Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kopia_vorosy_gos_kaz_s_otvetami.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
210.43 Кб
Скачать
  1. Поезд қозғалысын графикалық сызбасы. Графиктердің түрлері

Пойыздардың жүріс жылдамдығына қарай параллельді және параллельді емес (қалыпты) графиктер деп бөлінеді.

Параллельді графиктерде әрбір бағыттың пойыздары бірдей жылдамдықпен жүреді, сондық­тан олардың жүріс сызықтары өзара параллель болады.

Аралықтардағы басты жолдардың санына қарай график­тер былайша бөлінеді:

даражолды график – басты жол екі бағытта жүру үшін пайдаланылады және пойыздар станциялар мен айрылымдарда ғана кездесіп айырылыса алады

қосжолды график – әр түрлі бағыттың пойыздары мамандандырылған жолдармен бір-бірінен тәуелсіз жүреді, олар станциялар мен озба бекеттерде ғана емес, аралықтарда да кездесіп айырылыса алады

  1. Поездардың ұзындықтары мен салмағының мөлшерлемесі

  1. Поездардың телім арқылы жүріп өту уақыты мен жылдамдығы, поездардың стасаларда кідіруі және олардың ұзақтығы

  1. Станса интервалдарын есептеу

Станция интервалдары – пойыздарды қабылдау, жөнелту немесе станция арқылы өткізу операцияларын орындауға қажет болатын ең аз уақыт

Пойызаралық интервал дегеніміз – пойыздар автобло­кировкамен жабдық­талған телімдегі аралықтарда бағыт­тас жүргендегі олардың өзара шектелуінің ең аз уақыты. Станция интервалдары мен пойызаралық интервалдар жүріс қауіпсіздігін және темір жолдың өткізу қабілетін барынша жақсы пайдалануды қамтамасыз етуі тиіс.

  1. Теміржол телімдерінің өткізу қабілетің өсіру

  1. Поездарды локомотивтерін пайдалану негіздері, поездарды локомотивтермен қамтамасызету жүйесі

Локомотивтердің инвентарлы паркы жол (депо) қарамағындағы және жол (депо) қарамағындағы емес болып жіктеледі. Жол қарамағындағы парк пайдаланатын және пайдаланбайтын болып бөлінеді.

Жолдың (депоның) пайдаланбайтын паркы жөндеудің барлық түрінде, жоспарлы жөндеулер арасындағы модернизацияда, тұрған жөндеуді және инвентарлы паркттен шығаруды күтіп тұрған, жүру, тапсыру, қабылдау, қорға және резервке дайындау, сонымен қатар қор мен резервте тұрған локомотивтерден құралады.

Пайдаланатын парк жұмыстың барлық түрінде қолданылатын, техникалық операциялар орындалатын, жұмысты күтіп тұрған локомотивтерден, сонымен қатар аялдау мөлшерінен аспайтын ТО-2 техникалық тексерісте тұрған локомотивтерден құралады.

Локомотивтердің айналым телімі бір немесе бірнеше тартым өрістерінен құралуы мүмкін. Негізгі және айналым деполары орналасқан станциялар арасындағы телімді - тартым өрісі деп атайды. Тартым өрісі бір немесе бірнеше бригадалар жұмысының телімдерінен құралуы мүмкін. Мұндай әр телім локомотив бригадалары ауысатын бекеттер арасында орналастырылады. Мұндай бекеттер ретінде негізгі және айналым деполары орналасқан станциялар және бригадалар алмасатын бекеттер саналады.

Бір немесе әр түрлі деполардың локомотивтер жұмысы бірыңғай жоспармен ұйымдастырылған екі немесе одан да көп телімдер локомотивтердің айналым зоналарын құрайды.

  1. Жергілікті жұмыс және оның негіздемесі жайлы түсінік

Станцияда жүк операцияларын атқаратын вагондарды жергілікті вагондар деп атайды. Жергілікті вагондарды мынадай топтарға бөледі:

  • бос вагондар – жүк тиеуге келген және жүк тиеліп жөнелтілетін вагондар;

  • тиеулі вагондар – жүк түсіруге келген және бос күйінде жөнелтілетін вагондар;

  • тиеулі вагондар – жүгін түсірген соң сол станцияда жүк тиеліп жөнелтілген вагондар.

Алғашқы екі жағдайда бір операциялы – жүкті тиеу немесе түсіру операция­сын, соңғы жағдайда – қос операциялы – жүкті түсіру және тиеу операциялары атқарылады. Соңғы жағдайда вагондар бос жүрмейтіндіктен, қос операциялы тиімді болып есептеледі.

  1. Толас кезені жайлы түсінік. Жөндеу және құрылыс кезіндегі Толас жайлы түсінік

  1. Жолаушылар тасымалының түрлері және жолаушы поездарының түрлері

Атқарылатын жұмыстарының сипатына қарай жолаушылар станциялары мынадай болады:

  • жолаушылар станциялары, бұларда жолаушыларға қызмет көрсету, пойыздарды қабылдау, жөнелту және өткізу, сондай-ақ жолаушылардың жүруін, теңдеме жүктер мен жүктерді ресімдеудің барлық коммерциялық операциялары жүзеге асырылады;

  • жолаушылар пойыздарының құрамдарын жарақтандыруға, қайта құрастыруға, жөндеуге және уақытша тұрақтатуға арналған жолдары мен құрылғылары, вагондар жөндеуге арналған деполық және басқа құрылғылары бар техникалық жолаушылар станциялары. Бұл станциялар негізінен жүру сапа­рын бастайтын және аяқтайтын пойыздар құрамымен атқары­латын операцияларды жүзеге асыруға арналған;

  • біріккен жолаушылар станциясы, бұлар жолаушылар жүрісіне қатыс­ты жоғарыда аталған операциялардың барлығын атқарады.

  1. Жүк вагондар паркі, олардың тіркелуі және санық жүргізілуі

39.Вагондардың жүріп өтуі. Бос жүріп өту коэффициенті

  1. Вагонға статикалық және динамикалық жүктемесі

41. Вагон рейсі: тиелген және бос

42. Жергілікті вагонның айналымы және оның құрамы. Жергілікті және бос вагонның айналымы

43. Вагонның ортатәуліктік жүріп өтуі және өнімділігі

44. Вагонның ортатәуліктік жүріп өтуі және өнімділігі

45. Оперативті жоспарлаудың мақсаты. Поезд қозғалысы жайлы мәліметтерді жинау және өндеу

46. Тиеу, локомотив және вагон паркін мөлшерлеу жайлы түсінік

47. Телімдік және техникалық жылдамдық

Техникалық жылдамдық

Жылжу мен үдеуді және өтпелі стансаларда тоқтағанды ескеретің поездың орташа жылдамдығы.

Телімдік жылдамдық

Жылжу мен үдеуді және өтпелі стансаларда тоқтағанды ескермейтің поездың орташа жылдамдығы.

48. Диспетчерлік жүйе және оның құрылымы

Тасымалдау бөлімшесінде пойыздар жүрісін диспетчерлік аппарат шұғыл басқарады. Оны аға диспетчер (ДНЦС) басқарады, оның екі-үш орынбасары бар, соның ішінде локомотив пен локомотив бригадаларының жұмысын ұйымдастыру бойынша орынбасары болады. Диспетчерлік ауысымды бөлімше бойынша кезекші басқарады (ДНЦО). Ауысым құрамына пойыз, торап және телімдік диспетчерлер енген. (ДНЦ) – бөлімшедегі диспетчерлік шеңберлер саны бойынша (әдетте 5-7); локомотив диспетчерлері (ТНЦ) және энергодиспетчерлер (тек электрлік тартымы бар бөлімшелерде). Жүк тиеу, түсіру жұмысы ауқымды бөлімшелерде ауысым құрамына вагон таратушы диспетчерлері (ДНЦВ) кіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]