Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кеден стат-ка.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
257.31 Кб
Скачать
  1. Еңбек құқығының қағидалар

Дәрістің мақсаты: « статистикалық ақпарат», «мәліметтерді топтастыру және жинақтау» түсінігін анықтау ,сонымен қоса олардың негізгі қайнар көздерін қарастыру.

Дәріс жоспары:

1. Статистикалық көрсеткіштермен жұмыс істеу кезеңдері

2. Кеден статистикасы мәліметтерінің қайнар көздері

3.Статистикалық көрсеткіштермен жұмыс істеу кезеңдері

Бақылау объектілерінің және оларды талдаудың нақты сипаттамасын анықтау мақсатында кеден статистикасымен жұмыс істеу статистикалық көрсеткіштерді алудың үш кезеңін болжайды:

статистикалық бақылау;

статистикалық мәліметтерді салыстырып тексеру және топтау;

жинақталған көрсеткіштерді есептеу және талдау.

Статистикалық бақылау кезеңі кеден статистикасының объектілері бойынша алғашқы мәліметтерді жинауды болжайды.

Кеден статистикасын зерделеу объектілері

Сыртқы сауда айналымының статистикасы

Арнайы кеден статистикасы

Кеден төлемдерінің статистикасы

Конфискаттар статистикасы

Халықаралық пошта жіберілімдерінің статистикасы

Халықаралық тасымалдар статистикасы

Жолаушы айналымы статистикасы

Арнайы кеден статистикасының өзге де түрлері

Статистикалық салыстырып тексеруге сыртқы тауар айналымы және кеден статистикасындағы басқа да объектілер бойынша жиынтықталған сипаттама алу мақсатында алғашқы мәліметтерді өңдеу жатады, ол мемлекеттер мен континенттер бойынша; тауар топтары бойынша; төлем түрлері бойынша; сыртқы тауар жүктерін және т.б. тасымалдайтын көлік құралдарының түрлері бойынша экспорт пен импортты бірге салыстырып тексеруге мүмкіндік береді.

Кеден статистикасының зерделеу объектілері болып табылады:

сыртқы тауар айналымының статистикасы (әр түрлі тәсілдер арқылы шекараны қиып өтетін тауарлар туралы мәліметтер жатады);

экспорт статистикасы (табиғи және құндылық түрде);

экспорт пен импорттың географиялық бағыты (тауар-ел, ел-тауар);

арнайы кедендік статистикалық мәліметтердің қатары.

Сыртқы тауар айналымының статистикасы шығарылатын және әкетілетін тауарларды табиғи және құндылық түрде есепке алады. Сандық есеп халықаралық тауар айналымының көлемін едәуір нақты көрсетеді. Сандық есеп мәліметтері сонымен қатар сыртқы тауар жүктерін тасымалдауға қызмет көрсететін көлік қралдарын жоспарлау үшін қажет.

Біріккен Ұлттар Ұйымының статистикалық аппараты сандық көрсеткіштерді есептеу кезінде неттоның салмағын қолдануды ұсынады, себебі ол экономикалық талдау жасау үшін және әр түрлі елдердің бір тауарды жеткізулерін салыстыру үшін ыңғайлы.

Брутто салмағының көрсеткіштері тасымалдаудың жалпы көлеміне талдау жасау кезінде қолданылады. Осы жағдайда брутто салмағын тіркеу тауарларды әкету кезінде жүргізіледі.

Сыртқы тауар айналымының құндылық бағасы кеден статистикасының аса маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Жоғарыда аталып өткендей, халықаралық тауар практикасында мәмілелер әр түрлі жағдайларда жасалады, осыған байланысты сатылған тауарды есептеуде баға да әр түрлі болуы мүмкін. Мәселен, бір тауар оны сатып алу орнында бір бағаға, ал келіп түскен портта басқа бағаға ие болады, себебі тауардың өндірісінен тұтынуға дейінгі қозғалыста тауар құны тасымалдауға, сақтандыруға және т.б. кеткен қосымша шығындарға байланысты артады.

Экспортталатын тауарлардың есебі ФОБ бағасы немесе франко-шекара, ал импортталатын тауарлардың есебі СИФ бағасы немесе импорттайтын елдің франко-шекарасы бойынша жүргізіледі.

Бұндай есептеу практикасы белгіленген бір экономикалық мәнге ие, себебі ФОБ бағаларының базисінде экспорттық тауарларды бағалау кезінде экспорттайтын елдің шекарасына қарамастан тауарға кеткен шығындардың жалпы сомасы белгіленеді, ал импорттайтын тауарлардың бағаларын есептеу кезінде СИФ бағаларының базисінде шетел тауарын сатып алғаны үшін тұтынушының төлеуі тиіс сома көрсетіледі. Статистикалық практикада ФОБ және СИФ базистердің атауы әмбебап болды және тасымалдаудың кез-келген түрлерінде қолданылады.

ФОБ және СИФ бағаларын қалыптастыруды мынадай кесте бойынша қарауға болады:

Тауардың бағасына:

тауар өндірісінің өз құны;

орауға және маркалауға кеткен арнайы шығындар;

өндірушінің табысы жатады.

2. Тауарды экспорттайтын елдің шекарасына дейін жеткізуге кеткен шығындар:

- ішкі тасымалдаушының тасымалдайтын құралдарға тауарды жүктеу төлемі;

- тауарды жөнелту бекетінен негізгі тасымалдайтын құралдарға дейін тауарды тасымалдау төлемі;

- экспортқа шығаратын елдің шекарасына дейін тауарды жеткізу кезіндегі тауарды сақтандыру құны;

- экспорттық формальдық төлем (экспорттық лицензия, экспорттық баж, экспортшы елден алынатын салықтар мен басқа да жинаулар);

- жүкті түсіру бекеттерінде сақтауға кететін шығындар;

- негізгі көлікке тауарды жүктеу төлемі;

- экспортқа шығаратын елдегі өзге де шығындар.

(1+2)=ФОБ (немесе экспортқа шығаратын елдің франко-шекарасы) құрайтын сома.

3. Тауарды экспортқа шығаратын елдің шекарасынан Қазақстан Республикасының кеден аумағына тауарды әкелу орнына дейін жеткізуге байланысты шығындар:

- көліктің құны;

- жолдағы сақтандыру шығындары.

Құрастырылған сома (1+2+3)=СИФ бағасы (немесе импортқа шығаратын елдің франко-шекарасы).

Бұрын айтылғандай, Қазақстан Республикасының кеден аумағына «әкелу орны» дегеніміз:

авиатасымалдаулар үшін – тағайындау аэропорты;

теңіз тасымалдаулары үшін – жүкті түсіру, жүкті тиеу порты;

- автомобиль және теміржол тасымалдары үшін – Қазақстан Республикасының аумағына шығу кезінде шекараны қиып өту бекеті. Барлық жағдайда, сауда мәмілесі статистикалық есепте қабылданған шарттардан өзге шарттарда жасалған кезде, базистік шарттарға тиісті қайта есеп жүргізіледі.

Тауарларды жеткізу төлемсіз жүзеге асырылған жағдайда (қайтарылымсыз көмек, бартерлік операциялар және т.б.), тауарлардың экспорттық (импорттық) бағасы тиісті елдердің рыноктарында аттас тауарлардың бағалары бойынша жүргізіледі, онда коммерциялық негіздегі экспорттық-импорттық операциялар жүзеге асырылады.

Тауар экспорты мен импортының географиялық таралуы елдер бойынша:

экспорт – тауарларды тағайындайтын (тұтынатын) елдер;

импорт – тауарларды шығаратын (өндіретін) елдер бойынша тауарларды шығару және тұтыну принциптеріне сәйкес жүргізіледі.

Егер жеткізу сәтінде тауарларды тағайындайтын немесе шығаратын елдер белгісіз болса, онда экспорт сату елінде, ал импорт тауарды сатып алу елінде көрінеді.

Сыртқы сауданың кеден статистикасы және кеден төлемдері статистикасы мәліметтерінің негізгі қайнар көздері КЖД болып табылады. Ол Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өтетін тауарлар туралы жедел ақпараттарды алуға мүмкіндік береді.

Кедендік декларациялау – сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттейтін тәсілдердің бірі. Декларациялау сыртқы экономикалық байланыстардың қатысушыларымен жүргізіледі, ал кеден мекемелері декларациялау процесіне, сондай-ақ КЖД жазылған тауар түрінің анықтылығына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.

Кеден жүк декларациясындағы мәліметтер сыртқы сауда айналымының статистикасын жүргізу үшін негізгі бастапқы мәліметтер болып табылады.

КЖД 9 көрсеткішті алады, олар сыртқы сауда айналымының статистикасын құрайды. КЖД бірегейлігі оны толтыру кезінде мәліметтердің жиынтығын автоматтандыруға мүмкіндік беретін классификаторлардың сандық коды қолданылуында.

Сыртқы сауда айналымының негізін сәйкес анықтайтын тауар, код құрайды.

Бақылау сұрақтары:

  1. СЭҚ статистикасы есебінің объектісі болып не табылады?

  2. СЭҚ статистикасының жіктелімі

  3. Кден статистикасының жіктелімі

  4. Сыртқы сауданың кеден статистикасында бақылау мен зерттеудің пәні болып не табылады?

  5. Кеден статистикасында экспорттың мінездемесі?

Негізгі әдебиеттер

1.ЌР кеден шекарасы арқылы, жеке тұлғалармен өткізіліп жатқан тауарларды және көлік құралдарын мәлімдеу тәртібі" 02.07.99 жылғы ҚР МКМ КК Инструкциясы.

2.Алибеков С.Т. Таможенное дело в РК. Учебное пособие. Алматы., 1997 г.

3.ҚР Статистика Агенттігінің өңірлік құрылымын оңтайландыру туралы ҚР Үкіметінің 2005.18.01 № 24 Қаулысы. Соңғы редакциядағы күні; 2005.18.01. Мем.тіркелімдегі №22586

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]