Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры каз.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
407 Кб
Скачать
☆

№ 31 Емтихан билеті

1. Күмәнді дебиторлық борыштар туралы түсінік

Қазiргi таңда дебиторлық қарыздардың бухгалтерлiк есебiн жүргiзуi бойынша үмiтсiз дебиторлық қарыздар көлемiн анықтайтын тәсiл жоқ. Сатып алушының келiсiм-шарттағы сомманы өтей алмауы қарыздың толық өтелмейтiнiн көрсетпейдi. Төлемнiң өтелмейтiнiн көрсететiн нақты көрсеткiш қарыз алушының банкрот болып жариялануы және қарыз алушы ұйымының жойылуы табылады.

Егер де дебиторлық қарыздар күдiктi болған жағдайда оны бухгалтерлiк есеп шоттарында көрсету қажет.

Күдiктi қарыз болып белгiленген мерзiмде берiлмеген қарыздар есептеледi және олар қажеттi уақыт iшiнде өтелмеген дебиторлық қарыздар, сондай-ақ тиiстi кепiлдiктерiмен қамтамасыз етiлмеген қарыздар болып табылады.

Бухгалтерлiк есептiң сәйкестiлiк принципiне сәйкес күдiктi дебиторлық қарыздар бойынша шығындар өнiмдi, тауарды және қызметтi өткiзу кезеңiне жатқызылуы қажет. Күдiктi дебиторлық қарыздар - күдiктi қарыздар бойынша шығындар ретiнде көрсетiледi.

Қаржылық есеп беруде дебиторлық қарыздар бойынша резервтерi шегерiлiп көрсетiледi. Егер де шаруашылықтар бұндай резерв қорларын жасамаса, онда сенiмсiз деп танылған қарыздар кезеңдiк шығындарына жатқызылады.

Кәсiпорындар күдiктi (күмәндi) қарызды бағалаудың төмендегi екi тәсiлiмен анықталады:

      1. Сатылған өнiмнiң, орындалған жұмыстың, көрсетiлген қызметтiң пайыздық деңгейi бойынша;

      2. Төлемнiң мерзiмi бойынша.

Кәсiпорындар өзiнiң жылдық нәтижесiнде пайда болған күмәндi қарыздарын, төленбеген шоттарын талдайды. Содан соң сол өткен жылдың нәтижесiн шартты түрде төрт кезеңге бөлiп, әрбiр кезенде сатылған өнiмнiң көлемiн және соларға тиесiлi қарыздарын анықтайды.

2. Қаржылық есептіліктің мақсаты. Қаржылық есептіліктің құрамдас бөліктері

Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.

Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемелекеттік органдар кіреді.

Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жұмысын және субъектінің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық қызметтерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.

Есеп беру мәліметтерін кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін, сондай-ақ шаруашылық қызметін талджау үшін сыртқы пайдаланушылар пайдаланады.

Осымен қоса, есеп беру кәсіпорынның шаруашылық қызметін жедел басқару үшін қажет және ол болашақ кезеңдерді жоспарлау мен болжау үшін басты база болып табылады.

Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел-статистикалық есеп берудің сабақтастығын сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.

Бұрмаланған есеп бергені үшін кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері ҚР-ның әрекет етіп тұрған заңдарына сәйкес жауап береді.

Қаржылық есептілік дара кәсіпкердің немесе ұйымның қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері мен қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпартты білдіреді.

Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігін қоспағанда қаржылық есептілік мыналарды қамтиды:

  1. Бухгалтерлік баланс

  2. Пайда мен зияндар туралы есеп

  3. Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп

  4. Капиталдағы өзгерістер туралы есеп

  5. Түсіндірме жазба.

Қаржылық есептілікті жасау тәртібі мен оған қойылатын қосымша талаптар халықаралық стандарттарға және ҚР-ның бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес белгіленеді.

Егер ҚР-ның заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілік көлемін, оны жасау нысандары мен тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

Қаржылық есептілікке ұйымның басшысы, бас бухгалтері және жеке кәсіпкер қол қояды.

3. Бақылау ортасы (БО) туралы түсінік және оның құрамы, көптүрлілігі

Бақылау ортасы — бұл субъект басшылары мен иелерінің бақылауға деген жалпы қатынасын білдіретін шаралар мен реттемелер және ішкі бақылау жүйесін қалыптастырады.

Бақылау ортасы келесідей компоненттерден түрады:

- экономикалық субъектіні баскару стилі;

- экономикалық субъекгінің ұйымдық кұрылымы; ,

— қызметтік міндеттер мен өкілеттіктерді бөлу;

— бақылаушы қызмет және ішкі аудит;

— кадрлық саясат.

Бақылау күралдарын тиімді және сенімді басқару үшін шаруашылық қызметі процесінде экономикалық субъект қызметкерлері қолданатын процедуралар (әдістер) болып табылады. Оларды бақылау әдістері деп те атайды. Олар сан алуан және оның қызметіне тән ерекшеліктермен анықталады. Бақылау күралдарының ең көп тараған түрлеріне жатады:

мүлікті түгендеу және бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес' шаруашылық субъектілерінің міндеттемелері;

— басшы мен бас бухгалтердің не басқа өкілетті адамдардың құжаттарындағы өкім шығарушы қолдары;

— бухгалтерлік жазбаларды қарама-қарсы тексеру;

— есеп айырысуларды ішкі және сыртқы салыстырулар;

— құжат айналымын ұйымдастыру, оның ішінде құрылатын құжаттарды тегіс нөмірлеу, арнаулы журналдарға құжаттарды тіркеу, кұжаттарды. кітапша ету, сақтау және архивке қою; сыртқы көздерден алынған ақпаратты бақылау мақсаттарына пайдалану; шаруашылық субъектілері активтеріне рүқсатсыз қол жеткізуді шектеуге бағытталған шараларды қабылдау;

— субъектінің каржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін талдау. Бақылау мақсаты - шаруашылық қызметі көрінісінің толықтығын, дәлдігі мен зандылығын қамтамасыз ету және бүл аудиторлық тексеру мақсаттарымен өзара байланысты. Сонымен қатар аудитор ақпаратты тіркеу мен өңдеу жүйесінің қызмет етуіне көз жеткізіп, қаржылық есеп беруді дүрыс құрудың негізі болатын бухгалтерлік есеп принциптеріне сәйкестігін бағалауы керек. Ол ІБЖ-н негізге ала отырып, бұл жүйені зерттеп, бағалауы, сонымен бірге оның тиімді әрекет етуіне тексеру жүргізу керек.