Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Osimdikter anatomiyasy jane morfologiyasy lekci...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
8.57 Mб
Скачать

Лекция № 12 Тақырыбы: Гүл. Гүлдің құрылысы. Шығу тегі

Жоспар:

1. Гүлдің құрылысы.

2.Гүлдің формуласы, диаграммасы.

4.Тоңзаңдану және ұрықтану процесстері.

1. Гүл дегеніміз жабық тұқымды өсімдіктердегі түрі өзгерген ,көбеюге қажетті жыныс органдары бар қысқарған өркен.Тозаңданудың және ұрықтанудың нәтижесінде тұқым мен жеміс пайда болады.

Құрылысы:. Гүлдің сабақтық бөлігі сағақтан және гүл тұғырынан тұрады. Гүл тұғырына түрі өзгерген жапырақтар (гүл жапырақшалар) орналасады: тостағанша жапырақшалар, күлте жапырақшалар,аталықтар, аналықтар.Көп жағдайда олар шеңбердің бойымен орналасады. Мұндай гүлдерді циклдық деп айтады. Гүл жапырақшалары гүл тұғырына спиральдың бойымен орналасқан гүлдерді ациклдық гүлдер дейміз.Гүл жапырақшыларының біреулері гүл тұғырынан шеңбердің бойымен орналасқан болса, ондай гүлдерді гемициклдық гүлдер деп атайды.

Жыныстық органдарына қарай бөлінуі: Егер бір гүлде аталық пен аналықтың екуі де болса, онда мұндай гүлдерді қос жынысты деп атайды. Дара жынысты гүлдердің не аталықтары, не аналықтары болмайды,соған байланысты оларды аталық және аналық гүлдер деп бөледі.Гүлдер бір үйлі өсімдік және екі үйлі өсімдік болып бөлінеді. Гүлсерігі бұл ұрықтануға қабілетсіз бөлігі.Ол қорғаныштық қызмет атқарады және гүлді тозаңдыратын насекомдарды өзіне шақырып тұрады.

Гүлсерігі қарапайым және қосарланған гүлсерігі болып бөлінеді. Қарапайым гүлсерігі не тостағанша жапырақшадан, не ккккүлте жапырақшадан тұрады. Қосарланған гүлсерігі бояуы әр түрлі болып келетін тостағанша не күлте жапырақшалардан тұрады.Қарапйым тостағанша жапырақшалардан тұратын гүлсерігі жасыл,ал қарапайым күлте жапырақшалардан тұратын гүлсерігі ашық түске боялған болады. Гүлсерігі болмайтын гүлдерді жалаңаш гүлдер деп айтады.

Тостағанша жапырақшалар-үлкен болмайтын жасыл жапырақшалардан тұрады. Көп жағдайда тостағанша жапырақшалар бір ғана шеңбер түзеді. Күлте жапырақшалар үлкен және ашық түске боялған болып келеді. Күлте жапырақшаларының екі типі болады.: жеке жапырақшалар және біріккен жапырақшалар. Күлте жапырақшалар актинофорфты( дұрыс), зигоморфты (бұрыс) және ассмметриялы болып бөлінеді.Күлте жапырақшалары актинофорфты болған жағдайда,күлтелер арқылы екі немесе одан да көп жазықтық симметрия жүргізуге болады,ал зигоморфты болған жағдайда, күлтелер арқылы біреуден аотық жазықтық симметрия жүргізуге болмайды, ассимметриялы болып келген де, күлтелер арқылы ешқандай жазықтық симметрия жүргізуге болмайды Актиноморфты күлтелерді, түтіктерінің ұзындығына,күлте алақанының формасына және мөлшеріне қарай классификациялайды: доңғалақ тәрізді, воронка тәрізді, қоңырау тәрізді, түтік тәрізді,т.б. Зигоморфты күлтелерге мыналарды жатқызуға болады: қос ерінді, тілше,тегеурін гүл т.б.

59- сурет Гүлдің жалпы көрінісі.

Гүл диаграммасы мен формуласы. Андройей. Гинецей. Андроцей-бұл бір гүлдегі аталықтардың жиынтығы. Андроцейдегі аталықтардың саны-бірден бірнеше жүзге жетеді Аталықтары не жеке-жеке бос орналасқан немесе біріккен болып келеді. Егер аталықтары біріккен болса, оларды бір ағайынды, аталықтарың біреуі бос қалып ,қалғандары біріккен болса- екі ағайынды, ал егер аталықтары бірнеше топ түзіп бірігетін болса-көп ағайынды аталықтар деп атайды. Аталық екі бөліктен тұрады-аталық жіпшесінен және тозаңқаптан. Аталық жіпшесі өсімдіктердің көпшілігінде қарапайым,тармақталған болады. Егер аталықтың жіпшесі болмаса, онда оны отырмалы деп атайды.

Тозаңқап «текалар» деп аталатын екі жартыдан тұрады,ал ол жартылары дәнекер арқылы біріккен.Тозаңқаптың құрылысы туралы толық мағлұматты әдебиеттен оқисыз. Өсімдіктердің кейбір түрлерінің аталықтарының бір бөлігінің,тозаңдығы болмайды және олар жіпшелер түрінде ғана беріледі. Мұндай стерилді аталықтарды стаминодийлер деп атайды.

Гинецей-бұл гүлдегі аналықтардың жиынтығы. Бір жеміс жапырақшадан тұратын аналық түзетін гинецейді, бір мүшелі, ал бірнеше жеміс жапырақшадан тұратын аналық түзетін гинецейді көп мүшелі деп атайды. Гинецейлер апокарпты және ценокарпты болып бөлінеді.

Аналық-бұл бір немесе бірнеше жеміс жапырақшаларының біріп кетуінің нәтижесінде түзілетін,тұқым бүрлері орналасатын жабық қуыс.Аналық гүл түйінінен, аналықтың мойнынан және аналықтың аузынан тұрады.

Гүл түйіні гүлдің басқа бөліктеріне қатынасына қарай жоғарғы және төменгі болып келеді. Гүл түйінінің ішінде тұқым бүршігі пайда болады.Тұқым бүршігінің гүл түйінінің қабырғасына бекінетін жерін «плацента деп атайды

2. Гүлдің формуласы мен диаграммасы. Гүлдің құрылысын формула түрінде беруге болады. Формуланы жазған кезде мынадай белгілерді пайдалану қажет: тостағанша жапырақша (Calyx)- Ca, күлте жапырақша (Corolla)- Co, аталықтары (Androeceum)- A, аналықтары (Gynoeceum)- G, қрапайым гүлсерігі (Perigonium)- P. Гүлдің типтерінің де шартты белгілері болады: қос жынысты- о(бұл белгіні әдетте формуладан алып тастайды), аналық гүл-n, аталық гүл- о, дұрыс гүл (актиноморфты)- *, бұрыс гүл (зигоморфты)- , ассиметриялы (ассимитричный)- .

Гүлдің әрбір бөлігінің мүшелерінің санын цифрлармен белгілейді (5- жапырақшалы күлте- Co, 6- мүшелі андроцей- А), егерде олардың саны бір түрдің әртүрлі особьтарының гүлдерінде тұрақты болмаса (әдетте 12-ден көп болса)- шексіздікпен белгілейді.

Гүлдің құрылысы жөнінде бұдан да толығырақ ұғымды диаграмма береді, ол дегеніміз гүлдің өске перпендикуляр орналасқан жазықтықтағы проекциясы болып табылады. Диаграмма гүлдің бөліктерін және олардың мүшелерінің санын көрсетіп қана қоймайды, сонымен бірге олардың өзара орналасу ерекшкліктерін де көрсетеді. Ыңғайлы болу үшін диаграмманы орналастырудың барлық гүлге бірдей тәсілі қолданылады: гүл щоғының өсін жоғарғы жағына, ал жабынды жапырақты төменгі жағына орналастырады. Гүлдің жекелеген мүшелері бір-бірімен біріккен болса, онда олардың арасын доғамен немесе түзу сызықпен қосады.

3. Тоңзаңдану және ұрықтану процесстері. Микроспорогенез және тозаңның түзілуі. Тозаңқаптың ұясының ортаңғы бөлігін спора түзетін ұлпа алып жатады. Оның диплидты клеткалары мейоз жолымен бөлінеді, нәтижесінде әрбір аналық клеткадан төрт-төрттен гаплоидты микроспора жетіледі. Микроспораның цитоплазмасы тығыз, ал ядросы үлкен болып келеді. Микроспора әдетте тозаңқаптың ішінде жатып-ақ өсіп аталық гаметофит- тозаң түзеді. Микроспора өсе келе митоз жолымен бөлінеді. Нәтижесінде кішкентай генеративтік клетка және үлкен түтікше клеткасы түзіледі.

Тозаңдану. Тозаңдар пісіп-жетілген соң, тозаңқап қақырап ашылады, одан шашылған тозаң аналықтың аузына келіп түседі. Бұл процесті тозаңдану деп атайды. Тозаңданудың екі түрлі жолы бар: өздігінен тозаңдану және айқас тозаңдану. Өздігінен тозаңдану тек қос жынысты гүлдерге ғана тән. Бұл жағдайда бір гүлдің өзінің аталық тозаңы сол гүлдің аналығының аузына келіп түседі. Ол ашылмайтын гүлдерде айқын байқалады. өздігінен тозаңданатын өсімдіктерді автогамиялық өсімдіктер деп атайды (бидай, арпа, сұлы, күріш және т.б.)

Айқас тозаңданғанда жаңа пайда болатын ұрпақ атасы мен анасының екеуінің де кейбір қасиеттерін бірдей қабылдауы мүмкін, ал оның өзі осы ұрпақтың әртүрлі ортаға өмір сүруге бейімдеушілік қабілетінің артуына мүмкіндік береді. Өсімдіктердің басым көпшілігі айқас тозаңданы.

Тозаңның бір гүлдің аталығынан екінші гүлдің аналығына келіп түсуінің мынадай жолдары бар: анемофилия (жел арқылы), гидрофилия (су арқылы), энтомофилия (насекомдар арқылы), орнитофилия (құстар арқылы), мирмекофилия (құмырсқалармен) және т.б

Айқас тозаңданудың екі түрі бар: гейтеногамия (көрші гүлден тозаңдану), бұл жағдайда тозаңдану бір өсімдіктің деңгейінде жүреді, бірақ бір гүлдің тозаңы екінші гүлдің аналығының аузына келіп түседі; және ксеногамия (нағыз айқас тозаңдану), бұл жағдайда бір особьтың гүлінің тозаңы екінші бір особьтың гүлінің аналығының аузына келіп түседі. Өзін-өзі тозаңдандыруды болдырмас үшін өсімдіктерде әр түрлі бейімдеушілік қалыптасады. Олардың кең таралғаны дихогамия және гетеростилия. Дихогамия деп қос жынысты гүлдердің аталықтары мен аналықтарының әр уақытта пісіп жетілуін айтады.Гетеростилияда қос жынысты гүлдердің бір экземплярында аналықтың мойны ұзын,аталықтарының жіпшелері қысқа болады, ал екіншілерінде керісінше болады. Ұрықтану. Бұл екі жыныс клеткасының қосылуы арқылы жүретін процесс, яғни аталық және аналық гаметалардың қосылуы арқылы жүзеге асады. Жабық тұқымды өсімдіктердің аталық гаметасын спермия, ал аналық гаметасын – жұмыртқа клеткасы деп атайды. Тозаңның клеткасының біреуі, аналықтың аузына түсіп, экзиннің порасы арқылы созылып өсіп, тозаң түтігіне айналады.Онда генеративтік клетканың бөлінуінің нәтижесінде екі спермия түзіледі. Тозаң түтігі аналық аузы мен мойынның ұлпасын жарып өтіп,гүл түйініне қарай өседі,одан әрі ұрық қалтасымен түйіседі.ұрық қалтасында шырыштанып,қалтаның ішіне енеді.Ол жұмыртқа клеткасына жеткен соң жарылады, нәтижесінде одан спермиялар босап шығады.Оның біреуі жұмыртқа клеткасымен қосылып зигота түзеді(2n),ал екіншісі ұрық қалтасының диплоидты орталық ядросымен қосылып (3n)триплоидты клетка түзеді. Осылайша қосарланып ұрықтану жүреді. Ол тек жабық тұқымды өсімдіктерге тән. Қосарланып ұрықтануды алғашқы рет белгілі орыс ғалымы, академик С.Г.Навашин (1898ж.) ашқан. Апомиксис. Апомиксис деп ұрықтың әртүрлі жағдайларға байланысты ұрықтану процесінсіз (ядролардың қосылуынсыз) пайда болуын айтады. Апомиксис құбылысы қос және дара жарнақты өсімдіктерде кездеседі.

Бақылау сұрақтары:

1. Гүлдің атқаратын қызыметі не?

2. Циклдық ,ациклдық ,гемициклдық гүлдердіайырмашылығы

3. Гүлсерігінің қандай түрлері бар?

4. Актиноморфты,зигоморфты гүлдердің айырмашылығы

5. Микроспорогенез қалай жүреді?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]