
- •«Қазығұрт ауданының экономика және қаржы бөлімінің» ұйымдық-экономикалық сипаттамасы..................................................................5
- •III.Қаржылық есептілігі.
- •1.1. «Қазығұрт ауданының экономика және қаржы бөлімінің» ұйымдық- экономикалық сипаттамасы
- •Ұйым мүшелері
- •2.«Қазығұрт ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бухгалтерлік есебінің және аудитінің ұйымдастырылуы.
- •2.1 Негізгі құралдар есебі мен аудиті
- •2.2Еңбек және еңбекақының есебі
- •Ақша қаражаттарының есебі мен аудиті
- •Қорлар есебі мен аудиті
- •Қорларды сатып алу аудитінің бағдарламасы
- •2.5 Дебиторлық берешектердің есебі мен аудиті
- •2.6 Міндеттемелердің есебі мен аудиті
- •Шығындардың есебі мен аудиті.
- •Инвестициялар есебі мен аудиті.
- •Аудит бағдарламасы:
- •Табыстар мен шығыстардың есебі мен аудиті және қаржылық нәтижені анықтау тәртібі
- •3.1. Қаржылық есептілікті құрастыру әдістемесі мен тәжірибесі қолданылатын нормативтері мен стандарттары
- •3.2. Бухгалтерлік балансты талдау
Ұйым мүшелері
Басқарма басшысы |
Сапиев Марат. |
Мемлекеттік сатып алу және коммугалдық меншік секторының меңгерушісі |
Алибаев Данабек Нұрмаханұлы |
Бюджеттің орындалуы және бухгалтерлік есеп секторының бас маманы |
Айнақұлов Ілияс |
Бюджеттің орындалуы және бухгалтерлік есеп секторының бас маман есепшісі |
Алиқұлов Самат Бейбітшілікұлы |
Бюджеттің орындалуы және бухгалтерлік есеп секторының меңгерушісі |
Әшімханов Асқар Әшімханұлы
|
Бюджеттік жоспарлау және экономика секторының бас маманы |
Жумадилов Арман Укибаевич |
Бюджеттік жоспарлау және экономика секторының меңгерушісі |
Едилов Дәуренбек Смагулович. |
Бас бухгалтер |
Тасполтаева Айнұр |
«Қазығұрт ауданының экономика және қаржы бөлімінің» есеп саясаты
Бухгалтерлік есеп принциптері бойынша кәсіпорынның есеп саясаты деп ұйымның бухгалтерлік есепті жүргзу әдісінің жиынтығын, яғни алғашқы бақылау, құндық өлшеу, ағымдағы топтау мен шарушалық (жарғылық және басқа) қызметтің фактілерін жинақтап қорытындылау жолдарын айтады.
Бухгалтерлік есепті жүргізу әдістеріне шаруашылық қызмет фактілерін топтау мен бағалау әдістері, активтердің құнын есептеу, құжат айналымын қабылдауды ұйымдастыру түгендеу, бухгалтерлік есеп шоттарын қолдану әдістері, бухгалтерлік есептің тіркелім жүйесі, мәліметті өңдеу мен басқа да сәйкес әдістер мен амалдар кіреді.
Ұйымның есеп саясатын таңдау мен негіздеуіне келесі негізгі факторлар әсер етеді:
меншік нысаны мен құқықтық-ұйымдастырушылық нысаны (жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ашық акционерлік қоғам, жабық акционерлік қоғам, өндірістік кооператив және тағы басқа);
салалық қызметінің түрі (өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік, ауыл шаруашылығы және тағы басқа);
қызметінің көлемі, жұмысшылар мен қызметкерлерінің орташа тізімдік саны және тағы басқа;
салық салу жүйесімен арақатынасы (әртүрлі салық түрлері бойынша жеңілдіктер немесе салық төлеуден босату, салық мөлшері және тағы басқа);
қаржы-шаруашылық қызметін дамыту стратегиясы (ұйымның экономикалық дамуының ұзақ мерзімдік перспективасының мақсаттары мен міндеттері, инвестициялардың жұмсалу бағыты, перспективалы мәселелерді шешудің тактикалық тәсілдері);
ұйымның ақпараттық қамсыздандыру жүйесі (оның тиімді әрекетіне қажетті барлық бағыттары бойынша);
материалдық базасының болуы (компьютерлік техника мен басқа да оргатехника жабдықтарымен қамтамасыз етілуі, бағдарламалық-әдістемелік қамсыздандыру және тағы басқалар);
кәсіпорындағы бухгалтер мамандарының (қаржы бөлімі қызметкерлерінің) біліктілігі және басшылардың экономикалық батылдығы, ынталылығы мен тапқырлық деңгейі;
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» № 410 Жарлығына сәйкес, Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына (МСБУ-IіAS) сәйкес құрастырылған.
Есеп саясатының мақсаттары:
Есептіліктің барлық түрін кірістіру;
Қаржылық мәліметтердің түсініктілігін, анықтылығын, сенімділігін қамтамасыз ету;
Қоғамда бухгалтерлік есепті жүргізудің бірыңғайлығын қадағалау;
Бухгалтерлік есептің жұмыс жасау аясының, қоғамға байланысты нормативтік актілердің өгеруі, ауысуына тез бейімделуін қамтамасыз ету.
Есеп саясаты бойынша «Қазығұрт ауданының экономика және қаржы бөлімінің» есеп саясатынегізгі валютасы Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы – теңге болып табылады. Есептілік кезеңі - ағымдағы жыл.
Ұйымның өзінің қызметін іске асыру үшін таңдап бекіткен есеп саясаты
уақыттылық сақтық ,
қарама-қайшылықсыздығы
орындылық
түсініктілігі
маңыздылығы
сенімділігі
бейтараптылығы