Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
112233-2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
99.44 Кб
Скачать
    1. Қорлар есебі мен аудиті

Ұйымда тауарлы-материалдық қорлардың есебі 7 “Тауарлы –материалдық қорлардың есебі” Бухгалтерлiк есеп стандартына сәйкес жүргiзiледi.

Тауарлы-материалдық қорлар келесі актив түрлерінде болады: өндірісте пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар, құрастырушы бұйымдар, отын, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа материалдар, аяқталмаған өндіріс, субъект қызметі барысында сатуға шығарылған дайын өнім, тауарлар.

Материалдық қорларды есепке алу үшін бухгалтерлік есептің алдында төмендегідей міндеттер бар:

¨     материалдық құндылықтардың кіріске уақытында және толық енгізілуін, сақталу орындарындағы жағдайын қадағалау;

¨     материалдық құндылықтардың қозғалысы бойынша операцияларды толық және уақытында құжаттау;

¨     көліктік дайындау шығындары мен дайындалған құндылықтары мен өзіндік құнын уақытында анықтау;

¨     ішкі ресурстарды жұмылдыру мақсатында субъектіге қажет емес материалдық құндылықтарды тауып сату;

¨     сақталатын орындардағы құндылықтардың қалдықтары мен қозғалысы туралы дәл мәліметтерді алу.

Қорларды сатып алу аудитінің бағдарламасы

Процедуралар

Ақпарат көздері

1.

Материалдық техникамен қамтамасыз етілуі мен бухгатерлік есепті ұйымдастыруды талдау

Жылдық, тоқсандық, ағымдағы есеп, жедел мәліметтер

2.

Бастапқы есепті, есептік регистрлерді және қорлардың қозғалысы туралы есеп беру жағдайын тексеру

Материалдардың қойма есебінің карточкалары, кіріс ордері, материалдарды қабылдау актілері, жетіспеушілік

3.

Қорлардың аналитикалық және синтетикалық есебінің дұрыстығын тексеру

Бас кітап, № 6,7,10 журнал-ордерлер, есеп регистрлері

4.

Баланстағы қорларды бағалаудың дұрыстығын тексеру

Қорлардың қозғалысы бойынша бастапқы құжаттар

5.

Қорлардың нақты бары мен сақталуын, оларға түгендеуді жүргізудің уақтылығы мен дұрыстығын тексеру

Қорларды түгендеу актілері, МЖТ, қоймадағы есеп карточкалары, түгендеу актілері

6.

Қойма есебін ұйымдастырудың дұрыстығын тексеру

Техникалық құжаттар, қойма есебін ұйымдастыру стандарттары мен нормативтері

7.

Қоймадағы есептің, қорлардың қозғалысы бойынша бастапқы құжаттарды рәсімдеудің дұрыстығын тексеру

Бастапқы құжаттар, қойма есебінің карточкалары, материалдар қозғалысының ведомосі

8.

Ұйымның қорлармен соңғы есеп беру күндерінің қамтамасыз етілуін бағалау

Стандарттар, нормалар мен нормативтер, техникалық шарттар, есеп айырысу, бастапқы құжаттар

9.

Түскен материалдарды кіріске алудың толықтығы мен уақтылығын тексеру

Бастапқы құжаттар, шот-фактуралар, кіріс ордерлері

10.

Жабдықтау, жұмыс, қызмет жөніндегі шарттардың сақталуын бақылау

Материалдар қозғалысының есебінің ведомосі, журнал-ордерлер, шарттар, нарядтар, сертификаттар

11.

Қорларды бағалау тәсілдерін таңдаудың дұрыстығын тексеру

Есеп саясаты, материалдар қозғалысы есебінің ведомосі

12.

Қорлардың қозғалысын ішкі бақылау жағдайын тексеру

Ішкі тәртіп, қызметтік нұсқаулар

13.

Қорлардың табиғи шығыны бүліну және оларды арзандатуға белгіленген мөлшерден кем шығуын есептен шығаруға арналған құжаттар мен әкімшіліктің шешімдерін тексеру

Әкімшіліктің материалдарды есептен шығаруға арналған актілері мен шешімдері, түгендеу актілері