Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кеден стат-ка.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
257.31 Кб
Скачать

4 Дәріс Кедендік статистика әдістемелерінің негіздері

Дәрістің мақсаты: «кеден статистикасының әдістемесі» түсінігін анықтау және оның негізгі әдістерін қарастыру.

Дәріс жоспары:

1. Статистикалық бақылау, алғашқы мәліметтердің жинағы

2. Статистикалық мәліметтерді салыстырып тексеру және өңдеу, қорытындыларды есептеу, жиынтықталған көрсеткіштерді есептеу, нәтижелерді кестелер және сызбалар түрінде көрсету

3.Статистикалық көрсеткіштерді талдау, қорытындылар мен ұсыныстарды тұжырымдау

Статистика қоғамдық құбылыстардың сандық және сапалық жағын қозғалыстағы қоғамдық құбылыстарды өлшеуге, яғни, сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге өту процестерін ашуға мүмкіндік беретін әдістері мен көрсеткіштерін қолдана отырып зерделейді. Сондықтан статистика қоғамдық өмірдің құбылыстары мен процестерін бір-бірінен ажыратпай, олардың өзара байланысында және өзара шарттастығында зерделейді. Қоғамдық құбылыстарға сипаттама беруде статистика жаппай бақылау мәліметтерін негізге алады. Нақты жалпы қоғамдық құбылыстардың және олардың өлшемдерінің масштабы мен сандық арақатынасын ашу және бағалау үшін алдымен олар туралы тиісті мәліметтер жинау қажет, содан кейін олардың өзара байланысы мен өзара тәуелділігін өңдеп, талдау жасау керек.

Бұл үш реттілік сатылар – қоғамдық құбылыстардың сандық жағын жинау, өңдеу және талдау – оның әрбір сатысы бірыңғай бағдарлама бойынша біркелкі методологияны сақтай отырып жүргізілген жағдайда ғана статистикалық зерттеу деп аталады.

Статистикалық зерттеу процесінде оның әр түрлі сатыларында зерделеудің ерекше тәсілдері қолданылады:

статистикалық бақылау, алғашқы мәліметтерді жинау;

статистикалық мәліметтерді салыстырып тексеру және өңдеу, қорытындыларды есептеу, жиынтықталған көрсеткіштерді есептеу, нәтижелерді кестелер және сызбалар түрінде көрсету;

статистикалық көрсеткіштерді талдау, қорытындылар мен ұсыныстарды тұжырымдау.

Статистикалық бақылау дегеніміз – қоғамдық өмірдің құбылыстары мен процестері туралы мәліметтерді олардың сипаттайтын белгілерін тіркеу арқылы жоспарланған, ғылыми-ұйымдастырылған түрде жинау.

Статистикалық бақылау міндеттеріне анық бастапқы ақпаратты алу, статистикалық бақылауды барынша қысқа мерзімде жүргізу жатады.

Статистикалық бақылау екі нысанда: есептілікті ұсыну және арнайы ұйымдастырылған статистикалық зерттеуді жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

Есептілік – статистикалық бақылау нысаны, онда бұрын белгіленген бағдарламалар мен белгіленген мерзім бойынша кәсіпорынның, мекеменің және ұйымның қызметі туралы мәліметтер статистикалық органдарға міндетті есеп берулер түрінде келіп түседі.

Арнайы ұйымдастырылған статистикалық бақылаулар, әдетте, қоғамдық өмірдің осы сәтте қажеттілігі бар құбылыстары мен жақтарын – хат айналымын, бір уақытта есеп беруді және тақырыптық статистикалық зерттеуді қамтиды.

Хат айналымы дегеніміз - арнайы ұйымдастырылған статистикалық бақылау, ол белгілі бір сәтте немесе белгілі бір уақыт кезеңінде жаппай құбылыс немесе процесті сипаттайды. Мысалы, халықты, мекемелердің әр түрлерін және т.б. есепке алу жүргізіледі.

Бір мезгілде есепке алудың алға қойған міндеті – белгілі бір сәтте немесе белгілі бір уақыт кезеңінде белгіленген аумақ бойынша зерделенетін объектінің немесе оның құрамдық бөлігінің санын белгілеу және орналастыру. Арнайы ұйымдастырылған статистикалық бақылаулар, әдетте, таңдамалы сипатта болады.

Статистикалық бақылаудың методологиясы

Статистикалық бақылаудың методологиясы дегеніміз – бақылаудың мақсатын, объектісін, бірлігін және бағдарламасын анықтау сияқты мәселелерді әзірлеу.

Бақылаудың мақсаты әлеуметтік-экономикалық процестер туралы ақпарат жинау болып табылады.

Статистикалық бақылаудың объектісі деп статистикалық зерделеуге жататын зерделенетін құбылыс бірліктерінің жиынтығы айтамыз. Бақылаудың объектісін белгілеу – бұл жиынтықтың құрамы мен шекарасын нақты анықтау. Мысалы, халықты есептеу объектісі сол елде тұратын барлық адамдардың жиынтығы, өнеркәсіпті зерделеу кезіндегі зерделеу объектісі - өнеркәсіптік кәсіпорындарының жиынтығы, ауыл шаруашылықты зерделеу кезінде – ауыл шаруашылық кәсіпорнының жиынтығы болып табылады.

Зерттелетін жиынтық туралы толық ұсынысты оның жеке бірліктері туралы ұсыныс болғанда ғана алуға болады. Сондықтан бақылаудың объектісін белгілеумен қатар бақылау бірлігін нақты анықтау қажет.

Бақылау бірлігі – жиынтықтың алғашқы жәшігі, онда бақылау процесінде мәліметтер алынуы тиіс. Бақылаудың мақсаттарына байланысты бақылаудың бір немесе бірнеше бірліктері белгіленеді. Бақылау бағдарламасын әзірлеу статистикалық зерттеудің маңызды бөлігі болып табылады. Ол бақылау процесінде жауап алуы қажет мәселелердің тізбесі дегенді білдіреді.

Бақылаудың әрбір бірлігі бақылау бағдарламасымен көзделген белгілердің жиынтығын сипаттауы тиіс. Нысаны мен мазмұнына қарай бақылау белгілері сандық және сапалық, факторлық және нәтижелілік, табиғи және құндылық болып бөлінеді.

Сандық белгілер санмен көрсетіледі (жас, жалақы, жұмыс өтілі), атрибуттық белгілер сол құбылыстың сапалық жағдайын (жынысы, мамандығы, білімі) сипаттайды.

Факторлық белгілер сол немесе өзге де құбылыстардың көлемін белгілейтін жағдайларды сипаттайды, ал нәтижелілік белгілер факторлық белгілер арқылы болған нәтиже.

Табиғи белгілер құбылысты табиғи түрде, ал құндылық белгілер – ақшалай түрде сипаттайды.

Барлық белгілердің жиынтығы: сандық және атрибуттық, факторлық және нәтижелілік, табиғи және құндылық белгілер – бақылау бағдарламасын құрайды.

Статистикалық мәліметтерді салыстырып тексеру және өңдеу, қорытындыларды есептеу, жиынтықталған көрсеткіштерді есептеу, нәтижелерді кестелер және сызбалар түрінде көрсету

Статистикалық бақылау нәтижесінде жиынтықтың әрбір бірлігі туралы мәліметтер алынады. Осы мәліметтер негізінде белгілі бір қорытынды жасау үшін алынған материалдарды салыстырып тексеріп, қорытындылар жасау қажет. Осылайша, материалдарды салыстырып тексеру мен топтастыру статистикалық бақылаудың екінші кезеңі болады.

Салыстырып тексеру жай және күрделі болуы мүмкін.

Жай қорытынды салыстырып тексеру алынған мәліметтерді топтарға бөлмей-ақ жүргізіледі. Ол жай барлық формулярда бар мәліметтерді сомдайды, жиынтық бірліктерінің жалпы қорытындысын шығарады немесе зерделенетін көрсеткіштің жалпы көлемін өлшейді. Мысалы, Ресей студенттерінің жалпы санын есептеу үшін, барлық жоғары оқу орындары бойынша барлық мәліметтерді қосу жеткілікті.

Күрделі салыстырып тексеру жиынтық бірліктерін топтарға алдын ала таратуды болжайды, топтар бойынша жиынтық бірліктерінің санын және зерделенетін белгі көлемін есептеуге мүмкіндік береді.

Кең мағынадағы статистикалық салыстырып тексеру дегеніміз – алғашқы мәліметтерді ғылыми түрде өңдеудің күрделі операциясы, оларға материалдарды топтастыру, типтік топтар мен топшаларға тән көрсеткіштер жүйесін әзірлеу, топтар және жалпы жиынтық бойынша қорытындыларды есептеу және топтастырылған материалдарды кестелер түрінде көрсету жатады. салыстырып тексеру мен топтастыру нәтижелері әрқашан статистикалық кестелер түрінде көрсетіледі.

Статистикалық топтастыру – қоғамдық құбылыстарды терең және жан-жақты зерделеу үшін зерделенетін жиынтықты белгілі бір, өзіне тән белгілері бойынша топтар мен топшаларға бөлу.

Жиналған материалдарды статистикалық дұрыс өңдеу үшін көрсеткіштер тізбесін ертерек белгілу қажет, зерттелетін құбылыстарды сипаттауға арналған салыстырып тексеру мәліметтерін алу қажет. Мәселен, фермерлердің шаруашылық қызметін сипаттау үшін егін егу алаңы және оны пайдалану, ауыл шаруашылық құрылымдары өнімдерінің молдығы, мал саны, өнім бірлігіне кеткен еңбек шығындар, т.б. сияқты көрсеткіштер маңызды болады. Сауда кәсіпорнының жұмысын сипаттау үшін тауар айналымының көлемі, жұмыскерлер саны, тауарлар қоры және т.б сияқты көрсеткіштер маңызды болып саналады. Осы көрсеткіштер жеке фирмалардың да, бірлестіктердің жұмыс қорытындыларына талдау жасауда қолданылады. Көрсеткіштер жүйесін әзірлеу статистикалық жинақтың мңызды құрамды бөлігі болып табылады. Зерттеудің нақты тұжырымдалған міндеті оны әзірлеудің негізі болып табылады.

Топтастырылған және жалпы қорытындыларды есептеу, топтастырылған материалдарды кесте және сызба түрінде көрсету жинақтың соңғы кезеңі болып табылады.

Әр түрлі жиынтықтардан қоғамдық құбылыстардың бірыңғай экономикалық топтары мен түрлерін сапалы түрде бөлу типологиялық топтамалардың көмегімен жүзеге асырылады.

Статистикалық топтамалардың маңызды міндеті бірыңғай бірліктердің жиынтығындағы құрылымды және құрылымдық қозғалыстарды анықтау, вариациялық белгілердің көлемі бойынша бірыңғай жиынтықтың бөлінуі болып табылады. Олар құрылымдық немесе вариациялық деп аталады және қазақстандық статистикада кең қолданылады.

Мысалы, фермерлердің шаруашылық түрі ретінде бірдей екені белгілі. Олардың барлығы – ауыл шаруашылық кәсіпорындар, бірақ олар өңделетін жер, мал саны, өндірістік бағыттары, жұмыскерлер саны, өз қызметі нәтижелеріне қарай бір-бірінен ерекшеленеді.

Топтамалардың негіздемесіндегі тиісті белгілері топтамалық деп аталады.

Белгілерді дұрыс таңдау топтамалардың алғашқы және едәуір күрделі мәселелері болып табылады.

Бір белгісіне қарай топтау жай топтама деп аталады. Онда топтарға бөлу үшін екі немесе одан да көп белгілері алынады, яғни, бір белгісіне қарай құралған топтар болады. Егер басқа белгілеріне қарай топшаларға бөлінсе, ал бұл топшалардың нәтижесінде алынған топтар тағы да топшаларға бөлінсе және тағы сол сияқты, онда олар аралас топтар болады.

Жай топтамаларға қарағанда аралас топтамаларда қосымша талдау қасиеттері болады. Олар зерттелетін белгілердің арасындағы айырмашылықтарды бөлуге көмесектеседі, ал бұларды жай топтамаларда анықтауға болмайды.

Топтамалық белгілерді іріктеу мынадай кезеңдерден өтеді: алдымен мақсаты, болжанатын топтаманың танымдық міндеті анықталады, одан кейін топтаманың негізіне жататын белгілерінің ерекше мазмұны анықталады, топтардың және сандық шекаралардың саны белгіленеді. Топтардың және белгілердің сандық шекараларын анықтау топтамалардың мақсатына және қандай белгілермен айналысатынына байланысты болады. Статистиканың зерделейтін жиынтықтары көптеген қасиеттермен сипатталады және әр түрлі белгілермен көрінеді. Топтамалық белгілердің төрт түрі бар: атрибутивтік, сандық, кеңістік және уақыт белгілері.

Атрибутивтік белгі дегеніміз – осы құбылыстың қасиеті мен сапасын сипаттайтын белгі. Онда сандық белгі болмайды.

Атрибутивтік (сапалық) белгілері бойынша топтастыру кезінде статистикалық жиынтық белгілердің қанша түрі болса (жынысы бойынша – екі топқа, ұлттық құрамы бойынша - қанша ұлт болса, сонша топқа), сонша топтарға бөлінеді.

Альтернативтік белгілер атрибутивтік белгілердің түрлері болып табылады. Альтернативтік белгілер дегеніміз - жиынтықтың кейбір бірліктерінде бар, ал кейбіреулерінде жоқ белгілер.

Мысалы, біреулерде жоғары білімі бар, ал біреулерінде жоқ. Біреулері шетел тілін біледі, ал біреулері білмейді.

Сандық белгілер дегеніміз – зерделенетін жиынтықтың көлемін, шамасын сипаттайтын және оны топтамалық белгінің жеке мағынасының шамасына қарай топтарға бөлуге мүмкіндік беретін белгі.

Сандық белгілеріне қарай топтастыру кезінде зерделенетін жиынтық белгінің деңгейі және шамасы бойынша бөлінеді.

Статистикалық мәліметтер жинағының нәтижелері кесте түрінде көрсетіледі.

Статистикалық кестелер дегеніміз – статистикалық жиынтыққа сандық жинақтық сипаттама беретін кестелер. Статистикалық кестелер статистикалық материалдарды жинау және өңдеу нәтижелерін едәуір рациональды, көрнекі және жүйеленген түрде көрсетеді. Олар зерделенетін қоғамдық құбылыстар мен процестердің сандық сипатын ықшам, әрі анық түрде көрсетеді, зерделенетін құбылыстардың жағдайын көрсетеді, белгілі бір қорытындыларды салыстыру, талдаудың негізі болып қызмет етеді. Жеке және жалпы қорытындылардың болуы немесе оларды алу мүмкіндігі статистикалық кестелердің айырықша ерекшеліктері болып табылады.

Статистикалық кестеде көлденең жолдар мен тігінен бағандар араласып келеді. Көбінесе жолдар мен бағандар бір-бірінен тіке сызықтар арқылы айырықшаланады, олар кестенің сүйенішін, қаңқасын, ал әрбір кесіп өтетін сызықтар кестенің торларын құрайды.

Тақырыптың ортақ, қаптал және жоғарғы жағы кестенің құрамды элементтері болып табылады. Әрбір кестенің тақырыбы қысқа, бірақ оның негізгі мазмұны толық ашылатындай нақты және анық болуы тиіс. Жалпы, тақырыптың сандық мәліметтер кестесіндегі басты мағынасы анық болуы тиіс, сондай-ақ олардың қандай аумақтарға және қандай уақыт кезеңіне жататыны көрсетілуі тиіс. Сонымен қатар, тақырыптың атауында өлшем бірлігі беріледі. Тақырыптың ортақ, қаптал және жоғарғы жағы толтырылып, бірақ сандық мәліметтері көрсетілмеген кестенің сүйеніші кестенің үлгісі деп аталады. Егер мәліметтер қандайда бір ерекшеліктермен айырықшаланса, (мысалы, аумақтың бөлігіне ғана жатқызылса, ол алдын ала деп аталады және т.б.) онда тиісті ескертулер мен түсініктер ескертпелер және сілтемелер түрінде жасалады.

Статистикалық кестені сәйкес қисынды ұсыныстар ретінде көруге болады. Сондықтан әрбір кестеде бастауыш пен баяндауыш болады.

Бастауыш дегеніміз - әр түрлі көрсеткіштермен сипатталатын статистикалық жиынтықтар, ал баяндауыш дегеніміз – жиынтықты сипаттайтын көрсеткіштер.

Бастауыш, әдетте, кестенің көлденең жолдарында, ал баяндауыш тігінен бағандарда орналасады.

Кесте анық көріну үшін, оны құрастыру кезінде мынадай ережелерді ұстану керек:

1. Кестелер көлемі бойынша өте үлкен болмауы керек. Жиынтық күрделі сипатта болған жағдайда, өте үлкен кестелерді құрастырмай, өзара бір-бірімен байланысты екі немесе бірнеше жай кестелер құрастырған жөн.

2. Кестенің жалпы атауы, бастауыш пен баяндауыштың, жеке жолдар мен бағандардың тақырыптары анық және қысқа тұжырымдалуы тиіс.

3. Кестеде мәліметтердің орналасатын орны мен уақыты, сондай-ақ оларды өлшеу бірліктері көрсетілуі тиіс.

4. Бастауыш пен баяндауыш көрсеткіштері белгілі бір қисынды реттілікпен орналастырылуы және өзара келісілген болуы керек, себебі бастауыштың жолдары баяндауыштың бағандарын қиып өтеді.

5. Егер кестенің баяндауышы мен көрсеткіштерінің саны едәуір болса, онда кестенің жолдарын және бағандарын әріптермен белгілеп, ал баяндауыштардың бағандарын сандармен белгілеген жөн.

6. Шартты белгілерді қатаң сақтау қажет. Өте үлкен етіп құрастырылған кестеде толтырылмаған бос торлар болмауы тиіс. Егер мәліметтер болмаса, нүктелер (...) қойылады немесе «мәліметтер жоқ» деп жазылады, егер құбылыс болмаса, (-) таңба қойылады. Толтырылуы қажет емес торлар болған жағдайда, оларда (Х) белгісі қойылады.

7. Кестенің барлық бағандары мен жолдарындағы мәліметтер бірдей деңгейдегі нақтылықта болуы тиіс. Егер сандық мағына кестедегі қабылданған нақтылықтан аз болса, 0,0 қойылады.

8. Кестелерде сілтемелер болуы мүмкін, онда мәлімет көздері, түсіндірме беретін ескертпе, көрсеткіштердің толық жазылуы көрсетіледі.

9. Әдетте, кестелер тұйықталған болу керек, яғни, топтар, кіші топтар және жалпы кесте бойынша (қорытынды) қорытындылары болуы керек.

Бақылау сұрақтары:

  1. СЭҚ статистикасы есебінің объектісі болып не табылады?

  2. СЭҚ статистикасының жіктелімі

  3. Кден статистикасының жіктелімі

  4. Сыртқы сауданың кеден статистикасында бақылау мен зерттеудің пәні болып не табылады?

  5. Кеден статистикасында экспорттың мінездемесі?

Негізгі әдебиеттер

1.ЌР кеден шекарасы арқылы, жеке тұлғалармен өткізіліп жатқан тауарларды және көлік құралдарын мәлімдеу тәртібі" 02.07.99 жылғы ҚР МКМ КК Инструкциясы.

2.Алибеков С.Т. Таможенное дело в РК. Учебное пособие. Алматы., 1997 г.

3.ҚР Статистика Агенттігінің өңірлік құрылымын оңтайландыру туралы ҚР Үкіметінің 2005.18.01 № 24 Қаулысы. Соңғы редакциядағы күні; 2005.18.01. Мем.тіркелімдегі №22586

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]