Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Osimdikter anatomiyasy jane morfologiyasy lekci...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8.57 Mб
Скачать

Өсімдіктер әлемінің негізгі даму кезеңдері (в.Г.Хржановскийден)

1-кесте

Эралар

және олардың жасы

(млн.)

Геологиялық дәуірлер

(жастары млн.)

Өсімдіктердің негізгі топтары, олардың дамуы (көне уақыттағы өсімдіктердің тіршілік әрекеттерінің өнімі) және жасы.

1

2 3

4

Кайназой

67 +3

Төрттік

(антро-гендік)

Неоген

Палеоген

Голоцен

0,1

Плейстоцен 1,6

25

41

Қазіргі географиялық зональды флора.

Адам-ортаның негізгі шешуші факторы болуы. 0,1 млн. жыл.

Мұз басуының әсерінен флора құрамының азаюы. Өсімдік формаларының географиялық қайта таралуы. Шымтезек мүктерінің дамуы. Іріктелу жағдайында бұрынғы ата-тектерінің ұқсастықтары аз өсімдіктердің пайда болуы. 1,7 млн. жыл.

Климаттық дифферанцияланумен байланысты өсімдіктер жамылғысының қазіргі зоналары және ондағы өсімдіктер тұр құрамының қалыптасуы.

Тас көмір кенінің дүние жүзілік қорының 54% пайда болуы. 67 млн. жыл.

Мезазой

165 +10

Бор

Юра

Триас

70

55-58

40-45

Жабық тұқымдылардың үстем болған кезі.

Қылқан жапырақтылар құрамының өзгеруі. 137 млн. жыл.

Папортниктер, ашық тұқымдылар саговниктер, қылқан жапырақтылар флорасының дамып, кең таралуы.

Саговниктердің дамып, кең таралуы. Беннетит-тердің пайда болуы. Тұқымды папортниктер, сына жапырақтылардың өлуі 230 млн. жыл.

Палеозой 360

Перм

Тас көмір

Девон

Силур

Ордовик

Кембрий

45

55-75

50-70

35

70

Қылқан жапырақтылар және мезозой папортниктерінің пайда болуы. Тұқымды папортниктер, плаундардың дамуының біртін-деп белсендеуі. Мүк тәрізділердің байқалуы. 285 млн. жыл.

Плаундар, қырықбуындардың, папортниктер-дің, және тұқымды папортниктердің қарқынды дамуы. Мүктердің, бауыр-мүктер класының пайда болуы.Тропиқалық және тропиқадан тыс флораның дамуы және жекеленуі. 360 млн. жыл.

Хара балдырларының пайда болуы. Риниофит-тердің дамуы және өлуі. Саңырауқұлақтар және алғашқы папортниктердің дамуы. Сына-жапырақтылар, тұқымды папортниктердің дамуы және көне ашық тұқымдылардың пайда болуы. 405 млн. жыл.

Өсімдіктердің құрлыққа шығуы. Алғашқы риниофиттердің және плаунтәрізділердің пайда болуы. Бактериялар, көк-жасыл балдырлар, жасыл, қоңыр және қызыл балдырлардың басым болуы. 440 млн. жыл.

Төменгі сатыдағы өсімдіктердің: бактерилар, балдырлар және саңырауқұлақтардың (фико-мициттер) қалдықтары. 500 млн. жыл.

Көк-жасыл, жасыл, қызыл балдырлардың және бактериялардың болуы 270 млн. жыл.

Протерозой 2700 +100

Қазба қалдықтарында көк-жасыл балдырлар мен бактериялардың тіршілік әрекетінен пайда болған страмотолит-известі денелер белгілі. Жасыл балдырлардың пайда болуы. 2700 млн. жас.

Архей 1800 көбірек (артық)

Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы. Жануарлар мен өсімдіктер әлемінің жекленуі. Бактериялар мен балдырлар өнімінен тұратын тау жыныстары белгілі. 3500 млн. жылға дейін.

Біздің эрамыздан 3-3,5 мың жыл бұрын жүзім өсіру кәсібімен айналысқан, сонымен қатар тегі жағынан біріне-бірі жақын өсімдіктерді өзара телу және кесінділеп өсіру әдістері де қолданылған. Осыдан 2-3 мың жылдар шамасы бұрын біраз жерлерде мақта, әр түрлі дәнді дақылдар мен бүршақ тұқымдас өсімдіктердің түрлері кеңінен өсірілген.

Сонымен адам баласы мыңдаған жылдар бойы өсімдіктерді өсіріп, олардың ішінен жақсыларын таңдап, тұқымға қалдырып отырған. Сөйтіп, өсімдікті сұрыптау жұмысы басталған. Көне заманның өзінде-ақ өсімдіктердің мәдени және әр түрлі қажетке жарайтын жабайы түрлері көбейе түседі. Ал оларды бір жүйеге келтіріп зерттеу ісін өмірдің өзі қажет етеді. Осыдан келіп бұларды зерттеуге, қасиеттерін білуге ынта туады.

Ботаника ғылым ретінде осыдан шамамен 2300 жылдай бұрын қалыптасқан. Оның алғашқы негізін салған көрнекті, ертедегі грек философы Аристотел мен Аристокл Пла­тонның (біздің эрамызға дейін 384-322 жж.) шәкірті, әрі жақын досы Теофраст (Тиртам) өз отанының және басқа жерлердің 600-ден астам өсімдіктердің түрлерін жинап, оларды ағаштар, бұталар, шөптер деп жіктеді. Сонымен қатар құрлықтағы өсімдіктерді жапырақ түсіретін және мәңгі жасыл, ал суда өсетін өсімдіктерді: тұщы су өсімдіктері және теңіз өсімдіктері деп бөлді.

Теофраст өсімдіктердің алуан түрлілігі мен қасиеттерін, егудің тәсілдерін, көбею жолдарын және шаруашылықта қолдануын, географиялық таралуы жөнінде мәліметтер жинақтады. Өсімдіктердің түрлерін жүйелеуде олардың тіршілік формаларын ескерді және өз классификациясының негізі етіп экологиялық көрсеткішті қолданды. Сөйтіп, ол «Өсімдіктер тарихы» («История растений»), «Өсімдіктердің себебі туралы» («О причине растений») атты бағалы еңбектерін қалдырды.

Теофраст бұл еңбектерінде өсімдіктердің географиялық жағдайларға қарай таралуы, биологиялық негізгі қасиеттері, келтіретін пайдалары, қолдан өсірудің жолдары туралы баяндалды. Сондай-ақ осы кездегі ботаника ғылымының негізгі бөлімдері көрсетіледі. Сондықтан да Теофрасты «ботаниканың атасы» деп атаған.

Өсімдіктер дүниесін бір жүйеге келтіру бізге ескі грек философтары мен рим ғалымдарының еңбектерінен белгілі. Көне заман ғалымдары әуелгі кезде өсімдіктерге медициналық (дәрі-дәрмектік), азық-түліктік (шаруашылық) тұрғысынан ғана қарады. Сол кездің «ботаниктерін»: ризотомдар, фармакопалдар, геопониктер деп атаған. Ризотомдар (тамыр қазушылар) - өсімдік шикізатын жинаушылар. Фармакопалдар - дәрі-дәрмектік өсімдіктерді сатушылар. Геопониктер (георгиктер) - қажетті өсімдіктер түрлерін өсіруге маманданушылар деп бөлген.

Гомер мен Геродоттың еңбектерінде өсімдіктердің 60-тан астам, ал атақты Гиппократтың (біздің ғасырымыздан 460-377 жыл бұрын өмір сүрген) еңбегінде 200-ден астам әр алуан өсімдік түрлері баяндалған.

Өсімдіктерді сипаттау жөніндегі мәліметтерді рим ғалымы Үлкен Плинийдің (Гай Секунд, біздің заманымыздың 24-79 жылдарында) еңбектерінен де табуға болады. Ол агрономиялық және медициналық мәні бар 100-ден астам өсімдікті сипаттап жазды. Ол ағаштарды экзотикалық, жұпар-иісті, бақшалық, жемістік деп жіктеп, топқа бөлді.

Біздің заманымыздың бірінші ғасырында өмір сүрген Диоскорид өз еңбектерінде өсімдіктердің 600 түріне сипаттама жазып оларды топтарға бөлген. Үлкен Плиний «Табиғат тарихы» («Естественная история») атты еңбек қалдырды. Бұл еңбегінде ол табиғат жөнінде көп деректер береді.Одан басқа 37 кітаптың авторы атанып, өсімдіктер туралы көптеген ғылыми жаңалықтар ашты.

Шығыс елдерінде де өсімдіктер жөніндегі ілім жақсы жинақталған. Әсіресе араб ғалымдарының қалдырған еңбектері өз алдына мол қазына. Бірақ олар өсімдіктерді көбінесе медициналық жағынан ғана қарастырады.

XI ғасырдың 20 жылдарында жазылған Абу-Али-Ибн-Синаның (Авиценнаның, 979-1037) «Медициналық конон» деп аталатын еңбегі өсімдіктердің дәрі-дәрмектік қасиеттері жөнінде ғана айтылады.

Ботаника жөніндегі толық ғылыми деректер, тек XV ғасырда ғана қанат жая бастады. Бұл кезде Теофрастың шығармалары грек тілінен латын тіліне Ибн Синаның «Медициналық кононы» араб тілінен латын тіліне аударылды. Сонымен қатар дәрі шөптер жөнінде жинақтар шыға бастады. ХҮ ғасырдың аяғы мен XVI ғасырдың бас кезінде саяхатшылар Еуропада өспейтін өсімдіктерді басқа елдерден әкелді. Емдік қасиеттері бар өсімдіктерді кептіріп сақтау әдістері табылды. Кептірілген өсімдіктер алғашында құрғақ бақша деп, кейіннен бұл гербарий деп аталды. Басқа жақтардан әкелінген өсімдік түрлерінің тұқымы, әсіресе, олардың ішінен пайдалылары, арнаулы жерлерде егіліп өсірілді, бұларды XVI ғасырдың өзіңде-ақ аптекалық бақ немесе ботаникалық бақ деп атайтын болды.

Өсімдіктердің алуан түрлерін өз аттарымен атап, оларды танып білуде және дертке қарсы емдік қасиеттерін ашуда емгерлер (травники) шыға бастады.

Сөйтіп, өсімдіктер жөніндегі жинақталған материалдар, оларды морфологиялық жағынан бір жүйеге келтіруді, сондай-ақ нақтылы өз атымен атауды, бұларды ғылыми тұрғыдан мұкият зерттеуді қажет етті.

Ботаник К. Баугин (1550-1624) 600-ге жуық өсімдік түрін зерттеп, оларды сипаттап жазып шықты. Тіпті өсімдіктердің кейбір түрлерінің табиғи топтарын жасауға да әрекеттенді. Сөйтіп, XVI ғасырдан бастап XVIII ғасырдың ортасына дейінгі аралықта өсімдіктер жөнінде орасан көп материал жиналды. Өсімдіктерді бір жүйеге келтіруге талпынған ғалымдардың бірі, итальян ботанигі - Цезальпин Андреа (1519-1603) еді. Ол зерттеуге алған өсімдіктердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын негізге ала отырып, оларды топ-топқа бөлді. Ол өз еңбегінде негіз болып табылатын организмнің субъективтік емес, объективтік белгілері болу керек дегенді айтты. Алайда ол өсімдіктер жемісінің, гүлінің белгілерінің өзгергіштігіне ғана сүйенген еді. Цезальпин жүйесі табиғи түрдегі эволюциялық жүйе емес, жасанды жүйе болды. ХҮІІ ғасырдың аяғында өсімдіктерде жыныс мүшелерінің болатындығы жөнінде мәліметтер жинақталды.

Неміс ботанигі және дәрігері, Тюбинген университетінің профессоры Камерариус Рудолыр Якоб (1665 - 1721) 1697 жылы өзінің «Өсімдіктер жынысы туралы» («О поле растений») деп аталатын еңбегінде ол өсімдіктер денесінде жыныс мүшелері болатынын, атап айтқанда, гүл тозаңдығы аталық, ал оның түйіні (жатыны) мен мойыны аналық жыныс мүшелері болып табылады деген тұжырымға келді. Бұл пікірін дәлелдеу үшін Камерариус тәжірибе ретінде үпілмәлік гүлін алып, оның тозаңдығын жұлып тастаған кезде одан тұқым (жеміс) пайда болмайтынын дәлелдеді. Алайда ол гүлдегі ұрықтану процесіне түсінік бере алмады.

XVIII ғасырдың ботаник ғалымдары өсімдіктердің жаңа түрлерін зерттеумен және оларды сипаттаумен қатар өсімдіктер дүниесінің жүйесін жасады. Ағылшын табиғат зерттеушісі - Джон Рей (1627-1703) негізінен өсімдіктер мен жануарлар дүниесін жүйелеуге еңбектенді. «Өсімдіктер тарихы» («История растений») деген еңбегінде ол сол заманда белгілі 18 мың өсімдік түріне сипаттама берді. Рей өсімдіктерді олардың гүлдерінің, жапырақтарының, тамырларының және жемістерінің морфологиялық пішіндері мен құрылымына қарай жіктеді. Ол түр мен туысты негізге алды.

Француз ботанигі, профессор Турнефор Жозеф Питтон (1656-1708) өсімдіктер дүниесін зерттеуде көптеген елдерге (Греция, Англия, Армения, Грузия) саяхат жасады. Ол өсімдіктерді шөптер мен ағаштар деп бөліп, одан әрі қарай кластарға, секцияларға, туыстарға және түрлерге ажыратты. Бұлай жүйелеуге негіз болған белгілер - өсімдіктердің көбінесе күлте желектері, ішінара жемістері мен тұқымдарының сыртқы пішіні еді. Бірақ Турнефор гүлдің қызметін ажырата білмеді және өсімдікте жыныс мүшесінің болуын мойындамады.

XVI - XVIII ғасырлардағы өсімдіктер дүниесінің жаңа жүйесін жасаған ботаниктердің бірі - шведтің аса көрнекті табиғат зерттеушісі, ғалым Карл Линней (1707-1778). Ол Теофраст пен Цезальпиннің жүйесін қабылдамай, негізгі жүйелік белгі өсімдіктегі гүл аталықтары және аналықтары болу керек деп топшылады. Ол барлық гүлді өсімдіктерді 23 класқа бөліп, ал 24-ші класқа гүлсіздерін («тай­нобрачные») жатқызды. К. Линней өз жүйесін жасаған кезде көбінесе өсімдік гүлдерінде орналасқан аталықтарының санына, көлеміне, олардың кірігу және кірікпеуіне, бойларына, гүлдерінің бір үйлі, қос үйлі және көп үйлі болу жағына көңіл бөлді. Сондықтан, оның жүйесін кейде жыныстық жүйе деп те атайды. Әрине, К. Линнейдің жүйесі, біріншіден, жасанды жүйе болды. Өйткені, ол зәйтүн тұқымдасына жататын серігүл (си­рень) мен астық тұқымдасына жататын алтын масақты олардың екі-екіден аталықтары болғаны үшін ғана бір жүйелік топқа жатқызды. Ал бір отрядтың ішіңдегі сарғалдақты, сары ағашты және мүйіз жапырақты тегі жағынан алғанда өзара жақындықтарына қарамастан, әр түрлі кластарға енгізді.

Алайда К. Линней еңбегі - жануарлар мен өсімдіктер дүниесін жүйелі түрде тануға жол ашты. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің табиғи жүйесін жасауда зор еңбек сіңірген ғалымның бірі - француздың атақты ботанигі А. Л. Жюсье болды. А.Л.Жюсье «Өсімдіктер жүйелілігі» (1789) деген еңбегінде Грианон ботаникалық бағында жұмыс істейтін ағасы Б. Жюсьенің тәжірибесін пайдаланды. А. Жюсье ондағы өсімдіктердің ішінен 100 қатарын сипаттап жазып шығады. А. Жюсье әрбір тұқымдасқа барлық белгілерінің жиынтықтары бірдей келгендерін ғана жатқызады.

А. Жюсье балдырлардан бастап астық тұқымдас өсімдіктерге дейінгілерді орналастыра отырып, жүйелі түрде өсімдіктердің бір-бірімен байланысты, біртұтас екенін сипаттайды.

Сөйтіп, А. Жюсьенің жүйесі ботаника тарихына ғылыми да маңызды өзгеріс жасады. Теофраст заманынан басталған 200 жыл бір өсімдікті екінші өсімдіктен қалай ажыратудың жолын іздестірумен өткен еді.

Ғылыми жүйе жасалды. Мұндай табиғи жүйені жасауда француздың табиғат зерттеушісі, аса көрнекті ғалымы Ж. Ламарктың (1744-1829) еңбегі зор. Метафизикалық дәуірде өмір сүрген ол сол кездегі реакцияшыл бағыттарға қарсы тұрды.

Ламарк 1780-1782 жылдары бұкіл Еуропаны аралады. Ондағы мақсаты Франция елінің ботаникалық бағын жасау еді.

Ламарк ботаника ғылымын зерттеу ісімен шұғылданды. Ол жер бетінде өсетін өсімдіктердің көптеген палеоботаникалық мәлімет деректеріне сүйене отырып, түрдің тұрақтылығы және оның өзгермеуі туралы сол кездегі үстем болған бағытқа үзілді-кесілді қарсы шықты. Ол түрді өзгеруіне негізгі себеп тірі организмді қоршаған ортаның, климаттың, топырақтың, қоректің, жарықтың, температураның, атмосфераның әсер етуі деген қағиданы ұстады.

Түр жөніндегі Ламарктың бұл ілімін сол кезде қолдамағандардың бірі француздың аса көрнекті ғалымы Жорж Кювье (1769 - 1832) еді. Ж. Кювье тірі табиғаттың өзгеруі жөніндегі Ламарктың материалистік идеясын жоққа шығарғысы келді. XIX ғасырдағы прогресшіл Ч. Дарвин, К. А.Тимирязев, И.В.Мичурин және т. б. ғалымдар түр жөніндегі және өсімдіктер жүйесін жасау туралы Ламарктың ілімін өте жоғары бағалады. Ф. Энгельс те өз кезінде Ламарктың еңбектерін эволюциялық ғылымның пионерлерінің бірі деп атап көрсетті. Ламарктың «түр өзгереді» деген негізгі қағидасы Дарвин теориясының негізгі арқауы болды.

Чарлз Роберт Дарвин (1809-1882) - органикалық дүниенің тарихи даму заңын материалистік тұрғыдан тұңғыш рет ашқан ғалым. Ч. Дарвиннің түрдің пайда болуы жөніндегі бұл теориясын ашуда асыранды жануарлардың жаңа тұқымдары мен мәдени өсімдіктердің жаңа сорттарын шығару жолындағы жиналған орасан көп мәліметтерге сүйенді. Дарвин: «хайуандар мен өсімдіктердің түрлерін ешнәрсеге байланысы жоқ, кездейсоқ құдайдың өзі жаратқан және өзгермейтін нәрсе» деген көзқарасқа қарсы шықты. Ол организм түрлерінің өзгеріп отыратындығын, олардың өзара сабақтастығын анықтады, биологиялық ғылыми негізін қалады.

Биология ғылымында Ч. Дарвиннің жасаған төңкерісі ғылыми жүйе тарихындағы эволюциялық, яғни филогенездік жүйе дәуірі болды.

Орыс ғалымдары ботаника ғылымына XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап үлес қоса бастады. Бұл жөнінде Петербург пен Мәскеудегі А. Н. Бекетов, В. Л. Комаров, Н. В. Воронин, А. А. Ячевский, Б. А. Федченко, В. Н. Сукачев, М. А. Макси­мович және тағы басқалардың мектебін, олардан кейін Н. И. Куз­нецов, А. А. Гроссгейм, Б. К. Шишкин, Н. Н. Воронихин және т. б. мектебін, сондай-ақ ортаазиялық ботаниктердің бір тобын Коровин, Павлов және т. б. айтуға болады. Өсімдіктерді жүйелеудің эволюциялық теориясы мәселесіне орасан зор еңбек сіңіргендердің бірі - В. Л. Комаров. Ол бұл жөнінде «Өсімдік түрлері жөніндегі ілім» деген еңбегін жазды.

3. Қазақстан Республикасындағы ботаникалық зерттеулер. Қазақстан жерінің ұшан-теңіз аумағы, климаты күрт континенталдылығы, ал табиғаты алуан түрлі – тіршілік етуге ең қолайлы жағдайдан бастап тіршілік етуге мүлдем болмайтын жағдайға дейін өзгеріп отырады. Табиғи жағдайы, географиялық орны өте ерте заманнан-ақ саяхатшылар мен табиғат зерттеушілердің назарын аударған.

Көне замандағы грек, араб және қытайда шыққан карталарда бұл аймақтың ауылдары, өзен, көлдері айқын керсетілмеген, тек қана кейбір негізгі жолдар белгіленген.

Ең алғашқы ғылыми экспедиция Солтүстк Қазақстанда болған. Бірақ бұл экспедиция өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, жер бедері жөнінде айтылған деректерінен гөрі жергілікті халықтың тіршілік ерекшелігі мен дәстүрлері туралы жалпы мағлұматтар жинаумен шектелген.

XVI-XVII ғасырлардан бастап қазақ даласында орыс саяхатшылары, әскери қызметкерлері мен саудагерлері көптеп келе бастады. Олар күнделіктерінде қазақ жерінің табиғатын сипаттағанмен, жергілікті халықтың тұрмысын, киімін, ерекшелігін мәлімдейтін қолжазбалар басымырақ болды.

Алғаш Қазақстан табиғаты байлығын зерттеуге арналған экспедициялар I Петр заманынан, Ресей Ғылым академиясының құрылуынан басталады. Қазақстан өсімдігін алғаш зерттеуде П. С. Палластың (1745-1811) еңбектері елеулі орын алады. Ол 1768-1774 жылдары Петербургтен Читаға дейінгі экспедициялық сапарында Орал, Атырау, Павлодар, Семей облыстарындағы өсімдіктерді зерттеп, гербарий жинайды. Осы зерттеудің қорытындысында 281 өсімдік түріне сипаттама берілген.

XVIII-XIX ғасырларда Қазақстан өсімдіктерін зерттеу­ге көптеген орыс және шетел ғалымдарының еңбегі елеулі үлес қосты. Олар: Э. А. Энерсман, Э. К. Эйхвальд, К. Ледербур, К. Мейер, А. Бунге, С. С. Шеглеев, А. И. Левшин, Г. С. Каре­лин, И. И. Кириллов, А. И. Шренк, А. Леман, Ф. И. Базинер, П. П. Семенов-Тянь-Шаньский, А. Н. Краснов, И. Г. Борщов. Осы көрнекті табиғат зерттеушілерінің еңбектері нәтижесінде Қазақстан өсімдіктері туралы жан-жақты деректер жиналды.

Қазақстанның ғылымы тарихында көрнекті орынды Шоқан Уәлиханов (1835 - 1865) алады. 1855-1857 жылдары Қазақстан мен Қырғыз жерлерінде жүргізген зерттеулерінде Тянь-Шань мен Жетісу бойының географиялық ерекшелігіне, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне сипат­тама берді. Әсіресе Ш. Уәлихановтың 1858-1859 жылдары Қашқарияға жасаған саяхаты ғылымға көп үлес қосты, оны әлемге әйгілі зерттеуші ғалым ретінде танытты. Ол сол жерде өсетін өсімдіктер мен жануарлар түрлеріне, тау жынысы үгінділеріне үлкен мән берді.

Қазақстан жері өсімдіктерінің түрі мен геоботаникалық ерекшелігін жүйелі түрде зерттеу жұмысы дами бастады. 1932 жылы КСРО Ғылым академиясының Қазақстан базасы жанында құрылған ботаникалық бақтар мен секторлар (1946 жылдан бастап ботаника институты) республикамыздың ботаника саласын дамытуда зор рөл атқарды.

Н. В. Павловтың «Орталық Қазақстан флорасы» (1928-1935) мен «Қазақстанның өсімдіктер рөсурсы» (1947) деген еңбектері жарық көрді. Қазақстандағы ботаникалық зерттеулердің қорытындысы бойынша 9 томдық «Қазақстан флорасы» (Н. В. Павлов, А. В. Быков, М. С. Байтенов т. б.), 3 томдық «Қазақстан споралық өсімдіктер флорасы» (М. П. Васягина, М. Н. Кузнецова, Н. Ф. Писарева, С. Ф. Шварцман) деген еңбектерін де баяндалып, республикада 5240 гүлді өсімдіктердің түрлері анықталды және олар туралы толық мағлұматтар берілді.

1981 жылы Қазақстанның ғылым ақадемиясынан (редакциясын басқарған ақадемик Б. А. Быков) Қазақ ССР-ның «Қызыл кітабы» (2-т.) басылып шықты. Бұл еңбекке енген өсімдіктердің 306 түрінің 20-ның жойылып кету қаупі барлығы, 238-нің сирек кездесетіндігі, ал 48-нің басқа жерлерле көп таралғанымен Қазақстанда сирек кездесетіндігі айтыла келіп, биологиялық сипаттама беріліп, оларды қорғау жолдары белгіленген.

Қазақстан өсімдіктерін ғылыми тұрғыдан, атап айтқанда, биохимия мен генетикадан - Т. Б. Дарқанбаев пен Г. Н. Бияшев, цитологиядан - Ф. М. Камалетдинова, фло­ристика, систематика және геоботаникадан - Б. А. Быков, М. С. Байтен­ов, С. А. Арыстанғалиев, С. А. Бедаров, Л. Я. Курочкина, Е. А. Ағелеуов, Р. Н. Плисак, Ю. А. Котухов, Ә. Ә. Әметов, Н. К. Аралбай, П.М. Мырзақұлов, А. А. Иващенко жалпы экологиялық және тамырлар жүйесінен - И. О. Байтулин, Н. М. Мұхитдінов, физиологиядан - А. Қ. Қылышев, Ф. А. Полымбетова, И. Р. Рахымбаев, В. П. Беденко, Б. Сарсенбаев, Ж. Ж. Жатқанбаев т. б. ғалымдарымыз өсімдіктер әлемін жан-жақты зерттеп, жаңа түрлерін ашып ботаника ғылымының дамуына өздерінің үлкен үлестерін қосты.

4. Өсімдіктер және жануарлар дүниесінің ұқсастығы мен айырмашылығы. Географиялық ортаның тірі табиғатын өсімдіктер және жануарлар дүниесі деп бөлу ертеден қалыптасқан. Бұлардың шығу тегі ортақ, яғни ұзақ және күрделі эволюциялық даму процесінің нәтижесінде қарапайым тіршілік формаларынан пайда болған. Шығу тегінің ортақтығына бай­ланысты өсімдіктер мен жануарлардың арасында көптеген ұқсастықтар, сонымен қатар едәуір айырмашылықтар да бар. Оларға тән негізгі тіршілік ерекшеліктеріне: зат алмасу, қоректену, өсу мен даму, қимыл, тітіркену, көбею, өзгергіштік және оның тұқым қуалауы, қартаюы мен өлуі жатады.

Жануарлар дүниесінің қарапайым бір жасушалы өкілдері құрылысы жағынан бір жасушалы өсімдіктерге өте ұқсас. Мұндай ұқсастық жер бетінде ең алғаш тіршіліктің пайда болу кезеңіне жақындаған сайын арта түседі. Мысалы, құрылысы бір жасушалы организм эвгленаны ботаниктер өсімдіктерге, ал зоологтар жануарлар дүниесіне жатқызады.

Өсімдіктердің жануарлардан негізгі айырмашылығы – бұл жасуша құрамында хлорофиллдің болуы. Ол өсімдіктерге жасыл рең береді. Жасыл рең өсімдіктердің басым көпшілігіне (2/3-не) тән.

Қоректену тәсіліне қарай тірі организмдер үлкен екі топқа бөлінеді: Олар: автотрофтар және гетеротрофтар. Автотрофты организмдерге жоғары сатыдағы жасыл өсімдіктер, балдырлар және жасуша құрамында пигменттері (бояу заты) бар бактериялар жатады. Бұлардың барлығы органикалық заттарды күн сәулесі қуатының қатынасуымен синтездейді, сондықтан оларды фототрофты организмдер немесе фототрофтар деп атайды. Бактериялар бейорганикалық заттардан органикалық заттарды жасауға қабілетті. Бұл құбылыс осы бактериялардың бейорганикалық заттарды ашытуы барысында босап шығатын қуат есебінен жүреді. Сондықтан да оларды хемосинтетиктер немесе хемотрофтар дейді. Гетеротрофты организмдерге кейбір жоғары сатыдағы өсімдіктер, саңырауқұлақтар, бактериялардың басым көпшілігі және жануарлар жатады. Бұлардың жасуша құрамында хлорофилл болмайды. Сондықтан жасыл өсімдіктер жасайтын дайын органикалық заттармен ғана қоректенеді. Гетеротрофты өсімдіктер паразитті және сапрофитті деп бөлінеді. Паразитті өсімдіктер - басқа организмдердің денесінде тіршілік етіп, соның есебінен қоректенеді. Бұларға жоғары сатыдағы өсімдіктердің ішінен ауру туғызатын саңырауқұлақтар (ақ ұнтақ, тат, қара күйе және т.б.) мен кейбір жоғары сатыдағы хлорофилсіз өсімдіктер (сұңғыла, арам сояу) жатады. Сапрофиттер жануарлар өлекселерімен, өсімдіктер қалдығындағы органикалық заттармен қоректенетін өсімдіктер жатады. Өсімдіктерде миксотрофты (аралас) қоректену тәсілі кездеседі, мұндай өсімдіктер өздері органикалық заттар түзіп және жарым-жартылай гетеротрофты қоректенеді (жасыл эвглена және т.б.) Қоректену тәсіліне қарай өсімдіктердің келесі тобы симбиотрофтар деп аталады. Бұған эпифиттер, яғни тіршілік ортасында минералдық заттар мүлдем жоқ, коректік затқа өте кедей, сілтіленген топырақтар мен шымтезекті, мүкті жерде өсетін өсімдіктер жатады. Олар қосымша азотты қоректік тамырлары арқылы симбиозды (селбөсу) тіршілік ететін саңырауқұлақтар немесе бактериялар арқылы қабылдайды. Сол сияқты органикалық және бейорганикалық заттармен қатарласа қоректенетін жасыл өсімдіктер де бар. Оларға шықшылдық, дүңгіршек, венера шыбын жұты, непентес және т.б. сол сияқты насеком қоректі өсімдіктер жатады.

Бақылау сұрақтары:

1. Өсімдіктер туралы ілім.

2. Өсімдіктер әлемінің негізгі даму кезеңдері.

3. Қазақстандағы алғашқы ботаникалық зерттеулер жайында не білесің?

4. XVIII-XIX ғасырларда Қазақстан өсімдіктерін зерттеген орыс және шетел ғалымдарының елеулі еңбектері жайында білу.

5. Ботаниканың дамуына үлес қосқан Қазақстан ғалымдары

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]