- •Лекция № 1 Тақырыбы: Өсімдік анатомиясы және морфологиясы пәні, әдісі
- •Өсімдіктер әлемінің негізгі даму кезеңдері (в.Г.Хржановскийден)
- •Лекция № 2 Тақырыбы: Өсімдіктердің клеткалық құрылысын зерттеудің тарихы.
- •Лекция № 3 Тақырыбы: Ядроның бөлінуі. Митоз. Мейоз.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Лекция № 4 Тақырыбы: Ұлпалар туралы жалпы түсінік.
- •Лекция № 5 Тақырыбы: Ұлпалар туралы жалпы түсінік.
- •Лекция № 6 Тақырыбы: Органография. Өсімдіктердің вегетативті мүшелері.
- •Лекция № 7 Тақырыбы: Тамыр және тамырлар жүйесі.
- •Лекция № 8 Тақырыбы: Өркен және өркендер жүйесі.
- •Лекция № 9 Тақырыбы: Жапырақ және оның құрылысы.
- •Лекция № 10 Тақырыбы: Сабақ.
- •Лекция № 11 Тақырыбы: Өсімдік органдарының метаморфозы. Өсімдіктердің көбею жолдары
- •Лекция № 12 Тақырыбы: Гүл. Гүлдің құрылысы. Шығу тегі
- •Лекция № 13 Тақырыбы: Тұқым. Жемістер туралы жалпы түсінік.
- •Лекция № 14 Тақырыбы: Тұқымдар мен жемістердің таралу жолдары. Гүлшоғы. Гүлшоғының классификациясы
- •Лекция № 15 Тақырыбы: Өсімдіктердің экологиялық топтары
- •Лекция № 16 Тақырыбы: Ылғалды қажет етуіне байланысты өсімдіктердің экологиялық топтарға бөлінуі
- •Лекция № 17 Тақырыбы: Өсімдіктердің жарықты қажет етуіне байланысты экологиялық топтарға бөлінуі. Лианалар. Эпифиттер. Жастық тәрізді өсімдіктер.
- •Лекция № 18 Тақырыбы: Жоғары сатыдағы симбиотрофты, сапрофитті, паразитті және жартылай паразитті өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктері.
- •Лекция №19 Тақырыбы: Өсімдіктердің тіршілік формаларын жүйелеу. Сүректі жартылай сүректі, шөптесін өсімдіктердің бір-бірінен айырмашылықтары. Ағаштар және шөптесін өсімдіктердің алуантүрлілігі.
- •Лекция № 20 Тақырыбы: Гүлді өсімдіктердің онтогенезі монокарпты және поликарпты өсімдіктер. Өсімідіктер тіршілігіндегі маусымдық құбылыстар.
- •Қолданылатын әдебиеттер тізімі
Лекция №19 Тақырыбы: Өсімдіктердің тіршілік формаларын жүйелеу. Сүректі жартылай сүректі, шөптесін өсімдіктердің бір-бірінен айырмашылықтары. Ағаштар және шөптесін өсімдіктердің алуантүрлілігі.
Жоспар:
Эфемероидтер.
Көп жылдық шөптесін өсімдіктерге сипаттама.
Ағаштар туралы.
1. Эфемероидтер (эфемерлер және түр) – вегетациялық кезеңі қысқа көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Эфемероидтер ерте көктемде гүлдейді. Жазда өркендері толықтай тіршілігін жойып, жер астындағы қор жинайтын баданалары, пиязшықтары, түйнектері және тамырсабақтары бүршіктерімен қалады да, тыныш күйде болады. Эфемероидтер негізінен шөл, шөлейтті жерлерде өседі. Себебі олардың вегетац. кезеңінің қысқалығы қуаңшылыққа байланысты және бұған өсімдіктердің көптеген бейімдеушіліктері байқалады. Мыс., пиязшығында су қоры болады, тамырсабағы сүректі келеді. Эфемероидтердің ең құнды бір қасиеті – су жетпесе де, өз тіршілігін жоймай, ұзақ уақыт өсе беруі. Эфемероидтер орманды-далалы және жалпақжапырақты орманды алқаптарда өседі (мыс., қызғалдақтар, қияқтар, т.б.). Мұндай жерлерде Эфемероидтер орманның ылғалдылығын өздері жапырақ жарғанша пайдаланады. Н. Мұхитдинов.
2. Көп жылдық шөптер. Көп жылдық шөптер – екі жылдан артық тіршілік ететін мал азықтық шөптесін өсімдіктер. Көп жылдық шөптер табиғи шабындықтар мен жайылымдарда өседі, әрі екпе шөп ретінде де өсіріледі. Қолдан өсіруге бұршақ тұқымдасы (қызыл бас жоңышқа, беде, эспарцет, т.б.) мен астық тұқымдасының (атқонақ, еркекшөп, қылтықсыз арпабас, т.б.) көптеген түрі пайдаланылады. Қазақстанның оңт-нде суармалы және тәлімі жерлерде беде көбірек өсіріледі. Көк гүлді беде, сарыбас беде оңт. облыстарда көбірек, ал будан беде Қостанай, Ақмола, Солт. Қазақстан, Павлодар облыстарында өсіріледі. Жоңышқаның екпе қызыл бас жоңышқа, шалғындық жоңышқа, жатаған ақбас жоңышқа деген 3 түрі Қазақстанда оның ішінде Алматы облысының тау бөктеріндегі аудандарында, Алтай өлкесінде өсіріледі. Еркекшөп – қуаңшылыққа төзімді және топырақ талғамайтын өсімдік. Екпе түрінде тарақша еркекшөп Бат. Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Оңт. Қазақстан облыстарында, ал құм еркекшөбі Солт. Қазақстан, Шығ. Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарының тәлімі жерлерінде егіледі. К. ж. ш. өнімін молайту үшін бұршақ тұқымдас өсімдіктерге фосфор, калий (бір га-ға 1,5 – 2 ц суперфосфат және 1 – 1,5 ц калий тұзы), ал астық тұқымдастарға бұдан басқа азот (1,5 ц аммиак селитрасы) тыңайтқыштары, сондай-ақ органик. тыңайтқыштар (көң, қорда, т.б.) қолданылады. Бірақ тыңайтқыш қолдану топырақ жағдайына, Көп жылдық шөптерді пайдалану мақсатына байланысты болу қажет. Астық тұқымдас К. ж. ш-ді пішенге масақтанған кезде, бұршақ тұқымдастарды гүлдей бастаған кезде орады. Жайылымда аласа өсетін шөптің биікт. 10 – 12 см-ге, биік өсетін шөп 15 – 17 см-ге жеткенде мал жаяды. К. ж. ш. үшін ауыспалы егісте ең жақсы алғы дақыл – тыңайтылған пар, отамалы және күздік дақылдар аңызы. К. ж. ш. ауыспалы егіс жүйесіне енгізілмесе, онда жыртылған тың жерге егіледі, не шым қалың болса, 1 – 3 жыл бойы бір жылдық дақылдар өсіріп, содан кейін егеді. Қышқыл топырақты жерлерге әк қолданылады. Көп жылдық шөптер егілетін жерді жыртып тегістейді, ал тұқым себер алдында топырақ бетін нығыздап, тұқымды 0,5 – 4 см тереңдікке сіңіреді. К. ж. ш-ді далалық аймақта жай қатарлап не қатар алмастырып егеді, ал тұқымдық учаскелерде кең қатарлы әдіспен егіледі. Тұқымдық К. ж. ш-ді арнайы жабдықталған астық комбайнымен орады. Қ. Жаңабаев, Н. Сүлейменова
Шөптесін өсімдіктер түрлері өте көп. Бірақ олардың өсуі, көбеюі, таралуы, қалың немесе сирек болуы өсіп тұрған жеріне, бұталы ағаш өсімдіктер түріне ярусына тікелей байланысты. Ағаш өсімдіктер қалың төменгі жағы көлеңке жерде болған жағдайда, ол жерде шөптесін өсімдіктер жоқ, ал жарығы мол жерже шөптесін өсімдік мол, биіктігі адам бойына жетеді. Мысалы: имбирь тұқымдасы өздерінің тамаша гүлдерімен, бік болып өсуімен тұқымдасы өздерінің тамаша гүлдерімен биік болып өсуімен ерекше сәні болып көрінеді. Негізінен орманды жерлер Амазонка өзенң, оның салалары, оңтүстік тропикағ дейінгі Атлант мұхиты жағалауларына орналасқан. Амазаока өзені жағалауы ормандары өте үлкен алқапты алып жатуымен қатар,тропикалық ең ылғалды орман. А.Гумбольдт бұл ормандарды аралап, «Гиллей» грек тілінен аударған «орман» деген мағына береді. Америка тропика ормандарын 2 типке бөлген: 1. «игапо» - ылғалды орман, жаңбыр, тасыған су жинақталыптұратын сайлы жерде өсетін орман. 2. «Эте» - жаңбыр тасыған су жете қоймайтын жоғарылау орналасқан орманды жеЫлғалды тропикалық зона өсімдіктері жылылық пен ылғалдылық жеткілікті жылдың төрт мезгілі біркелкі ретіменөтетін тропикалық ағаш өсімдік өсетін өте қолайлы жер. Тропикалық өсімдіктер мәңгі жасыл, сырты жылтырап тұратын жапырақтары бар, үлкен, ағаш, лианды, эпифитті, өсімдіктер түрлері көп орман экватордың екі жағына орналасқан. Африка / Конго өзені жағалауы /үлкен көлдер аумағы, Мадагаскардың шығыс жағалауы, Оңтүстік Америкада /Амозонка аңғары/ Гвиана Орталық Американың шығыс жағалауы, Антиль аралының көпшілік бөлімі /Австралияда/ Жаңа Гвинея, Тынық мұхит аралдары, Австралияның тропикаға жақын жерлері – Азияда –Филиппин, Молук, Зонд аралдары Тропикалық ормандар-қоңыржай климат ормандарынан бір-біріне анық ажыратылады. Тропика ормандарына ағаш ағаш өсімдік түрлері өте көп, тіпті қатар тұрған екі ағаш түрін табу қиын. Бразилияда кв. Иль жерде-ге жуық ағаш түрінің өсіп тұрғаны кездескен . Тропикада ағаш түрінің көптігінен жоғарыдан қарағанда біркелкі емес теңбілденіп тұрады.
Шөптесін өсімдіктер түрлері өте көп.Бірақ олардың өсуі, көбеюі, таралуы, қалың немесе сирек болуы өсіп тұрған жеріне, бұталы ағаш өсімдіктер түріне ярусына тікелей байланысты. Ағаш өсімдіктер қалың төменгі жағы көлеңке жерде болған жағдайда, ол жерде шөптесін өсімдіктер жоқ, ал жарығы мол жерже шөптесін өсімдік мол, биіктігі адам бойына жетеді. Мысалы: имбирь тұқымдасы өздерінің тамаша гүлдерімен, бік болып өсуімен тұқымдасы өздерінің тамаша гүлдерімен биік болып өсуімен ерекше сәні болып көрінеді.
Негізінен орманды жерлер Амазонка өзенң, оның салалары, оңтүстік тропикағ дейінгі Атлант мұхиты жағалауларына орналасқан. Амазаока өзені жағалауы ормандары өте үлкен алқапты алып жатуымен қатар,тропикалық ең ылғалды орман. А.Гумбольдт бұл ормандарды аралап, «Гиллей» грек тілінен аударған «орман» деген мағына береді. Америка тропика ормандарын 2 типке бөлген: 1. «игапо» - ылғалды орман, жаңбыр, тасыған су жинақталыптұратын сайлы жерде өсетін орман. 2. «Эте» - жаңбыр тасыған су жете қоймайтын жоғарылау орналасқан орманды жер. Гилей ормандары эпифитті өсімдіктердің түрлерінің көптігі, әсіресе Бромелья өсімдік өкілдері гүлдерінің сәнділігі әдімілігімен ерекшеленеді де – «цистерналық» эпифиттерге жатады. Жапырақтар түбі воронка тәріздес болып келеді де сол жерде 1 литрге дейін су жиналады. Мангро өсімдіктері. Ылғалды су жылдың бір мезгілінде көп бір мезгілінде аз, суы тартылған батпақты, лай ойпаттарда, өзен жағалауында өсетін өсімдіктерді Мангро өсімдіктері деп атайды.
3. Ағаш – сабақтары мен тамырлары сүректеніп біткен, өте жақсы жетілген діңі бар, биіктігі 2 метрден кем болмайтын көп жылдық өсімдіктер. Қазақстанда өсетін ағаштардың ең биігі 50 метрден аспайды (қарағай, шырша, емен, жөкеағаш, т.б.). Дүние жүзінде ең биік ағаш – Аустралия эукалиптісі (биіктігі 140-150 м), ең жуан ағаш – Баобаб (диаметрі 4-12 м). Ағаш палеозой дәуірінің тас көмір, девон кезеңінен бастап (126 млн жыл бұрын), мезозой дәуірінің бор, юра (96 млн жыл бұрын) кезеңіне дейін ағашты өсімдіктер. кейін бірқатары көп жылдық, одан бір жылдық шөптесін өсімдіктерге айналған. Жер бетінде климаттың өзгеруіне байланысты, ағашты өсімдіктердің даму циклы қысқаруда. Осыған байланысты олар шөптесін өсімдіктерге айналуда. Қазіргі кезде ағаштардың осы эволюциялық бағыты жалғасуда. Олар 5 топқа (балғын, жас, толық өсіп жетілмеген, толық өсіп жетілген, көп тұрып қалған ағаштар) бөлінеді. Соңғы екі тобына жататын ағаштар ғана кесіледі. Ағашты кескен кезде сүрегіндегі шеңберлердің санына байланысты жасын анықтайды. Жапырағының ішкі құрылысы мен сыртқы түріне қарап ағаштарды түрге бөледі: қалқан жапырақты (шырша, қарағай); жапырақты ағаш (қайың, терек). Ағаш ішкі құрылымы (талшықтарының ұзындығы, қалыңдығы) мен физико-механикалық қасиеттеріне (көлемдік салмағы – бұл көрсеткіш неғұрлым көп болса, механикалық қасиеттері жоғары болады) байланысты пайдаланылады. Қазақстанда өсетін ағаштардың техникалық қасиеттері жақсы зерттелген.
Бақылау сұрақтары:
Эфемеройдтар дегеніміз не
Көп жылдық және бір жылдық өсімдіктердің айырмашылығы
Ағаштар мен бұталардың маңызы
