты біздің елімізде де аудит жұмысының қажеттілігі анықталғаннан кейін 1993 жылы 18 қазан айында Қазақстан Республикасында бірінші рет "Қазақстан Республикасының аудиторлық қызметі туралы" заңы шықты.

І.Аудиттің түрлерін зерттеудің зор әдістемелік маңызы бар. Аудиттің түрлері субъект ретінде ішкі және сыртқы аудит болып бөлінеді. Зандылық тұрғыдан ерікті және міндетті болып, ал жүмыс көлеміне қарай толық және бөлікті тексеру болып, ал техникалық орындалу тұрғысынан қол жүмысы түрінде және компьютерді пайдалану болып бөлінеді.

Ерікті (инициативалық) аудит кәсіпорын тарапынан өз еркімен жүргізіледі. Бүл жағдайда аудит тексеруінің көлемін және қойылатын талапты кәсіпорын шешеді. Міндетті аудит мемлекет құрылымының арнайы анықтаған шешімі бойынша жүргізіледі. Көбінесе бұл жағдайда заң орыңдары кәсіпорынға аудит тексеруін жүргізуді талап етеді. Шаруашылық субъектісінің көрсеткіштерін тексеруді заң орындары анықтайды. Тексеру жүргізу тәртібін, жұмыс көлемін заң орны тапсырады.

Нарықтық қатынастың даму кезеңінде жалпы аудиттің атқаратын рөлі' өте үлкен. Сондықтан да аудиттің әр түрінің атқаратын қызметі де, тапсырушылар талабына сәйкес олардың аудит қызметінің даму барысында алатын орны да ерекше.

Жалпы аудит туралы, оның ішіңде сыртқы аудит туралы осыған дейін көптеген түсініктер қарастырылды. Енді сол сыртқы аудиттің ерекшеліктеріне тоқталамыз. Біріншіден, сыртқы аудит аудит фирмалары немесе жеке аудиторлар мен тапсырушылармен келісім-шарт жасау арқылы жүргізіледі. Оның негізгі мақсаты бухгалтерлік қаржы ақпаратын тексеріп және оның табыстылық көрсеткіштерінің дұрыстығын дәлелдеп, оның қаржылық жағдайына түсініктеме беру. Осындай тиянақты тексеру жүргізгеннен кейін аудиторлар шаруашылық субъектілеріне, олардың қаржылық жағдайына экономикалық талдау жасап олардың экономикасының

даму бағытын көрсетіп, оның қаржылық жағдайын нығайту жолдарын айтып, түсініктеме береді. Осы орайда аудитор сол кәсіпорынның қаржы жағдайының және төлем жасау түрақтылығына толық түсініктеме береді.

Сыртқы аудиттің объектісі - ол, шаруашылық субъектілері. Сыртқы аудиттің мақсаты тапсырушының талабына сәйкес анықталады. Тапсырушылар – кәсіпорын, мемлекеттік құрылым және қаржы, мүлік иелері. Мемлекеттік қүрылымның тапсыруымен аудит тексеруі жүргізілген жағдайда әлеуметтік-экономикалық мәселелер көтеріледі де, аудитор кәсіпорынның немесе кәсіпкерлердің, меншік иелерінің шаруашылығының тиімді жүргізілуіне қатты көңіл бөлінеді.

Сыртқы аудит қызметін атқарушылар - жеке аудиторлар және аудит фирмалары. Аудиторлардың өз қызметіндегі ең негізгі мақсаты меншік иесінің мүддесін қорғау, яғни, акционердің кәсіпкершілік үшін арнаған қаржылары қандай жағдайда іске асырылуда? - деген сүрақ ерекше орын алады. Сыртқы аудит қызметін осы түрғыдан қарастырсақ, онда оның өзіндік ерекшеліктері бар. Біріншіден, кәсіпорын басшылары. өзінің және кәсіпорын жұмысының қаржылық жағдайын тек қана жақсы жағынан, мүмкінділігі болса өсіріп көрсетуге тырысады. Ал акционер, меншік иесі өз тарапынан тек шындықты, нақты шаруашылық жағдайын білуге қүштар. Нарықтық қатынас жағдайында ешқандай фирма, кәсіпорынның нақты жағдайын білмей сыбайлас болып қарым-қатынастыққа бармайды.

Сыртқы аудитор өз жүмысын сол елдегі занды түрде қабылданған аудит стандартына, бухгалтерлік есеп принциптеріне сәйкес жүргізеді. Фирмалардың, кәсіпорындардың балансы басылымға, тек қана аудитор өз қорытындысын бергеннен кейін ғана шығады. Әрине, аудитор қорытындысы кәсіпорын ақпаратының дұрыстығын, қаржы көрсеткіштерінің дұрыс анықталғандығын растап қана қорытынды бергеннен кейін ғана баланс басылымға рүқсат алады. Ал осы процестердің басылымға шығуының үлкен мағынасы бар.