- •Сұрыптау стансасының жұмыс технологиясы
- •Поезд қозғалысын графикалық сызбасы. Графиктердің түрлері
- •Жергілікті жұмыс және оның негіздемесі жайлы түсінік
- •49. Телім диспетчерінің құқұғы және міндеттері
- •50. Поезд жүріс графигі
- •51. Телімнің жұмысын диспетчерлік басқару
- •54. Автобағыттау кезінде поезд қозғалысын ұйымдастыру
- •55. Жартылайавтобағыттау кезінде поезд қозғалысын ұйымдастыру
- •Жол қозғалысын ұйымдастыру
- •Жол қозғалысын ұйымдастыру бағыттары
- •68. Құжаттық зерттеу
- •Автомобиль көлігі
- •71. Меншіктігі бойынша авто тасымалдар кеслесіге бөлінеді
- •74. Жүк және жолаушы ағындарының сипаттамалары
- •87. Тасымалдаушы төмендегідей жағдайларға жол берсе, жолаушы Ережелердің негізінде тасымалдаудан бас тартуға құқылы
- •98. Су кемелері
- •99. Танкерлер
- •100. Танкерлерді тазалаудын әртүрлі әдістері
54. Автобағыттау кезінде поезд қозғалысын ұйымдастыру
Автобұғаттаумен жарақтандырылған учаскелерде поездар қозғалысына диспетчерлік бақылау жүргізу құрылғылары белгіленген қозғалыс бағытының (біржолды аралықтарда) бақылануын, блок-учаскелердің, аралық станциялардағы басты және қабылдау-жөнелту жолдарының бос еместігін, кіру және шығу бағдаршамдарының көрсетулерінің бақылауын қамтамасыз етуі тиіс.
Автобұғаттаумен жарақтандырылған қосжолды ендірмелері бар біржолды учаскелерде, сондай-ақ қозғалысы автобұғаттау бағдаршамдарының көрсетулері бойынша бір бағытта жүзеге асырылатын жүктасымалдылығы қарқынды желілердің қосжолды және көпжолды аралықтарында локомотивтік бағдаршамдарының сигналдары бойынша қарсы бағытта (теріс жол бойынша) қозғалысты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін құрылғылар көзделеді. Қолданылатын техникалық шешімдеріне байланысты бұл құрылғылар тұрақты жұмыс істейді немесе жөндеу, құрылыстық және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде іске қосылады.
Автоматты бұғаттау кезінде барлық бағдаршамдар олар қоршап тұрған блок-учаскелерге поезд кірген кезде, сондай-ақ осы учаскелердің рельс тізбектерінің бүтіндігі бұзылған жағдайда автоматты түрде тыйым салу көрсетуін қабылдайды.
55. Жартылайавтобағыттау кезінде поезд қозғалысын ұйымдастыру
Жартылай автоматты бұғаттауы бар учаскелерде кіру, маршруттық, шығу бағдаршамдары арасындағы қашықтық толық қызметтік тежеу және барынша іске асырылатын жылдамдық кезінде белгілі бір орын үшін белгіленген тежеу жолынан кем болмауы, ал автоматты локомотивтік сигнализациясының жол құрылғылары бар кезінде, сонымен қатар бұл қашықтық автоматты локомотивтік сигнализациясы мен автотоқтату құрылғыларының поездың тежеу жүйесіне ықпал етуі үшін қажет уақыт ішінде поезд өтіп үлгеретін жолды ескергенде жедел тежеу кезінде тежеу жолынан кем болмауы тиіс.
Жартылай автоматтық бұғаттау кезінде станцияларда:
1) жөнелту маршрутында оқшауланған бағыттамалық учаскелердің бостығын бақылауды олардың ақаулылығына байланысты ажырататын;
2) жабылып қалған шығу бағдаршамын, егер поезд одан нақты түрде өтпеген болса қайтадан ашатын;
3) поездың толық құрамымен келіп жеткенінің автоматты бақылауын қамтамасыз ететін құрылғылар болуы тиіс.
56. Байланыс құралдарының істен шығу кезіндегі поезд қозғалысын ұйымдастыру
57. Маневр жұмысы кезіндегі қолданылатын сигналдар
58. Кірме бағдаршамдар
59. Жөнелту бағдаршамдары
60. Жылжымалы құрамды бекітудің мөлшерлері мен ережелері
61. Жолдардың толық және пайдалы ұзындығы
Жол қозғалысын ұйымдастыру
61 Қазіргі уақыттағы автомобиль тасымалының 3 негізгі сипаттамасын атауға болады
Қауіпсіздік деңгейі төмен болатын қазіргі уақыттағы автомобиль тасымалының 3 негізгі сипаттамасын атауға болады:
автомобиль көлігін өзінің параметріне сәйкес келетін жолдармен аз қамтамасыз етілуі;
автомобиль қозғалысының басқа жол қозғалысына қатысушылардан бөлінуінің аздығы;
жүргізуші мамандығының көптігі.
Бұл жағдайларға кеңінен тоқталайық. Ауылды жерлердегі жолдарда автомобиль қозғалысы тракторлармен, жаяу жүргіншілермен және велосипедистермен, үй және жабайы аңдармен бірге жүзеге асады. Өзінің сипаттамасы бойынша әр түрлі көлік құралдарының қозғалысы және жаяу жүргіншілер қозғалысын қосқанда көптеген қиындықтар қақтығыс жағдайларын туғызады.
Жол қозғалысын ұйымдастыру бағыттары
