Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
112233-2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
99.44 Кб
Скачать

2.5 Дебиторлық берешектердің есебі мен аудиті

Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлғалардан оларға сатқан тауарларды, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ аванс ретінде алдын ала төлеген төлемдері үшін алашақ берешектер -Дебиторлық берешектер (Алынуға тиісті шоттар) деп аталады. Осы  кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Өтелетін (алынатын)  уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық борыштар ағымдағы алынуға тиісті берешектер және ұзақ мерзімді алынуға тиісті борыштар болып екіге бөлінеді. Бұл берешектердің есебі  «Алынуға тиісті шоттар» бөлімінің шоттарында есептеледі.

Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын дебиторлық берешектер «ағымдағы активтер» қатарында есептеледі. Олардың қатарына жататындар:

-    ағымдағы активтерді сатып алуға төленген аванстық (алдын ала төленген) төлем;

-    тапсырылған (берілген) шоттар бойынша алынуға тиісті берешектер;

-    вексельдер бойынша алынуға тиісті берешектер;

-    негізгі ұйымдар мен оның еншілес серіктестігі арасындағы түрлі операциялар негізінде туындаған дебиторлық берешектер;

-    ұйымның лауазымды адамдарының (тұлғаларының) дебиторлық берешегі;

-   басқадай дебиторлық берешектер.

Ұйымның қаржы жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің қатарына дебиторлық берешектердің айналымы жатады. Яғни дебиторлық берешектердің есептелген уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзім күндерінің саны. Ұйымның дебиторлық берешегі оған байланысты кіріс танылған жағдайда ғана анықталады. Дебиторлық берешектер сатылған өнімдер мен тауарлардың құнынан баға жеңілдіктерін және қайтарылған тауарлардың құнын алып тастағандағы қалдық сома бойынша есептеледі.Бір жылдан астам уақыт бойы алынбаған  дебиторлық берешектер «Ұзақ мерзімді дебиторлық берешектер» болып есептеледі. Дебиторлық берешектердің пайда болған (есептелінген) уақыты мен өтелу уақытының арасындағы мерзімге байланысты пайыздар бойынша кіріс көп жағдайларда ескерілмейді.

Келісімшартың міндеттемелерін орындау мен дебиторлық берешектің щынайылығын тексеру

Жабдықтау келісімшарттар, шарттарды, жабдықтаушыларды,шот- фактураларды, нарядтарды, тапсырыс -тарды тіркеу журналдары

Дебиторлық берешек есебі, жабдық- тауды және оларға төлеуді бақылау функцияларын орындауды талдау

Есеп,аудит және ішкі бақылау стандарттары , нұсқаулықтар, бұйрық — тар, өкімдер,бастапқы құжаттар, 1210 1220 1230 1240 1250 шоттар

Мәлеметтерді жинау мен Дебиторлық берешек түрлері, көлемі және мерзімдер бойынша

Сатып алушылармен, есеп беретін адамдармен,банк қызметкерлерімен және басқа дебиторлармен есептесу -лерді түгендеу материалдары

Дебиторлық берешектің жағдайын дебиторлармен есеп айырысуды түгендеу, өткізу жолымен тексеру

Бас кітап,10 журнал-ордер,1290«күмәнді талаптар бойынша резерв -тер»аналитикалық есептің  1200бөлікшесінің 1210 «сатып алушылармен тапсырысшылардың кысқа мерзімді дебеторлық берешегі»шотары бойынша мәлеметтерді банк бас шысының дебиторлық берешекті есетен шығаруға арналған бұйрық

Дебиторлық берешектің жаратылысы мен көлемін талдау және төлемеу себептерін анықтау

Күмәнді талаптар бойынша резервті жасаудың негізділігі мен оларды пайдаланудың дұрыстығын тексеру

Дебиторлық берешекті уақытылы өтеудің заңдылығы мен шынайылы -ғын талдау

1журнал-ордер,сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысудыңесебі жөніндегі тізімде –ме,1210шоттары бойынша аналити- калық есеп мәліметтері

Сатып алушылармен,тапсырыс беру-шілермен,есеп айырысуды атқару -дың,вексельмен төлегендегі опера -цияларды көрсетудің дұрыстығын тексеру

Контрегенттермен шарттар, төлем тапсырмалары, банк көшірмелері, анықтамалық -нормативтік ақпарат

Есептеулерді реттеу мен дебиторлық берешекті азайту жөніндегі ұсыныс -тар жасау, резервтердің, бсқарудың жағдайын бағалау

Талдамалы есепесулер және олардан шығатын тұжырымдар мен аудитордың ДБ басқаруды жетілдіру жөніндегі ұсыныстар

Баланс көрсеткіштерінің дебеторлық берешек есепшоттары бойынша.бас кітаптыңмәліметтерімен сәйкестігін тексеру

Баланс 1210 1290 1220 1230 1240 1610 1270 бас кітап шоттары бойынша

Дебиторлық берешектің  синтетикалық есебін жүргізудің дұрыстығын  тексеру

Жоғарыда көрсетілген шоттар жөніндегі бас кітап11 7 8 ЖО берілген аванс,контрагенттермен есеп айырысу есебі бойынша тізімдер,