- •Сұрыптау стансасының жұмыс технологиясы
- •Поезд қозғалысын графикалық сызбасы. Графиктердің түрлері
- •Жергілікті жұмыс және оның негіздемесі жайлы түсінік
- •49. Телім диспетчерінің құқұғы және міндеттері
- •50. Поезд жүріс графигі
- •51. Телімнің жұмысын диспетчерлік басқару
- •54. Автобағыттау кезінде поезд қозғалысын ұйымдастыру
- •55. Жартылайавтобағыттау кезінде поезд қозғалысын ұйымдастыру
- •Жол қозғалысын ұйымдастыру
- •Жол қозғалысын ұйымдастыру бағыттары
- •68. Құжаттық зерттеу
- •Автомобиль көлігі
- •71. Меншіктігі бойынша авто тасымалдар кеслесіге бөлінеді
- •74. Жүк және жолаушы ағындарының сипаттамалары
- •87. Тасымалдаушы төмендегідей жағдайларға жол берсе, жолаушы Ережелердің негізінде тасымалдаудан бас тартуға құқылы
- •98. Су кемелері
- •99. Танкерлер
- •100. Танкерлерді тазалаудын әртүрлі әдістері
87. Тасымалдаушы төмендегідей жағдайларға жол берсе, жолаушы Ережелердің негізінде тасымалдаудан бас тартуға құқылы
Тасымалдаушы төмендегідей жағдайларға жол берсе, жолаушы Ережелердің негізінде тасымалдаудан бас тартуға құқылы:
рейсті кейінге қалдырса;
кестенің сақталуын қамтамасыз ете алмаса;
әуе кемесінің түрін немесе қызмет көрсету класын өзгертсе;
жолаушыға оның ертерек алып қойған орнын бере алмаса немесе оның алып қойған орнының рейспен түйісуін қамтамасыз ете алмаса.
Жолаушының орынды мүдделерін ескере отырып, тасымалдаушы мұндай жағдайда жолаушыны тасымалдаушының бос орындары бар басқа рейсімен жеткізуге немесе басқа маршрутпен тасымалдауға немесе шетелдік тасымалдаушының рейсімен жеткізуге немесе жердегі көлік құралдарымен тасымалдауға міндетті.
88. Тасымалдаушы мынандай мақсаттарда жолаушыны әуе кемесінен түсіруге құқылы
Тасымалдаушы мынандай мақсаттарда тасымалдаудан (бастапқы және кейінгі) бас тартуға, жолаушы үшін сақталған орынды жоюға немесе жолаушыны әуе кемесінен түсіруге құқылы:
1) ұшу қауіпсіздігін қамтамассыз ету;
2) аумағында, аумағынан немесе аумағы арқылы тасымалдау жүргізілетін кез келген елдегі мемлекеттік орындардың тиісті заңдарының, қаулыларының, ережелері мен ұйғарымдарының бұзылуына жол бермеу;
3) жолаушының құжаттары дұрыс толтырылмаған жағдайда;
4) жолаушының мінез-құлқы, жасы, жан және тән күйзелісі:
а) тасымалдаушының ерекше жәрдемін қажет етсе;
б) тәртіпсіздік, қолайсыздық немесе өзге жолаушылардың қарсылығын туғызса;
в) жолаушының өзіне, басқа адамдарға немесе олардың мүлкіне қауіп-қатер төндірсе;
5) жолаушы тасымалдаушының ережелері мен нұсқауларын орындаудан бас тартатын жағдайда.
89. Әуе кемесінен түсіру
Әуе кемесінен түсіру – әуе кемесі жерге қонған соң экипаж мүшелері мен осы рейспен әрі қарай ұшатын жолаушылардан басқа адамдардың кемеден шығуы.
90. Жолаушыларды әуе кемесімен тасымалдау
Әрбір жолаушы әуе билетін сатып алу арқылы әуе тасымалы шартын жасасады. Әуе кәсіпорны (тасымалдаушы) осы шартқа сәйкес жолаушы мен оның жүгін баратын пунктіне жеткізуге міндеттеніп, билетте көрсетілген рейсті орындайтын әуе кемесінен орын береді, ал жолаушы жүк тапсыратын жағдайда – оны да баратын пунктіне жеткізіп, оны алуға уәкілетті адамға береді. Жолаушы тасымалдау ақысын белгіленген тариф бойынша төлеуге, ал белгіленген нормадан артық жүк тапсырғанда – осы жүкті тасымалдау үшін төлеуге міндетті.
Су көлігі
91. Лайнерлік теңіз жүрісі
Белгілі бір сапарларда жұмыс істемейтін жүк кемелерінің теңіз жүрісі.
Бұл кемелердің түрі лайнерге қарағанда едәуір аз дәрежеде күрделі және оларға әдетте бір аймақтан келісіміне дейінгі жүретін, бірақ тұрақты емес негіздегі жағалық кемелерді жатқызуға болады. Мұндай кемелер түсіру кезінде көмек көрсету үшін бағыттамалармен немесе крандармен жабдықтала алады.
92. Лайнер ассоциациялары (Liner conferences)
Бұл тұрақты негізінде айлақтарға қызмет көрсету үшін бірыңғай тарифті енгізумен жүзулердің мақсатты графигін қамтамасыз ету мақсатымен ассоциация ұйымдастыру үшін біріккен тасымалдаушылардың топтары немесе консорциялары.
Олар жөнелтушілерді фрахтың құнына жеңілдіктер (9%-ға) жасаумен ынталандырады, бірақ бұл келісім егер жөнелтуші белгіленген тағайындалу орнына өзінің жөнелтілімдері үшін тек осы ассоциацияны пайдаланамын деген келісім шартқа қол қойған жағдайда жасалынады.
93. Ассоциацияланбаған желілер
Анықтама бойынша бұл лайнерлер ассоциацияларынан тыс қызмет атқаратын және тәуелсіз қызметтерін ұсынатын желілер. Олар көбіне тәуелсіз деп те аталады. Бұл желілердің барлығы тұрақты немесе жиі сервисті ұсына алмасада, ассоциацияланған желілердегідей сапарларды және бәсекелес бағаларды ұсына отырып, олармен үздіксіз бәсекелесе алады.
94. Штурман қол хаты
Штурмандық қолхат – жүктік көмекшінің қолы қойылған тиеу ордері. Жүкті тасымалдауға алынғанын растайды. Коносаментті шығаруға негіз болып саналады. Жауапкершіліктің кімнен-кімге өткенін нақты анықтайды.
95. Су көлігімен тасымалданатын жүктердің жіктелуі
Теңіз көлігінде тасымалданатын жүктер келесі түрлерге бөлінеді: жаппай, ыдыссыз және орамасыз тасымалданатын жүктер.
Сусымалы тасымалдаушылар/танкерлер (Bulk crriers / tankers).
Көп қабатты көлік танкасы, теңізде жұмыс істейді. Олар сусымалы тасымалдауда, көбіне көмір, бидай және т.б., сонымен бірге сусымалы түрдегі тасымалдауда пайдаланылады.
Сусымалы, бидайды және бидайлы емес.
Орман пиломатериалы: бөрене ағаш, сүргіленген және жонылған ағаш, фанера, технологиялық жаңқа.
Құйылмалы жүкке жататындар: мұнай, мұнай өнімдері, құйылмалы майлар, спирт, шарап және т.б. құйылмалы жүктерді тасымалдайды.
Ақтармалы жүкке: көмір, бидай, кен, тыңайтқыштар, т.б. тасымалданатын ақтарма жүктер.
96. Қоносамент
Коносамент бұл:
жүк жөнелтуші мен жүк тасымалдаушысы арасындағы тасымалдау келіссөзін растаушы құжат, бұның негізінде жүк белгілі бір төлемақыға белгіленген пункттер арасында тасымалданады;
тасымалдаушының жүкті бортқа қабылдағанын растаушы қолхат;
жүк транзит жүргенде (егер коносамент ордерлі коносамент болса) жүкті сатуға, сатып алуға мүмкіндік беретін, жүктің жекеменшіктік құқықта екенін растайтын куәлік.
Коносамент тасымалдаушының өзі ұсынған стандартты формада болуы мүмкін.
Коносаменттің үстіңгі бетінде көрсетілген мәліметтер әр жаңа рейс сайын өзгеріліп отырылады.
97. Кеменің өнімі
Кеменің өнімі – тонно-километрмен немесе жолаушы-километрмен уақыт бірлігіндегі (бір тәулікте), 1 л.с. немесе 1 т жүк көтергіштікке кеменің жұмыс көрсеткіші. Кеменің таза және валдық өнімдері ажыратылады. Таза өнім - жүк тиелген кемені қозғалыс кезінде пайдалануды сипаттайды. Осы жұмыс түрінің тонно-километрмен ортақ суммасын жүк тиелген қалыптағы жүрісінің күш-тәулігіне (тоннаже-тәулік) бөлумен анықтайды. Валдық өнім – бүкіл пайдалануға кеткен уақыттағы кемені пайдалану, жүгі бар және бос жағдайдағы қозғалыс уақытын, барлық тұрақтар уақыты мен көліктік емес жұмыстарды сипаттайтын көрсеткіш – жалпы тонно-километрді пайдаланудағы кеменің күш-тәулігіне (тоннаже-тәулік) бөлумен анықтайды.
