Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kopia_vorosy_gos_kaz_s_otvetami.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
210.43 Кб
Скачать

74. Жүк және жолаушы ағындарының сипаттамалары

Жүк автокөлік жұмысы екі негізгі көрсеткіштермен сипатталады: жүктерді тасымалдау көлемі және жүк айналымы.

Жүк ағыны белгілі-бір уақытта автомобиль көлігі тасымалдауында немесе тасымалданғандағы тоннамен өлшенетін жүк көлемін көрсетеді.

Жүк айналым тонна-километрмен немесе осы уақытқа дейінгі немесе белгілі-бір уақыт аралығында орындалған аралас жүктердің көліктік жұмысымен өлшенеді.

Уақыттың ұзақтығына байланысты жүк айналым және тасымал көлемі сағаттық, тәуліктік, айлық, кварталдық, жылдық болып келеді.

Жүк айналым және тасымал көлемі ереже бойынша әрбір ай және квартал бойынша бір қалыпты таралмайды. Бұл тербеліс автокөлік қызметі мен сұранысқа байланысты.

Бір қалыпсыздық деңгейі бір қалыпсыздық коэффициентпен анықталады, тасымал көлемі жүк айналымының максимальды шамасының белгілі-бір уақыттың орташа қатынасына тең.

75. Жолаушы ағындарының сипаттамалары

Жаяу жүргінші ағынын сипаттайтын негізгі көрсеткіштерге жаяу жүргінші қозғалысының жылдамдығы, қарқындылығы және тығыздығы жатады.

Адамның жай қадамдағы қозғалыс жылдамдығы орташа есеппен 0,5 м/с – 1,5 м/с аралығында болады және ол адамның жасына, адамның денсаулық жағдайына, қозғалу мақсатына, жол жағдайына (жолдың тегістігі, бойлық енісіне және төсемнің тайғақтығы), қоршаған ортаға (көрінуі, ауаның температурасы, жауын-шашын) тәуелді болады.

76. Жүк авто көлік құралдарының классификациясы

Жүк көлік құралдарының классификациясы

Шанақ типі бойынша

жабық типті

контейнерлі

тентовкалы

рефрижераторлы

изотермикалық

фургонды

микроавтобусты

ашық типті

бортты

самосвалды

контейнерлі алаң

кран

автотранспортер

цистерна

лесовоз

седельный тягач (отырғыза-ілістіру)

Топтар саны бойынша

І топ

ІІ топ

ІІІ топ (шартты)

бортты автомобильдер

мамандандырылған

автомобиль-цистерналы

жалпы арнаудағы автомобиль-фургон

самосвал

фургондар

рефрижераторлар

контейнеровоздар

жартылай тіркемелі седельный тягачтар

тіркемелі балластный тягачтар

Осьтердің саны бойынша

екі осьті

үш осьті

төрт осьті

бес және одан да көп

Оське түсетін жүктіліктер бойынша

6 т қоса алғанда

6 т жоғары және 10 т қоса алғанда

77. Қалалық авто тасымал

Қалалық тасымал автобустармен және жеңіл автомобильдермен жүзеге асады.

78. Авто көлік үрдісін тиімді ұйымдастыру үшін келесі талаптар ұсынылады

Көліктік үрдіс жылжымалы құрам берумен байланысты барлық операцияларды қосып алады. Олар:

  1. Жүк ағындарының маркетингі.

  2. Жүк ағындары материалдарын зерттеу негізінде жасау, рациональды маршрутты сызба, жаңа ашылған және бар маршруттар бағытының өзгеруін алдын ала қарастыру.

  3. Тип бойынша таңдау және тасымалдаудағы жылжымалы құрамның қажетті санын анықтау.

  4. Автомобильді пайдалану аумағын және шынайы тасымал шарттарына байланысты автопоездардың, түрлерін және жүк қасиеттерін, жүк көлігінің пайдалану көрсеткіштерін анықтау.

  5. Автокөлік қозғалысының жылдамдығын нормалау.

  6. Жүргізушілер жұмысының рационалды режимін пайдалана отырып, автокөлік қозғалысын ұйымдастыру жүйелерін таңдау.

79. Авто маршруттар жалпы келесі классификацияларға бөлінеді

Маршруттар жалпы келесі классификацияларға бөлінеді:

Тасымалдау қашықтығына байланысты:

қалалық (шамамен қала шетіне дейін);

қала маңы (қала шетінен 50 км аралықты қоса алғанда);

қалааралық (қала шетінен 50 км қашықтықтағы қалалар мен елді-мекендер);

халықаралық (Қазақстан Республикасының шекарасынан).

Жыл уақыттары бойынша:

тұрақты (жыл бойына);

уақытты (уақытша);

мерзімді (мезгілдің белгілі-бір мерзімдерінде).

80. Жүк автотасымалы сапасының көрсеткіштері келесі факторлармен негізделеді

Жүк автотасымалы сапасының көрсеткіштері келесі факторлармен негізделеді:

тасымалдаудағы жүктің сипаты мен ерекшеліктері;

пайдаланған жылжымалы құрам;

тасымал үрдісіндегі ерекше талаптар;

жүк тасымалындағы ерекше талаптар;

көлік қызметінің сапасын басқару тапсырмалары;

сапаны сипаттайтын құрам және құрылым қасиеттері.

Сапа көрсеткіштері:

тұтынушыға жүк автомобиль тасымалы сапасының сәйкестігін қамтамасыз ету қабілеттілігі;

барлық жүк автомобиль тасымалы тұтынушы талаптарының ұсынылған тасымал сәйкестігін қанағаттандыру мүмкіншілігі;

қызмет ету үрдісінде тұрақтылықты сақтау;

көлік және көліктік қызмет аумағында ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағытында техника мен ғылымның қазіргі жетістіктерін есептеу.

Әуе көлігі

81. Авиациялық арнайы жұмыстар

Авиациялық арнайы жұмыстар – ұшу барысында әуе кемесі ауыл шаруашылығы, құрылыс, фотосуретке, топографиялық суретке түсіру, бақылау және патрульдік жүргізу, іздеу және құтқару, әуе жарнамасы сияқты салаларда арнайы қызмет түрлерін көрсету үшін пайдаланылады

82. Аэропорт түрлері мен арналуы

Әуежай әуе кемелерін қабылдау мен жөнелтуге, осындай мақсаттарға арналған аэродромы, әуе бекеті және басқа қажетті құрылыстары мен жабдықтары бар, әуе тасымалына қызмет көрсететін құрылыстар жиынтығы

Аэродром – әуе кемелерінің ұшуын, қонуын, тұрағын және оларға қызмет көрсетілуін қамтамасыз ететін құрылыстары мен жабдықтары бар арнайы дайындалған жер учаскесі

83. Әуе тасымалдаушы

Тасымалдаушы – бұл төленетін ақы үшін немесе жалдану арқылы жолаушыларды, жүкті және поштаны тасымалдау қызметін көрсететін және бұған белгіленген тәртіппен берілген тиісті рұқсаты немесе лицензиясы бар, меншік құқығы ретінде немесе өзге де заңды негіздермен көлік құралын иеленетін заңды немесе жеке тұлға.

84. Жүйелі әуе қызмет көрсету

Жүйелі қызмет көрсету – жарияланған кестеге сәйкес сыйақы үшін жоспарланып, атқарылатын жолаушылар немесе жүк рейстері, олардың жүйелі немесе жиі атқарылатыны соншама, бүкіл халыққа қызмет көрсетуге ашық тұратын белгілі бір жүйелі ұшу сериялары болып табылады.

85. Халықаралық азаматтық авиация ұйымдары

Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) БҰҰ-ның үкіметаралық мекемесі болып саналады, ол халықаралық әуе қатынасының қауіпсіздігін, жүйелілігі мен экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында ынтымақтастықты ұйымдастыру үшін құрылған.

Әуе тасымалы саласындағы келесі жетекші халықаралық ұйым – бұл Халықаралық әуе көлігі ассоциациясы (ИАТА) – International Air Transport Association. ИАТА – әлемдегі 5 континентте жүйелі коммерциялық тасымалды атқаратын 265 әуе компаниясын біріктіретін үкіметтік емес халықаралық әуе ұйымы.

Белгіленген ережелер мен рәсімдерге сәйкес МАК Халықаралық азаматтық авиация ұйымының Халықаралық үкіметаралық ұйымдарының тізіліміне енгізіліп, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тіркелген.

МАК авиация саласында бірыңғай саясат жүргізу және іс-әрекетті үйлестіру мақсатына жетуге, сондай-ақ құрылтайшы мемлекеттер өзіне берген өкілеттіктерге сәйкес әуе кеңістігін пайдалануға қызмет етуі тиіс.

86. Қазақстандағы әуе тасымалын ережеге бағындыру

1994 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заң Қазақстанда көліктің барлық түрлері үшін негізге алынатын құжат болып табылады.

Бұл заң мыналарды айқындайды:

- көлік құралдарына меншік түрін белгілеу жағдайлары;

- көлік қызметін мемлекеттік реттеу және басқару жүйесі;

- ҚР көлігінің экономикалық және шаруашылық қызметінің негіздері;

- тарифтерді анықтау тәртібі;

- тасымалдаушы мен тұтынушының құқықтары және міндеттері;

- аралас және транзиттік тасымалдарды ұйымдастыру тәртібі;

- тасымалдаушының жүк пен поштаның сақталуы үшін жауаптылығы;

- жеткізу мерзімдерін анықтау тәртібі және жеткізу мерзімін кешіктіргені үшін жауаптылық;

- көліктегі жүкті күзету тәртібі;

- көліктегі қауіпсіздік пен экологиялық нормаларды қамтамасыз ету.

Қазақстан Республикасының Президентінің заң күші бар «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін және авиация қызметін пайдалану туралы» Жарлығы – әуе көлігі үшін негізгі құжат.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]