- •Мазмұны
- •4. Оқытудың мақсаты
- •5.Пәнді оқып білудің міндеттері:
- •6. Күнпарақты –тематикалық жоспары (күндізгі бөлім)
- •6.1. Күнпарақты –тематикалық жоспары (сырттай бөлім)
- •Дәріс сабақтарының мазмұны
- •Ұсынылатын әдебиет тізімі Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиет
- •4. Оқытудың мақсаты
- •5.Пәнді оқып білудің міндеттері:
- •6. Күнпарақты –тематикалық жоспары.
- •7. Пәннің тематикалық жоспары
- •7.1 Семинарлық сабақтың жоспары
- •7.2 Соөж сабақтарының жоспары
- •8. Соөж арналған кестесі
- •9. Сөж орындау және тапсыру кестесі
- •10.Баға қою саясаты
- •10.1 Студенттер білімін кестесі:
- •10.2 Студенттердің рейтингін қою шкаласы
- •10.3.Студент білімін қорытынды бағалау кестесі.
- •10.4.Курс саясаты.
- •Ұсынылатын әдебиет тізімі Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиет
- •Пәннің оқу-әдістемелік қамсатасыз етілуінің картасы
- •Дәрістер кешені
- •1 Дәріс Кеден статистикасының құрылуы және дамуы
- •2 Дәріс Экономикалық статистикадағы кеден статистиканың алатын орны
- •Еңбек құқығының қағидалар
- •4 Дәріс Кедендік статистика әдістемелерінің негіздері
- •5 Дәріс Кеден органдарында және сэқ қатысушылардың құжаттарымен жұмыс жасауды ұйымдастыру
- •6 Дәріс. Кеден органдарында іс жүргізу тәртібі
- •7 Дәріс. Кеден органдарында іс жүргізу тәртібі
- •8 Дәріс. Кеден органдарында іс жүргізу тәртібі
- •Семинар сабақтарының мазмұны
- •Өзін-өзін тексеруге арналған сұрақтар
- •Семинарлық сабақтардың үлгі тақырыптары
- •Студенттердің өзндік жұмысын оқытушымен ұйымдастыруының үлгі тақырыптары
- •Студенттердің өзіндік жұмысының үлгі тақырыптары
- •Реферат жұмыстардың үлгі тақырыптары
- •«Кедендік іс жүргізу және кедендік статистика» пәні бойынша
- •1 Межелік бақылауға арналған сұрақтар
- •«Кедендік іс жүргізу және кедендік статистика» пәні бойынша
- •2 Межелік бақылауға арналған сұрақтар
- •Тест сұрақтары
- •Бағдарламалық және оқулық жұмыстардың мультимедиялық қосымшалары
Семинар сабақтарының мазмұны
Тақырып 1. Кеден статистикасының құрылуы және дамуы
Кеден статистикасының тарихы.
Кеден статистикасының түсінігі.
Кеден статистикасының пәні.
Кеден статистикасының әдістері.
Кеден статистикасының мақсаттары.
Кеден статистикасының оқу объектілері.
Бірінші сұрақ бойынша кеден статистикасының қалыптасуы мен дамуын қарастыру.
Екінші сұрақ бойынша негізгі ұғымдардың анықтамасын беру, кеден статистикасын жүргізудің мәнін ашу. Статистикалық жиынтық пен статистикалық бірлік анықтамаларын беру. Кеден статистикасының мәнін ашу.
Үшінші сұрақ бойынша арнайы кеден статистикасының ерекшелігі мен мәнін ашу.
Төртінші сұрақ бойынша ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің кеден статистикасын жүргізудің Біріңғай әдістемесін қарастыру: мәні, мақсаты.
Бесінші сұрақ бойынша Қазақстан Республикасында кеден статистикасының мақсаттарын анықтап, оларға сипаттама беру.
Алтыншы сұрақ бойынша кеден статистикасын жүргізу саласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің қатынастарын реттейтін нормативтік-құқықтық актілерді қарастыру.
Ұсынылатын әдебиет:
Кеден ісі негіздері: Оқулық/ Жалпы ред. В.Г. Драганов; Рос.там.акад. ГТК РФ –М.: ОАО «Баспа «Экономика», 1998 ж. – 687 б. Бөлім 6, §1.1., §1.2..425-432 беттер
Сиденко А.В., Матвеева В.М. Халықаралық статистика статистика: Оқулық. 2 ші басылым, өңделген және толықтырылған. – М.: Баспа «Дело и сервис», 2000 ж. – 256 бс. Бөлім 7., 91-104 беттер.
Қазақстан Республикасының Кеден кодексі, 2003 жылғы 5 сәуір. №401-11, Қазақстан Республикасы заңдарымен енгізілген қосымшалар мен өзгерістер: 2003 ж.1 шілде №483-11, 2004 ж. 9 шілде, №592-11, 2005 ж. 20 маусым, №62-111. Бөлім 11, Тарау 54, 421-423 баптар, 2007 ж.
Тақырып 2. Экономикалық статистикадағы кеден статистиканың алатын орны
СЭҚ байланыстар статистикасы, жіктелуі.
Сыртқы сауда кеден статистикасының негізі.
Бірінші сұрақ бойынша сыртқыэкономикалық байланыстар статистикасының есебінің объектісі мен мақсатын, сыртқыэкономикалық байланыстар статистикасының жіктелуін қарастыру.
Екінші сұрақ бойынша кеден статистикасының тікелей зерттеу объектісін, және де оның құқықтық, әдістемелік, құжаттық, конструкциондық негіздерін қарастыру. Қазақстан республикасның сыртқы саудасын талдау.
2 семинар
Сыртқы сауда кеден статистикасында тауарларды жеткізудің коммерциялық шарттары
Экспорттық және импорттық бағаларды есептеу нысандары
Бірінші сұрақ бойынша халықаралық тасымалдаудың базистік шарттарын қарастыру және оның мәнін ашу. ИНКОТЕРМС-2000.
Екінші сұрақ бойынша Қазақстан Республикасы кеден статистикасының әдістемесі бойынша экспорттық және импорттық бағаларды есептеу нысандарын қарастыру. Импорт және экспорт бойынша бағаларды есептеу.
Ұсынылатын әдебиет:
ТМД қатысушы елдердің Сыртқы сауда статистикасының біріңғай әдістемесі (ТМД ҮБК шеш бекітілген,2005 жылғы 25 қараша .)
Кеден ісі негіздері: Оқулық/ Жалпы ред. В.Г. Драганов; Рос.там.акад. ГТК РФ –М.: ОАО «Баспа «Экономика», 1998 ж. 687 б. Бөлім 6, Тарау3. §3.1., §3.2., §3.3. 454-465 б.б.
Қазақстан Республикасының Кеден кодексі, 2003 жылғы 5 сәуір. №401-11, Қазақстан Республикасы заңдарымен енгізілген қосымшалар мен өзгерістер: 2003 ж.1 шілде №483-11, 2004 ж. 9 шілде, №592-11, 2005 ж. 20 маусым, №62-111. Бөлім 11, Тарау 54, 421-423 баптар, 2007 ж.
Тақырып 3. Кеден статистикасының зерттеу объектілері
Статистикалық көрсеткіштерімен жұмыс жасау кезеңдері.
ФОБ және СИФ бағаларын есептеу кестесі
Бірінші сұрақ бойынша статистикалық мәліметтермен жұмыс жасаудың үш кезеңін ашып қарастыру.
Екінші сұрақ бойынша ҚР-ың кеден статистикасының Әдістемесі бойынша ФОБ және СИФ бағаларын есептеуде есепке алынатын және есепке алынбайтын операцияларды қарастыру.
3 семинар
Кеден статистикасы мәліметтерінің қайнар көздері.
Статистика есептерінің алғашқы және шығыс нысандары.
Бірінші сұрақ бойынша статистикалық есептілікті жүргізуде қолданылатын кеден статистикасы мәліметтерінің қайнарын, ЖКД-ың негізгі бағандарын қарастыру.
Екінші сұрақ бойынша статистикалық есептіліктің формаларын: оларды құрастырудың алғашқы және шығыс нысандары.
Ұсынылатын әдебиет:
ТМД қатысушы елдердің Сыртқы сауда статистикасының біріңғай әдістемесі (ТМД ҮБК шеш бекітілген,2005 жылғы 25 қараша .)
Кеден ісі негіздері: Оқулық/ Жалпы ред. В.Г. Драганов; Рос.там.акад. ГТК РФ –М.: ОАО «Баспа «Экономика», 1998 ж. 687 б. Бөлім 6, Тарау3. §3.1., §3.2., §3.3. 454-465 б.б.
Қазақстан Республикасының Кеден кодексі, 2003 жылғы 5 сәуір. №401-11, Қазақстан Республикасы заңдарымен енгізілген қосымшалар мен өзгерістер: 2003 ж.1 шілде №483-11, 2004 ж. 9 шілде, №592-11, 2005 ж. 20 маусым, №62-111. Бөлім 11, Тарау 54, 421-423 баптар, 2007 ж.
Тақырып 4. Кедендік статистика әдістемелерінің негіздері
Кеден статистикасы мәліметтерін өңдеу әдістері.
Сыртқы сауда статистикасының негізгі режимдері.
Бірінші сұрақ бойынша кеден статистикасының мәліметтерін өңдеуде қолданылатын негізгі ұғымдарын қарастыру
Екінші сұрақ бойынша сыртқы сауда статистикасының негізгі ұғымдарын қарастыру.
Сыртқы сауда кеден статистикасымен тауарларды өткізу ерекшеліктері.
Сыртқы сауданың кеден статистикасының көрсеткіштері
Бірінші сұрақ бойынша сыртқы сауданың кеден статистикасы бойынша тауарлардың жылжуының ерекшеліктерін қарастыру
Екінші сұрақ бойынша сыртқы сауда кеден статистикасының көрсеткіштерін, статистикалық талдау нәтижелерін беру нысандарын қарастыру.
Ұсынылатын әдебиет:
Сиденко А.В. Попов Г.Ю., Матвеева В.М. Статистика: Оқулық. –М.: «Дело и Сервис» баспасы, 2000. -464 б. Тарау 1.§1.1., 1.2
Сиденко А.В., Матвеева В.М. Халықаралық статистика: Оқулық. 2-е изд, перераб и доп. М.: Изд-во «Дело и сервис», 2000. 256 с. Раздел 7., стр 91-104.
Қазақстан Республикасының Кеден кодексі, 2003 жылғы 5 сәуір. №401-11, Қазақстан Республикасы заңдарымен енгізілген қосымшалар мен өзгерістер: 2003 ж.1 шілде №483-11, 2004 ж. 9 шілде, №592-11, 2005 ж. 20 маусым, №62-111. Бөлім 11, Тарау 54, 421-423 баптар, 2007 ж.
Тақырып 7. Кеден органдарында және СЭҚ қатысушылардың құжаттарымен жұмыс жасауды ұйымдастыру
1. Құжаттардың түрлері және олардың арналуы.
2. Құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптар
3. Құжаттардың қызметтері
Бірінші сұрақ бойынша – құжаттар түсінігі, түрлері және жіктелуін қарастыру.
Екінші сұрақ бойынша – құжаттарды ресімдеуге қойылатын негізгі талаптарды қарастыру, реквизиттер.
Үшінші сұрақ бойынша – құжаттардың қызметін қарастырп сипаттау
1. Құжаттарды біріздендіру және стандартизациялау
2. Ұйымдастырушылық құжаттар
3. Өкімдік құжаттар
4. Ақпараттық-анықтамалық құжаттар
Бірінші сұрақ бойынша – құжаттарды біріздендіру және стандартизациялаудың мәнін, онымен байланысты негізгі ұғымдармен танысу.
Екінші сұрақ бойынша – ұйымдастырушылық құжаттарды сипаттау және қарастыру.
Үшінші сұрақ бойынша – өкімдік құжаттарды сипаттау және қарастыру.
Төртінші сұрақ бойынша – ақпараттық-экономикалық құжаттарды сипаттау және қарастыру
Ұсынылатын әдебиет:
Давыдова Э.Н., Рыбакова А.Е. Іс жүргізу: Оқу-практикалық нұсқаулық. – 4-е басылым –Мн.: Тетра Системс, 2000, - 288 с. Тарау 1 Раздел 1,2,3, стр.9-29;
Кирсанова М.В., Аксенова Ю.М. Курс делопроизводства: документационное обеспечение упарвления: Учебное пособие. -4-е изд. –М: ИНФРА-М; Новостбирск: Сибирское согласшение, 2001. -296 с. Тема 1, стр 7-14.
Временные требования к оформлению организационно-распорядительных документов/Қазақстан Республикасы Президент іс басқармасының Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің Әкімшілік ғимараттары дирекциясы: РМК Баспа полиграфиялық орталығында басылады
Инструкция по делопроизводству в таможенных органах Республики Казахстан, утв. Приказом Комитета таможенного контроля №5, от 22 апреля 2005 г.
Тақырып 8. Кеден органдарында іс жүргізу тәртібі
Кеден органдарында іс жүргізудің жалпы ережелері.
Кіріс корреспонденциясын қабылдау және тіркеу.
Кіріс құжаттарын қарастыру және олардың қозғалысы.
Шығыс құжаттарын дайындау және ресімдеу.
Бірінші сұрақ бойынша – Кеден органдарында іс-қағаздарын жүргізудің негізгі ережелерін қарастыру, ҚР іс-қағаздарды жүргізу нұсқаулығымен танысу.
Екінші сұрақ бойынша – кіріс корреспонденциясын қабылдау және тіркеу ережелерін қарастыру.
Үшінші сұрақ бойынша – ҚР-ның кедендік органдарында кіріс құжаттары мен олардың қозғалысын қарастыру
Төртінші сұрақ бойынша – шығыс құжаттарын дайындау және ресімдеу ережелері мен кестесін қарастыру
Құжаттардың орындалуын бақылау мен тексеруді ұйымдастырудың ережесі.
Бұйрықтарды ресімдеу мен сақтау ережесі.
Қызметтік пайдалану үшін деген грифі бар құжаттармен жұмыс жасау.
Бірінші сұрақ бойынша – құжаттардың орындалуын бақылау мен тексеруді ұйымдастырудың ережесін қарастыру
Екінші сұрақ бойынша – бұйрықтарды ресімдеу мен сақтау ережесін қарастыру
Үшінші сұрақ бойынша – қызметтік пайдалану үшін деген грифі бар құжаттармен жұмыс жасау ережелерін қарастыр
Ұсынылатын әдебиет:
Давыдова Э.Н., Рыбакова А.Е. Делопроизводство: Учебно-практическое руководство. – 4-е изд –Мн.: Тетра Системс, 2000, - 288 с. Глава 1 Раздел 1,2,3, стр.9-29;
Кирсанова М.В., Аксенова Ю.М. Курс делопроизводства: документационное обеспечение упарвления: Учебное пособие. -4-е изд. –М: ИНФРА-М; Новостбирск: Сибирское согласшение, 2001. -296 с. Тема 1, стр 7-14.
Временные требования к оформлению организационно-распорядительных документов/Қазақстан Республикасы Президент іс басқармасының Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің Әкімшілік ғимараттары дирекциясы: РМК Баспа полиграфиялық орталығында басылады
Инструкция по делопроизводству в таможенных органах Республики Казахстан, утв. Приказом Комитета таможенного контроля №5, от 22 апреля 2005 г.
Пәнді оқу бойынша әдістемелік ұсыныстар
Бұл оқу курсының оқыту пәнi iстер бойынша сот төрелiгiн жүзеге асыру барысында пайда болатын коғамдық қатынастарды реттейтiн құқық нормалары, сондай-ақ азаматтық iс жүргiзу құқығы ғылымына тән құқықтық ұғымдар, теориялық көзқарастар мен концепциялар болып табылады.
Қазақстанда демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құруға конституциямен бекiтiлген шешiм сапалы заңдардың қабылдануын, құқықты жоғары маманданған деңгейде қолдануды, соттардың қатесiз және жүйеленген жұмысын, сот беделiнiң бұлжымастығын мойындауды талап етедi.
Қазақстанда сот жүйесiн реформалау сот төрелiгiнiң шынайы тәуелсiздiгiн қамтамасыз етуге, сот процесiнiң жарыспалығын, тараптардың тең құқықтылығын бекiтуге, дәлелдемелер жинауды тараптарға жүктеу арқылы сотты бұл мiндеттен босатуға, соттың қоғамда заңдылық принципiнiң әрекет етуiнiң кепiлi ретiнде болуына бағытталған болатын.
Осыған орай, азаматтық сот iсiн жүргiзуде де түпкiлiктi өзгерiстер болды. Азаматтық процесс азаматтардың ар-намысын қорғауда, еңбектiк және басқа да дауларды шешуде, моральдық және материалдық зиянның орнын толтыруда, азаматтық-құқықтық қатынастың барлық субъектiлерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуде тиiмдi құрал болуы тиiс. Сот актiлерiнiң орындалуы үшiн тиiмдi әрекет етушi жүйе құрылуы керек.
Аталған мiндеттердi iске асыру судьялардың, прокурорлардың, адвокаттардың, нотариустардың және заң саласының басқа қызметкерлерiнiң жұмысында бiлiктiлiктi талап етедi.
Құқықтың нарықтық және демократиялық табиғатын, азаматтық қоғам мен мемлекеттi қазiргi заманғы құрылымын түсiнетiн маман-заңгерлердiң (жоғары кәсiби заң бiлiмiне ие тұлғалардың) бiлiктi корпусын қалыптастыруға студенттердiң Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңнамасы саласында терең бiлiм алуы ықпал етедi.
Пәнді оқудың мақсаты студенттердiң азаматтық iстер бойынша сот төрелiгiн iске асыру барысында сот пен iске қатысушылардың арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтiн құқық нормаларының маңызын, құқықты қорғаудың соттық нысанының басымдылығын, құқық нормаларының оларды практикада қолданумен тығыз байланыстылығын түсiнуi, студенттерде құқықтық көзқарастарды, барлық негiзгi iс жүргiзушiлiк институттар мен ұғымдар: азаматтық iс жүргiзу құқығы саласының мәнi, азаматтық процестiң соттық сот төрелiгiн жүзеге асыру бойынша қызметi екендiгi, iс жүргiзушiлiк құқықтық қатынастардың ерекшелiгi, соттың және азаматтық сот iсiн жүргiзу қатысушыларының құқықтары мен мiндеттерi, процесс сатылары туралы, яғни азаматтық iс жүргiзу құқығы басшылыққа алатын құқықтық ұғымдар туралы дұрыс түсiнiк қалыптастыру.
Бұл курсты оқудың мiндетi: құқықтың қажеттi қайнар көздерiмен, бұл құқық саласының концептуалды мәселелерiмен таныстыру, маңызды заң актiлерi мен Қазақстан қатысатын азаматтық сот iсiн жүргiзудi реттейтiн, азаматтық iс жүргiзу нормалары бар халықаралық шарттарды меңгеру, азаматтық iс жүргiзу құқығы принциптерiн бiлу, әрбiр iс жүргiзу нормасының мағынасын, оның нақты мазмұнын анық түсiндiру, соттың және азаматтық процеске қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi туралы, оларға қойылатын құқықтық және адамгершiлiк талаптар туралы нақты пiкiрдi орнықтыру.
Студенттер судья, прокурор, адвокат ретiнде жұмысты орындау үшiн тәжiрибелiк дағдыларға ие болып, iс жүргiзу құжаттарын (талап арызды, шешiмдi, ұйғарымды, сот қаулысын, сот бұйрығын және т.б.) сауатты құрастыра бiлуi тиiс.
Азаматтық iс жүргiзу құқығын мемлекет және құқық теориясы мен тарихы саласы, сондай-ақ бiрқатар салалық пәндер бойынша бұрын алған құқықтық бiлiмдердiң кешенiне сүйенiп оқу қажет.
Осы курсты конституциялық, азаматтық, экологиялық, еңбек, әкiмшiлiк, қаржылық құқық тәрiздi пәндердi бiлмейiнше меңгеру мүмкiн емес, өйткенi аталған пәндер шеңберiнде мемлекеттiк басқару органдарының жүйесi туралы, субъективтi құқықтар мен заңды мүдделердi қорғау тәсiлдерi, материалдық құқықтық қатынастардың мазмұны және олардың субъектiлерi, материалдық құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негiздерi туралы мәселелер оқытылады.
Аталған алуан түрлi материалдық құқықтық қатынастардан туындайтын құқық және заңды мүдде туралы даулар сотта азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен қараудың және шешудiң пәнi болып табылады. Сондықтан азаматтық-iс жүргiзушiлiк қызметтi меңгеру сәйкес материалдық құқық салалары бойынша бiлiмдермен тығыз байланысты.
Құқықтың екi iс жүргiзушiлiк салалары: азаматтық iс жүргiзу және қылмыстық iс жүргiзу құқықтарының арасындағы өзара байланысты атап өту қажет. Екеуiнде де арнайы мемлекеттiк орган - соттың қызметi арқылы сот төрелiгiнiң жүзеге асырылуының заңмен реттелуi жөнiнде айтылып отыр. Бұл мән-жай аталған құқық салаларының ортақ белгiсi болып табылады. Азаматтық iс жүргiзу және қылмыстық iс жүргiзу құқықтары Қазақстан Республикасының барлық соттары мен судьяларына ортақ және бiрдей болып табылатын сот төрелiгiнiң конституциялық принциптерiне негiзделген. Құқықтың екi саласында да сот iсiн жүргiзу саласындағы қатынастарды реттейтiн ұқсас институттар бар. Дегенмен, азаматтық iс жүргiзу және қылмыстық iс жүргiзу құқықтарының арасындағы айырмашылықтардың көптiгi соншалық, оларды ортақ сот құқығына бiрiктiруге мүмкiндiк бермейдi. Бұл айырмашылықтар азаматтық және қылмыстық процестердегi сот қарауының және шешуiнiң пәнiнен шығады.
Тәуелсiз Қазақстанның жаңарған қоғамдық-экономикалық құрылысы жағдайында азаматтық сот iсiн жүргiзудiң мәнi мен ролi түбегейлi өзгерiстерге ұшырады. Бұл бөлiгiнде ҚР Президентiнiң 1994 ж. 12 ақпандағы қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттiк бағдарламасы негiзгi бағыттары) iске асырылды деп айтуға болады. Сот iсiн жүргiзу “жалпы халықтық” меншiктi қорғау құралы ролiн атқаруды тоқтатып, мемлекеттiк азаматтық даудағы тең құқылы тараптарға көрсететiн қызметiне айналады. Азаматтық процесс бiртiндеп азаматтық-құқықтық қатынастардың барлық субъектiлерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғаудың тиiмдi құралына айналуда. Бұған соттарды ұйымдастыру және сот iсiн жүргiзу туралы жаңа заңнамалық базаның құрылуы ықпал еттi. Азаматтық iс жүргiзу құқығы саласы құқықтық мемлекет идеясын көрсететiн және қоғамның әрi қарай демократиялануы талаптарына сай келетiн жаңа бастама ережелерге негiзделедi.
Пәндi оқудың нысанасы азаматтық iстер бойынша сот төрелiгiн жүзеге асыру кезiнде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтiн құқық нормалары болып табылады. Бұл қоғамдық қатынастар бiрiншi, апелляциялық және қадағалау сатыларындағы соттарда, соттың заңды күшiне енген актiлерiн жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарау бойынша iс жүргiзумен, сондай-ақ сот актiлерiн және өзге органдардың актiлерiн орындаумен байланысты пайда болады. Сонымен бiрге, оқу пәнi болып азаматтық iс жүргiзу құқығы ғылымына тән құқықтық ұғымдар, теориялық көзқарастар мен концепциялар табылады.
Азаматтық iс жүргiзу құқығы ғылымының зерттеу объектiсi болып мыналар табылады: құқық саласы ретiндегi азаматтық iс жүргiзу құқығы, оның нормалары мен институттары, сондай-ақ iс жүргiзу нормаларын қолдану тәжiрибесi; азаматтық iс жүргiзу құқығы ғылымының және заңнаманың даму тарихы; шет елдердiң азаматтық iс жүргiзу құқығының және заңнамасының тарихы мен теориясы.
Құқықтық құбылыстарды танудың тиiмдi әдiсi ретiнде салыстыру болады. Азаматтық iс жүргiзу құқығы ғылымының, әсiресе теориялық сипаттағы, мысалы, азаматтық iс жүргiзу құқығының түсiнiгi, азаматтық сот iсiн жүргiзудiң принциптерi, iс жүргiзушiлiк құқықтық қатынастар, iске қатысушы тұлғалар, ведомстволық бағыныстылық, талап, дәлелдеу және дәлелдемелер, сот актiлерiн қайта қарау бойынша iс жүргiзу сияқты жекелеген проблемаларын оқу кезiнде әртүрлi оқулықтардың атаулары бiрдей тарауларындағы оқу материалдарын салыстырса дұрыс болар едi.
Оқу материалдарын салыстыру және талдау құқықтық көзқарастардың қалыптасуына ықпал етедi және азаматтық iс жүргiзу құқығының проблемалық мәселелерi бойынша әртүрлi пiкiрлердi дербес бағалау қабiлетiн дамытады.
«Халықаралық жеке құқық» пәнінен курстық жұмыс жазу үшін әдістемелік нұсқаулар.
Халықаралық жеке құқық жүесі және Халықаралық жеке құқық құқығы пәнінің оқу материалдарын игеруде маңызды шарт болып, студенттердің ұсынылған әдебиеттермен – оқулықтар, ғылыми мақалалар, монографиялар, нормативті материалдармен өзіндік дайындалғаны болады. Студент үшін оқу және ғылыми материалдармен кәсіби терминологиямен, нормативтік құқықтық актілермен өзіндік істеу дағдыларын игеруде жазбаша курстық жұмыстар үлкен рольге ие.
2 курс студенттері жаз және қыстық емтихандық сессия басталғанға дейін, деканатқа тапсырылатын курстық жұмыс жазады.
Берілген жұмысты орындауға кіріспес бұрын курс бағдарламасымен мұқият танысып, Халықаралық жеке құқық тарихының берілген проблематикасының негізгі түсініктерін меңгеріп, ұсынылған әдебиетті және нормативті материалдарды оқу керек. Курстық жұмыста материалды жазу барысында қолдану үшін, жоспардың әр мәселесіне арналған үзінділер істеген дұрыс болады. Сонымен қатар жазылып жатқан жұмыстың негізгі тұжырымдарын бекіте түсу үшін ҚР-ның және де әлемдегі мемлекеттердің мемлекеттік-құқықтық тәжірибесінен мысалдарды жинап, сараптау керек. Қайнар көз ретінде монографиялық зерттеулер, ғылыми мақалалар, құқық қорғау және басқа да органдардың басылып жатқан тәжірибелерін қолдануға болады.Студент өз жұмысында теорияның өмірмен байланысын және онда тапқан көріністерін көрсету керек.
Мынадай маңызды журналдарды атап кету керек «мемлекет және құқық», «заң және заман», «саясат» және т.б. Курстық жұмыс аталған тақырып бойынша әдебиетті жақсы меңгеріп, материалдың тереңдетілген түрде көрініс тауып, даулы мәселелер бойынша әртүрлі көзқарастарды дұрыс сараптай білу қабілетін көрсету қажет. Халықаралық жеке құқық тарихы пәнінен курстық жұмыс жазу үшін мұндай әдістің қолданылуы өзіндік ойлау үрдісін, өз көзқарасын ұсынуды және материалды сараптау қабілетін шыңдай түседі. Жоғарыда айтылғаннан оқулықтан, монографиядан, мақаладан көшіруге болмайтындығы анық болды.
