
- •050608 Экология – мамандығына арналған
- •1. Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.1. Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.2. Пән туралы мәліметтер: Атауы – Өсімдіктер физиологиясы
- •1.7. Әдебиеттер тізімі
- •1.8. Бағалау бойынша ақпарат:
- •1.9. Курстың саясаты мен процедурасы:
- •2. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •2.1. Күндізгі бөлімнің тақыптық жоспары
- •2.2. Дәрістік сабақтардың тезистері
- •2.3. Семинар сабақтарының жоспарлары.
- •2.5. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтарының жоспары
- •Өсімдік жасушасы
- •Прокариоттар мен эукариоттардың жасушаларының салыстырмалы сипаттамасы
- •Экологиялық топтары әртүрлі өсімдіктерде су алмасу ерекшелігі.
- •Макроэлементтер
- •Микроэлементтер
- •Өсу физиологиясы
- •Синтетикалық реттегіштер және өсу ингибиторлары
- •Вегетативтік көбеюдің физиологиясы
- •2.6. Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтарының жоспары
- •2.6.1. Курс бойынша жазбаша жұмыстардың тақырыптары Рефераттардың тақырыптары:
- •2.7 Оқу сабақтарын бағдарламалық және мультимедиялық жолмен өткізу
- •2.8 Өзіндік бақылау үшін тест сұрақтары
- •Дұрыс жауаптар кілті
- •Студенттердің білімін бағалау критерийлері
- •2.9 Курс бойынша емтихандық сұрақтар
- •«Өсімдіктер физиологиясы» пәні бойынша
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Биология – география факультеті
Ботаника кафедрасы
«ӨСІМДІКТЕР ФИЗИОЛОГИЯСЫ»
пәні бойынша
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕҢІ
050608 Экология – мамандығына арналған
Карағанды 2010
Құрастырғандар Тлеукенова С.У. ст. преподаватель,
Толеукенова И.Е. гербарий қорының меңгерушісі
Оқу - әдістемелік кешеңде өсімдіктер физиологиясын зерттеу бағдарламасы берілген, пәннің мақсаты мен міндеті анықталған, өсімдіктер физиологиясының негізі қарастырылған, өсу және даму, минералдық қоректену, су алмасу, фотосинтез сияқты негізгі физиологиялық ұғымдар мен процестер берілген. Жоғарыда келтірілген сауалдар алынған мамандықтың тіркеуімен көрсетілген. Студенттерге өз бетімен орындауға ұсынылған тапсырмалардың шығармашылық сипаты бар, әдебиеттік көздермен жұмыс істеудің дағдыларын қамтамасыз етеді. Осы оқулықта әрбір тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар жан-жақты көрсетілген.
Оқу-әдістемелік кешең оқу жұмыс бағдарламаларымен сәйкес құрастырылған.
050608-Экология мамандығының студенттеріне арналған «Өсімдіктер физиологиясы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешең: /Құрастырушылар. С.У. Тлеукенова, И.Е.Толеукенова, Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2010. – 58б.
© Қарағанды мемлекеттік университеті, 2010
1. Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
1.1. Оқытушылар туралы мәліметтер:
Тлеукенова Салтанат Ушкемпировна, ботаника кафедрасының аға оқытушысы. №3 корпус. 302 ауд. 900-1600
Толеукенова Индира Ерболовна, ботаника кафедрасының аға оқытушысы. №3 корпус. 302 ауд. 900-1600
1.2. Пән туралы мәліметтер: Атауы – Өсімдіктер физиологиясы
Кредиттер саны – 2.
Өткізілетін орны – №3 корпус.
Оқу жоспарынан көшірме.
Оқу түрі |
Оқу мер-зімі |
Курс |
Се-местр |
Кредитт ер |
Дәр-іст ер |
Сем-инар-лар |
СОӨЖ |
СӨЖ |
Барлы ғы |
Бақылау түрі |
Күндізгі |
4 жыл |
3 |
5 |
3 |
15 |
15 |
30 |
30 |
90 |
тестілеу |
1.3. Пререквизиті: нақты курсты оқу үшін студент өсімдіктердің негізгі физиологиялық процестерінің табиғаты жөнінде, олардың сыртқы ортамен өзара байланысының заңдылығы мен жүйелілігіің механизімдерін білуі керек. Өсімдіктердің қызметінің молекулярлық физиологиялық негіздері зерттеледі. Міндетті назар физиологияның экологиялық мәселелерімен бөлінеді.
1.4. Постреквизиті: «Өсімдіктер физиологиясы» пәнін оқыған соң алынған білімдер келесі пәндерді меңгеру үшін қолданылуы мүмкін: молекулалық биология, биохимия, биофизика, генетика, ботаника микробиологиясы, өсімдіктер анатомиясы және морфологиясы, цитология және басқалары.
Дәрістік курс өсімдік жасушасында, өсімдік денесінде және тұтас өсімдік организмінде болатын физиологиялық процестердің зерттелуін қарастыруы тиіс. «Өсімдік жасушасының физиологиясы» бөлімінде өсімдік жасушасының құрамына енетін «Химиялық заттар» тақырыбының көлемін мақсатқа лайықты азайту керек. «Жасушалар органоидтарының сипаты», бұл материал сондай-ақ «Ботаника фитоценология негіздерімен» курсында жиі баяндалады. «Өсәмдіктер анатомиясы мен морфологиясы», «Цитология», және «Биохимия» бөлімдері: Дәрістік курста, сонымен бірге зертханалық жұмыстарда «Өсімдіктердің өсуі және дамуы», «Минералдық қоректену», «Фотосинтез», «Өсімдіктердің су режимі» сияқты бөлімдерге назар аудару қажет – бұл материалдардың білімі «Өсімдіктер физиологиясы» бөлімі бойынша кешеңді далалық практикадан өту кезінде қажет болады.
Пәнді оқуды аяқтау бойынша студент өсімдік организмінде болатын маңызды физиологиялық процестердің мәнің білуі керек және өсімдіктер физиологиясының қазіргі мәселелері туралы білім жүйесін игеруі тиіс, оқулықтармен жұмыс барысында және зертханалық жұмыстарды орындау кезінде өз бетімен білім игеруе алуы тиіс; өз бетімен тәжірибелер қоя алуы, бақылау жүргізуі, алынған нәтижелерді сараптап, қорытынды жасай алуы тиіс; «Өсімдіктер физиологясы» ғылымының төңірегіндегі алынған жұмыстардың процесіндегі зертханалық жұмыстардың дағдылары мен теориялық білімді қолдана алуы тиіс.
1.5 Курстың қысқаша сипаттамасы:
Нақты пәнді оқытудың негізгі мақсаты болып табылады: студенттерде өсімдіктер организмінде болатын физиологиялық процестердің негізіндегі нақты механизмдер мен жалпы заңдылықтар туралы білімді қалыптастыру және өсімдіктердің өнімділігін арттыруға бағытталған практикалық тәсілдерді негіздеу.
Міндеттер:
маңыздырақ физиологиялық процестер бойынша білім алу (фотосинтез, тынысалу, транспирация, минералды заттардың келуі мен қозғалуы, өсу және даму және басқа);
2) зертханалық сабақтарда түрлі физиологиялық процестердің сандық және сапалық сараптамасы бойынша білім мен дағдыларды қалыптастыру;
3) физиологиялық процестер мен сыртқы орта
жағдайының арасындағы себеп-салдарды белгілеу бойынша дағдыларды игеру;
4) студенттерде ауылшаруашылық дақылдарымен тәжірибелік жұмыстардың дағдыларын қалыптастыру;
5) өсімдіктер физиологиясы төңірегіндегі қазіргі ғылыми зерттеулердің негізгі бағытымен және ғылымның даму тарихымен танысу.
1.6. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
№ |
Жұмыс түрі |
Тапсырманың мазмұны мен мақсаты |
Ұсынылған әдебиеттер тізіміне сілтеме |
Орындау ұзақтығы |
Бақылау түрі |
Балллдар (рейтінг шкаласы бойынша |
Есеп беру түрі |
Тапсыру уақыты |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
1. |
Практикалық сабақтардағы жұмыс |
2.Сабақтағы белсенділік. 3.Бағдарламалық материалдарды игеру
|
ОӘК (УМК) материалдары.
Дәрістік материалдарына әдебиеттер.
Дәріс конспектілері.
|
Семестр бойы |
Ағымдық бақылау |
20 |
Ауызша сұрау |
1-15 апта |
2. |
Аралық бақылау |
1. Ботаника кафедрасының базасынан тестілік тапсырмаларды орындау |
1. Дәрістік материалдарына әдебиеттер 2. Дәріс конспектілері, бақыланатын тақырып бойынша сабақ материалдары
|
1 сағ |
Аралық бақылау |
30 |
тестілеу |
7-апта 13-апта |
3. |
Үй тапсырмасын орындау |
1.Теориялық білімді бекіту 2. Өз бетімен жұмыс істеу біліктілітерін игеру. |
1. Дәрістік материалдарына әдебиеттер 2. ОӘК (УМК) материалдары.
|
1 сағ |
Үй тапсырмасын бақылау |
10 |
Осы ОӘК-гі ұсынылған тапсырмалардың қорғалуы. Рефераттардың қорғалуы |
1-15 апталар СОӨЖ |
4 |
Емтихан |
Пән материалдарының игерілуін тексеру
|
2. Дәрістік материалдарына әдебиеттер 3. ОӘК (УМК) материалдары |
1 күн |
Қорытынды бақылау |
40 |
тестілеу |
|