Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_AZA_1178_ZhURNALASTIKASYNY_1186_TARIKhY_si...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
276.99 Кб
Скачать

Емтихан сұрақтары:

1. “Қазақ” этнонимінің тотемдік табиғаты ұлыс ретінде қай дәуірде тарих сахнасына шыққанынан ақпарат береді?

2.“Тәржіман” газетінің түркі тілдес халықтар үшін тарихи маңызы?

3.ХХ ғасырдың 20-30 жылдары кеңес одағына қараған түркі тілдес республикаларда саяси науқанға айналған латын алфавитіне көшу идеясын Қазақстанда қолдап, баспасөз бетінде қоғамдық пікір туғызып, ұйтқы болған зиялылар өкілдерін атаңыз?

4. Руна деген сөздің түп-төркіні нені білдіреді? Бұл ұғымның атауы неге байланысты қойылған?

5.“Қазақтың өкпесі” деп аталатын көсемсөздің көтерген мәселесі не туралы? Авторы кім?

6. Мағжан Жұмабайұлының Жоғары көркем әдебиет институтына жолдама ретінде “Ол біздің болашақ Пушкиніміз” деп мінездеме әрі батасын берген алаш ардақтысы кім?

7. Қазақтың ұлттық төлтума жазуы?

8.“Публицистика” терминінің қазақша баламасын “көсемсөз” деп түпнұсқадағы мағынасының нәзік қырларын одан әрі кең аша түскен “ана тілін түрлеген” сөз зергерін атаңыз?

9. “Кеңестер билеген Түркістан” деп күллі әлемге қызыл коммунистердің жүргізіп отырған отарлау саясатын әшкерелеген тарихи ірі тұлға?

10. Тарихи құжат ретінде ұлттық мәдениетіміздің жасын ұзартар сенімді дерек көздері?

11.“Біздің заманымыз – өткен заманның баласы, келер заманның атасы” деген ұлағатты пікірдің авторы кім?

12. Жүсіпбек Аймауытұлының публицистикалық шығармалары жиі жарық көрген мерзімді баспасөз?

13. Ежелгі төрүк руникалық тасбітіктерінің уақыт пен кеңістік арасындағы таралым ерекшелігі?

14. Данышпан Абайға “Қазақтың бас ақыны” деп баға берген ағартушы-қайраткерді атаңыз?

15. Смахан Бөкейханның бүркеншік атын табыңыз?

16. Ежелгі төрүк руникасын тұтынуға тиым салғанмен стилизацияға түсіп, өнердің қандай түрлерімен ұлтпен бірге жасап келді?

17. Аңызға айналған Ахансері туралы тұңғыш ғылыми-танымдық көсемсөз мақаланың авторы?

18. Зерттеушілердің есебі бойынша Әлихан Бөкейханның қаламынан туған 250-ден астам көсемсөз мақалалары мен эпистолярлық шығармалары, аудармалары мен сыни еңбектері жарияланған мерзімді баспасөз?

19. Ежелгі төрүк руникалық тасбітіктерін зерттеушілердің оқуындағы алақұлалықтың басты себебі?

20. Қазақ өмірі мен тұрмысы туралы көркем кескіндемесін Ахмет Байтұрсынұлы сынаған орыстың белгілі қылқалам шеберін атаңыз?

21. “Баспасөзіміз не күйде” деп саяси-идеологиялық маңызды мәселені жан-жақты талдап көрсеткен Міржақып Дулатұлының Мадияр бүркеншік атымен қол қойған жарияланымы жарық көрген басылым?

22.Қазақтың ұлттық әдет-ғұрып, ырым-сырымдарының ақпарат сақтау қабілеті?

23. Тіліміздегі “болыс” сөзінің шығу төркіні неге байланысты қалыптасқан?

24. Найманский деген әдеби бүркеншік атпен жазған қаламгер-көсемсөзшіні атаңыз?

25.Рулық таңбалардың рәміздік мәні мен ақпараттық мағынасы?

26. Этнографиялық “кит” сөзінің шығу төркіні неге байланысты қалыптасқан?

27. Төреқұлұлы сыншылдығына тән шектен тыс міншілдігінің шығармашылық ортада зияндылығын ескертіп: “Нәзірде де сәуріктің мінезі бар. Біреуді тістемей, шаншымай, найзаламай сөз жазбайды… Білім сөзінде мұндай мінез бізге ерсі көрінеді” деп оның кемшілігін бетіне басқан алаштың азаматы?

28.Тотемдік жер-су атауларының тарихи танымды қалпына келтірудегі ақпараттық маңызы?

29.“Ілияс Қабылұлының ел ішінде жүріп жатқан ұлттық күресті біздің атымызбен – “Шоқай фашистерімен” – байланыстырғаны, бәрінен бұрын біздің атамекендегі бауырларымыздан айрылып қалмағанымызды, олармен ішкі байланысымыздың күшті екенін тағы бір дәлелдейді” деп 1937 жылдың қуғын-сүргін зұлматы қазақтың жақсы мен жайсаңын қалдырмай жалмап тұрған шақта ел ішінен жау іздеген опасыз, сатқындар пікіріне қайтарған уәжін Мұстафа Шоқайұлы шет елде шығатын қай басылымда жариялады?

30. Ілияс Жансүгірұлының корректор болған газетін атаңыз?

31. “Наурыз” мейрамының қазақша төлтума атауын атаңыз?

32.Қазақ зиялыларының арасында кім Жүсіпбек Аймауытұлы шығармашылығына әділ сын айтып, “Ол Еуропалық жазушыларды еркін әрі жатық аударды” деп лайықты бағасын берді?

33.Түркістан автономиялық республикасында саяси-экономикалық дағдарыстың салдарынан ақшаның айтса сенгісіз құнсызданғаны сондай, миллионның күнбе-күн қадірі кетіп, сан өлшемінің сапалық мәнін әлеуметтің есіне салуға, “Миллион деген немене?” деп жазуға мәжбүр болған арысты анықта?

34.Ежелгі тас бітіктерде ұстынның төбесіне бөріні бейнелеудің себебі неде?

35.“Мәдениет бәйгесінде алда келе жатқан жұрттың қатесі кейінгіге сабақ. Алдыңғы келе жатқан жұрттың жығылған жары, сүрінген томары кейінгінің бетін еріксіз бұрғызады. Өзге жолдағы істерінің оң, терісін қойып, осы тіл жолындағы орыс пен жапондардың істеген қаталары бізге айқын үлгі боларлық” деп жазған сөз зергерін және мақаласын атаңыз?

36.Сәкен Сейфоллаұлы туралы алғаш рет Мәскеуден орыс тіліндегі “ЖЗЛ” (“Жақсы адамдар өмірінен”) атты сериямен жарық көрген кітаптың авторын атаңыз?

37..Ежелгі төрүк руникалық жазуының графикалық ақпараттық ерекшелігі?

38. “Құрт” атауының табуланған (жасырылған) бөрі ұғымын білдіретіндігін түсіндіріп беріңіз?

39.Міржақып Дулатұлының әдеби бүркеншік аттарын атаңыз?

40.Ұлыт атауының ақпараттық мәні?

41.“Еділ” өзенінің тотемдік сенімге байланысты қойылуын түсіндіріңіз?

42. “Түркістандағы ұлттық идеяларға өздерінің большевиктік идеяларын қарсы қойғанымен, одан ештеңе шығара алмаған қызыл отаршылдар, соңғы кездері “қара күшке” басып “ұрда-жық”, “атып-асу”, “қамауға алу”, “қуғын-сүргінге ұшыратулармен” айналысып жатқандарынан дерек беретін материалдар “Түркіменстан”, “Йеңи Ферғана”, “Шарих ақиқаты”, “Еңбекші қазақ”, “Правда Востока”, “Советская степь” беттерінде көз сүрінеді” деп 1930 жылдардағы қызыл қырғынның шындығын айна-қатесіз жазып, кеңестік отаршылдық саясатты әшкерелеген көсем тұлғаны атаңыз?

43.Қазақ аңыздарының ғылыми ақпараттық маңызы?

44. Смахан Бөкейхан мақалаларын жиі жариялап тұрған мерзімді баспасөз?

45. Абай Құнанбайұлын алғаш баспа жүзінде күллі Ресей империясына танытқан публицист?

46.Табудың [жасырудың] құпияны сақтаудағы маңызы мен ұлттық мәдени қабатты айқындаудағы тарихи ақпараттық мәні?

47. Әлихан Бөкейхан қатысқан Щербинаның қазақ жерін зерттеу экспедициясы қай жылдарды қамтиды?

48. “Бұрынғы әділ билердің қолында билік қазақтың неше түрлі дертін жазатұғын жақсы дәрі еді, бұл күнгі арам билердің қолында дәрі болмақ түгіл, у болып жұғып тұр” деген тұжырым кімдікі? Көсемсөздің аты?

49.Табудың [жасырудың] құпияны сақтаудағы маңызы мен ұлттық мәдени қабатты айқындаудағы тарихи ақпараттық мәні?

50. “Бірлік туы” газетінің 1918 жылғы 29 қаңтардағы санында “Өткен жылғы нойәбір басынан бері қарай Түркістан аймағының билігін бөлшеуиктер партиясы зорлықпен қолдарына алып, өз үкімін жүргізіп, өз айтқанын қылдырып тұр… “Тоқпағы мықты болса, киіз қазық жерге енеді” деген осы-дағы” деп сол дәуірде шындықты өткір білдірген мемлекет қайраткері, көсемсөз шебері?

51. Ысмағұлбек Ғаспрәліні Шоқан Уәлихановқа ұқсас тұлға деп теңеген туыстас халықтың өкілі, ғалым-көсемсөзшіні анықтаңыз?

52.Ұлыстың Ұлы Күні деудің тарихи танымды қалпына келтірудегі маңызы?

53. “Қазақ” газетінде ұлтымыздың демографиялық өсіп-өнуіне ғылыми тұрғыда сипаттама беріп, цифр көрсеткішін сөйлету арқылы елдің саяси сауатын ашуды көздеген “Қазақ” атты мақаланың авторын табыңыз?

54. Бүгінге жеткен археологиялық олжа “аң стиліндегі” сақ өнер туындылары мәдени тарихымыздан қандай ақпарат береді?

55.Ұлыс атауы бағзы төрүктердің этностық қандай сенімінен ақпарат береді?

56. Тамғалыда қола дәуірінен ақпарат беретін қандай тотемдік бейнелер сақталған?

57. Археологиялық қазынды жәдігердің Қазақстан тәуелсіздігін бейнелейтін монументке айналуының ақпараттық маңызы?

58. Сүйінбай ақынның Бөрі басы ‒ ұраным, Бөрлі менің байрағым. Бөрлі байрақ көтерсе, Қозып кетер қайдағым, ‒ деп толғануында ұлыстық рәміздің қандай атрибутынан ақпарат беріп тұр?

59. Көшпелілер танымында таңбаның магиялық маңызы?

60. Этномәдени иткөйлексөзінің ақпараттық маңызы?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]