Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТЛ каз мет кр.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

Қысқартылған тізім

ЖЖ – жүк жөнелтуші

АШ – автокөлікпен жүкті шығару

ТШ – темір жол көлігімен жүкті шығару

ТКБ – тиеу концентрация бөлімі

МКЖБ – магистральдық көлігінің жөнелту бөлімі

А – автомобильдік магистральдық көлігі

Т – темір жолдық магистральдық көлігі

МКҚБ - магистральдық көлігінің қайта тиеу бөлімі

МКББ - магистральдық көлігінің белгіленген бөлімі

ЖТБ – жүкті тарқату бөлімі

ЖА – жүк алушы

КІРІСПЕ

Логистика көлік және бөлініс сферасына бірінші дәрежелі мағына береді. Өндіріс аймағында логистика материалдар мен шикізаттардың қозғалысының қиыншылықтарымен айналысады, пайдалану сферасында ол дайын өнімді физикалық бөлуді, яғни жеткізуді қарастырады.

Материалды бөлініс соңғы өнімді әр түрлі алушыға жеткізуді жатқызады. Материалдық бөлініс үшін фирмалар жаңа құрылымдарды, кәсіпорын қоймаларында жүктің қозғалысын және барлық магистралды көлік түрлерінің қатысуы мен дайын өнімді пайдалану бөліністі басқару үшін арнайы бөлімшелерді ұйымдастырады. Логистикалық жүйенің соңғы өнімі – уақытылы және сақталған күйінде жеткізілген жүк.

Бөлініс сферасында және тұрмысты логистиканың негізгі бағыты болып жоспарлауды, дайындауды, дайын өнімді пайдалануды, шикізат, жартылай фабрикат және дайын өнім тасымалын ең үнемді әдіспен уақытылы және нақтылы ақпараттар негізінде тапсырыс берушінің талаптарына және уақытылы жеткізуге сәйкес бақылауды қамтамасыз етуден тұрады.

Жартылай фабрикатпен, шикізатпен қамтамасыз ету арналарын пайдалану және логистикалық жүйе негізінде де дайын өнімді бөлу көліктік қиыншылықтар кешенін шешуді талап етеді. Тауар қозғалысының арнасын таңдауды шешу – тауарды нарыққа жеткізу жұмыстарымен кездесетін ең қиын жауапкершілігі көп нұсқа. Көліктік проблемалардың өзектілігі логистикаға кететін шығынның 50% көліктік кідірумен байланыстылығымен дәлелдейді.

1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ САЛЫСТЫРУ ҮШІН ЖҮКТІ ЖЕТКІЗУДІҢ НҰСҚАСЫН ТАҢДАУ

Қарастырылып отырған жүкті жеткізу технологиясын енгізуге ұсынылатын тиімділікті технико – экономикалық негіздеу алдында, осы технологияның қазір де бар және басқа мүмкін экономикалық салыстырмалы нұсқалар кешенінде анықтау қажет. Ол үшін алдымен, тасымалданатын жүктің, нарықтық, сыртқы ортаның және салыстырмалы нұсқаларының қажетті санын, құрамын және көліктік шығындардың шамасын таңдауды анықтайтын жеткізу процестің көліктік – технологиялық факторларын оқып, талдау қажет.

Жүкті жеткізудің нұсқаларының негізі болып мыналар табылады:көліктік – технологиялық сұлба, ол мыналарды анықтауы тиіс:

  • Жеткізуші, оның тұтынушысы мен көліктік ұйымдыстырушысы арасындағы өзара әрекеттесу тәсілдері;

  • Жүкті жеткізу тәсілдерін (әдеттегі, контейнерлі, пакетті);

  • Магистральді көлікте және жүкті шығару пунктынан магистраль көлігіне дейін немесе керісінше өнімді әкету кезінде қолданылатын көлік құралдарының түрлері;

  • Жүк пункттерінде тиеу – түсіру және қоймалық жұмыстарының өндіріс тәсілдері. 1.2-суретте жүк жіберуші, жүк алушы және көліктік ұйымдар арасындағы жүк тасымалдау тәжірибесінде кездесетін әртүрлі көліктік – технологиялық байланыстарды әмбебап логистикалық блогы көрсетілген. Бұл байланыстардан жүкті жеткізу кезеңдері 3- тен 15- ке дейін болатын жалпы сандардан құралады.

Технологиялық байланыстардың нақты нұсқалары жүктің арнауынан, жеткізілім қуаттылығы мен партиялылығымен, қоймалық шаруашылықтың кірме жолдардың орналасуына тәуелді т.б.

Жүкті жеткізудің барлық мүмкін нұсқаларын анықтағаннан кейін оларды таңдау экономикалық бағалау және салыстыру жүргізіледі. Нұсқаның біреуін базалық (негізгі) деп (әдетте барын) анықтайды, берілген техникалық және технологиялық шешімдер тиімділігін анықтауды салыстыру бойында.

Нұсқаларды салыстыра отырып, шарттарының келесі түрлері болуы керек:

  • Жеткізудің бастапқы және соңғы кезеңдерінің ұқсастығы;

  • Жеткізілетін жүктің көлем теңдігі мен түрлерінің ұқсастығы;

  • Жеткізудің сол бір кезеңдерінде жүк өңдеу көлемінің теңдігі (бірдей көліктік-технологиялық байланыстары бар нұсқалар үшін).

Әрбір таңдалған нұсқа үшін кешенді көліктік-технологиялық жеткізу сызбасын құрастырады.

Онда мыналарды көрсетеді:

  • тасымалдау, тиеу және жүкті сақтау сатыларын құратын барлық көліктік технологиялық байланыстар;

  • жүкті іріктеу тәсілі;

  • қолданылатын қойма мен қойма жабдықтарының түрлері;

  • жүкті өндіріс орындарынан жеткізуге дайындау және қоймаға салу орындарына тасымалдау тәсілі;

  • қоймада жүкті сақтау тәсілдері;

  • тиейтін және тасымалдайтын құрал түрлері;

Жеткізудің кешенді көліктік – технологиялық сызбасының бір түрі бірінші қосымшада көрсетілген.

Бұл сызбаны таңдау арқылы салыстырмалы нұсқаны сипаттайтын көрсеткіштер мен экономикалық есептемелерде ескерілетін шығын құрамын анықтайды.