Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каржы гос.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
69.89 Кб
Скачать

Ммммммммммммммммммм

Мемлекеттік бюджеттің мәні мен мазмұныМемлекеттік бюджет – мемлекет пен кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер  арасында қалыптасатын қаржылық қатынастар. Мемлекеттік бюдет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы  өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалануға бағытталатын қаржылық қатынастардың  жиынтығы. Қаржылық  қатынастардың жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджетке ең алдымен  жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән. Атап айтсақ, бюджеттік қатынастардың  бөлістірушілік сипаты бар,  және ол әрқашанда ақшалай нысанда жүзеге асырылады және мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді. Мемлекеттік бюджеттің бұдан басқа да өзгеше қасиетттері бар. Ақшалай қаражаттарды орталықтандыру экономиканың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін халық шаруашылығы масштабындағы үздіксіз айналымды ұйымдастыру үшін қажет.      Мемлекетке орталықтандырылған ақша қаражаттары дамушы мақсатты салаларды қаржыландыруға, қоғам деңгейінде әлеуметтік- мәдени шараларды жүргізу үшін, қорғаныс саласының мәселелерін шешу үшін және мемлекетті басқару шығындарын жабу үшін  қажет. Мемлекеттік бюджет арқылы халық шаруашылығының өндірістік және өндірістік емес аясындағы, аймақтар мен салалар арсындағы қаржылардың бөлістірілуі жүзеге асады. Осыған сәйкес , мемлекеттік бюджет қоғамның таза өнімінің  қозғалысын сипаттайтын және осының негізінде мемлекеттің орталықтандырылған қоры қалыптасып, пайдаланылады. Мемлекеттік бюджеттің  келесідей ерекше белгілері бар: — қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру  мақсатында  қоғамдық өнімнің бір бөлігін бөлістіру қатынастарын жүзеге асыратын экономикалық нысан болып табылады; — құнды жасау және оны тұтыну процесін  жүзеге асыратын  матениалдық өндіріс қаржысынан  және құнды тұтынуға қызмет ететін  өндірістік емес сфера қаржысынан  мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономиканың секторлары , қоғамдық қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған; — қоғадық өнімнің тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей байланысты емес құндық бөліністің кезеңін білдіреді. Бюджет сонымен қатар  мемлекеттің экономикаға араласуының құралы ретінде пайдаланылады және ол көп жағдайда мемлекеттік несие жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Бюджеттің сыныпталуының мәні  бүгінгі уақытта  мемлекеттік бюджетті монополиялық өнімінің бағасын реттеуде айқын білінеді және ол  мемлекеттік кәсіпорындардың өнімдерініе бағаны төмендетуде, салық жеңілдіктерін қолдануда және монополиялы кәсіпорындарға субсидия бөлуде айқын көрінеді. Мемлекеттік бюджет бірлікті, толықтылық, нақтылық, айқындылық қағидаларына  негізделіп қалыптасады. Бюджеттің бірлігі қағидасы   бюджетті бірыңғайлылығын және біртекті бюджет құжатының болуын негіздейді. Сондай –ақ  бюджеттің жіктелуі мен нысандар бойынша кірістері мен шығыстарының біртекті топтастырылуын   сипаттайды. Бюджеттің толықтылық қағидасы– бюджетке үкіметтің барлық шығындары мен кірістерінің енуін сипаттайды. Бюджет брутто-бюджетке және нетто- бюджетке бөлінеді. Брутто-бюджетке мемлекеттің жиынтық кірістері мен шығыстары кіреді. Ал нетто- бюджетке тек таза кірістер мен шығыстар енеді. Нақтылық немесе реалистік қағидасы  жасанды бюджеттерді болдырмауды сипаттайды. Бұл қағида барлық кірістер мен шығыстардың сомасының шын, нақты болуына негізделеді.Бүгінгі уақытта бұл қағида бірде –бір елде дұрыс сақталынбайды.Себебі, шығындардың жұмсалуы бүрмеленіп, әрбір сыныптар бойынша нақты табыстардың түсуі жасырын түрде болады. Айқындылық қағидасы бюджеттің кірістері мен шығыстары туралы, олардың құрамы мен құрылымы және тапшылық көлемі мен оны жабу әдістері туралы  мәліметтердің жарияланып отыруына негізделеді. Осыған орай, мемлекеттік бюджет   мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа да өкілдерінің арасында қоғамдық қажеттіліктерді қанғаттандыру мақсатында қалыптасатын мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қаражаттарын бөлу мен қайта бөлу үрдісінде жүзеге асырылатын ақшалай қатынастарды көрсетеді.

Мемлекеттік кірістердің экономикалық мәніМемлекет қаржысының іс -әрекеті негізінде өзара тығыз байланысты екі үрдіс пайда болады:1, Мемлекеттік құрылымдардың қарамағында қаржы ресурстарын жұмылдыру2, Әр түрлі мемлекеттік қажеттіліктерге қаражаттарды пайдалану. Бірінші үрдіс - мемлекеттік кірістердің көрінісін беретін болса, екіншісі –шығындар көрінісін баяндайды. Мемлекеттік кірістер дегеніміз – бұл экономикалық қатынастардың жиынтығы болып табылады және бұл қатынастардың нәтижесінде мемлекеттің жұмыс істеуінің материалдық базасын жасау үшін мемлекеттің меншігіне түсетін қаражаттардың жиынтығы құрылады.  Кірістер- бұл қаржылармен тығыз байланыста жұмыс жасайтын күрделі экономикалық категория. Кірістер бұл өндіріс шығындарындарымен байланысты белгілі бір қызметтің, өндірістің және коммерциялық, делдалдық және басқа да мақсатты қызметтің нәтижесі болып табылады.  Мемлекеттік кірістер бұл мемлекеттің және мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағындағы қаржы ресурстарын қалыптастырумен байланысты қаржылық қатынастырдың бір бөлігі болып табылады.  Мемлекеттік кірістердің құрамында мемлекеттік бюджеттің алатын орны зор. Мемлекеттік кірістердің басым бөлігінің әр түрлі деңгейдегі бюджетте орталықтануы біртекті қаржы саясатын жүргізуге және халық шаруашылығының салаларын дамыту мақсатында бөлістіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Орталықтандырылған мемлекеттік кірістерге мемлекеттік бюджеттіктен басқа бюджеттік емес қорларының (әлеуметтік, зейнетақы қорларының, халықты еңбекпен қамту қорларының және т.б. қорлардың) қаржы ресурстары кіреді. Жиынтық қоғамдық өнімді бөлістіру нәтижесінде мемлекеттің, жеке кәсіпорындардың, шаруашылық субъектлердің, ұйымдардың және халықтың бастапқы кірістері қалыптасады. Мемлекеттік кірістердің қалыптасуы мемлекеттің белсенді қатынасуы арқылы жүзеге асырылады: мемлекет бюджеттегі орталықтандырылған қаржаттарды, шаруашылық субъектлерінің қаржыларын және қоғамның таза кірісінің үлесін бекітеді және халықтың жеке табысы мен қоғамның басқада қаражаттарын шоғырландырады. Мемлекеттік кірістер ұлттық табысты құрайды, ал қаржы ресурстары жиынтық қоғамдық өнімнің барлық сомасын бөлістіру мен қайта бөлістіру жағдайында қалыптасып, шоғырланады. Мемлекеттік шығындарды қаржыландыру мемлекеттің барлық қаржы ресурстарын бөлістіру арқылы жүзеге асырылады. «Мемлекеттік кірістер» мен «мемлекеттік бюдеттік кірістері» түсініктері жиынтық мемлекеттік кірістердің құрамдас бөлігі болғанымен, әр түрлі ұғымды білдіреді. Сонымен қатар мемлекеттік кірістер барлық мемлекеттік ұйымдар мен мекемелердің жиынтық табыстарының құрамына кіреді, ал мемлекеттік бюджеттің кірістерінің құрамына тек таза кірістің бөлігі ғана кіреді. Мемлекеттік кірістердің барлық көздері 2 топтан тұрады: - ішкі- сыртқы. Мемлекеттік кірістердің ішкі көздеріне мемлекет ішінде қалыптасатын ұлттық кіріс пен ұлттық байлық кіреді. Сыртқы көздерге – ұлттық байлық, кейбір жағдайларда басқа мемлекеттің мемлекеттік займ түріндегі ұлттық байлығы кіреді.

Мемлекеттік қарыз және оны реттеудің негізгі әдістері Мемлекеттік қарыз (борыш) –Мемлекеттік борыш – бұл алынған және белгілі бір күнге өтелмеген мемлекеттік қарыздардың сомасы. Мемлекеттік борыш ұлғаймалы ұдайы өндірісті және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ақша ресурстарын тарту нысандарының бірі ретінде мемлекеттік қарыздарды пайдаланудан туады. Мемлекеттік борышты мемлекет мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен өтейді. Орналасу нарығына, қарыз валютасына және басқа сипаттамаларына қарай мемлекеттік борыш мемлекеттік ішкі және сыртқы борыш болып бөлінеді. Сонымен қатар мемлекеттік қарыздың  капиталдық және ағымдық түрлері бар. Капиталдық мемлекеттік қарызға мемлекеттің  шығыарылған және өтелмеген борыштық міндеттемелерінің барлық сомасы (бұл міндеттемелер бойынша пайыздарды қоса есептегенде) жатады. Ағымдық қарыз – бұл төлеу мерзімі жеткен мемлекеттің барлық мінедеттемелерінің  жиынтығы. Қазақстан Республикасында мемлекеттік борыш өз кезегінде тікелей Үкіметтің, Ұлттық банктің және Үкіметтің кепілдігі уәдесін алған кәсіпорындардың борышы болып бөлінеді.Мемлекеттік борыштың пайда болуы мен өсуінің себебі мемлекеттік бюджеттің тұрақты тапшылығы болып табылады. Экономикалық жағынаң дамыған елдердің едәуір мемлекеттік ішкі борышы болады. Алайда борыштың бұл түрінің түзілу себептеріндегі, әдістеріндегі және жұмыс істеу ерекшеліктеріндегі айырмашылық елеулі болады. Дамыған елдерде мемлекеттік борыш және оны тудырған бюджет тапшылықтары экономикалық циклге экономиканы тұрақтандыру мен оны дамытудың біріктірілген факторлары болып табылады. Мемлекеттік сыртқы борыш – шетелдік несиегерлер турасында белгілі бір күнге, белгіленген мерзімде өтеуге жататын елдің қаржылық міндеттемелерінің сомасы. Дүниежүзілік тәжірибеде  мемлекеттік мөлшерді салыстырмалы сипаттау үшін арнайы көрсеткіш – борышқа қызмет көрсетудің коэффициенті пайдаланылады. Ол борыштық төлемдердің елдің валюталық түсімдеріне қатысы ретінде есептеп шығарылды. Мұндай қатыстың қауіпсіз денгейі 18 пайыз болып саналады. Мемлекеттік борыштың пайда болуы мен өсуінің себебі мемлекеттік бюджеттің тұрақты тапшылығы болып табылады. Экономикалық жағынаң дамыған елдердің едәуір мемлекеттік ішкі борышы болады. Алайда борыштың бұл түрінің түзілу себептеріндегі, әдістеріндегі және жұмыс істеу ерекшеліктеріндегі айырмашылық елеулі болады. Дамыған елдерде мемлекеттік борыш және оны тудырған бюджет тапшылықтары экономикалық циклге экономиканы тұрақтандыру мен оны дамытудың біріктірілген факторлары болып табылады. Мемлекеттік ішкі борыштың басқа нысандарына мыналар жатады: -бюджет тапшылығын жабу үшін бұрын алынған кредиттер бойынша Ұлттық банкке берешек; -облигациялар және басқа бағалы қағаздар шығарумен ресімделген халықтан, шаруашылық жүргізуші субъектілерден алынған қағаздар бойынша борыш. Қазақстан Республикасының мемлекеттік борышын есепке алу үшін Ұлттық банк пен жергілікті атқарушы органдар келісілген тәртіппен Қаржы министрлігіне өз қарыздарының талаптары, алынуы, оларға қызмет көрсетілуі және өтелуі туралы ақпарат тапсырып отырады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық банкінің және жергілікті атқарушы органдарының осындай шарттың талаптарында, осындай қағаздарды шығару талаптарында көзделген жағдайда, қарыз туралы шарт бойынша міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуге, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды мерзімінен бұрын сатып алуға құқығы бар. «Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш туралы» Қазақстан Республикасының заңымен тиісті мемлекеттік құрылымдар үшін қарыз алудың лимиттері белгіленген:1)    үкіметтік борыштың лимиті.2)    Ұлттық банктің сыртқы борышының лимиті.3)    Жергілікті атқарушы орган борышының лимиті. Бұл лимиттер тиісінше республикалық бюджетте, Ұлттық банкте, жергілікті  бюджетте жоспарланатын, алынған және өтелмеген қарыздардың тіркелген сомалары болып табылады, бұл сомалар берілген күнге тиісті құрылымның нақты борышынаң аспау тиіс. Мәселе, Ұлттық банктің сыртқы борышының лимиті оның таза алтын-валюта активтерінің 50 пайыз деңгейінде белгіленеді. Мемлекеттік борышты басқару – мемлекеттің өзі және оның кепілдігімен алынған борышқа қызмет көрсету, оны жоспарлы өтеу, жаңа қарыздарды тарту мен жүзеге асырудың шарттарын жасау жөніндегі мемлекет шараларының жиынтығы; мемлекеттің оған уәкілетті органдары арқылы ұтымды және тиімді қарыз алуды қамтамасыз ету және мемлекеттік кредитке қызмет көрсетуін оңтайландыру жөніндегі қызметі; басқару келешекте макроэкономикалық қиыншылықтардан және төлем балансының проблемаларынан аман болу мақсатында жүзеге асырылады. Бұл орайда борыш мониторингі – борышты есепке алу, талдау және қалыптастыру, өзгерту және оған қызмет көрсету процестерін қадағалап, бақылап отыру жөніндегі уәкілетті органдардың   қызметінде мемлекеттік борыштын мониторингі жүргізіледі. Мемлекеттік қарызды басқарудың келесідей әдістері бар:•    Қайта қаржыландыру•     Конверсия (Мерзімді ұзарту)•     Консолидация (Жаңғырту)•     Сәйкестендіру (унификация)•     Облигацияларды кемімелі ара салмақ бойынша айырбастау•     Қарыздарды өтеудің мерзімін ұзарту•     Мемлекеттік борышты төлеуден бас тарту. Мемлекеттік емес қарыз алуды Қазақстан Республикасының резиденттері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді ескере отырып, кез келген мөлшерде, кез келген валютамен және кез келген нысанада дербес жүзеге асырады.Мемлекеттік борышқа қызмет көрсету деп қарыз алудың шарттарынаң туындайтын сыйақы, комиссиялық және өзге төлемдердің жиынтық төлемақыларын айтады. Борышты өтеу – қарызгердің қарыздың алынған сомасын несиегерлермен шарттармен белгіленген тәрттіппен қайтаруы, белгіленген тәртіппен борышты құрайтын басқа міндеттемелерді орындауы. Қайта қаржыландыру мемлекеттік берешекті жаңа қарыз шығару есебінең өтеуді білдіреді. Сонымен бірге, бұрын шығарылған қарыздардың орнына бірдей құндық ара салмақпен бағамдық айырмашылықты есепке алмай жаңа қарыздың облигациялары беріледі. Жаңғырту деп бұрын шығарылған қарыздардың шарттарын табыстылығы бойынша аз жағынан да, көп жағынан да өзгертуді айтады. Бірінші жағдайда үкімет борыш бойынша елеулі шығыстар кезінде, екіншісінде инфляцияның болуы кезінде немесе қарыз облигацияларын сатып алудағы халықтың мүдделігін күшейту мақсатымен істейді. Мерзімді ұзарту мерзімі бойынша қарыздың бастапқы шарттарын оларды ұзарту немесе қысқартумен байланысты өзгерту болып табылады. Сәйкестендіру бірнеше қарыздарды бір қарызға біріктіруді білдіреді, бұл мемлекеттік борышты басқаруды оңайлатады. Облигацияларды кемімелі ара салмақ бойынша айырбастау ұлттық ақша бірлігінің дефляциясы жағдайында және мемлекетке қарыздар бойынша тым қымбат ақшамен есептесу тиімсіз кезде жүргізіледі. Қарыздарды өтеудің мерзімін ұзарту мемлекеттің едәуір берешегі кезінде, сондай-ақ олармен байланысты болатын қаржы қиыншылықтары кезінде қолданылады, үкімет қарыздарды өтеудің және олар бойынша төлемақының мерзімдерін кейінге қалдыра тұру туралы мәлімдейді. Мемлекеттік борышты төлеуден бас тарту (күшін жою) елде саяси режим ауысымы және жаңа үкіметтің бұрынғы міндеттемелерді олардың заңсыздығы себепті орындауды мойындамауы кезінде болады. Бас тарту мемлекет банкроттығының салдарынан болуы мұмкін. Мемлекеттік қарызды басқарудың аталып өткен әдістері бір уақытта  да қолданылуы мүмкін. Ұлттық экономиканың дамуы шетелдік несиелерсіз, инвестицияларсыз мүмкін емес. Бірақ шетелдік капиталды және валюталық ресурстарды тарту оларды тиімді пайдалануды қажет етеді. Сыртқы қарыздардың көбеюі кері экономикалық салдарға әкеледі. Мұның өзі экспорт пен импорттың арақатынасына, ұлттық валютаның курсының өзгеруіне отандық экономиканың дамуының тежелуіне әкеледі.

Мемлекеттік несиенің мәні мен мазмұныМемлекеттік несие – жалпымемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және кредит қатынастарының жиынтығы, бұл қатынастарда мемлекет несиегердің де, қарыз алушының да, гаранттың да рөлінде көрінуі мүмкін. Мемлекеттік кредиттің ерекшелігі қарызға берілген қаражаттардың қайтарымдылығында, мерзімділігінде және ақылығында. Алайда, бұл қатынастарда банк несиесімен шатастыруға болмайды. Мемлекеттік кредиттің көмегімен жұмылдырылған қаражаттар көбінесе экономиканы қаржыландыруға бағытталатындықтан оның өндірістік сипаты болуы тиіс. Мемлекеттік кредит жөніндегі қатынастар мына негіздерде қаржы қатынастарына кіреді: 1) мемлекеттік несие  жолымен жұмылдырылатын қаражаттар әр түрлі қажеттіліктерді — өндірістік, өндірістік емес, сол сияқты стратегиялық, оперативтік қажеттіліктерді қаржыландыруға бағытталатын мемлекеттің қаржы ресурстары ретінде қаралады; 2)    алынған және берілген кредиттер үшін есеп айрысулар, олар үшін пайыздар төлеу бюджеттердің – үкіметтің қарыз алулары кезінде орталық немесе биліктің жергілікті органдарының қарыз алулары кезінде жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен жүргізіледі. Бюджет кірістерінің негізі және тұрақты бөлігін салықтық түсімдер құрайтындықтан қарыздар арқылы жұмылдырылатың қаражаттар «антиципацияландырылған салықтар”, яғни мерзімінен бұрын өндіріп алынған салықтар деп салынады. Мемлекеттік несие ақша қаражаттарын қайта бөлу қызметін орындайды Бұл халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектлердің уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырумен байланысты. Бұл халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектлердің уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырумен байланысты. Бұл қызметте мемлекеттік несие жинақ ақшаны ұйымдастыру нысандарының бірі болып табылады. Бұған халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектлер арасында орналастырылатын мемлекеттік қарыздардың облигацияларын шығару, мемлекеттік бағалы қағаздардың басқада түрлерін (қазынашылық міндеттемелерді, қазынашылық бондарды, сертификаттарды) шығару арқылы қол жеткізуге болады. Мемлекеттік несиенің екінші функциясы – реттеуші қызметі. Бірінші кезекте мемлекет несиелік пайыздың мөлшеріне ықпал жасай отырып, ақша ағымдарын реттейді: несие капиталының рыногында қаржыгер бола отырып, ол бұл капиталға деген сұранымды арттырады, мұның нәтижесінде несие капиталының нормасы артады. Сөйтіп, мемлекет бұл рынонтағы бәсекеге араласады, одан жеке инвесторларды «ығыстырып ”шығарады («ығыстыру” әсері). Бұл олардың бизнестің белгілі бір түріне инвестициялауды шектеу үрдісін қалыптастырады.  Бір мезгілде бағалы қағаздарды сатып алу кезінде айналыстағы ақшаның (қолма-қол ақшаның және қолма-қолсыз ақшаның) қысқаруына жеткізеді, мұның өзі ақша эмиссиясының зардаптарын жою үшін тиімді болуы мүмкін. Мемлекеттік несиенің   рөлі халықтың, кәсіпорындардың, ұйымдардың уақытша бос қаражаттарын жұмылдырудағы мүмкіндіктеріне және олардың мемлекеттің кезек күттірмейтін мұқтаждарын қаржыла

Мемлекеттік несиенің түрлері, нысандары және әдістеріМемлекеттік несие  түрлері бойынша ішкі, сыртқы, шартты болып ажыратылады. Ішкі несиеде мемлекеттік кредит қатынастары жан-жақты тұрғыда: қарызгер кезінде де, несиегер ретінде де елдегі үкіметтің, биліктің жергілікті органдардың, кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың арасында пайда болды. Халықаралық несиеде қатынастарға бір жағынан, үкімет, биліктің жергілікті органдарды, екінші жағынан басқа мемлекеттердің үкіметтері, банктері, компаниялары, сондай-ақ халықаралық қаржы-банк үйымдары араласады. Кредит беруші тарап мемлекет-донор немесе ұйым-донор, ал кредит алушы ел реципиент-ел деп аталады. Шартты мемлекеттік несие отандық қарызгерлер: кәсіпорындар, ұйымдар, фирмалар, жергілікті билік органдары алған қарыздарына басқа елдердің несиегерлеріне берілген кепілдіктер бойынша үкіметтің міндеттемелері ретінде болады. Қарыз шарттары орындалмаған жағдайда үкімет отандық қарызгердің уақыты келген міндеттемелері бойынша қарызгердің мүлікінең немесе басқа активтерінең бюджет қаражаттары есебінен қарыздың сомасын төлейді. Мемлекеттік кредиттің негізгі нысаны кредит қатынастары болып көрінетің мемлекеттік қарыздар болып табылады, бұл қатынастарда мемлекет негізінең қарызгер ретінде болады. Мемлекеттік қарыздар – нәтижесінде мемлекет белгілі бір мерзімге және белгілі бір ақыға ақша қаражаттарының белгілі бір сомаларын алатын мемлекет пен заңи және жеке тұлғалар арасындағы қарыз қатынастары. Мемлекттік қарыздар (займдардың) келесідей түрлерге бөлінеді: -өтеу мерзімі бойынша; -орналастыру орны бойынша; -орналасу әдісі бойынша; -займ валютасы бойынша; -эмитент бойынша; -кіріс түрі бойынша. Мемлекеттік займдар өтеу мерзімі бойынша бөлінеді:§    қысқа мерзімді ( 1 жылға дейін)§    орта мерзімді ( 1 жылдан 5 жылға дейін)§    ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары)Орналастыру орны бойынша қарыздар ішкі және сыртқы қарыздар болып бөлінеді. Ішкі қарыздардың облигацияларын шетел азаматтары мен қоғамдар сатып ала алады. Орналастыру әдістері бойынша:Ø    еркін айналатынØ    жазылу бойынша орналастырылатынØ     мәжбүрлеме. Эмиетентке байланысты  займдар бөлінеді: -орталық үкімет займдары; -жергілікті билік органдары займдары. Кіріс түрі бойынша:•пайыздық, қарыз берушілер жыл сайын бекітілген мөлшерлеме бойынша тұрақты табыс алып отырады.• Лотереялық немесе ішкі ұтыс  облегациялары шығарылады. Қысқа мерзімді қажеттіліктерді жабуға қажетті ақашалай қаражаттар көлемі аз болған жағдайда мемлекеттік қазынашылық міндеттеме секілді (МҚМ) несие түрі шығарылады.  МҚМ 3 айдан 1 жылға дейін заңды тұлғаларға беріледі. Мемлекеттік несиенің нысандары кезінде – мемлекеттік банктердің депозиттік ресурстарының қалдықтарын пайдалану мемлекеттік шығындарды қаржыландыру барысында қолданылады. Мемлкееттік несиенің келесі нысаны – мемлекеттік орталық эмиссиялық банкінен  қаражаттарды тарту болып табылады.  Осының нәтижесінде  айналыстағы ақша массасы құнсызданатындықтан, мемлекет бұл несиенің нысанын көп қолданбайды. Мемлекеттік несиенің келесі нысаны – заңды және жеке тұлғаларға мемлекеттік (қазынашылық) ссудаларды ұсыну.  Ол кәсіпорындар мен ұйымдарға қаржылық дағдарыс жағдайында беріледі Мемлекеттік несиенің әдістері- әр түрлі және келтірілген сәйкес  нысандарға сай болады. Мемлекеттік займдардың – табысты алу және анықтау әдістері, іске ену уақыты әдісі , орналасу әдістері бар. Мемлекеттік несиенің  әдістеріне сонымен қатар  мемлекеттік қарызды басқару әдісі (конверсия, консолидация, унификация, қайта қаржыландыру)де жатады. Мемлкеттік несиенің әдістері банктік несиенің әдістеріне ұқсас.

Мемлекеттік реттеудің мәні мен міндеттері Қоғамдық ұдайы өндірістің қажетті бағытта дамуын бағыттап отыруды мемлекеттік қаржылық реттеу жүзеге асырады. Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу - бұл макроэкономикалық тепе-теңдікте және экономиканың жүзеге асуының әрбір нақты кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер етуі үшін, сондай-ақ қаржы ресурстарын тиімді пайдаланудың күнделікті процесін қамтамасыз етуі үшін шаруашылық жүргізуші субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының мақсатты нысандары мен әдістерінің жүзеге асырылуы. Мемлекеттік қаржылық реттеуді жүзеге асырудың алғышарттарына келесілер жатады: 1. Қоғам дамуның объективті экономикалық заңдарының іс-қимылын есепке алу. Қаржылық реттеу үрдісі шаруашылық тәжірибеде қаржылық саясат мен оның механизмінің субъективті бағыты бойынша жүзеге асырылады. Бұл саясаттың шаралары шаруашылық жүргізуші субъектлердің қызметіне толық есеп жүргізу барысында ескеріледі. 2. Қоғамның дамуының ғылыми- негізделген стратегиялық бағдарламасын әзірлеу. Бағдарлама мемлекет пен оның төменгі құрылымдарының нормативтік актлерін қамтамасыз ететін тұтас, ұзақ мерзімді бағыт ретінде анықталады және кездейсоқ күтпеген жағдайларда тактикалық сипаттағы түзетулер енгізіледі. 3. Көзқарастарды білдіретін демократиялық жүйенің болуы. Бұл халықтың барлық жіктеріне, әлеуметтік, ұлттық және маманданған топтарға өз көзқарастарын еркін білдіруге мүмкіндік береді. 4. Мемлекетте нақты заңнамалық жүйенің қалыптасуы. Заңдылықты жүйе қоғамның дамуына сәйкес қолайлы жағдайды қамтамасыз етуі тиіс. Реттеу үрдісі көптеген объективті және субъективті факторлардың болуымен, әр түрлі санаттар мен оның элементтері пайдаланатын эконмиканың қалыптасу жағдайын сипттайды. Осыған сәйкес мемлекеттік реттеудің жүйесін, оның түрлерге, нысандарға және әдістерге жіктелуін бөліп көрсету қажет. Мемлекеттік реттеу келесідей типтерге бөлінеді: • Экономикалық • Әкімшілдік Қаржылық реттеудің түрлеріне келесілер жатады: o Салықтық o Бюджеттік o Мемлекеттік-несиелік o Кедендік-тарифтік o Қаржылық-валюталық o Ішкі шаруашылық Реттеу нысандары қоғамның барлық мүшелеріне, қаржлық категорияның сәйкес түрлеріне сай қалыптасатын үрдісті сипаттайды. Мысалы, бюджеттік түрдегі нысандарға - қаржыландыру (субсидиялар, трансферттер); салықтыққа - тікелей және жанама салық салу, қаржылық-валюталыққа – сыртқы қаржыландыру, сыртқы займдар мен сыртқы борыштар жатады. Ортақ нысанға жоспарлау (болжамдау) жатады. Сонымен қатар мемлекеттік қаржылық реттеудің ерекшк нысанына мемлекеттік сатып алу жатады. Мемлекеттік сатып алу – бұл органдар мен мекелермен, кәсіпорындардың, заңды тұлғалардың олардың есебіндегіә қаражаттардың есебінен тауарлар мен қызметтерді сатып алуын айтамыз. Жіктелудің көптеген элементтеріне реттеу әдістері жатады. Себебі әдістерді бірнеше нысандарда қолданылуға болады және ол ерекше реттеу нысанының формасы болып табылады (бюджетті теңдестіру әдісі). Әдістер реттеу жүйесінде жеке тәсілдерге бөлінеді. Мысалы, салық салуда- санкция, табыстар декларациясы әдісі, мүліктерді есепке алу, аванстық төлемдер және т.б.әдістер қолданылады. Бюджеттік қаржыландыруда – шығындарды мөлшерлеу, пайыздық аударымдар,бюджет тапшылығын қаржыландыру әдісі. Қаржылқ –валюталық реттеуде негізгі әдістерге валюталық курс, әлемдік төлем құралдары және бағалы қағаздар, авлюталық тәуекелділіктен сақтандырудың әр түрлі әдістері. Мемлекеттік сатап алуда мынадай әдістер қолданылады. Ашық конкурс, жабық конкурс, тауар қорлары арқылы реттеу әдістері. Экономиканы реттеуде макроэкономикалық тепе-теңдікке қол жеткізу тек теориялық түрде қорл жеткізуген болады. Макроэкономикалық тепе-теңдік жағдайы төмендегі келтірілген маңызды экономикалық параметрлердің теңгерімділік жағдайын сипттайды: ü Сұраныс және ұсыныс ü Тауар және ақша массасы ü Жинақтар мен инвестициялар ü Инфляция және жұмыссыздық ü Еңбек өнімділігі және еңбек ақы ü Қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктері мен қаржылық ресурстар ü Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары ü Бюджет тапшылығының көлемі және оны жабу көздері ü Төлем балансының активтері мен пассивтер Нақты экономикалық жағдайда тепе –теңсыздык жағдай қалыпты құбылыс болып табылады..

Мемлекеттік шығыстардың әлеуметтік –экономикалық мәні Мемлекеттік шығыстар бұл мемлекеттің өз қызметтерін жүзеге асыруымен байланысты ақшалай шығындарды айтамыз. Экономикалық категория ретінде мемлекеттік шығындар қоғамдық өндірісті дамыту, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты. Мемлекеттік шығыстар – бұл мемлекеттің орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдаланумен байланысты қаржылық қатынастарының бір бөлігі. Мемлекеттік шығыстары бюджеттік және бюджеттік емес қорлар, мемлекеттік кәсіпорындардың шығындар жүйесі арқылы жүзеге асырылатын тікелей шығындардан тұрады. Шығындар ұғымы жоғарыда келтірілген «кірістер» түсінігіндегі жіктелуге өте ұқсас. Сонымен қатар «шығындар» ұғымының екі мағынасы бар: 1) Ақша қаражаттарын олардың мақсатты бағытталуы юойынша пайдалану, яғни ақша қаржаттарын айырбас процесінде тікелей қолдану. Бұл жағдайда шығыстардың құрамына түпкіліктітабыстардың есебінен жүзеге асырлатын өндірістік және өндірістік емес аядағы кәсіпорындар мен ұйымдардың, және халықтың шығыстары кіреді, ал жалпы қоғамдық өнім үш қорға: орын толтыру қорына қорлану және тұтыну қорына бөлінеді.2) Айырбас процесінде қаражаттарды нақтылы жұмсаудан бөлістірілетін шығыстарды ажырата білу қажет, бұл шығыстар қаржы арқылы қалыптасады: жалпы мемлекеттік қорларды пайдаланған және кәсіпорындардың қорларын масатты бағытталу бойынша бөлген кезде; ақша шығыстары барлқ шаруашылық жүргізуші субъектлердің түпкілікті табыстарын қалыптастырудың негізгі болып табылады. Бұл екі аспект ұғымының оның ұғымына түрленген кездегі қарама-қайшылық пен күрделіліктің туындауына әкеледі: егер соңғы тұтынуды білдіретін болса, келешекте табысты немесе пайданы күтудегі шығындарды білдіреді. Мемлекет шығыстарының басым бөлігі қоғамдық тауарларды, игіліктерді және қызметтер көрсетуді өндіруге немесе олармен халықты қамтамасыз етуге бағытталады. Бағытталуы мен мақсатты арналымы бойынша шығыстардың барлық түрлерінің жиынтығы мемлекеттік шығыстардың жиынтығын құрайды. Мемлекеттің шығыстарын ұйымдастыруға оларды болжау, сондай ақ оларды қаржыландыру мен қаражаттарды пайдаланудың қатаң тәртібін белгілеу арқылы жүзеге асырылады. Сондықтанда мемлекеттік шығындарды ұйымдастырудың негізгі қағидаларының бірі –жоспарлылық болып табылады. Мемлекеттік шығыстарды қаржыландырудың мақсатты сипаты мемлекеттің қаражаттарын қатаң белгілі бір шараларға пайдалануды талап етеді. Мұның негізінде ұлттық шаруашылықтың және аймақтың жекелеген салаларын дамытуда үйлесімділіктерге жету, қаржылардың ең алдымен ғылыми-техникалық прогрессті айқындайтын неғұрлым дамыған және дамушы салаларға бөлу және аса маңызды әлеуметтік мәселелерді шешу қамтамасыз етіледі. Мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың қайтарусыз сипаты берілген ресурстарды тікелей өтеуді талап етпейді. 

Мемлекеттің қаржылық қызметі және оны заңдылықты жүзеге асырудың әдістеріМемлекеттің қаржылық қызметі – бұл мемлекеттің ақша қорларын ұйымдастыру, бөлу және пайдаланумен байланысты қызметі болып табылады. Мемлекет өзінің қаржылық қызметін жүзеге асыра отырып, бір уақытта бір уақытта екі сипатта көріне алады: саяси жүйенің субъектісі ретінде және белгілі бір қорларға бағытталған ақша қорларының иегері ретінде. Осыған сәйкес мемлекеттің меншік иесі ретінде атқаратын ролі оның саяси субъект ретіндегі роліне тәуелді болуы тиіс. Қаржылық қызметтің басты мақсатына қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымының қалыптасуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Мемлекеттің қаржылық қызметінің жүзеге асырылуы үш басты міндеттерді атқаруға мүмкіндік береді: - қаржылық инфрақұрылымды және оның қалыпты жүзеге асырылуын қамтамасыз ету; - қаржылық тетіктердің көмегімен қоғамда болып жатқан үрдістерге әсер ету. Осыған сәйкес мемлекеттің қаржылық қызметі қоғамның қалауына қатысты орын алуы тиіс. Мемлекеттің қаржылық қызметі келесі қағидалар негізінде қалыптасуы тиіс:* қоғамның қажеттіліктерін ескеру және оның көзқарастарына икемделу; * мақсаттылық пен тиімділік;* айқындылық, қоғамның бақылауында болуы;* нормативтілік пен жоспарлылық;* тұрақтылық пен жүйелілік;* қоғамдық қабылдауға ие болу. Мемлекеттің қаржылық қызметі әртүрлі әдістер арқылы жүзеге асырылады: • Міндетті әдістер – салықтар, әлеуметтік сақтандыруға аударымдар, әлеуметтік бюджеттен тыс қорлар; • Ерікті әдістер – жеке және мүліктік сақтандыру бойынша төлемдер, банктік салымдар; • Қайтарымсыз қаржыландыру; • Төлемділік, жеделділік және қайтарымдылық қағидалары негізінде несиелеу әдісі; • ақша қаражаттарымен нақты қолма-қол және нақтысыз есеп айрысу әдістері. Сыртқы экономикалық қызметті мемлекет тарпынан реттеу әртүрлі әдістер мен нысандар арқылы жүзеге асырылады. Реттеудің негізгі нысанына келесілер жатады: - сыртқы экономикалық қызметті қаржыландыру - салық салу - инвестициялау - сыртқы заимдар - сыртқы қарыз - экспортты субсидиялау. Реттеу әдістеріне келесі әдістерді жатқызуға болады: • Тікелей ( әкімшілдік ) – лицензия, квоталар, мемлекеттік монополия әдістері; • Жанама (экономикалық) – салықтар, кедендік төлемдер, мөлшерлеме, валюта курсы, бағалы қағаздар курсы.