Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
салық.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
72 Кб
Скачать
☆

Жжжжжжжжжжжжжжжж

Жеке табыс салығы. Жеке табыс салығын төлеушілер және салық салу объектілері. Жеке табыс салығы бойынша қаражаттардың түсімі (2001 жылға дейін - жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы) мемлекеттік бюджеттің барлық кірістерінің 6,6%-на жуығын алады. Салық объектілері бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушілер болып есептеледі. Салық салу объектілері төлем көзінен салық салынатын та- быстар және төлем көзінен салық салынбайтын табыстар түріндегі табыстары болып табылады. Салық салу объектілері Салықтық кодексте көзделген түзетулер ескеріле отырып, салық салуға жататын табыстар мен онда көзделген тәртіппен және мөлшердегі жағдайларда салық шегерімдері арасындағы айырма ретінде анықталады. Салық салынатын объект болып табылатын табыстардың сомасы салық салынуға жатпайтын табыстардың сомасына кемітіледі. Cалық төлеушінің төлем көзінен салық салынатын табыстарына мыналар жатады: жұмыскердің табысы; жеке тұлғалардың салық агентінен түсетін табыстары; жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақылық төлемдер; дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс; стипендиялар; жинақтаушы сақтандыру келісімшарттары бойынша табыс. Жеке табыс салығын есептеуді салық агенті төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша,салық салуға жататын табысты есебіне жазу кезінде жүргізеді,ал табыс салығын ұстауды төлем көзінен салық салынатын табысты төлеу күнінен кешіктірмей жүргізеді. Салық агенті салық төленген табыстар бойынша салықты аударуды телем айынан кейінгі айдың 25-іне дейін өзі орналасқан жері бойынша жүзеге асырады. Салықтық кодексте көрсетілгенқызмет түрлері бойынша арнаулы салық режімдерін қолданатын салық агенттерінің жеке табыс салығын төлеудің тәртібі мен мерзімдері белгіленген.

Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салудың ерекшеліктері Қазақстан Республикасының салық жүйесінде табиғат ресурстарын, пайдалы казындыларды, жер қойнауын пайдалануға байланысты біркатар төлемдер бар, оларды шартты түрде салықтық сипаты бар табиғат ресурстарыүшін теленетін төлемдер ретінде бір гопқа біріктіруіге болады. Оларға үсте.ме пайдага салынатын салық, жер қойнауын пайдалануіиылардың арнаулы төлемдері, пайдалы қазындыларды өндіру салығы, су үшін төленетін төлем, орманды пайдаланганы үшін төлем (орман табысы) және басқалары жатады. Аталған төлемдер негізінен ренталық сипатта болады, өйткені олардың пайда болуы мен мөлшерлемелерінің шамасы шығарылатын Және шаруашылық қызметте пайдаланатын материалды, шикізатты, минералдық ресурстарды алу, тұтыну, олардың сапасы табиғат факторларымен байланысты болады. Қазақстан Республикасы заңнамасында айқындалған тәртіппен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған контракттар шеңберінде жер койнауын пайдалану бойынша операцияларды жүргізген кезде жер қойнауын пайдаланушылар Салықтық кодексте белгіленген барлық салықтарды және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді, ал жер қойнауын пайдаланушылардың төлемдері мен салықтарын - қосымша, жер койнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізген кезде төлейді.Заңи және жеке тұлғалар, соның ішінде Қазақстан Республикасында жер койнауын пайдалану бойынша операцияларды, сонымен бірге мемлекет мен- шігіндегі техногендік минералдық құрылымдарды кайта өңдеуді жүзеге асыратын шетелдік тұлғалар жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтарын төлеушілер болып табылады. Жер қойнауын пайдаланушыларға белгіленген салық режімі жер койнауын пайдалануға Үкіметбелгілеген тәртіппен жасалынған контрактта айқындалады.Жер койнауын пайдаланушыларға салық салудың екі моделі белгіленген: бірінші модель жер койнауын пайдаланушының өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін қоспағанда Салықтық кодексте көзделген салықтар мен басқа міндетті төлемдердің барлық түрлерін төлеуін көздейді; екінші моделъ жер қойнауын пайдаланушының өнімді бөлу бойыніиа Қазақстан Республикасының үлесін төлеуін (беруін), сондай-ак салық заңнамасында көзделген салықтар мен басқа міндетті төлемдердің барлық түрлерін төлеуін көздейді, оларға шикі мұнай, газ конденсатына салынатын рента салығы, шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын акциз, үстеме пайда салығы, жер салығы, роялти, мүлік салығы қосылмайды.

Жер салығының экономикалық мәні және олардың салық жүйесіндегі рөлі мен дамуы. Жер салығының экономикалық мәні және жер учаскісіне салынатын салықтардың принціптері. Жер салығы 1992 жылы енгізілген, жер салығының экономикалық мәні – жер учаскілерін экономикалық әдістерін қолдану арқылы тиімді пайдалана отырып, бюджет кірістерін толтыру. Республикадағы жер қатынастары саласындағы өзгерістер Қазақстан Республикасының жер реформасы жөніндегі заңды жер кодексінде бейнеленеді. Қазақстан Республикасының жер кодексінде – жер, Республикасының арықша меншігі деп айтылатын. Жерді иелену жер және пайдалану үшін төлейтін ақы жер салығы ретінде қарастырылады. Бұл салықтың мақсаты жерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету және жерді сақтау, құнарлығын артыру, жергілікті аймақтардың әлеуметтік мәдени дамуы үшін қажетті шараларды іске асыру үшін бюджетке түсетін табыстарды құру. Жер салығы толығымен жергілікті бюджетке түседі. Сондықтан бұл жергілікті үкімет органдарының аталған салықты жинауға мүдделерін артады.  Салық салу мақсатында барлық жерлер олардың арналған нысанасымен тиесілігіне қарай мынадай санаттарға бөлінеді (котегория): 1. Ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлерге. 2. Елді мекенді жерлеріне. 3. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзгеде ауыл шаруашылығы емес мақсатындағы жерлерге. 4. Ерекеше қорғалатын табиғи аумақтар жерлеріне, сауықтыру, рекреациялық және тарихи мәденеи мақсаттағы жерлерге. 5. Орман қорының жерлеріне. 6. Су қорының жерлеріне. 7. Запастағы жерлерге (резервті жерлер). Жер салығы мынадай принціптерге негізделіп салынады: 1. Жер салығының мөлшері (жер учаскісінің саласына, орналасуына, су мен қамтамасыз етуіне) қарай анықталынады жер және иесіне жерді пайдаланушылардың шаруашылық және басқада қызметтеріне байланысты болмайды. 2. Жер салығы жер алаңының бірлігі үшін жыл сайынғы тіркелген көлем түрінде тіркелінеді немесе белгіленеді. 3. Басқа меншіктерге берілген жер учаскесін пайдаланған үшін салық салудың тәртібі мен шарттары. Қазақстан Республикасының осы мемлекеттермен жасасқан шарттарымен анықталады.Жер салығын төлеушілерге біріңғай жер салығын төлеуден басқа меншігінде тұрақты немесе уақытша пайдалануда жер учаскісі бар заңды және жеке тұлғалар жатады.

Жер санаттарына байланысты жер салығының есептелу ерекшеліктері  Жер салығын есептеу әрбір жер учаскесі бойынша жеке салық базасына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы жүргізіледі. Жер салығы салық төлеушіге жер учаскесі берілген айдан кейінгі айдан бастап есептеледі. Ортақ үлестік меншіктегі салық салу объектілері бойынша салық олардың осы жер учаскесіндегі үлесіне сәйкес есептеледі. Заңды тұлғалар жер салығы сомаларын салық базасына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы дербес есептейді. Заңды тұлғалар салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеуге және төлеуге міндетті. Ағымдағы төлемдерді ағымдағы жылдың 20 ақпанынан, 20 мамырынан, 20 тамызынан және 20 қарашасынан кешіктірілмейтін мерзімдерде төленуге тиіс. Жыл ішінде жер салығын есептеу мен төлеу бойынша міндеттемелер туындаған кезде салық төлеушілер салық міндеттемелері туындаған күннен бастап 30 күн ішінде салық органдарына табыс етуге тиіс. Жеке тұлғалар төлеуге жататын жер салығын есептеуді салық органдары тиісті салық ставкалары мен салық базасын негізге ала отырып, 1 тамыздан кешіктірмей жүргізіледі. Жеке тұлғалар бюджетке жер салығын ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей төлейді. Жер салығын есептеу мен төлеу үшін салық кезеңі болып күнтізбелік жыл табылады. Жер салығын төлеушілер осы салық бойынша декларацияны есеп берілетін жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей салық салу объектілері орналасқан жерлері бойынша салық органдарына табыс етеді. Салық төлеуші салық кезеңінде декларация табыс ету мерзімі басталғаннан кейін 10 күн мерзімнен кешіктірмей біржолата есеп айырысуды жүргізіп, жер салығын төлейді. 

Жылдық жинынтық табыстың құрамы мен құрылымы.  салық төлеушінің жылдық табысы‚ оған жөнелтілген өнім‚ орындалған жұмыстар‚ көрсетілген қызметтер және салық төлеуші алуға тиіс (алған) заттар үшін үшінші бір тұлғаларға өзара есеп айырысу тәртібімен немесе тіке және жанама шығыстарды өтеу үшін жіберілген ақшалай немесе басқа да қаражат кіреді. Резиденттердің Жылдық жиынтық табысы ел аумағында да‚ шетелде де барлық көздерден алынған табыстарынан тұрады. Бейрезиденттердің Жылдық жиынтық табысы ел ішіндегі көздерден алынған табыстардан тұрады.