Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_AZA_1178_ZhURNALASTIKASYNY_1186_TARIKhY_si...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
276.99 Кб
Скачать

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Журналистика факультеті

Журналистика факультеті

Ғылыми Кеңесінің мәжілісінде бекітілді

№ 11_хаттама «_27___» _тамыз 2014 ж.

Факультет деканы_________Медеубек С.

Мамандық 5в050400 – журналистика силлабус Пән : Қазақ журналистикасының тарихы

1 Курс, қ/б, семестр күзгі, кредит саны: 3

Дәріскер (дәріс сабақтары):

Мектеп Аманқос Құлтанұлы, филол. ғ.к., доцент. Байланыс жолдары: Әл-Фараби ат. ҚазҰУ, Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы, телефон: 377-33-40 қызмет; 8 777 2828054 моб.; е-mail: Amankos_54@mail.ru

Оқытушы (практикалық, семинар, зертханалық сабақтар): Ә.А. Әлім, оқытушы.

Тел.: 8.705.575.48.51, 8.775.329.30.40, e-mail: missis.alim@mail.ru , 225 каб.

Пәннің мақсаттары мен міндеттері:

  • студенттерге журналистиканың негізгі атқаратын қызметі ақпарат тарату мен сақтаудың ежелгі ұлттық белгілері және оның материалдық даму эволюциясы, сол дәуірден бергі кезең аралығындағы қазақ журналистикасының өткен жолы жөнінде кең әрі жан-жақты мағлұмат ұсыну;

  • қазақ газеттері мен журналдарының бағыт-бағдарына, мән-мазмұнына олардың жарық көрген уақытындағы саяси-әлеуметтік жағдайларға сәйкес баға беру;

  • қазақ баспасөзі тарихындағы "ақтаңдақ" тұстарға ерекше назар аудару;

  • студенттерге қазақ журналистикасы тарихының проблемалары бойынша зерттеу жұмыстарын жазуға ықпал ету. Ең алдымен оның "Қазақстан тарихы" пәнінің негізінде барлык қоғамдық, саяси кезеңдермен байланыстырыла оқытылатынын ескертіп өтер едік. Себебі. әр студенттің бойына қазақ журналистикасының өткен дәуірлердегі жинақтаған мол тәжірибесін. шығармашылық ізденістері мен шеберлік жетістіктерін дарыта білу бүгінгі күннің ең басты міндеті болып саналады.

Преквизиттері: "Журналистикаға кіріспе", "Баспа ісінің негіздері"

Ізбасары – постреквизиты:, журналистік шеберлік, отандық және шетелдік баспа ісі. ", "Журналистикаға кіріспе".

Постреквизиттері: "Салалық журналистика", "Журналистік шеб

АЛҒЫ СӨЗ

Ұлттық баспасөз тарихы туралы сөз болғанда ежелгі төрүк бітіктастарындағы рухани мұрамызға соқпай өту әсте мүмкін емес. Бүл адамзат қоғамы әлі қағазды ойлап тожірибеде қажетіне түтынбаған дәуірғе дейінгі ежелгі түріктердің бүқаралық ақпарат таратудың әдіс-тәсілдері мен идеясын меңгерген бағзы өркениетінен мағлүмат береді. Тас кітаптардың пішіні мен түрлері, сюжеттік оқиға желісі мен жанрлық белгілері, көркемдік-идеялық мәні мен ақпараттық маңызы, жас мөлшерін анықтау мен жүйелеу үшін палеографиялық, фонетикалық ерекшеліктерінен түсінік беру.

Сондай-ақ, кеңестік дәуірде "пантүркист", "панисламист", "халық жауы" деп, есімін атауға тиым салынған Ысмағұлбек Ғаспрәлінің "Тәржіман" газетінің қазақ халқы үшін де заманында қоғамдық-әлеуметтік, мәдени-рухани маңызы орасан зор болғандығынан дерек беру. Бұл ретте татар мен қазаққа ортақ "Фикир" газеті және түбі бір туыстас татар зиялыларының ұлттық баспасөз мәдениетін қалыптастыруға қосқан үлесі хакында тарихи құжаттарды сөйлету. Сөйтіп, тарихи ақиқаттың бетін ашу.

Еліміздің тәуелсіздік алуына байланысты соңғы он жылда қазақ журналистикасының өткен тарихының "ақтаңдақ" тұстары қайта қаралып, кезінде ұлтшыл. Байшыл, алашордашыл деген нақақ жаламен жабылып калған, "зиянды" деп саналғаи "Қазақ", "Алаш", "Сарыарқа". "Ұран", "Бірлік туы", "Жас азамат", "Абай", "Еркін қазақ". "Қазақ мұңы" сияқты газет-журналдар мен онда қызмет істеген, әр жылдары жарияланымдары жарык көрген А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Ә.Бөкейхан, М.Шоқай. Х.Досмұхамедұлы, М.Тынышбайұлы, А.Мәметұлы, Х.Ғаббасұлы, Ә.Ермекұлы, Ж.Жәнібекұлы. Е.Омарұлы, М.Есболұлы, Ж.Тілеулин, М.Саматұлы, У.Омарұлы, М.Мурзин, Н.Төреқұлұлы, С.Қожанұлы, Қ.Кемеңгерұлы, М.Жолдыбайұлы, С.Бөкейхан, Т.Шонанұлы сынды қазақ халқының біртуар зиялыларының қыруар мұра-мирасы оқу-оқыту процесіне орай ғылыми айналымға түсіп, өткен қоғамдық ойымыздың тарихын саралауымызға қолайлы мүмкіндік туды.

Сондықтан, біз бүл бағдарламамызды төл баспасөзіміздің ежелгі бастау көзіндегі ілкі үлгілерінен бастап, (тек баспасөзіміздің ғана емес, оның тарихының да) XIX ғасырдың екінші жартысындағы сапалық түрлері ("Түркістан уәлаятының газеті", 1870) мен бүгінгі таңға дейінгі аралықтағы бұралаң, бел-белесі мол даму жолдарына тағы да бір көз салып (бұл пәннен ең соңғы бағдарлама 1972 жылы түзілген екен), әр басылымға өз әділ бағасын беруге тырыстық.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]