- •Сұрыптау стансасының жұмыс технологиясы
- •Поезд қозғалысын графикалық сызбасы. Графиктердің түрлері
- •Жергілікті жұмыс және оның негіздемесі жайлы түсінік
- •49. Телім диспетчерінің құқұғы және міндеттері
- •50. Поезд жүріс графигі
- •51. Телімнің жұмысын диспетчерлік басқару
- •54. Автобағыттау кезінде поезд қозғалысын ұйымдастыру
- •55. Жартылайавтобағыттау кезінде поезд қозғалысын ұйымдастыру
- •Жол қозғалысын ұйымдастыру
- •Жол қозғалысын ұйымдастыру бағыттары
- •68. Құжаттық зерттеу
- •Автомобиль көлігі
- •71. Меншіктігі бойынша авто тасымалдар кеслесіге бөлінеді
- •74. Жүк және жолаушы ағындарының сипаттамалары
- •87. Тасымалдаушы төмендегідей жағдайларға жол берсе, жолаушы Ережелердің негізінде тасымалдаудан бас тартуға құқылы
- •98. Су кемелері
- •99. Танкерлер
- •100. Танкерлерді тазалаудын әртүрлі әдістері
Жол қозғалысын ұйымдастыру бағыттары
Қозғалыс қауіпсіздік қызметі жұмысшыларының міндеттері келесідей
Қозғалыс қауіпсіздік қызметі жұмысшыларының міндеттері келесідей:
қозғалыс ережелерін бұзу және жол-көлік оқиғасына әкеп соғатын себеп салдарларды жоюға арналған жұмыстарды көліктік тұрғыдан жақсарту, оқиға жағдайын жан-жақты зерттеу;
жол-көлік оқиғасы болған орынға бару және қызметтік зерттеуге қатысу;
автошаруашылығындағы жүргізушілердің кәсіптік деңгейін оқытуларды ұйымдастыру және бақылау арқылы көтеру;
автошаруашылығында техникалық баптауды және жөндеуді бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыруды қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп тудыратын бұзылған автомобильдерді жолға шығармау мақсаты болып есептеледі;
жүргізушілердің және басқа да көлік қызметкерлерінің қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін айтылған ұсыныстары автокөлік кәсіпорны басшысының талқылауына енгізу
Қозғалыс қауіпсіздік қызметкерлері құқығы
Қозғалыс қауіпсіздік қызметкерлері құқығы:
қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп тудыратын бұзылған автомобильдерді пайдалануға рұқсат бермеу;
жол қағазын және жүргізушілік куәлігін көрсетпеген, ішімдік ішкен жолдағы жүргізушілерді жұмысқа жібермеу;
жол-көлік оқиғасын ескертетін және табылған жетіспеушіліктерді жоюға арналған автокөлік мекемелерінің, басқарма қызметкерлерінің жұмысын бақылау".
Жол қозғалысының сипаттамасының көрсеткіштері мынадай
Жол қозғалысын ұйымдастыру бойынша инженерлік іс-шараларды өңдеу, қозғалыс кезіндегі көлік және жүргінші ағындары мен жағдайларының сипаты туралы хабарлама бар жағдайда ғана мүмкін.
Жол қозғалысының сипаттамасының көрсеткіштері мынадай: қозғалыс қарқындылығы, көлік ағынының құрамы, қозғалыс жылдамдығы, көлік ағынының тығыздығы, қозғалыстың кідіру ұзақтығы.
Көлік ағындарын, стационарлық посттарды зерттеу
Көлік ағындарын, стационарлық посттарды зерттеу. Бақылаудың стационарлық кедені көлік ағынының құрамы, қарқындылығы, көлік құралының лездік жылдамдығы мен кідірістері туралы ақпараттарды алуға мүмкіндік береді. Нұсқалған ақпаратты қарапайым техникалық құралдардың (секунд өлшеуіштің, бірліктерді механикалық есептегіштің) көмегімен жай көзбен бақылау арқылы, сондай-ақ автоматтық тіркеу құралдарын қолдана отырып алуға болады.
67. Жол қозғалысын зерттеу
Жол қозғалысын зерттеудің отандық және шет елдік тәжірибесінде, бір адам арнайы құрал-жарақсыз орындай алатын қарапайым әдістерден бастап, жеке электронды-есептеу техникасын пайдалана отырып ғана мүмкін болатын күрделі әдістерге дейін бірнеше әдіс түрлері қолданылады.
Әдістердің көп түрлілігі, қозғалысты ұйымдастыру құралына кіретін міндеттердің және жол сипатына әсер ететін параметрлердің орасан зор санымен, сондай-ақ бірінші ретті мағлұматтарды алу және оларды өңдеп шығару үшін қолданылатын аспаптардың (жабдықтардың) әрдайым жетілдіріліп отыруымен түсіндіріледі.
Көлік ағындарының күйі туралы ақпаратты автоматты түрде жинақтау және оларды талдау, қозғалысты басқарудың кибернетикалық жүйелерінің негізін құрайды. Дегенмен, қозғалысты ұйымдастырудың жекеленген оперативтік есептерін (міндеттерін) шешу үшін адамның тікелей қатынасын қарастыратын едәуір қарапайым зерттеу әдістері де қажет.
Жол жүрісін ұйымдастыру әдістерін үш негізгі топтарға бөлуге болады:
құжаттық зерттеу;
шынайы зерттеу;
модельдеу.
