Ммммммммммммммммммм
Мемлекеттік мекемелердегі әлеуметтік салықты аудару ерекшеліктері. салык кодексіндегі элеуметтік салык салу обьектілері ережесінің негзінде әлеуметтік салық салу обьектісіне жұмыс берушінің қызметкерлерге төлейтін шығындары жатады. Осы ереженің негізінде әлеуметтік салық салу объектсіне жұмыс берушінің қызметкерлерге төлейтін шығындары жатады. "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы" Заңға сәйкес "қызметкер - жумыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және жеке еңбек шарты бойынша тікелей жұмыс атқаратын жеке тұлга". Демек, жумыс берушінің шығындарына әлеуметтік салық салуға арналған біріші белгі - олар сонымен еңбек қатынастарында тұрған және жеке еңбек шарты бойынша жұмыс атқаратын жеке тұлғаға, яғни қызметкерге төленуге, ал төлемдер қызметкер болып табылмайтын, осы салықты салу объектісіне жатпайтын жеке тұлғаларға төленуге тиіс. Бұл орайда жұмыс берушінің кызметкерге жұмсалған кез келген шығындары "қызметкердің табысы" болып табылады: есептелген жалақы, әлеуметтік немесе материалдық игіліктер беру, материалдық пайда түрінде алынған сомалар, яғни қызметкер үшін тікелей немесе жанама еңбекке ақы төлеу түріндегі табыстар болып табылатын жұмыс берушінің барлық шығындары. Мұндай төлемдер немесе шығындар үшін негіз - салық агент - жұмыс беруші мен жеке тұлғаның, қызметкердің арасындағы еңбек шартының болуы.
Мүлік салығын салығының жеңілдіктері және салық мөлшері Мүлік салығы – Қазақстан Республикасының аумағында меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу обьектісі бар заңды тұлғалар төлейтін салық түрі. Мүлік салығын төлеушілер: 1. ҚР аумағындаменшік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу обьектісі бар заңды тұлғалар. 2. ҚР аумағанда меншік құқығында салық салу обьектісі бар жеке кәсіпкерлер. 3. заңды тұлғаның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері. 4. ҚР резиденті емес заңды тұлғалар ҚР аумағында орналасқан салық салу обьектілері бойынша салық төлеушілер болып табылады.Мүлік салығының ставкалары 1995 жылы 24 сәуірдегі «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың негізгі өндірістік және өндірістік емес қорларының құнына 0,5 пайыз ставка бойынша мүлік салығы салынған еді. Мүлік салығы бойынша жеңілдіктер. Мүлік салығын төлеушілерге бірнеше салық жеңілдіктері қарастырылған. Мысалы, • Кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын мүлік бойынша – коммерциялық емес және бюджеттегі ұйымдар; • өндірістік мақсатта және әлеуметтік салада пайдаланылатын мүлік бойынша – ҚР мүгедектерінің ерікті қоғамы, Қазақ зағиптар қоғамы, Қазақ саңыраулар қоғамы, Ақыл есі мен дене бітімінің кемістігі бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу мен олардың еңбек ету қабілетін қалпына келтіру орталығы. • Қазақстан Ұлттық банкі мен оның бөлімшелері.
Мүлік салығының экономикалық мәні, обектісі мен субьектісі Мүлік салығы меншікке салынатын салықтар қатарына жатады. Меншікке салынатын салықтар нарықтық экономика жағдайында мемлекет иелігінен алу үшін және жекешелендіру процесінің дамуына қарай меншік қатынастарындағы нақтылы өзгерістермен байланысты едәуір орын алады. Меншікке салынатын салықтар негізінен жергілікті бюджеттерге есептеледі. Салықтардың мөлшерлемелері меншіктің табыстылығы бойынша емес, сыртқы нышандар – меншіктің мөлшері бойынша белгіленетіндіктен фискалдық мақсаттан басқа салықтардың меншікті пайдалаудың тиімділігін көтермелеу мақсаты бар. Меншікке салынатын салықтар қоғам алдындағы салықтық жауапкершілікті біркелкі етіп бөлуге мүмкіндік береді. Мұның әсіресе жер салығына, мүлікке салынатын салыққа қатысы бар. Мүлікке салынатын салық тікелей нақты салыққа жатады, оның мөлшері мүліктің табыстылығына емес, төлеушілер мүлкінің құнына байланысты болады. Салық мүлік иелеріне оны тиімді иеленуге түрткі болады. Кейбір елдерде мүлікке салық салу базасын анықтау оны мынадай санаттарға бөлумен байланысты:- жылжымайтын (жер және онымен тікелей байланысты құрылыстар);- дербес жылжымалы (жылжымайтын мүліктен басқа, меншіктің барлық түрлері). Мүліктің бұл түрі өз кезегінде материалдық және материалдық емес (мүлік құны туралы ақпараттарды құрайтын шоттар, сертификаттар) болып бөлінеді. Жалпы мүлік салығы жергілікті бюджетке түсетін маңызды кіріс көзі болып табылады. Сондықтан жергілікті салық органдары жоғарыда аталған салық принциптеріне сүйеніп, мүлікке тән белгілер мен құнына байланысты салық салу базасы мен салық ставкасын объективті анықтайды. Салық төлеуге байланысты салық төлеушілердің негізгі міндеті болып салық салу базасын оңтайлы айқындау мен мүлікті дұрыс өлшеу табылады.
