Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
112233-2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
99.44 Кб
Скачать
    1. Ақша қаражаттарының есебі мен аудиті

Қаржы нарығының күрделенуіне байланысты ақша қаражаттарын басқарудың маңыздылығы арта түсуде. Қатаң бәсекелестік жағдайында өндірістік жаңалықтарды енгізу және шаруашылық процестерін ары қарай дамыту үшін кәсіпорындардың ақша қаражатттары болуы тиіс. Себебі,    ақша қаражаттары мен олардың баламаларын дұрыс ашып көрсету және оларды жіктеу кәсіпорынның өтімділік деңгейін дәл бағалау үшін қажет. Бухгалтерлік есептің №7 «Ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есеп беру» деп аталатын халықаралық стандартына сәйкес ақшалай қаражаттарына компанияның кассасындағы және ағымдағы  шотындағы ақша кіреді. Ал ақша қаражаттарының баламаларына – алдын ала белгілі ақша қаражаттары сомасына тез айналатын және олардың құны шамалы тәуекелге ұшырайтын қысқа мерзімді, жоғары өтімді салымдар жатады.

Оларға қазыналық вексельдер, коммерциялық  қағаздар және депозиттік сертификаттар жатады. Түрлі ұсталымдар мен айыппұлдар ұйымның ақшалары қатарына жатқызылмайды. Сондықтан да оларды кассадағы ақшалар шотында есептемейді.

Қосымша ақшалай қаражат тарту үшін кәсіпорын қарыздарға(овердрафтқа) сүйенеді. Кейбір елдерде олар кәсіпорынның ақшалай қаражатын басқарудың  ажырамас  бөлігін құрайды. Мұндай жағдайларда олар ақшалай қаражат пен оның баламаларының құралы ретінде кіреді. 7 «Ақша қаражаты қозғалысы туралы есеп» ХҚЕС- қа сәйкес банк овердрафты -  төлем атқаруда пайда болған, оң (дебеттік) сальдодан асатын және қысқа мерзімді  міндеттеме ретінде есептелетін клиенттің банктік шотындағы теріс (кредиттік) қалдық.

Ақша  баламаларын кәсіпорынның есеп айырысу  құралдары ретінде қарастырмай,  көп жағдайларда оларды қысқа мерзімді инвестициялар шотында есептейді.

Жалпы ақша қаражатының қозғалысы екі жолмен жүргізіледі:

  1. Қолма-қол

  2. Қолма-қолсыз, яғни банктік есепшоттар арқылы

Қолма-қол ақшамен есеп айырысу кассадағы ақша қаражаттарымен жүзеге асырылады. Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық жүргізуші субъектінің кассасы болады.

Кассадағы ақша қаражаттарының аудиторлық бағдарламасы

Аудиторлық процедуралар

Ақпарат көздері

1.

Баланс көрсеткіштерінің, бас кітаптың, есеп регистрлерінің, машина жазбаларының мәліметтерімен сәйкестігін тексеру

Баланс, 1010, 1020 шоттар бойынша бас кітапшаның мәліметтері

2.

Кассадағы нақты ақша қаражаттарға және басқа да құндылықтарға түгендеу жүргізу және олардың сақталуын тексеру

Нақты ақшаны түгендеу актісі, бағалы қағаздарды және қатаң есеп берудегі бланкілерді түгендеу описі

3.

Кассаға ақша қаражаттарының кірісі мен шығысы бойынша операцияларының, кассалық кітаптың, кассалық операциялардың дұрыс құжатталып толтырылғандығын тексеру

Касса кітабы, кассирмен қабылданған және берілген ақшаның есеп кітабы, кіріс және шығыс кассалық ордерлерді тіркеу журналы

4.

Кассаға ақшаның уақтылы және толық дұрыс кіріске алынғандығын тексеру

Кіріс кассалық ордері, кассирмен қабылданған және берілген ақшаның есеп кітабы, касса кітабы, чек кітапшалары

5.

Кассадан берілген ақшалардың негізділігін және дұрыс құжатталғанын тексеру

Шығыс кассалық ордері, есеп айырысу-төлем ведомосі, кассирмен қабылданған және берілген ақшаның есеп кітабы

6.

Бухгалтерлік есепте операциялардың дұрыс көрсетілгенін тексеру

Есептік регистрлері, шоттар бойынша журнал-ордерлер, ведомость машинограммалар

7.

Ұйымдағы ақша қаражаттарының есебіне ішкі бақылаудың қалай ұйымдастырылғанын тексеру

Ұйым басшысының бұйрығымен бекітілген ішкі бақылауды жүзеге асыратын комиссия мүшелерінің тізімі, ішкі бақылаудың нәтижесі

8.

Кассалық операциялардың аудитінің нәтижесі бойынша шешім қабылдау және ұсыныстар жасау

Аналитикалық зерттеу

Бухгалтерский баланс по состоянию на 01 апреля 2015

Администратор бюджетных программ

459 , Экономика және қаржы бөлімі

Наименование государственного учреждения

"Қазығұрт аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі 3515

Периодичность: годовая, полугодовая

полугодовая

Единица измерения:

в тыс. тенге

АКТИВЫ

Код строки

На начало отчетного периода

На конец отчетного периода

1

2

3

4

I. Краткосрочные активы

 

 

 

Денежные средства и их эквиваленты

010

291,8

70 614,2

 

291,8

  1. 14,2