Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_AZA_1178_ZhURNALASTIKASYNY_1186_TARIKhY_si...doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
276.99 Кб
Скачать

Семинар сабақтарының тақырыптары:

№1 ТАҚЫРЫП. Ежелгі төрік руникалық алфавитімен бәдізделген есксрткіштердегі ұлттық ақпараттың тегі мен түрлері

Ежелгі төрік тасбітіктеріндегі ақпарат таратудың ерекшелігі. Бағзы төріктердің ақпарат тарату мен сақтаудағы қолданған материалдары және оны өңдеудің технологиясын меңгеруі. Ежелгі төрік тасбітіктерінің жасын ажыратудың ғылыми негіздері. Тасбітіктердің көркемдік безендірілуі мен дизайны. Жәдігер ескерткіштердің пішіні мен көркемдік-идеялық дамуының белгілері. Тасбітіктердегі оқиға желісі мен баяндау әдісі. Публицистиканың нышандары.

№2 ТАҚЫРЫП. "Тәржіман" газеті және Ысмағүлбек Ғәспрәлі

"Тәржіман" газетінің түрік халықтары үшін тарихи маңызы. Ысмағүлбек Ғаспрәлінің ағартушылық, Үстаздық қызметінің мәні. Оның түрік халықтары арасында баспасөз бен баспа ісін дамытуға қосқан үлесі. Ысмағүлбек Ғәспрәлінің түрік тілдес үлт пен үлыстың коғамдық ойын қозғауға сіңірген күрескерлік еңбегі.

№3 ТАҚЫРЫП. XIX ғасырдың екінші жартысындағы көрнекті қазақ публицистері

Ш.Уәлихановтың публицистикалық еңбектері "Сот реформасы туралы", "Қырғыздардың ата тегі", "Қырғыздардағы шамандықтың қалдықтары", "Қазақ даласындағы мұсылмандық туралы" мақалалары мен "Қытай империясының батыс өлкесі және Құлжа қаласы" очерктерін талдау.

Ы.Алтынсарин - ағартушы, журналист, публицист. "Орынбор ведомоствосы қырғыздарының өлген адамды жерлеу және оған ас беру дәстүрінің очерктері", "Орынбор ведомствосы қырғыздарының құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрінің очерктері" этнографиялық макалалары мен "Қазак даласындағы аштык туралы", "Торғай облысындағы Ырғыздан", "Торғайдан жолдаған корреспонденция" және тағы басқа мақалаларына талдау. А.Қүнанбаев публицистикасының ерекшеліктері. Абайдың қара сөздері мен еңбек тақырыбына арналған өлеңдерін талдау.

№4 ТАҚЫРЫП. Қазақ тіліндегі алғашқы газеттер

1. "Түркістан уәлаятының газеті" қазақ баспасөзінің қарлығашы. Шығарушылары мен авторлық құрамы. Ресми және ресми емес бөлімінде жарияланған материалдар. Газеттің қазақ бұқарасы болмысына, қазақ халқының өнері мен мәдениетіне қатысты көтерген мәселелері.

"Дала уәлаятының газеті". Газеттің басты бағыты. Авторлар құрамы. Ресми емес бөліміндегі материалдар. Газетте басылған орыстың озық ойлы ғалымдары мен ақын-жазушыларының, сондай-ақ, Шоқан, Ыбырай, Абайдың шығармалары. Газеттің қазақтың қоғамдық және әлеуметтік өмірін бейнелеуі.

2. "Торғай газеті". Газеттің бағыты. Шығарушылары мен авторлар құрамы. Ондағы қазақ халқының қоғамдық, шаруашылык, мәдени өмірін бейнелеуге бағытталған материалдар.

№5 ТАҚЫРЫП. Ресейдегі буржуазиялық-демократиялық революция және қазақ баспасөзі

1. "Фикир" газеті. Камиль Мұтығұлұлы Тухфатуллин. Газетке жазып түрған авторлардың үлттык ерекшелігі.

  1. "Қазақ газеті" және оның буржуазиялык-демократиялық бағыты. Газеттің патша үкіметінің отарлау саясатына назарлығы.

  2. "Серке" газеті. Газетті шығарушылар. Ондағы М.Дулатұлының мақалалары.

  3. "Орал" газеті жоне оның саяси бағыты. Ондағы қазақ бұқарасы тұрмысының жазылуы. "'Орал" газетіндегі отырықшылық, егіншілік, Дума сайлауы мәселелерінің көтерілуі.

№6 ТАҚЫРЫП. Революциялык жаңа өрлеу жылдарындағы қазақ баспасөзі

1. "Қазақстан" газеті. Ондағы Лена окиғаларының жазылуы. Газеттің шығарушылары мен авторлары. "Қазақстан" газеті көтерген басты проблемалар мен мәселелер.

2."Айқап" журналы. Шығарушылары, авторлар құрамы. Негізгі бөлімдер. Саяси, әлеуметтік-экономикалык тақырыптарға арналған материалдар.

№7 ТАҚЫРЫП. 1905-1907 жылдардағы қазак баспасөзі

1. "Торғай газеті" ("Тургайская газета") 1896-1910 жылдар. Онда жарияланған материалдар. 2. "Қазақ газеті" (1907 жыл). Оны шығарушылар мен авторлар қүрамы. 3. "Серке" (1907 жыл) газеті. Шығарушылар мен авторлық құрамы. Газеттегі М.Дулатұлының мақалалары. 4. "Орал" (1907 жыл) газеті. Саяси бағыты. Ондағы қазақ еңбекшілері атынан жарияланған "Ашық хат".

№8 ТАҚЫРЫП. 1910-1914 жылдардағы қазақ баспасөзі

1. "Қазақстан'" газеті (1911-1913 жылдар). Газеттің бағыт-бағдары. Редакция алқасы мен авторлық құрамы. Ондағы Е.Бұйрин, Ғ.Қарашұлы, Б.Қаратаев, С.Меңдешұлының қызметтері. Газет бетінде көтерілген басты проблемалар. 2. Петербург жұмысшыларының бүкілхалықтық "Правда" газеті (1912-1914 жылдар). Онда жарияланған Қазақстанға қатысты материалдар. "Правда" газетінің тілшісі Ж.Болғанбаевтың қызметі.

№9 ТАҚЫРЫП. "Айқап" журналы және оның идеялық бағыты

Қазақстандағы отарлау саясаты туралы. Журнал көтерген саяси, әлеуметтік-экономикалық мәселелер. Білім беру және мәдени, ағарту проблемалары.

№10 ТАҚЫРЫП. "Қазақ" газеті

А.Байтұрсынұлы мен М.Дулатұлының редакторлық, журналистік қызметтері. Газеттің авторлары. Газет көтерген мәселелер. Оның идеялық, саяси бағыты. Қазак халқыныц бүрынғы, сол кездегі жайы, күнелту, сауда, кәсіп, жер-су, егін мен шаруасы жайындағы кеңес, оқу оқыту, мектеп, медресе. ғылым, өнер, тіл, әдебиет, білім және т.б. мәселелер туралы газет бетіндегі жарияланған материалдар.

№11 ТАҚЫРЫП. Қолжазба "Садақ" журналы

Б.Майлин мен Ж.Тілепбергенұлының редакторлық, публицистік қызметтері. "Садақтың" шығарушылары. "Садақтың"' қазақ, татар ақын-жазушыларын тәрбиелеп шығарудағы рөлі. "Садақ" журналының идеялық-саяси мазмұны мен бағыты. "Садақ" журналы төңірегіндегі кабырға газеттерінің шығарылуы.

№12 ТАҚЫРЫП. Қазақтың жалпыұлттық бағыттағы демократиялық басылымдары (1917-1918 жылдар). "Сарыарқа" газеті.

Газетті шығарушылар мен авторлар кұрамы. Оның бағыт-бағдары. Газет бетіндегі саяси, әлеуметтік-экономикалык және қоғамдық мәселелер.

№13 ТАҚЫРЫП. "Бірлік туы" газеті

Газетті шығарушылар мен авторлар құрамы. Онда жарияланған басты материалдар. М.Шоқайдың хаты.

№14 ТАҚЫРЫП. "Алаш" газеті

"Алаш" газетінің саяси-идеялық бағыты, редакция алқасы. Авторлар құрамы. Газет бетінде жарияланған материалдар.

№15 ТАҚЫРЫП. "Абай" қоғамдық-саяси және әдеби журналы

"Абай" журналының редакция алқасы. Авторлар құрамы. Онда жарияланған материалдар.

"Қазақ журналистикасының тарихы" пәнінің бірінші бөлімі бойынша студенттерге өзіндік жүмысты орындауға берілетін тапсырмалар:

  1. Ежелгі төрік бітіктастарындағы ақпараттық баспа ісінің бүгінгі жетістігі тұрғысынан ерекшелігі;

  2. "Тәржіман" газетінің қазақ мерзімді баспасөзінің дамуына тигізген ықпалы;

  3. "Түркістан уәлаятының газеті" - қазақ баспасөзінің қарлығашы;

  4. "Дала уәлаятының газетіндегі" қоғамдық, саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени, әдеби мәселелердің жазылуы;

  5. "Торғай" газеті және оның беттерінде патшалы Ресейдің Қазақстандағы отарлау саясатының жазылу проблемалары;

  6. Ш.Уәлихановтың хаттары, мақалалары, ғылыми мақалалары және жолсапар очерктсрі;

  7. Ы.Алтынсариннің хаттары, этнографиялық мақалалары, газет бетінде жарияланған мақалалары;

  8. А.Қүнанбайұлының еңбек, тәлім-тәрбие, білім тақырыбына жазған өлендеріндегі публицистикалық элементтер және қара сөздері;

  9. "Қазақстан" газетінің редакторы мен авторлары құрамы және онда көтерілген басты мәселелер;

  10. "Айқап" журналында жер, съезд, отырықшылық, ғылым-білім, әйел теңдігі мөселелерінің жазылуы;

  11. "Қазақ" газетінде жер, отырықшылық, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс және "Алашорда" партиясы проблемаларының көтерілуі;

12. "Садақ"' қолжазба журналының тарихы мен мазмұны туралы;

  1. "Жас қазақ" журналының тарихы;

  2. Ғұмар Қарашұлының "Қазақстан", "Айқап", "Қазақ" газет-журналдарында жарияланған материалдары және оның Уфа, Қазан, Орынбор қалаларында жарық керген кітаптары.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]