Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каржы гос.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
70 Кб
Скачать
☆

Ккккккккккккккккккк

Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржылары.Коммерциялық емес қызметтердің көптеген түрлері бар және олар келесі бағыттардан тұрады:1) мемлекеттік басқару және жалпыға тән мемлекеттік қызметтер;2) қорғаныс саласы;3) ішкі және сыртқы қәуіпсіздікті сақтау;4) төтенше жағдайлар бойынша;5) білім;6) денсаулық сақтау;7) халықты әлеуметтік қолдау;8) фундаментальды ғылым;9) мәдинет пен өнер;10) қоршаған ортаны қорғау;11) қала мен ауылдық мекендерді қолайлы жағдайларды қалыптстыру (жарық беру, көгалдандыру, жол, көпір.);12) Қоғамдық ұйымдар мен мекемелер;13) қайырымдық қорлары. Қызметтің негізгі ерекшеліктеріне пайда алу емес, қоғамдық қажеттіліктерді қамтамасыз ету жатады. Коммерциялық емес ұйымдардың қаржыландыру көздеріне келесілер жатады:— мемлекеттік бюджет есебінен;-комммерциялық емес ұйымдардың жеке қаржылары;-банктердің несиелері;-қатысушылардың жарнасы;-кәсіпорындар мен ұйымдардың қайырымдылық қаржылары;-әр түрлі гранттар.

Коммерциялық негізде қызмет жасайтын кәсіпорындардың қаржысыКәсіпорын экономиканың негізгі буыны ретінде нарық жағдайындағы ақша –тауар қатынастарының дамуы жағдайында, әр түрлі меншік нысаны түрінде қалыптасады. Кәсіпорындардың ұйымдық құқықтық нысандарының қалыптасуы олардың қаржыларының ұйымдастырылуында: капиталдың қалыптасуы, өндірістік-шаруашылық қызметтің қаржыландырылуы, шаруашылық нәтижелерін бөлістіруде ерекшеліктердің орын алуын қамтамасыз етеді.Коммерциялық қызметтің мақсатына пайда алу жатады. Коммерциялық негізде  материалдық және материалдық емес өндіріс аясындағы кәсіпорындардың көптеген түрі қызмет жасайды: коммерциялық банктер, сақтандыру ұйымдары, басқада қаржылық сектордың ұйымдары мен мекемелері( жинақтау, депозиттік, инвестициялық қорлар, бағалы қағаздар мен сауда делдалдық қатынастарды жүзеге асыратын көптеген мекемелер),еркін қоғамдық қорлар мен трасттық компаниялар және т.б.    Коммерциялық ұйымдардың қаржыларын ұйымдастыру бір қағида негізінде жүзеге асырылады. Бір қағидаға негізделу мақсаттардың бірлігін, өндірісті дамыту міндеттерінің жалпы жағдайын көрсетеді. Бұл типтегі кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржыларын ұйымдастырудың негізгі қағидаларына коммерциялық есеп-айырысу, жоспарлылық, меншік нысандарының тең жағдайы және қаржылық резервтердің  болуы жатады. Кәсіпорын қаржылық- шаруашылық қызметінде белгілі бір мақсатқа арналған қаржылық қорларды құрып, пайдаланады.  Қорларда ақшалай қаражаттар барлық уақытта қозғалыста түсіп, айналысқа келіп,  шығынға жұмсалады. Қаржылық тәжірибеде кәіспорындарда олардың мақсаттары мен өндірістік, әлеуметтік қызметтеріне байланысты әр түрлі қорлар пайдаланылады. Экономикалық жағдайлардың өзгеруіне байланысты көптеген қорлар қолданылмай қалды. Кәсіпорындар мен ұйымдардағы ең маңызды қорларға келесілер жатады: жарғылық, резервті, жинақ, валюталық, жөндеу, еңбек ақы қорлары. Кәсіпорындар өздері жеке қорларды да ұйымдастыра алады. Мысалы, медициналық сақтандыру, жекешелендіру, мүшелік жарна қоры, өндірістік және инфрақұрылымдық қор.

ҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚҚ

Қаржы саясатының мәні мен мазмұныҚаржы саясаты – бұл мемлекеттің қаржы аясындағы міндеттері мен қызметтерін жүзеге асыру үшін жүргізілетін шараларының жиынтығы. Қаржы саясаты экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі болып табылады. Қаржы саясаты экономикалық заңдарының талаптарының негізінде қалыптасады. Нақты өмірде қаржы саясаты қаржы механизмі арқылы жүзеге асырылады. Қаржы механизмі қаржыны ұйымдастыру, жоспарлау және басқару түрлерінің, нысандарының және әдістерінің жүйесі болып табылады.Қаржы саясатының мақсаты – қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қаржы ресурстарын қанағаттандыру болып табылады. Қазіргі кезде қаржы саясатын жүзеге асыру барысында шешілетін басты міндеттердің қатарына мыналарды жатқызуға болады:—Әлеуметтік жағдайдың жақсаруы;—Мемлекеттік қаржылардық ұлғаюы;—Ақша тауар ағындарында тепе-теңдікке қол жеткізу— Басқа заңсыз бағыттарға қаржылардың жұмсалуына жол бермеу— Банк жүйесінің тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз ету— Өндірісте тұрақтылықтың қамтамасыз етілуі; Мемлекеттің қаржы саясаты дегеніміз бұл қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі міндеттерін шешу үшін қаржыны пайдалну жөніндегі мемлекеттің нысаналы қызметі, қажыны басқарудың түпкілікті мақсаты, оның нақтылы нәтижесі. Қаржылық саясатқа бюджеттік, ақша, несие, баға және кедендік саясаттар жатады. Осыған сәйкес қаржы саясаты қосалқы ролді атқара отырып, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын жүргізудің негізгі құралы болып табылады. Бюджеттік саясат Бюджетте жинақталған ІЖӨ бір бөлігін, бюджеттің шығыс бөлігінің қалыптасуын, әр түрлі деңгейлі бюджеттер арасында қаржылардың бөлістірілуін қарастырады. Бюджет дегеніміз– мемлекеттің функцияларын жүзеге асыруға бағытталған ақша қорларының қозғалысын көрсететін заңды түрде бекітілген құжат. Қаржы саясатының негізгі бөлігінің бірі – салық саясаты. 500 жылдан астам уақыт бойы қаржы саясатының салыққа деген қатынасы анықталуда:• Мемлекет салықсыз жүзеге асуы мүмкін емес •Салықтық емес төлемдер өсуге бағытталады • Салық өзінің белгілі бір деңгейінен өте көп артық көлемде бекітілген жағдайда табиғи ұлғаймалы өндіріс үрдісінің бұзылуынан экономикалық жағдайдың құлдырауы жүзеге асады. • Дағдарыс жағдайында салықтар ең шекті мүмкін деңгейде бекітіледі • Салықтардың жоғары деңгейде бекітілуі капитал ағынына әкеледі • Мемлекеттің экономиканы реттеуі қажет болып табылады • Салықтық жеңілдіктер айқын түрде ұлғаймалы өндіріс субъектлері арасында теңдей бөлінуі тиіс • Салықтық саясат ашық, қарапайым және тиімді болуы тиіс • Негізгі салықтық база ретінде табыс пен мүлік қолданылуы тиіс. Салық саясатының ел экономикасына әсері тікелей- жоғары салық деңгейі бекітіліп, оның нәтижесінде ұлғаймалы өндірістің инвестициялық мүмкіндіктері кеміген жағдайда және тұтыну деңгейінің төмендеп, өнім өндіру мен сату көлемі кеміген жағдайда айқын байқалады. Ақша саясатының құрамдас бөліктеріне эмиссиялық саясат және ұлттық валютаның тұрақтылығы жатады.Эмиссиялық саясат, айналысқа қажетті ақша санын анықтаумен қатар бюджеттің табысын ұлғайту үшін де қолданылады. Ұлттық валютаның тұрақтылығы өте күрделі процесс болып табылады себебі, егер ақша массасы қажетті көлемнен асып кетсе, инфляция қалыптасып, бюджеттің кірістері құнысызданады. Егер белгілі бір себептерге байланысты мемлекет өзінің ақша массасын реттей алмаса, онда елдің экономикалық қәуіпсіздігі бұзылады және ұлттық валюта басқа шет елдік валюталарға төтеп бере алмайды және ұлттық байлықтың белгілі бір бөлігі шығынға ұшырайды. Несие жүйесі ішкі шаруашылық есеп-айырысу мен ссудалық капиталдың есебін қамтамасыз етеді. Ссудалық капитал бұл несие беруді жүзеге асыра отырып, айналым қаражаттарын қамтамасыз ету яғни ұлғаймалы өндіріс процесін жүзеге асырудың маңызды шарттарына жатады. Баға саясаты мемлекет монопольды тауарлар мен қызметтерге бағлар мен тарифтерді реттеп отырады. Мемлекетте монополды иелігіне жер, жер қойнаулары, темір-жол, мұнай, газ құбырлары жатады. Баға саясаты экономиканы ретеудің маңызды факторларының бірі болып табылады. Электрэнергияға, шикізатқа, транспорттық тарифтерге тауарлар мен қызметтердің барлық түрінің бағалары байланысты болады. Кедендік саясат бұл саясатты салықтық және баға саясатының бөлігі ретінде қарастыруға болады, себебі кедендік алымдар мен салықтар тауарлар мен қызметтердің бағасына тікелей әсер етеді. Сонымен қатар кедендік саясат ішкі нарыққа импорттық тауарларды ендіру мен шектеуге қатысты немесе экспортқа тауарларды шығаруға қатысты әсер ете отырып, ел экономикасына әсер етеді.

Қаржы саясатының міндеттері мен қағидаларыМемлекеттің қаржы саясатының міндеттеріне келесілер жатады: • Қаржы ресурстарының максималды түрде қалыптасуын қамтамасыз ету • Мемлекет тарапынан қаржы ресурстарын мақсатты бөлістіру мен пайдалануды қамтамасыз ету • Қаржы әдістерінің негізінде экономикалық және әлеуметтік ресурстарды реттеу мен ынталандыруды ұйымдастыру • Стратегияның мақсаттары мен міндеттерінің өзгеруіне сәйкес қаржы механизмін дайындау мен дамыту • қаржыларды басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру. Мемлекеттің қаржы саясаты қалыптастырудың негізгі қағидаларына келесілер жатады:-Қаржы ресурстарын бөлістіруде қоғамдық өндірістің барлық мүшелері қатынасуы тиіс (әлеуметтік, ұлттық, мамандандырылған топтар). -Мемлекет пен субъектлер арасында қаржы тиімді түтүрде бөлістірілуі тиіс, -қаржы ресурстарының кіріс бөлігі шығыс бөлігін жабуы тиіс. -Қаржы ресурстарының түсімдерінің жоспарын ұйымдастыру қажет.

Қаржы саясатының типтері:Көптеген елдердегі қаржы саясатына талдау жүргізе отырып, олардың 4 негізгі типтерін атап көрсетуге болады: классикалық, реттеушілік, жоспарлы –директивті және қәзіргі саясат.Өткен жүз жылдықтың 20 жылдарында көптеген елдерде қаржы саясатының классикалық типі кең қолданылды. Мұндай қаржы саясаты классикалық саяси экономияның өкілдерінің еңбектерінде А. Смит (1723-1790) және Д. Рикардоның(1772-1823 еңбектерінде және олардың ізбасар ғалымдарының еңбектерінде айқын көрінеді. Олардың негізгі ұстанған бағыттары – экономикаға мемлекеттің араласпауы, еркін бәсекелестіктің қалыптасауы және нарықтық механизмді шаруашылық үрдістердің басты реттеушісі ретінде қолдану. Осының негізінде мемлекеттік шығындар мен салықтарды кеміту, тепе-теңдік бюджет құрылымын қамтамасыз ету. Реттеушілік қаржы саясатының негізін ағылшын экономисті ДЖ. М. Кейнстің (1883-1956) және оны қолдаушылар қалыптастырған. Олар экономиканың циклдық дамуын мемлекет әр уақытта реттеп отыруы қажет деген тұжырымды ұстанады. Ал қаржы саясаты дәстүрлік міндетттермен қатар халықты толық еңбекпен қамтуды жүзеге асыру мақсатында экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеуді де жүзеге асыру қажет. Реттеушілік қаржы саясаты жағдайында салықтар түбегейлі өзгеріп отырады. Басты реттеуші механизм ретінде прогрессивті салық мөлшерлемелерінде пайдаланылатын табыс салығы жиі қолданылады. Жоспарлы – директивті қаржы саясаты экономиканы жоспарлы басқару жүйесін қолданатын мемлекеттерде жүзеге асырылады. Өндіріс қаражаттарының мемлекеттік меншікке негізделуі экономиканы, қаржыны және әлеуметтік саланы тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Бұл жағдайдағы қаржы саясатының мақсаты – мемлекеттік жоспарды жүзеге асыра отырып, мемлекеттің қаржы ресурстарын максималы түрде шоғырландыруға бағытталған (ең бірінші билік пен басқару органдарында ). Қәзіргі қаржы саясаты – бұл кәсіпкерлік қызметтің көп түрлерінің дамуымен, мемлекеттік меншіктің жекешеленуімен, шаруашылық жүргізудің әр түрлі формаларының қалыптасуымен және аралас экономиканың жүзеге асырылуымен сипатталады. Осының негізінде қағидалы қаржы механизмі қалыптасады. Мемлекет кәсіпорыннның ішкі шаруашылық қатынастарына араласпайды.

Қаржыларды басқару түсінігіҚаржыны басқару - бұл қаржыға және шектес экономикалық және әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау үдерісі және қаржылық қатынастардың бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және мұның негізінде тиісті қаржылық саясатты жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет (қаржы органдары арқылы) шараларының жиынтығы. Бұл ретте белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістері пайдаланылады. Қаржы жүйесінде басқару қаржылық механизм арқылы оның әдістері, тұтқалары, ынталандырмалары мен санкциялары көмегімен жүзеге асырылады. Сөйтіп, қаржыны басқару - бұл тиісті қаржылық саясатқа жетудің мақсаты; қаржылық механизм бұл мақсатқа жетудің құралы; қаржылық саясат - қаржыны басқарудың тиісті үдерісінің түпкілікті қорытынды нәтижесі.

Қаржылардың қалыптасуы мен дамуыОрталық Европадағы алғашқы буржуазиялық төңкерістің нәтижесінде мемлекет басшысының қазынадан айыру үрдісі орын алды. Осының нәтижесінде жалпы мемлекеттік ақша қорлары – бюджет қалыптасты. Мемлекеттік бюджеттік қалыптасуы мен дамуы жүйелі сипатта орын алып, мемлекеттік кірістер мен шығыстардың жүйесі қалыптасты. Мемлекеттің кірістері заттай түрдегі еңбек өнімдерінен емес, ақшалай нысандағы салықтардан құрала бастады. Қаржы бұл тарихи категорияны сипаттайды. Олар мемлекеттің қалыптасуынан бастап, қоғамда сыныптарға бөліну қалыптасқан уақыттан бері орын алып келеді. Капиталистік құрылымға дейін мемлекеттің қажеттілігінің басым бөлігі натуралды түрде жинақтар мен алымдардың әр түрін бекіту арқылы қанағаттандырылды. Тауар-ақша қатынастары жалпы қоғамдық сипатта болған капитализм жағдайында қаржы- ұлттық табысты бөлістіру, ақша қаражаттарының қорларын қалыптастыру мен бөлістірумен байланысты экономикалық қатынастарды сипаттайды. Қаржылық қатынастар 20 ғасырда Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін кең дами бастады. Барлық мемлекеттерде ұлттық табыстың көп бөлігін мемлекет иелігінде пайдалану жүзеге асырылды. ( 30 дан 50%-ға дейін). Ақшалай қаражаттардың ірі көлемін иелене отырып, мемлекет ұлғалмалы ұдайы өндіріс үрдісіне өз әсерін тигізе бастады. Осы уақытта әр түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың қаржысы кең ауқымда дами түсті. Дамыған шет мемлекеттерде ұйымның акционерлік қоғам нысанындағы түрі кең етек жайды. Оған акцияны шығарудың капиталды жинақтаудың түрі ретінде қолданылуы өз әсерін тигізді.Қаржының дамуын екі негізгі кезеңге бөліп көрсетуге болады:1 кезең – Қаржының жетілмеген нысаны. Капиталистік құрылымға дейін мемлекеттің қажеттілігінің басым бөлігі натуралды түрде жинақтар мен алымдардың әр түрін бекіту арқылы қанағаттандырылды.Қаржылар өндірістен тыс сипатта орын алды. Осы кезеңде шығындар негізінен тек қорғаныс саласына жұмсалынды2 кезең – Қаржының жетілген нысаны. Тауар-ақша қатынастары жалпы қоғамдық сипатта болған капитализм жағдайында қаржы- ұлттық табысты бөлістіру, ақша қаражаттарының қорларын қалыптастыру мен бөлістірумен байланысты экономикалық қатынастарды сипаттайды.

Қаржылық бақылаудың жіктелуіҚаржылық бақылаудың жіктелуі субъектлердегі айырмашылықтарға, бақылау іс- қимылдарын жүргізудің уақытына, бақылауды жүргізудің тәсілдеріне негізделген. Осы белгілеріне қарай, қаржылық бақылау үш бағыт бойынша: түрлері, нысандары оны жүзеге асырудың әдістері бойынша жүзеге асырылады. Бақылауды жүзеге асыратын субъектілерге қарай бақылаулар келесі түрлерге бөлінеді: -жалпы мемлекеттік (мемлекеттік, ведомствалық, ішкі шаруашылықтық, парламенттік); -қоғамдық (профсоюздік, партиялық және массалық қозғалыстар және т.б. ) Жалпы мемлекеттік бақылау кез-келген объектіге қатысты оның ведомстволық және меншіктік нысанына байланыссыз жүргізілетін бақылау.Оны мемлекеттік билік пен басқару органдары жүзеге асырады. Жалпы мемлекеттік бақылаудың келесідей түрлерін атап көрсетуге болады: салықтық, бюджеттік, валюталық және кедендік бақылау. Ведомстволық қаржылық бақылау жеке министрліктің, ведоствоның өкілдіктері шегінде олардың жүйесіне кіретін шаруашылық жүргізуші субъектлердің қаржы-шаруашылық қызметіне жүргізіледі. Оның негізгі міндетіне мыналар жатады: жоспарлы тапсырмалардың орындалуын, материалдық және қаржы ресурстарын тиімді, үнемді пайдаланылуын, меншіктің сақталымдығын, бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуін, бақылау –тексеріс жұмысының мән-жайын бақылау, заң бұзушылықтарды айқындау. Ішкі шаруашылық бақылау кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметтеріне экономикалық және қаржылық ұйымдарға жүргізіледі. Мұндай бақылаудың объектісіне шаруашылық және қаржылық қызмет жатады. Қоғамдық бақылау түрлі қоғамдық ұйымдар жүзеге асыратын бақылау түрі. Бұл бақылаудың объектісі олардың алдында тұрған міндеттерге байланысты. Тәуелсіз бақылау арнайы мамандандырылған органдар арқылы – аудиторлық ұйымдар мен фирмалар арқылы жүргізіледі. Қаржылық бақылау жүргізілу уақытына сәйкес келесі түрлерге бөлінеді: -Алдын –ала бақылау; -Кейінгі бақылау. Алдын –ала қаржылық бақылау қаржылық операциялар жүрзілер алдында жүзеге асырылады. Ол қаржылық болжау мен бағдарламаларды және барлық деңгейдегі бюджеттік жоспарларды құру үрдісіне негізделген нақты бағалау жүргізуге мүмкіндік береді. Кейінгі қаржылық бақылау есептік кезең соңындағы қаржылық және бухгалтерлік тексеріс пен талдау негізінде жүргізіледі. Бақылаудың бұл түрі шаруашылық қызметтің нәтижелерін бағалау үшін және қаржылық стратегияның тиімді жүзеге асырылуын бағалау үшін қолданылады Қаржылық бақылау жүргізілу әдістері бойынша келесілерге бөлінеді: -Тексеру; -Зерттеу; -Экономикалық талдау; -Тексеріс ü қадағалау. Тексеру қаржылық –шаруашылық қызмет бойынша құжаттар бойынша барлық бөлімшелердің қызметін тексеру. Зерттеу – кәсіпорынның қызметінің негізгі, жеке тұстарын қамтиды. Осыған сәйкес орындалған жұмыстарды, материалдық шығындарды, отынды, энергияны есептеу жүргізіледі. Қадағалау қаржылық қызметтің белгілі бір түрі үшін: сақтандырушылық, инвестициялық, банктік және т.б. қызметтер үшін лицензия алған бақылау органдар арқылы жүзеге асырылады. Ол бекітілген нормативтердің жүзеге асырылуын қадағалайды. Экономикалық талдау бұл объектінің шаруашылық, қаржылық қызметіне баға беру; қызметтің түрлі нәтижелерін анықтау және осының негізінде экономикалық жағдайды жақсартудың жолдары мен факторларын анықтау. Тексеріс (ревизия) қаржылық бақылаудың кең тараған түріне жатады. Кәсіпорынның шаруашылық қызметіне белгілі нақты және құжаттық бақылау әдістері мен тәсілдері арқылы бақылау жүргізу. Субъектінің шаруашылық қызметін қамтуына байланысты тексерістің келесідей түрлерін атап көрсетуге болады:§ Толық; § Іріктемелі; § Тақырыптық; § Нақтылы. Толық тексеріс бақылау объектісінің шаруашылық қызметінің бүкіл қызметін тексеруді айтады. Іріктемелі тексеріске субъектінің қаржылық-шаруашылық қызметінің бір бөлігі ғана тексерілуі жатады. Тақырыптық тексеріс бір үлгідегі бірнеше кәсіпорындарда, мекемелерде, қаржы –шаруашылық қызметтің жеке мәселелеріне сәйкес жүргізіледі. Нақтылы тексеріс тек құжаттарды ғана емес сонымен қатар кәсіпорынның қаражаттарын, материалдық, еңбектік құндылықтарына да бақылау жүргізеді. Қаржылық және шаруашылық операцияларды қамту деңгейіне байланысты тексерістің келесідей түрлерін бөліп көрсетуге болады: Ø Жалпылай; Ø Іріктеулі; Ø Кешенді. Жалпы тексеріс қарастырылып отырған кезеңде белгілі бір объектінің барлық операцияларын тексеруді айтады. Іріктеулі тексеріс белгілі бір уақыт аралығында бастапқы құжаттардың белгілі бір таңдаулы бөлігін тексеруді айтады. Мысалы, бір кварталдағы бір айды тексеру. Кешенді тексеріс қаржылық бақылау объектісінің нақты кезеңдегі бір қызметін жаппай әдіспен, ал кейбір бөлігін іріктеулі әдіспен тексеруді айтады. Тексерістің бұл түрі ірі шаруашылық операциялардың қызметін тексеруде және ірі құжат айналымы бар шаруашылықтар қызметінде қолданылады.

Қаржылық бақылаудың мәні, міндеттері және қағидаларыҚаржылық бақылау жалпы қоғамдық өнімнің ақшалай қорлар бойынша және оның белгілі бір мақсаттарға сәйкес пайдаланылуын бақылауды айтамыз. Қаржылық бақылау - бұл заңдылықты және атқарушы билік органдарының барлық деңгейінің және арнайы құрылған мекемелердің экономикалық субъектлердің қаржылық қызметіне бақылау жүргізуі. Бақылаушылық функцияның нәтижесінде қаржылық ресурстарды қалыптастыру, бөлістіру және пайдалану бойынша кемшіліктер анықталады. Осыған сәйкес қаржылық бақылаудың ерекшелігіне –оның ақша нысанында жүзеге асырылуы жатады. Осыған сәйкес тексеру нысанына- кәсіпорындағы пайда, кірістер, рентабельділік, өзіндік құн, айналыс шығындары жатады.. Бақылаушылық функцияның міндеттеріне келесілер жатады: - ақшалай қорлардың қалыптасуы, бөлістірілуі мен пайдаланылуына негізделген арақатынастың сақталуы; - мемлекет тарапынан өндіріс, айналыс және материалдық игіліктерді тұтыну үрдістеріне әсер ету мүмкіндіктерін қалыптастыру. Қаржылық бақылау келесі міндеттерді атқарады: 1. Қаржылық міндеттемелердің орындалуын тексеру 2. Ақшалай қаржаттардың дұрыс пайдаланылуын тексеру 3. Қаржылық операциялардың және ақшалай қаражаттарды сақтаудың дұрыс жүзеге асырылуын тексеру 4. Өндірістің ішкі резервтерінің – еңбек өнімділігін, айналым қаржаттарының айналымдылығының жеделдігін, ақшалай және материалдық қаражаттарды тиімді пайдлану жолдарын анықтау. 5. Қаржылық тәртіптің бұзылуын ескерту мен жою. Қаржылық бақылаудың негізгі қағидаларына келесілер жатады: - реттілік, жаппай қамтушылық, әмбебаптығы; - алдын ала ескертушілік сипаты; - әрекеттілік, нақтылық, жариялылық; - бақылауда алаламаушылық (бөлмеушілік) сипаты; - бақылау органдары қызметкерлерінің тәуелсіздігі.

Қаржылық жоспарлау жүйесіҚаржылық жоспарлаудың негізгі құжатына- қаржылық жоспар жатады.Қаржы жоспары – бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың, аймақтардың және жалпы мемлекеттің ақшалай қорларын құрудың және пайдаланудың жоспары болып табылады. Қаржы жоспары ұлттық шаруашылықтың ресурстармен қамтамасыз етілуін көрсетеді. Қаржылық жоспарлаудың жүйесіне жоспарлаудың көптеген түрлері (бастапқы, жиынтық қаржылық жоспарлар) кіреді. Бастапқы қаржылық жоспарларға мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындардың, ұйымдардың қаржылық жоспарының сметасы кіреді. Жинақты қаржылық жоспарларға жалпы мемлекеттік, аумақтық, салалық жоспарлар кіреді. Жалпы мемлекеттік жоспарларға: мемлекеттің жиынтық қаржы балансы және мемлекеттік бюджет жатады. Салалық қаржылық жоспарларға: министрліктердің кірістері мен шығыстарының балансы, материалдық өндіріс салаларының балансы, қоғамдық ұйымдардың қаржылық жоспары кіреді. Аумақтық қаржылық жоспарларға: аймақтардың жиынтық қаржылық жоспары, жергілікті бюджет, сәйкес аумақтардың қоғамдық ұйымдарының жоспарлары жатады. Уақыт кезеңіне байланысты қаржылық жоспарлау жылдық, орта мерзімдік (үш -бес жылдық) және ұзақ мерзімдік қаржылық жоспарлауға бөлінеді. Бүгінгі таңда жылдық мерзімде аталған жоспарлардың барлығы да дайындалады. Материалдық өндіріс аясында қаржылық жоспарлар кірістер мен шығыстардың балансы деп аталып, төрт бөлімнен тұрады: 1. Кірістер мен түсімдер 2. Шығындар мен ақшалай аударымдар 3. Бюджеттік төлемдер 4. Бюджеттік аударымдар. Баланстың бірінші бөліміне: таза кіріс, амортизациялық аударымдар, банктердің ұзақ мерзімдік несиелері, жинақ қорларының қаржылары,өнімді өткізуден түскен түсім, салықтық түсімдер, акциздік салықтар көлемі, бағалы қағаздарды сатудан түскен түсім, айналым қаржаттарының өсімі жатады. «Бюджетке төленетін төлемдер» бөлімінде салықтардың барлық түрлері бойынша түсімдер жатады. «Бюджеттен аудару» бөлімінде келесі шаралар қарастырылады. Мемслекеттің орталықтандырылған қаржылық салымдары, үкімет пен жергілікті билік органдарының шешімімен қаржыландырылатын жедел шығындар. Аз көлемдегі айналым қаржылары бар шаруашылық субъектлер екі бөлімді қаржылық жоспарды: кірісті және шығысты дайындайды.

Қаржылық жоспарлау мен болжамдаудың мәніҚаржылық жоспарлау – Бұл қаржы механизмінің (тетіктерінің) қосалқы жүйесі және экономикалық және әлеуметтік жоспарлаудың құрамдас болігі болып табылады. Қаржылық жоспарлау – бұл қаржылық ресурстардың үйлесімдігі мен теңгерімділігі жайлы қызмет болып табылады. Осы арада теңгерімділік дегеніміз — мемлекет қарамағындағы қаржылық ресурстар арасындағы және кәсіпорынның табыстары арасындағы қолайлы, үйлесімді қатынас болып табылады. Ал үйлесімділік түсінігі кәсіпорындардың және экономиканың басқа да салаларының салық төлегенге дейінгі және төленгеннен кейінгі қалған табыстардың көлемінің арасындағы мақсатты қатынастың қалыптасун айтамыз.Қаржылық жоспарлаудың объектілеріне ақшалай кірістер мен жинақтардың қалыптасуы, орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақшалай қаржаттардың пайдаланылуы жатады. Осыған орай, қаржылық жоспарлау — ақшалай қаражаттарды қалыптастыру, бөлістіру және пайдалану бойынша экономикалық үрдістерді жоспарлы басқару түсінігін береді. Қаржылық жоспарлаудың мақсатына қаржылық ресурстардың қалыптасу көздерін, олардың көлемін анықтау, тиімді арашамасын бекіту, аймақтар мен салалар арасында тиімді бөлістіру мен резервті қаржы көздерін қалыптастыру жатады.Қаржылық жоспарлаудың міндеттеріне шаруашылық субъектлерді дамыту мақсатында теңгерімділік пен үйлесімділікке қол жеткізу жатады. Қаржылық жоспарлау — бұл экономиканы басқарудың маңызды функциясына жатады. Ол мемлекеттің билік органдары арқылы сонымен қатар шаруашылық субъектілер арқылы жүзеге асырылады. Нарықтық экономика жағдайында қаржылық жоспарлау көп жағдайда болжамдау негізінде жүзеге асырылады.Қаржылық жоспарлау жағдайында қаржы жүйесінің барлық органдарының қызметі бірдей қамтылуы тиіс. Осыған байланысты қаржы жүйесінің кейбір буындары әлсіз болған жағдайда қаржылық жоспарлау жүйесін даярлаудың қажеттілігі туындайды. Жоспарларды құру келесі жағдайларға әсер етеді • Ақша қорларын қалыптастыру мен пайдаланудың әдістері мен нысандарына; • Қаржылық ресурстарды салалық және аймақтық қайта бөлістіруге; Нақты ақша қорларының ақшалай қаражаттары сәйкес қаржы жоспарларына сәйкес орналастырылады. Қаржылық жоспарлау жүйесінде ерекше, басты орын алатын бюджеттік жоспарлау болып табылады. Бюджеттік жоспарлауда бюджетттік қорлардың қозғалысы, қалыптасу әдістері мен көздері, кірістері мен шығыстарының құрылымы айқындалады. Бюджеттен тыс қорлардың қозғалысы: зейнетақы қорының, әлеуметтік сақтандыру қорының, мемлекеттік еңбекпен қамту қорының қаржылық жоспарларының кірістері мен шығыстарына ықпал етеді. Бюджеттен тыс қорлардың қаржылық жоспарлауындағы кіріс бөлігіне заңды және жеке тұлғалардың ерікті және міндетті жарналары бейнеленеді. Сонымен қатар бюджеттен тыс қорларға қаржылары жетіспеген жағдайда бюджеттен займдық қаражат түрінде қаржылар түсуі мүмкін. Осыған сәйкес бюджеттен тыс қорлар бюджеттік қормен және басқа да, бюджеттен тыс қорлармен өзара тығыз байланыста болады. Қаржылық жоспарлаудың көрсеткіштеріне мемлекеттің қаржылық жағдайын талдауға қажетті бастапқы материалдар жатады. Олар болашақты жоспарлаудың негізін құрайды. Болжамдау – бұл қандай да бір құбылыстың, объектінің келешекте дамуын алдын -ала көре білу мен бағдарлау. Қаржылық жоспарлау – қаржылық қатынастардың жетілдірілуі. Қаржылық болжамдау – мемлекеттің мүмкін болатын қаржы жағдайын алдын –ала көре білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу(дәлелдеу)болып табылады. Болжамдар орташа мерзімде (5-10 жыл) және ұзақ мерзімге (10 жылдан аса) дайындалады. Жоспарлау бұл өзара байланысты қаржы тапсырмаларын әзірлеу, қаралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған процесс.

Қаржылық жоспарлауды жетілдірудің негізгі бағыттары Нарықтық экономикадағы мемлекеттік реттеу ең алдымен салықтық, бюджеттік, банктік, кедендік және монополияға қарсы саясаттың жүргізілуімен қамтамасыз етіледі. Экономиканы мемлекеттік реттеудегі басты ролді қаржылық жоспарлау оның ішінде индикатвті жоспарлау алады.  Индикативті қаржылық жоспарлаудың негізгі мақсаты-мемлекеттің қызметін жүзеге асыруға бағытталған қаржы ресурстарының көлемі мен бағыттарын анықтау. Индикативті қаржылық жоспарлау тек мемлекеттік  сектор үшін ғана міндетті болып, ал экономиканың басқа секторлары үшін – ұсыныстар сипатында болады. Кәсіпкерлік буындар өзінің шаруашылық –коммерциялық қызметінде жоспарлауда  биснес— жоспарды пайдаланылады. Бизнес-жоспар-  бұл кәсіпкерлік қызметтің техникалық, экономикалық негізіне сәйкес болатын құжат. Бизнес жоспарлауда келесі құжаттар дайындалады:—өнім көлемін болжау—ақшалай кірістер мен шығыстардың балансы—кәсіпорынның активтері мен пассивтерінің жиынтық балансы -шығынсыздық нүктесіне жету графигі

Қаржылық заңдылық жүйесіндегі қаржылық-құқықтық актілерҚаржылық –құқықтық актілер – бұл қарастырылған нысанда қабылданған және заңдық салдары бар мемлекеттік билік пен басқару органдарының құзырына кіретін қаржылық қызметтің мәселелері жөніндегі шешімдері болып табылады. Қаржылық –құқықтық актілер қаржылық –құқықтық нормаларды белгілейді, өзгертеді немесе қолданыстан алып тастайды. Қаржылық –құқықтық актілердің жиынтығы қаржылық заңдылықты құрайды. Қаржылық –құқықтық актілер келесілерге бөлінеді:* Нормативті актілерге* Нормаларды нақтылайтын жеке актілерге * Заңнамалық актілер - шығарылатын заңдар, қаулылар * Қосалқы актілер – заңға негізделген нұсқамалар, бұйрықтар. ҚР заңдары: А) ҚР Конституциясы – ҚР барлық аумақтарына тікелей әсер ететін жоғарғы заңды күші бар заң; Б) Конституциялық күші бар ҚР заңдары; В) Үкіметтік заң актілері (декларациялар, ережелер, қаулылыларжәне т.б. .), ҚР заңдары, ҚР өкімдері; Г) Қосалқы актілер: - ҚР Президентінің қаулылары мен бұйрықтары - ҚР үкіметінің өкімдері мен қаулылары - министрліктердің нормативті актілері және басқа да атқарушы органдардың актілері - бұйрықтар, қаулылары, атқарушы органдардың нұсқамалары; Д) Жергілікті басқару органдарының актілері – тек облыста, ауданда, ауылдық жерлерде іске асырылатын нормативті актілер. Жергілікті өзін-өзі басқару актілерінің түрлері: - қаулы – шешім; Е) Жалпыға бірдей қағидлар мен нормалар, ҚР мен іс жүргізуде қолданылатын халықаралық құқық пен келісімдер.

Қаржылық құқықтық қатынастар мен қаржылық нормаларҚаржылық қатынастар құқықтық реттеуді қажет етеді. Осыған сәйкес қаржы құқығының әр түрлі нормалары қолданылады. Қаржылық құқықтық қатынастардың келесідей ерекшеліктері қарастыруға болады: - олар мемлекеттің қаржылық қызметінің аясында ұлттық табысты бөлу мен қайта бөлістіру аясында қалыптасады; - бұл қатынастардың бір жағында міндетті түрде мемлекеттік биліктің бір органы болуы керек; - қаржы құқығына қаржы аясындағы барлық заң нормаларының жиынтығы жатады; - міндетті объект ретінде ақша қорларын қалыптастыру мен пайдалануға байланысты ақшалай қорлар мен міндеттемелер пайдаланылады. Қаржылық құқықтық қатынастар мемлекеттік –биліктік сипатта орын алады. Қаржылық –құқықтық норма – бұл субъектінің қаржылық қатынастар жағдайындағы нормативті құқықтық актілер мен бекітілген қаржылық нормалары. Қаржылық- құқықтық нормалар мазмұнына байланысты келесі үш түрге бөлінеді:1.Міндеттеушілік қаржылық-құқықтық нормалар қаржылық-құқықтық қатынастардың мүшелеріне белгілі бір әрекетті жүзеге асыруды міндеттейді. 2.Тыйым салушылық қаржылық-құқықтық нормалар белгілі бір әрекетті жүзеге асыруға жол бермейді. 3.Уәкілеттік қаржылық-құқықтық нормалар тапсырманы орындауға бағыттайды. Қаржылық-құқықтық нормалар мазмұнына байланысты келесілерге бөлінеді:Ø Материалдық қаржылық-құқықтық нормалар, олар қоғамдық қатынастарда материалдық объект ретінде ақшалардың қозғалысына реттеу жүргізеді. Ø Ұйымдастырушылық қаржылық құқықтық нормалар, олар қаржылық қызметті, әдістер мен нормаларды анықтайтын қаржылық құрылымдарды бекітеді, бюджеттің бекітілуін, атқарылуы мен орындалуын қарастырады. Қатыстылығы бойынша қаржылық құқықтық қатынастар келесілерге бөлінеді:o Бюджеттік; o Бюджеттен тыс; o Қаржылық-банктік; o Қаржылық-сақтандыру; o Қаржылық-шаруашылық. Құқықтық реттеудің әдістеріне байланысты құқықтық қатынастар келесілерге бөлінеді:§ Біржақтылық-биліктік; § Келісімділік. Біржақтылық-биліктік қаржылық қатынастар біріншіден, мемлекеттің бір жақтылық билігі негізінде қалыптасады және екінші жақтың көзқарасы есепке алынбайды. Екіншіден, құқықтық қатынастар «билік-бағыну» моделіне негізделіп жүзеге асады яғни қатынастың бір жағындағы мемлекеттің –құқығы көп болады, ал екінші жақтың – міндеті көп болады. Келісімділік қаржылық қатынастар екі жақтың келісімі , ұйғарымы арқылы жүзеге асырылады. Бірақ кез-келегн қаржылық қатынастар заңды түрде тең құқылы болып табылмайды. Екі жақта да өз міндеттері мен құқықтары болады. Қаржылық құқықтық нормалардың келесідей нормалардан тұрады: гипотеза, диспозиция, санкциялар. Гипотеза нақты норманың қолданылуы қажет жағдайын сипаттайды. Диспозиция әрекет тәртібін сипаттайды. Санкция қаржылық-құқықтық нормаларды бұзушыларға қолданылатын жауапкершілік болып табылады. Мемлекеттік органдар билік органдары арқылы орындалуы міндетті өкімдер мен бұйрықтар береді. Бірақ мемлекеттік органдар қаржылық құқықтық қатынастарға тең заңды негізде ғана қатысуға міндетті. Қаржылық қатынастырдың барлық құқықтары мен міндеттері мемлекеттің қорғауында болады. Қаржылық міндеттемелер көп жағдайда ерікті түрде азаматтар мен қызметкерлердің міндеттеушілік әдіс арқылы жүзеге асырылады. Қаржылық міндеттемелерді орындамайтын щаруашылық органдар мен азаматтарға қаржылық санкциялар қолданылады. Мұндай санкцияларға өсімдер, айыппұлдар, тұрақсыздық айыбы, қаржыландыру мен несиелендірудің тоқтатылуы жатады.

Қаржының әлеуметтік-экономикалық маңызыМатериалдық игіліктерді игеру, олардың үздіксізділігін қамтамасыз ету яғни ұлғалмалы ұдайы өндіріс үрдістерінің жүзеге асырылуы ақшалай түрдегі құн қозғалысынсыз мүмкін емес. Ақша айналымының негізінде қаржы немесе ақша сомасының бір адамнан екіншісіне өту үрдісі жүзеге асады. Бүл ерекше үрдіс нәтижесінде «қаржы » термині қалыптасты. «Қаржы» термині латынның <finis> деген сөзінен, түсінігі –«соңы», «табысқа жету», «қолма қол ақша»деген ұғымдарды яғни төлемнің соңы, төленуі деген мағыны береді. Кейінірек бұл термин француздың <financia> түрінде беріліп, кең мағынада ақшалай төлемдер түсінігін және мемлекеттің табыстарының жиынтығы түсінігін берді. Құндылықты категория ретінде қаржы мемлекеттік шаруашылық субъектлерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған ақшалай қорлар мен кірістердің қалыптасуымен, қоғамдық өнімді бөлістірумен байланысты экономикалық қатынастарды береді. Қаржы тек орталықтандырылмаған және орталықтандырылған қорларды қалыптастыру мен пайдалануға байланысты экономикалық қатынастарды ғана қамтиды. Осыған сәйкес қаржы ғылымының нысанына қоғамдық өнімді бөлістірумен байланысты экономикалық қатынастар жатады. Қаржының объектісіне мақсатты ақша қорлары мен кірістер жатады. Қаржының субъектісіне кәсіпорындардар, ұйымдар, халық және мемлекет жатады. Кәсіпорынның қажеттілігін қанағаттандыра отырып қаржы құнның санаттарын(ақшалай және тауарлы түрдегі) ауыстыру үрдісін қамтамасыз етеді. Тек тауарлардың қозғалысының құндылықты санаты(категориясы) ғана ақша айналымы мен бөлістірушілік сипаттағы экономикалық қатынастарды туындатады. Жоғарыда келтірілгендерді қорытындылайтын болсақ, қаржының мазмұны тауар-ақша қатынастарының қалыптасуы және құндылық заңының жүзеге асырылуымен айқындалады. Қаржының мәнін тереңірек түсіну үшін өнімнің дайындалу мен бөлістірілу уақыты аралығындағы ақшалай нысандағы қозғалысты, қатынастарды қарастыру қажет. Жеке кәсіпорынның өнімінің өндірістік құны келесі элементтермен анықталады — C+V+m Мұндағы :С- өндірістік материалдық шығындар;V- еңбек ақы;m- қосалқы өнім.Келтірілген элементтер ақшалай қорларды қалыптастырып, жинақтап, тұтынуды қарастырады. Алынған кірістің бір бөлігі кәсіпорын қарамағында қалып,екінші бір бөлігі мемлекетке аударылады. Осының нәтижесінде ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорлары қалыптасады. Қаржылар ақша қорларының әртүрлі мақсаттағы қозғалысы барысында пайда болады. Тауарлардың құндылықты нысандағы қозғалысы ақша айналымын және ІЖӨ бөлістіруде орын алатын экономикалық қатынастырды туындатады. Қаржы – бұл ұлттық табыс пен ІЖӨ бөлістіру мен қайта бөлістірудің экономикалық құралы. Қаржы — бұл мемлекеттің функцияларын жүзеге асыру мақсатында және шаруашылық субъектлердің ұдайы өндірісін жүзеге асыруда қолданылатын ақшалай қаражаттардың қорын қалыптастыру мен пайдаланумен байланысты ақшалай қатынастар жиынтығы болып табылады. Қаржының қажеттілік деңгейі қоғамның даму қажеттілігіне байланысты болады. Қоғамды материалдық игіліктермен қамтамасыз ету үшін өндірісті дамыту қажет. Ал мемлекеттің функцияларын жүзеге асыру үшін ақша қаражаттарының қорлары қажет. Қаржылық қатынастар екі аяны қамтиды:-мемлекеттік бюджет жүйесіне қажетті орталықтандырылған ақша қаражаттарының қорларын қалыптастыру мен пайдалануға байланысты экономикалық ақша қатынастарын; -кәсіпорынның орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру мен пайдаланумен байланысты экономикалық ақша қатынастарын;

ҚР сақтандыру ісінің ұйымдастырылуыНарықтық экономика жағдайында мемлекеттік сақтандыру ісіне деген монополиялық үстемдік  жойылған. Кеңестік дәуірде барлық мүліктік және жеке сақтандыруды жүзеге асыратын –Мемлекеттік сақтандыру болатын. Бүгінгі уақытта сақтандыру нарығында әр түрлі меншіктегі ұйымдар жетерлік.Олардың қызмет ету аясы тәуекелді сақтандыру аясын қамтиды:  биржалық келісімдерді, жүктерді, несиені сақтандыру және коммерциялық, құқықтық және басқа да арнайы тәуекелдерді сақтандыру. Қазақстанда экспорттық несиелер мен инвестицияны сақтандыру бойынша мемлекеттік сақтандыру коперациясы құрылған. Бұл кооперацияның негізгі мақсаты қазақстандық тауар өндірушілерді және тауар экспортын әлемдік нарықта тәуекелден сақтандыру. ҚР сақтандыру нарығының  қатысушыларына келесілер жатады:1)    Сақтандыру ұйымы2)    Сақтандыру брокері3)    Сақтандыру агенті4)    Сақтандырушы5)    Аудиторлық ұйым6)     Өзара сақтандыру қоғамы7)    Сақтандыру қызметімен айналысатын кәсіпкерлік қызмет. Мемлекет ҚР Үкіметі негізінде ғана сақтандыру ұйымының құрылтайшысы бола алады. Жарғылық қорының 50% астамы мемлекетке қатысты  ұйым  сақтандыру ұйымының құрылташысы бола алмайды.    Сақтандыру ұйымдары міндетті түрде келесі  түрдегі ұжымдық органдарды қалыптастырады:1)     директорлар кеңесі – басқару органы2)    басқару – атқарушы орган3)    ревизиялық комиссия – бақылаушы орган. Жарғылық капиталдың минималды мөлшері мемлекеттік тіркеу уақытысында толығымен төленген болуы тиіс.Төлем қәбілеттілік. Сақтандыру ұйымының өз міндеттемелерін толығымен уақытысында орындай алу мүмкіндігі. Сақтандыру ұйымының қаржылық тұрақтылығы дегеніміз сақтандыру келісіміне сәйкес барлық міндеттемелерді жаба алу мүмкіндігін келісім –шарт уақытысының соңына дейін сақтау болып табылады. Сақтандыру ұйымдарының қаржылық тұрақтылық көсеткіштеріне келесілер жатады : 1)    Меншікті және жарғылық капиталдың минималды мөлшері2)    Активтердің құны және  диверсификация деңгейі3)    Сақтандыру резервтері мен басқада жағдайлардың көлемі4)    Төлемқәбілеттілігі көрсеткіштері5)    Сақтандыру және қайта сақтандыру міндеттемелерінің көлемі6)     Сақтандыру қызметінің пайдалылығы7)     инвестициялық саясатты жүзеге асыру тиімділігі. Сақтандыру ұйымының төлемқәбілеттілігі мен қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері пруденциалды нормативтер мен міндетті нормалар мен лимиттер арқылы жүзеге асырылады. Пруденциалды нормативтер мемлекеттік органдар арқылы бекітіледі  және оның құрамына:1)    төлем қәбілетілігі нормативтері2)    қаржылық тұрақтылық нормативтері кіреді. Сақтандыру ұйымдарының міндеттерінің көлемі өздерінің меншікті капиталының 10 пайызынан аспауы тиіс. Қазақстанның сақтандыру нарығы бүгінгі таңдақалыптасу кезеңінде. Экономикалық және құқықтық негізі бойынша ол әлемдік деңгейден көп артта қалуда. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде сақтандыру қызметінің түрлері –500ге жетсе, Қазақстанда бар болған-40. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, сақтандыру ісі бизнес аясының тиімді саласы болып табылады.