
Тттттттттттттттттттт
Тіркелген салық. Тіркелген салықты төлеушілер мен салық салу обьектілері.¥тыссыз ойын автоматтарын; ойын өткізуге пайдаланылатын дербес ком- пьютерлерді; ойын жолдарын (боулинг (кегельбан)); картты (картинг); бильярд үстелдерін (бильярд) пайдалана отырып, қызмет көрсетулерді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңи тұлғалар тіркелген салықты төлеушілер болып табылады. Ойын өткізу үшін пайдаланылатын тиісті ойын құрылғылары тіркелген салық салу объекті болып табылады. Айынасалық салу бірлігіне тіркелген салықтың ең төменгі және ең жоғарғы базалық мөлшерлемелерінің мөлшерлері төменгі кестеде келтірілген. Қызметін бір әкімшілік-аумактық бірліктің аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін жергілікті атқарушы органдар бекітілген базалық мөлшерлемелер шегінде бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілейді. Тіркелген салық үшін салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады. Тіркелген салықты есептеу әрбір салық салу объектіне тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы жүргізіледі. Салық салу объектілері айдың 15-ін қоса алғанға дейін пайдалануға енгізу кезінде тіркелген салық белгіленген мөлшерлеме бойынша, 15-інен кейін белгіленген мөлшерлеменің S мөлшерінде есептеледі. Салық салу объектілері айдың 15-іне дейін шығып калған кезде тіркелген салық айдың жартысы үшін деп, 15-інен кейін белгіленген мөлшерлеме бойынша есептеледі. Тіркелген салық есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде Tipкey есебінің орны бойынша бюджетке төленуге жатады. Жоғарыда аталмаған кәсіпкерлік қызметтің өзге түрлерін жүзеге асыру кезінде тіркелген салықты төлеушілер қызметтің осындай түрлері бойынша кірістер мен шығыстардың бөлек есебін жүргізуге және жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте бюджетпен есеп айырысу жүргізуге міндетті. Тіркелген салық бойынша мағлұмдама есепті токсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей салықсалу объектілерінің орналаскан жері бойынша салық органына табыс етіледі.
Эээээээээээээээээээ
Экспортқа рента салығы. Экспортқа рента салығы төлеушілер мен салық салу обьектісі. Экспортталатын шикі мұнай мен газ конденсатына салынатын рента салығын шартты түрде салықтық сипаты бартабиғат ресурстары үшін төленетін төлемдердің қатарына жатқызуға болады. Салық заңнамасында көрсетілген келісімшарттың шеңберінде өндірілген шикі мұнай,газ конденсаты көлемін экспорттайтын жер койнауын пайдаланушыларды коспағанда, шикі мұнайды, газ конденсатын, көмірді экспортқа өткізетін жеке және заңи тұлғалар экспортқа рента салығын төлеушілер болып табылады. Рента салығын салу объекті экспортка өткізілетін шикі мұнайдың, газ конденсатының,көмірдің көлемі болып табылады. Экспортка накты өткізілетін шикі мұнай,газ конденсаты бойынша шикі мұнайдың, газ конденсатының көлемі және салық заңнамасында белгіленген тәртіппен есептелген әлемдік баға негізінде есептелген экпортталатын шикі мұнайдың, газ конденсатының құны экспортқа рента салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады. Экспортқа іс жүзінде өткізілетін көмірдің көлемін негізге ала отырып есептелген экспортталатын көмірдің құны көмір бойынша экспортқа рента салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады. Экспортқа салынатын рента салығын төлеудің ақшалай нысаны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шикі мұнай, газконденсаты жөніндегі шешімі бойын- ша уәкілетті мемлекеттік орган мен салық төлеуші арасында жасасқан косымша келісіммен белгіленген тәртіппен натуралдық нысанға ауыстырылуы мүмкін. Рента салығының мөлшерлемелері бұл өнімнің әлемдік бағасына карай 0%дан (бір баррель үшін 20 АҚШ долларынан төмен баға кезінде) 32%-ға дейін (бір баррель үшін 200 және одан жоғары баға кезінде) белгіленеді - барлығы 19 сараланған мөлшерлемелер. Күнтізбелік тоқсан экспортқа рента салығын төлеу бойынша салық кезеңі болып табылады. Салық төлеуші бюджетке салықтың есептелген сомасын салық кезеңінен кейінгі екінші айдын 25-інен кешіктірмей төлейді. Экспортқа рента салығы бойынша мағлұмдама төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңінен келесі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей табыс етіледі.