- •«Қазығұрт ауданының экономика және қаржы бөлімінің» ұйымдық-экономикалық сипаттамасы..................................................................5
- •III.Қаржылық есептілігі.
- •1.1. «Қазығұрт ауданының экономика және қаржы бөлімінің» ұйымдық- экономикалық сипаттамасы
- •Ұйым мүшелері
- •2.«Қазығұрт ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бухгалтерлік есебінің және аудитінің ұйымдастырылуы.
- •2.1 Негізгі құралдар есебі мен аудиті
- •2.2Еңбек және еңбекақының есебі
- •Ақша қаражаттарының есебі мен аудиті
- •Қорлар есебі мен аудиті
- •Қорларды сатып алу аудитінің бағдарламасы
- •2.5 Дебиторлық берешектердің есебі мен аудиті
- •2.6 Міндеттемелердің есебі мен аудиті
- •Шығындардың есебі мен аудиті.
- •Инвестициялар есебі мен аудиті.
- •Аудит бағдарламасы:
- •Табыстар мен шығыстардың есебі мен аудиті және қаржылық нәтижені анықтау тәртібі
- •3.1. Қаржылық есептілікті құрастыру әдістемесі мен тәжірибесі қолданылатын нормативтері мен стандарттары
- •3.2. Бухгалтерлік балансты талдау
3.2. Бухгалтерлік балансты талдау
Бухгалтерлік баланс – ақшалай бағалауда көрсетілген әрі белгілі бір мерзімге құрылған шаруашылық құралдарының құрамы мен орналастырылуы және оларды құрылу көздері бойынша экономикалық топтастыру және жалпылама қорыту тәсілі.
Бухгалтерлік есептің негізгі жыне басты міндетінің, атқаратын қызметінің, атқаратын қызметі мен функциясының бірі – пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәліметтің негізгі қайнар көзі болып – бухгалтерлік баланс болып табылады. «БАЛАНС» сөзі француз тілінен алынған. Бұл сөз қазақ тілне аударылғанда «таразы» немесе «тепе-тең» деген мағынаны білдіреді. Сырт көзбен қарағанда кәсіпорынның бухгалтерлік балансы актив жәнепассив деп аталатын екі бөлімді кестеге ұқсас болып табылады. Оның оң жағында, яғни активінде кәсіпорынның қаржылары, заттай және ақшалай түрдегі мүліктері мен шығындлары көрсетілсе (орналастырылған болса), оң жағында, яғни пассив бөлімінде осы ұйымның қорлану көздері қарастырылады. Бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес бухгалтерлік баланстың актив бөлімінде кәсіпорынның өзіне, яғни қолда бар мүліктері қарастрылады. Ұйым осыларды пайдалану арқылы ғана алдағы уақытта табыс таба алатындықтан бұл мүліктерді кәсіпорынның әулетті табыстары ретінде таниды. Ал баланстың пассиві – деп аталатын бөлімінде кәсіпорынның қолдану көздері туралы ақпаратты мәліметтер жазылады. Ұйымның қорлану көздері менікті капитал және тартылған (сырттан немесе басқа жақтан алынған, қарастырылған) капитал деп екіге бөлінеді. Мұндағы тартылған капитал дегеніміз кәсіпорынның міндеттемелері, яғни осы ұйымның басқа заңды және жеке тұлғаларға қандай да бір операциялар нәтижесіне сәйкес берешек борыштары болып табылады. Кредиторлардың қатарына осы кәсіпорыннан алашағы бар заңды немесе жеке тұлғаларды жатқызуға болады. Егер кәсіпорын өз кредиторларының алдындағы парызын уақтылы төлей алмаған жағдайда, олар ұйымынан активтерін сату арқылы қарызын қайтаруды талап ете алады. Кәсіпорынның меншікті капиталы инвесторлардың мүдделілігін танытады және олардың активтерінің жиынтық сомасынан міндеттемелерді қысқартылып тастағандығы қалдық сомаға тең болады. Инвесторлардың кредитордан айырмашылығы – кредитор өз алашағын алу үшін жанталасатын (тырмысатын) болса, ал инвестор жоғарыда аталған активтің жиынтық сомасынан міндеттемелерді қысқартылып тастағандығы қалдық сомаға, яғни меншіктік капиталдағы ие және де кәсіпорынның қожайыны болып табылады. Осы айтылғандарды қорытындылай отырып, ұйымның барлық активтері инвесторлар менен кредиторлардың меншігі екендігін аңғаруға болады. Сондықтан бухгалтерлік баланстағы мына теңбіктің әрдайым тең болтындығы сөзсіз.Баланс активі мен пассиві бойынша жиынтықтары бухгалтерлік баланстың валютасы деп аталады.
Активтер = Қаржылық міндеттемелер + Меншікті капитал.
Қорытынды.
СТУДЕНТТІҢ ТӘЖІРИБЕ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ШЕШІМІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАРЫ
Жалпы Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Қазығұрт ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі үлкен маңызға ие мемлкеттік мекемелердің бірі болып табылады. Мемлекеттік мекеменің миссиясы: Қазығұрт ауданының әлеуметтік – экономикалық даму стратегиясын іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру, ауданның даму бағдарламасын іске асыру, аудандық бюджетті орындау, аудандық бюджетті орындау бойынша бюджеттік есепті жүргізу және бюджеттік есепті құрастыру, аудандық коммуналдық мүлікті басқару, мемлекеттік сатып алу үдерісін үйлестіру. Мемлекеттік мекеменің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: 1) аудандық бюджетті жоспарлау және атқару саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету, ауданның әлеуметтік – экономикалық даму стратегиясын іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру; 2) экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша жұмыстарды жүзеге асыру; 3) Қазығұрт ауданының әлеуметтік – экономикалық даму паспорттарын, Қазығұрт ауданының даму бағдарламасын құрастыруды үйлестіру; 4) Аудандық коммуналдық меншікті жекешелендіру және басқару.
Мен өндірістік тәжірибені Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Қазығұрт ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде өттім.Онда шот-фактура,жұмысшыларға төленетін еңбекақысын ведомосын,сенімхат,журнал-ордер,кіріс және шығыс құжаттарымен,кассалық операция есебінен,банк шотындағы құжаттармен,негізгі құралдар және тауарлы-материалдық қорлардың құжаттарымен таныстым.
Осыған байланысты теориялық негіздегі білімімді тәжірибе жүзінде сынай келіп, мен өз ісімнің білікті маманы болу үшін келесі ережелерді қатаң сақтау керек екендігін түсіндім:
Жұмыс орнында еңбек келісімшартында, жарғыларда, бұйрықтарда белгіленген ережелерді қатаң сақтау;
өзіңе белгіленген құқықтар мен міндеттерді толығымен білу және оларға бағыну;
берілген жұмыстарды уақтылы әрі ұқыптылықпен орындау және оның қорытындыларына жауап беру;
белгілеген қызмет бабын толық зерттеу, жаңартуларын игеру.
Қорытындылай келсек, өндірістік тәжірибе ойдағыдай өтті. Тәжірибе барысында өзімді білікті маман ретінде сезіндім және өзіме жүктелген жауапкершілік пен оқу орнының сенімін толық сезіндім. Болашақта өз ісімнің білікті маманы болатыныма сенімдімін
СТУДЕНТТІҢ ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТУ БАРЫСЫНДА
ЖИНАҒАН МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ТІЗІМІ
Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі
Негізгі құралдарды есептен шығару актісі
«Қазығұрт ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жарғысы
«Қазығұрт ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің есеп саясаты
«Қазығұрт ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қаржылық есептілігі
Құжаттарды қабылдау-тапсыру актісі
Кассалық кітап (КО-4 үлгісі)
Демалыс беру туралы бұйрық
Басқа жұмысқа ауыстыру туралы бұйрық
Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық
Бухгалтерлік баланс
Жиынтық табыс туралы есеп
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп
Капиталдағы өзгерістер туралы есеп
Төлем тапсырмасы
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 1 тамыздағы № 314 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 3 қыркүйекте
Мақала «Қазығұрт тынысы» 7 наурыз 2014ж.
