Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kopia_vorosy_gos_kaz_s_otvetami.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
210.43 Кб
Скачать

СҰРАҚТАР

ОПУД

Теміржол көлігі

  1. Темір жол көлігін пайдалану жұмысы

Темiржол көлiгi өндiрiстiк қызметiнiң сипаты, ұйымдастырылуы және басқарылуы жөнiнен басқа салаларға ұқсамайтын бiрқатар өзiндiк ерекшелiктерi бар үлкен әрi күрделi шаруашылық болып саналады. Мұндай ерекшелiктерге мыналар жатады:

1. Темiржол көлiгi бөлiмшелерiнiң көптiгi және олардың аумақтарға шашыраңқы орналасуы.

2. Темiржол көлiгi бөлiмшелерi жұмысының өзара тығыз байланыстылығы мен өзара тәуелдiлiгi. Бұл тасымалдау процесiне қатысатын барлық бөлімшелер жұмысының технологиялық үйлесiмдiлiгiн талап етедi.

3. Темiржол жұмысының толассыздығы мен ырғақтылығы. Бұл, станциялардың, деполар мен телiмдердiң барлық элементтерiнiң барынша өткiзу және өңдеу қабiлетiн жүзеге асыру үшiн көлiк техникалық құралдарын толығымен пайдалану үшiн қажет болады.

  1. Поезд туралы түсінік және оның құжаттары Поездар классификациясы

  1. Стансалардың арналуы мен классификациясы

Жүктердi қабылдау-тапсыру, жолаушыларға қызмет көр­сету операциялары, пойыздарды қабылдау-жөнелту, тоғыс­тыру және басып озу операцияларын, ал тарам жолдары дамы­ған бөлiм бекеттерiнде – пойыздарды сұрыптау-құрастыру секiлдi маневр жұмыстарын, вагондар тобымен және жеке вагондармен техникалық операцияларды жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн құрылғылары бар тарам жолды бөлiм беке­тi темiржол станциясы деп аталады.

Станциялар дегенiмiз – темiржолдың тұтынушыларымен тiкелей байланысты жүзеге асыратын аса маңызды өндiрiстiк-шаруашылық бiрлiктер. Тасымалдау процесiнiң бастапқы және ақырғы операциялары, пойыздар жүрiсiн қамтамасыз ететiн қыруар жұмыстар станцияларда атқарылады.

Атқаратын жұмысының көлемi мен күрделiлiгiне қарай станциялар кластан жоғары және I – V класс станцияларына бөлiнедi. Станциялардың класын олардың атқаратын жұмыстарын баллмен бағалау арқылы анықтайды.

  1. Стансаның жұмысын реттейтің құжаттар

Атқаратын жұмысының көлемi мен күрделiлiгiне қарай станциялар кластан жоғары және I – V класс станцияларына бөлiнедi. Станциялардың класын олардың атқаратын жұмыстарын баллмен бағалау арқылы анықтайды.

Станция жұмысын реттейтiн негiзгi құжаттарға:

Теміржол станциялары туралы ереже;

Станцияның техникалық-жарлық актiсi (ТЖА);

Станцияның технологиялық жұмыс үрдісі (ТЖҮ) жатады.

  1. Өтпелі және телімдік стансалардың жұмыс технологиясы

Пойыздарды қабылдап, жөнелтіп және өткiзетiн, сондай-ақ шағын көлемде жүк және коммерциялық операциялар жүр­гiзетiндерін аралық станцияларға жатқызады. Кейбiр аралық станцияда жөнелтушілер пойыздары құрастырылады, қала ­маңындағы пойыздар айналымы (зоналық станциялар) жүзеге асырылады, локомотив бригадалары ауыстырылады. Аралық станциялар, әдетте, телiмдiк станциялар аралығында немесе телiм­дiк және сұрыптау станциялары аралығында орналасады. Олардың телiмдерде орналасуы елдi мекендерге жүк және жо­лаушылар тасымалы жөнiнен қызмет көрсетуге байланысты, орта есеппен алғанда олар 15-25 км қашықтықта орналасқан.

Телiмдiк станцияларда олардан өңдеусiз және iшiнара өңдеу арқылы өтетiн пойыздармен (топтық пойыздар және массасы өзгертiлетiн пойыздар) өңдеу операцияларын жүргiзедi, телiм­дiк, құрама және жақынаралық пойыздарды құрастырады және сұрыптайды. Бұлардан басқа, жүк және жолаушыларға қызмет көрсету операциялары орындалады.

  1. Сұрыптау стансасының жұмыс технологиясы

Пойыздар жаппай сұрыпталатын және құрастырылатын станциялар сұрыптау станцияларына жатады. Олар вагон ағындарының жаппай жиналатын және жаппай таратылатын бекеттерде (iрi өнеркәсiп орталықтарына, өзен және теңiз порттарына кiреберiсте) орналасқан.

Сұрыптау станцияларын былайша жiктейдi:

  • сұрыптау құрылғыларының түрлерiне қарай – дөңестi және дөңессіз сұрыптау станциясы;

  • сұрыптау кешенінің санына қарай – жұп және тақ бағыт­тағы вагондарды өңдеуге арналған бiр кешенді немесе бiржақты сұрыптау станциясы және әр бағытқа маманданған екi кешенді немесе екi жақты сұрыптау станциясы. Бiр­жақты станциядағы сұрып­тау бағыты жұп және тақ бағыт­тар­дағы өңдеу жұмысының көлемiне байланысты.

  1. Вагонағындарын ұйымдастыру. Поездарды құрастыру жоспары

Вагон ағындарын дұрыс ұйымдастыру – оларды пайдалану жұмысын ұйымдастырудың негізгі міндеттерінің бірі, ол вагондардың теміржол бағытымен жүруінің барынша тиімді тәртібін және пойыздарды құрастырудың ең пайдалы жүйесін орнықтыруды көздейді. Бұл міндетті шешу жүктер­ді тиеу орындарынан маршруттап тасымалдауға және сұрып­тау, телім­дік және жүк станцияларында жүк пойыздарын құрастыруға негізделеді.

  1. Телімнің өткізу қабілеті

Теміржол желiсінiң өткiзу қабiлетi. Бұл тұрақты құрылғылардың бар-жоқтығына, локомотивтердiң, вагондардың түрлерiне және пойыздар жүрісін ұйымдастырудың қабылданған технологиясына қарай тәулiктiк (сағат) iшiнде игеруге болатын пойыздардағы ең үлкен өлшем.

  1. Телімнің тасымалдау қабілеті

Темiржол желiсiнiң тасымалдау қабiлетi. Бұл қабылданған тасымалдау технологиясы бойынша желi арқылы жылына тасып өткiзуге болатын жүк мөлшерi, млн. т.

  1. Станса жұмысын жоспарлау және басқару. Жұмысын сараптау

  1. Стансаға жұмысын басқарудағы автоматтандырылған жүйелер

  1. Стансаның техника-басқару актісі

Стансаның ТБА ол оның паспорты онда стансадағы құралдар және құрылғылармен жұмыс істеу амалдары мен тәсілдері көрсетілген.

  1. Станса жұмысының технологиялық үрдісі

  1. Стансаның парктерімен жолдарының мамандандырылуы

Қабылдау-жөнелту, сұрыптау, тартым, тиеу-түсiру жолдары, локомотив пен вагон шаруашылығының жолдары, локомотив­тердің деподан станцияға кiретiн жүрiс жолдары және қызметі өздерiнiң атқаратын операцияларына қарай анықталатын басқа да жолдар станциялық жолдарға жатады.

Пойыздармен белгiлi бiр операцияларды атқаруға арналған жолдарды: қабылдау және жөнелту, сұрыптау, транзиттiк, бiрiккен қабылдау-жөнелту және т.с.с. парктерге бiрiктiредi.

  1. Маневрлік жұмыс

  1. Поездарды құрастырып –тарқату принциптері

  1. Дөнестің жұмыс технологиясы

Сұрыптау дөңесінің қуатына қарай үлкен, орташа және шағын дөңес деп ажыратады.

Қуаты үлкен дөңестi тәулiгiне орташа есеппен кемiнде 5000 ва­гон өңделетiн және сұрыптау паркiндегi жолдың саны 30-дан асатын iрi сұрыптауды станцияда жасайды.

Қуаты орташа дөңестi тәулiгiне орта есеппен 2000-5000 вагон өңдейтiн және сұрыптау паркiндегi жолдың саны 17-30 болатын; қуаты шағын дөңестi – тәулiгiне орта есеппен 250-2000 вагон өңдейтiн және сұрыптау жолының саны 16-ға дейiнгi станцияда тұрғызады.

  1. Келген құрамдырды сұрыптау және телімдік стансаларда өндеу

  1. Сұрыптау және телімдік стансаларда жөнелту алдында құрамды өндеу

  1. Стансалақ технологилық орталықтардың жұмысын ұйымдастыру

  1. ДУ-1 поездың натур қағазы

  1. Стансаның тәуліктік жұмыс-графигі

  1. Жергілікті жұмысты диспетчерлік басқару

  1. Қыс кезіндегі станса жұмысы

  1. Стансадағы поездардың қозғалысының қауіпсіздігі

  1. Мапшрутизацияның маңызы. Маршруттар түрі

Маршруттық пойыздар былайша бөлінеді:

1. Ұйымдастыру жағдайына қарай:

бір станцияда немесе бір кірме жолда бір жүк жөнелтуші ұйымдастырған жөнелтуші пойыздары;

әр түрлі жүк жөнелтушілердің бір станцияда тиеген вагондар тобынан біріктірілген станциялық сатылық пойыз­дар;

телімнің бірнеше станциясында бірнеше (немесе бір) жүк жөнелтушілердің тиеген вагондар тобынан біріктірілген телімдік (тораптық), сатылық пойыздар;

мекен-жайлық базада (базаға жақын телімдерде, станцияларда жинақ­талған вагондардан) құрастырылған пой­ыз­дар.

2. Вагондардың барарына қарай:

бір станцияда түсірілетін вагондарды қамтитын, тікелей пойыздар;

бірнеше станцияда түсірілетін вагондарды тарату үшін бір станцияға баратын пойыздар.

3. Вагондардың құрамда орналасу тәртібіне қарай:

топтық пойыздар, мұнда вагондар станцияларға, жүк иелеріне және жүк түсіру телімдеріне қарай іріктеледі;

вагондары іріктелмеген пойыздар.

4. Айналымына қарай:

айналымды маршруттар, құрамдары жүгін түсірген соң жүк тиелген станцияға, құрамын өзгертпестен, бос күйінде оралады. (Бір кәсіпорнына қызмет ететін және алыс емес қашықтықтан оралатын айналымды маршруттарды айнал­малы деп атайды);

әдеттегі (айналымды емес) маршруттар, станцияға оралуы міндетті емес.

  1. Өтпелі, телімдік және құрама поездар

  1. График және қозғалыс кестесі – темір жол көлігін пайдаплану негізі

Пойыздардың жүрісін нақты жазу және бейнелеу үшін графиктің стандарт­тық масштабтық торы жасалады. Уақытты сағаттық периодпен бейнелеу график торының негізгі элементі болып табылады.

Сағаттық уақыт периоды 10 минуттық вертикаль сызық­тармен бірдей алты бөлікке бөлінеді. Сағаттың басталуы мен аяқталуын қалың сызықпен, сағаттар арасындағы он минуттық интервалдарды – жіңішке сызықпен және жарты сағатты білдіретін сағаттық периодтың ортасы – үзік сызықпен көрсетіледі. Пайдалануға қолайлы әрі көрнекі болуы үшін 0, 6, 12, 18, 24 сағат­тық сызықтарды басқаларынан гөрі жуандау етіп сызады.

Пойыздардың жүріс графигін жасау үшін графиктің мынадай элементтері қажет болады:

  • пойыздардың аралықтар арқылы жүру уақыты, екпін­деу мен баяулауға жұмсалатын уақыт нормалары;

  • пойыздардың аралық және басқа станцияларда техни­калық және коммер­ция­лық операцияларды атқару үшін тоқтап тұру нормативтері;

  • локомjтивтердің негізгі және айналым деполарында тұруының және техникалық операцияларды атқаратын бригадалар ауысымының ұзақтығы нормативтері;

  • пойыздарды қабылдау, жөнелту және станциялар арқы­лы өткізу кезіндегі есептік минимум интервалдары (станция­лық интервалдары);

  • пакеттегі пойыздар арасындағы интервалдар (пойыз­аралық интервалдар).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]