- •Мазмұны
- •4. Оқытудың мақсаты
- •5.Пәнді оқып білудің міндеттері:
- •6. Күнпарақты –тематикалық жоспары (күндізгі бөлім)
- •6.1. Күнпарақты –тематикалық жоспары (сырттай бөлім)
- •Дәріс сабақтарының мазмұны
- •Ұсынылатын әдебиет тізімі Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиет
- •4. Оқытудың мақсаты
- •5.Пәнді оқып білудің міндеттері:
- •6. Күнпарақты –тематикалық жоспары.
- •7. Пәннің тематикалық жоспары
- •7.1 Семинарлық сабақтың жоспары
- •7.2 Соөж сабақтарының жоспары
- •8. Соөж арналған кестесі
- •9. Сөж орындау және тапсыру кестесі
- •10.Баға қою саясаты
- •10.1 Студенттер білімін кестесі:
- •10.2 Студенттердің рейтингін қою шкаласы
- •10.3.Студент білімін қорытынды бағалау кестесі.
- •10.4.Курс саясаты.
- •Ұсынылатын әдебиет тізімі Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиет
- •Пәннің оқу-әдістемелік қамсатасыз етілуінің картасы
- •Дәрістер кешені
- •1 Дәріс Кеден статистикасының құрылуы және дамуы
- •2 Дәріс Экономикалық статистикадағы кеден статистиканың алатын орны
- •Еңбек құқығының қағидалар
- •4 Дәріс Кедендік статистика әдістемелерінің негіздері
- •5 Дәріс Кеден органдарында және сэқ қатысушылардың құжаттарымен жұмыс жасауды ұйымдастыру
- •6 Дәріс. Кеден органдарында іс жүргізу тәртібі
- •7 Дәріс. Кеден органдарында іс жүргізу тәртібі
- •8 Дәріс. Кеден органдарында іс жүргізу тәртібі
- •Семинар сабақтарының мазмұны
- •Өзін-өзін тексеруге арналған сұрақтар
- •Семинарлық сабақтардың үлгі тақырыптары
- •Студенттердің өзндік жұмысын оқытушымен ұйымдастыруының үлгі тақырыптары
- •Студенттердің өзіндік жұмысының үлгі тақырыптары
- •Реферат жұмыстардың үлгі тақырыптары
- •«Кедендік іс жүргізу және кедендік статистика» пәні бойынша
- •1 Межелік бақылауға арналған сұрақтар
- •«Кедендік іс жүргізу және кедендік статистика» пәні бойынша
- •2 Межелік бақылауға арналған сұрақтар
- •Тест сұрақтары
- •Бағдарламалық және оқулық жұмыстардың мультимедиялық қосымшалары
2 Дәріс Экономикалық статистикадағы кеден статистиканың алатын орны
Дәрістің мақсаты: «кеден статистикасын еңгізудің орталықтандырылған жүйесіне көшу» түсінігін анықтау
Дәріс жоспары:
1. Сыртқы экономикалық байланыстардың статистикасы және жіктелуі
2 Сыртқы сауданың кеден статистикасының негіздері
3. Сыртқы экономикалық байланыстардың статистикасы және жіктелуі
Сыртқы экономикалық байланыстардың статистикасының міндеті елдің сыртқы экономикалық қызметінің жағдайы мен дамуы туралы сандық ақпаратты оның сапалық сипатымен айырылмас байланысында ұсыну болып табылады.
Елдің экспорты мен импортын құрайтын тауарлар мен қызмет көрсетулер, сондай-ақ олармен байланысты барлық операциялар сыртқы экономикалық байланыстар статистикасындағы есеп объектілері болып табылады.
Суреттен көрініп тұрғандай, Сыртқы экономикалық байланыстар статистикасына кеден статистикасы мен сыртқы экономикалық қызметтегі қызмет көрсету статистикасы жатады.
-
Сыртқы экономикалық байланыстардың статистикасы
Кеден статистикасы |
|
Сыртқы экономикалық қызметтегі қызмет көрсетулердің статистикасы |
Сыртқы сауданың кеден статистикасы |
|
Арнайы кеден статистикасы |
«Қазақстан Республикасының кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кеден статистикасы сыртқы сауда кеден статистикасы және арнайы кеден статистикасы болып бөлінеді.
Елдің сыртқы сауда айналымы, яғни, сандық және құндылық түрдегі тауарлардың экспорты мен импорты, сондай-ақ экспорт пен импорттың географиялық бағыты («тауар-ел», «ел-тауар») сыртқы сауда кеден статистикасын бақылау және зерделеудің пәні болып табылады.
Сыртқы сауданың кеден статистикасындағы экспорт дегеніміз – отанда жасалған, өсірілген немесе алынған тауарлардың елден әкетілуі.
Сонымен қатар, отандық тауарларға шетелдік тауарлар да жатады, тауарларды елге әкеліп, олардың негізгі сапалық немесе сандық сипатын өзгертіп қайта өңдейді.
Тауарлардың экспорты материалдық құндылықтардың ұлттық запастарын азайтады (экспорттық тауарларды сатудан түскен түсім – төлем балансының кіріс бөлігі).
Импорт дегеніміз – елге тауарларды әкелу. Импортқа реэкспорттау үшін елдің ішінде тұтынуға арналып әкелінген тауарлар және шетелден отандық ұйымдар үшін сатып алынған тауарлар жатады.
Тауарлардың импорты материалдық құндылықтардың ұлттық запастарын ұлғайтады.
Экспорттық және импорттық тауарлар сыртқы сауда кеден статистикасындағы бақылаудың тікелей объектілері болып табылады.
Сонымен қатар, сыртқы сауда кеден статистикасында мыналарға:
төлем құралы ретінде шығарылмайтын монетарлық алтынды, күмісті және басқа да бағалы металдарды әкетуге (әкелуге);
айналымға жатпайтын бағалы қағаздарды, банкноттарды және монеталарды әкетуге (әкелуге);
БҰҰ техникалық көмегі қорына жарналар есебінен ұсынылатын тауаларға, сондай-ақ сыйлар мен қайтарымсыз көмектерге;
шетел соттары үшін сатылған материалдар мен азық-түліктерге, бункерлік жағармайға, ұшақтар мен автомобильдерге;
әкелу (әкету) сәтінде жалға алынатын тауардың толық құны бойынша бір жылға және оданда көп жыл мерзіміне жалға алынатын тауарларға есеп жүргізіледі.
Кеден шекарасы арқылы өтетін тауарларға байланысты операциялар қатары сыртқы сауда көлеміне жатқызылмайды және кеден статистикасына есепке алынбайды. Мұндай тауарларға:
1) валюталық құндылықтар;
2) кепілдік заты;
3) құны статистикалық бақылау деңгейінен аспайтын тауарлар;
4) шетел мемлекеттерінің дипломатиялық және консульдық өкілдерінің ресми (қызметтік) қолданылуына арналған тауарлар;
5) мемлекеттен тыс орналасқан, сондай-ақ БҰҰ-ның әскери құрамындағы әскери бөлімдердің әскери дайындығын және күнделікті қызметін қамтамасыз етуге арналған тауарлар және мемлекет аумағына отандық әскери бөлімдермен қайтарылған тауарлар;
6) коммерциялық операциялардың заты болып табылмайтын тауарлар:
/ коммерциялық мақсатқа арналмаған, оның ішінде халықаралық поштамен жіберілетін жеке адамдардың алып өтетін тауарлары;
/ пошта белгілері; салт-дәстүрлер заттары;
/экспонантталған фотосуреттер мен шығарылған пленкалар, жобалар, суреттер, қолжазбалар, іскери қағаздар, әкімшілік баспа бланкілері, сондай-ақ халықаралық ақпарат алмасу шегінде қолданылатын кез-келген ақпарат тасымалдаушысы (оның ішінде шетел стандарттары, техникалық қызмет көрсетулер, техникалық суреттеу);
/ тұрғылықты өмір сүру үшін көшіп кететін және келетін жеке тұлғалардың, сондай-ақ қашқындар мен көшуге мәжбүр болғандардың әкелетін және әкететін тауарлары;
7) елдің мемлекеттік шекарасын басып өтпейтін операциялар шегінде әкелінетін тауарлар;
/ халықаралық тасымалдарда қолдануға арналған теңіз, өзен кемелері және ұшу аппараттары;
/ шетелде отандық кемелерден, оның ішінде шетел мемлекеттерінің аумақтық суларындағы немесе ашық теңіздегі шетел кемелерінде сатылатын балықтар мен теңіз өнімдерінің барлық түрлері;
/ ашық теңіздің түбінен алынатын тауарлар;
/ шетелден отандық көлік құралдары үшін сатып алынған бункерлік жанармай, балласт, азық-түлік және өзге де материалдар;
/ елге әкелмей-ақ қайта экспорттау (бұл терминнің статистикалық мағынасында);
/ ашық теңізден немесе концессия шарттарында шетел мемлекеттерінің аумақтық суларынан алынып мемлекетке әкелінген балықтар мен басқа да теңіз азық-түліктері;
/ жарнамалау, кепілдік қызмет көрсету тәртібінде әкелінген тауарлар, сондай-ақ таурларды қате әкелу жатады.
Тауарларды әкелуге және әкетуге статистикалық бақылау ЖКД мәліметтері негізінде жүргізіледі.
Сыртқы сауда кеден статистикасы табиғи (сандық) және құндылық түрдегі тауарларды әкелу және әкету есебін жүргізеді.
Сандық есеп халықаралық тауар айналымының көлемдерін едәуір толық көрсетеді.
Әлемдік сауда айналымындағы тауардың едәуір бөлігі салмақ бірліктерінде: тоннамен, центнермен, килограммдармен және т.б. өлшенеді. Сонымен қатар тауарлар брутто немесе нетто салмағымен есептелінеді.
Тауардың жалпы салмағы қорабымен бірге есептегенде брутто салмағы дегенді білдіреді.
Нетто салмағы дегеніміз – бұл тауардың ішкі және сыртқы салмағынсыз таза салмағы. Тауардың жақын орналасқан және онымен бірге тұтынушының қолына түсетін сыртқы оралымы нетто салмағына жатады.
Сыртқы сауда кеден статистикасында тауарлардың сандық есебі нетто салмағы бойынша жүргізіледі.
Өлшемнің салмақтық бірліктерінен басқа тауарлардың сандық есебі белгілі бір тауарларға тән ерекше өлшем бірліктерімен жүргізіледі.
Экспорттық және импорттық тауарлардың саны туралы мәліметтерден басқа сыртқы сауда кеден статистикасына олардың құндық бағасы жатады. Сыртқы тауар айналымының құндылық бағасы елдің экономикалық жағдайының, оның халықаралық байланысының маңызды көрсеткіш болып табылады. Сонымен қатар, бір елден екінші елге тауарларды жеткізу бойынша сатушы мен сатып алушының міндеттеріне байланысты сыртқы сауда келісімшарты жеткізудің коммерциялық шарттарының 13 түрі негізінде жасалады.
Жеткізудің коммерциялық шартына байланысты сатушының сатып алушыға қойған шот-фактурасындағы (инвойсе) бағасы әр түрлі болады. Шот фактураға сатушы жеткізудің коммерциялық шартының осы түрі бойынша өз міндеттеріне сәйкес шығындарды жатқызады.
Сыртқы сауда келісімшарттарын жасасу кезіндегі әр түрлі шарттарды және осыған байланысты тауардың фактуралық құнын есептеудің әр түрлі методологиясын есепке ала отырып, барлық тауар айналымы бойынша жиналған мәліметтерді алу үшін жекеленген тауарлардың құны бойынша мәліметтерді жай ғана қосу жеткіліксіз, себебі бұл құндық бағалар алуан түрлі және олар әр түрлі элементтерден тұрады.
Салыстырмалы мәліметтер алу мақсатында барлық бағаларды барлық экспорттар мен импорттық тауарлар үшін қабылданған бірыңғай базиске келтіру қажет.
Экспорттық бағаларды есептеудегі және ҚР аумағынан әкетілетін тауарларды статистикалық есептеудегі осындай базис экспортқа шығарушы елдің порты – ФОБ бағасы немесе кедендік ресімдеуге ГТД қабылдау күніне Ұлттық банкпен бекітілген бағам бойынша АҚШ долларына қайта есептелген экспортқа шығарушы елдің шекарасы – ДАФ болып табылады.
ФБ (борттағы еркіндік) – тауардың құны және кеме бортына тауарларды жеткізу және тиеу шығындары жататын тауардың бағасына сәйкес тауарды сату шарты.
Импорт құнының бағасы ҚСФ бағалар базасында – импортқа шығаратын елдің порты немесе СИП – импортқа шығарушы елдің шекарасында тағайындау бекеті - жүргізіледі.
ҚСФ – (құн, сақтандыру, фрахт) – тауардың құны және импортқа шығарушы елдің портына дейін тауарларды сақтандыру және көлікпен апару шығындары жататын тауар бағасына сәйкес тауарларды сату шарты.
Тауарлар экспортының және импортының географиялық есебі мемлекеттер бойынша тауарлардың шығару және тұтыну белгілеріне сәйкес жүргізіледі:
- экспорт тауарды тағайындаған (тұтынған) ел бойынша көрінеді;
- импорт тауар шығарған (өндірген) ел бойынша көрінеді.
Егер тауарды әкелу кезінде тауарды тағайындаған ел немесе шығарған ел белгісіз болса, онда экспорт сату елі бойынша, ал импорт сатып алатын ел бойынша көрінеді.
Кеден статистикасында контрагент - елдер болып мыналар есептеледі:
Әкелу кезінде:
Тауарды шығарушы ел:
Тауарды тиеуші ел – Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының 97-тобына енгізілген тауарлар үшін (өнер шығармашылығы, коллекционерлік заттар мен антиквариат) және қайта импортталған тауарлар.
Әкету кезінде:
Тауарларды тағайындайтын ел.
Тауарды толығымен шығарған немесе жеткілікті түрде қайта өңдеген ел тауарларды шығарған ел болып табылады.
1. Өз аумағынан немесе оның аумақтық қойнауынан, немесе оның континентальдық шельфінен және теңіз қойнауынан алынған пайдалы қазбалар, егер мемлекет осыларды әзірлеуге ереше құқылы болса;
2. Оның аумағында өсірілетін немесе жиналатын өсімдік өнімдері;
3. Онда туылған және өсірілген тірі жануарлар;
4. Сол елдегі жануарлардан өсіріліп алынған өнімдер;
5. Аң аулау, балық аулау және теңіз саласындағы елде шығарылған өнімдер;
6. Сол елдің кемелерімен немесе жалға алған кемелерімен әлемдік теңізден алынған және өндірілген теңіз саласындағы өнімдер;
7. Сол елде бар өндіріс немесе өзге де операциялардың нәтижелері болып табылатын қайталама шикізат пен қалдықтар;
8. Сол елдің немесе сол елмен жалға алынған космос кемелері арқылы ашық космостан алынған жоғары технология өнімі.
Егер тауарды өндіруге екі немесе одан да көп ел қатысса, тауардың шығуы жеткілікті түрде қайта өңдеу критериясына сәйкес белгіленеді.
Сол елдегі тауарды жеткілікті түрде қайта өңдеу критериялары мыналар болып табылады:
1) тауарды қайта өңдеу нәтижесінде болған алғашқы төрт белгінің кез-келгенінің деңгейінде СЭҚ ТН бойынша тауар позициясын (тауардың жіктелген коды) өзерту;
2) сол елден шығарылған тауар деп есептелуі үшін жеткілікті немесе жеткіліксіз операциялар орын алған өндірістік немесе технологиялық операциялардың орындалуы;
3) адвалорлық үлес ережесі – пайдаланылған материалдар құнының немесе қосылған құнның пайыздық үлесі ұсынылған тауар бағасының тіркелген үлесіне жеткендегі тауар құнының өзгеруі.
Кеден статистикасының негізіне құқықтық, методологиялық, құжаттық, конструкциялық, технологиялық негіздерді жатқызады.
Қазақстан Республикасы Сыртқы сауда кеден статистикасын жүргізудің құқықтық негізі 2003 жылғы 1 мамырдағы Қазақстан Республикасы Кеден кодексі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 421-бабына сәйкес сыртқы сауда кеден статистикасын жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарын Қазақстан Республикасы сыртқы сауда жағдайы туралы ақпаратпен, мемлекеттік бюджетке кедендік төлемдер мен салықтардың түсуін бақылауды, валюталық бақылауды, Қазақстан Республикасы сыртқы саудасының динамикасы мен тенденциясын, жағдайын талдаумен, оның сауда мен төлем балансын және экономикасын қамтамасыз ету болып табылады. Жалпы кеден органдары кеден шекарасы арқылы тауарларды өткізу туралы мәліметтерді жинап, өңдейді, сондай-ақ заңнамаға сәйкес кеден статистикасының мәліметтерін ұсынады және жариялайды.
Жоғарыда көрсетілген мақсаттар үшін құжаттар мен мәліметтер Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің кедендік ресімдеу өндірісі және кедендік бақылау жүргізу тәртібі туралы ережелеріне сәйкес ұсынылады, ал статистикалық мақсаттарға арналған ақпарат конфиденциальды болып табылады.
Қазақстан Республикасы Сыртқы сауда кеден статистикасын жүргізудің методологиялық негізі «ТМД қатысушы мемлекеттерінің сыртқы сауда кеден статистикасының бірыңғай методологиясы» деген арнайы құжатының ережесі болып табылады.
Методологиялық негіз сыртқы сауда кеден статистикасындағы есеп пен статистикалық бақылау объектілерін және оларды есепке алу тәртібін, оның ішінде құбыр желісі көлігімен және электр желісі бойынша орын ауыстыратын тауарларды белгілейді.
Қазақстан Республикасы сыртқы сауда кеден статистикасы Сыртқы сауда есебінің жалпы жүйесі негізінде тауарларды әкелуді және әкетуді есепке алады және оған әкелуі мен әкетуі елдің материальдық ресурстарын тиісті түрде арттыратын немесе азайтатын барлық тауарлар жатады.
Сыртқы сауда кеден статистикасының методологиясы мынадай функцияларды орындайды:
- әлемдік практиканы және Кеден кодексі ережелерін есепке ала отырып келтірілген терминдер мен анықтамалардың көмегі арқылы қамтамасыз етілетін онда қолданылатын материалдардың біркелкі трактировкасын береді;
- негізгі кедендік режимдерді, сондай-ақ шығарушы елді және кеден статистикасын анықтауға қатысты қолданыстағы нормативтік актілерді анықтау жүргізіледі;
- кедендік режимдерге тауарларды экспорттау және импорттау кезінде сыртқы сауда кеден статистикасы есепке алған, экспорттау және импорттау кезінде ерекше есепке алған тауарлардың, сондай-ақ экспорттау және импо
рттау кезінде есепке алмаған тауарлардың анық тізбесінің байлануынан тұрады;
- статистикалық бақылау деңгейін, сондай-ақ сыртқы сауда кеден статистикасының міндетті көрсеткіштер тізбесін және елдің сыртқы саудадағы статистикалық ақпаратының конфиденциальдылығын сақтау тәртібін анықтайды.
Сыртқы сауда кеден статистикасына тән ерекшелік оның алғашқы құжаттардың (оның құжаттамалық негізін ұсынатын):
- бақылау жасайтын ведомствоға қатысты емес сыртқы экономикалық байланыстардың қатысушылары ұсынған құжаттардың;
- кеден шекарасы арқылы өтетін тауарлар туралы ресми түрде декларацияланған мәліметтерден тұратын құжаттардың мазмұнына сүйенуі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Кеден кодексіне сәйкес кеден органының декларанттан кедендік жүк декларациясын қабылдауды ресімдеуі сәтінен бастап заңды мағынасы бар фактілер туралы куәландыратын құжаттар болады.
ЖКД ресімдеуге қабылдаған кеден органымен куәландырылғаннан кейін соңғысындағы мәліметтерді нақты құжаттық тексерістен кейін тауарды ресімдеуге ұсынылған жеке қараумен байланысты елдің сыртқы саудасының объективті және нақты көрінісін қалыптастыруы мүмкін. Бұл көрініс – нақты сыртқы сауда операциялары жиынтығының статистикалық есебінің мәліметтері түріндегі концентрациялық бейнесі. Кедендік бақылаудың көзқарасымен алғанда, бұл операциялардың әрқайсысының өзіндік соңғы нәтижесі бар, атап айтқанда:
- Қазақстан кеден аумағының шегін тауарлармен толтыру – экспорттау кезінде;
- Қазақстан кеден аумағының шегінде тауарлардың ұсталуы – импорттау кезінде.
Кеден кодексі ережесін дамытуда «ЖКД толтыру тәртібі туралы» нұсқаулық қолданылады. Ол толтыру тәртібі туралы нұсқаудан және оның ішінде сыртқы сауда кеден статистикасын қалыптастыруға тиіс ЖКД бағандарынан тұрады.
Осындай көрсеткіштердің тізбесі Сыртқы сауда кеден статистикасы методологиясында келтірілген. Олардың қатарына мынадай көрсеткіштер кіреді:
- есеп кезеңі;
- тауар ағымының бағыты;
- тауарды шығарушы ел;
- тағайындаушы ел;
- статистикалық құны;
- ТМД СЭҚ ТН бойынша тауардың коды мен атауы;
- нетто салмағы;
- өлшемнің қосымша бірліктерінің коды мен атауы;
- өлшемнің қосымша бірліктері бойынша саны;
- кеден режимінің түрі;
- тауарды жіберушінің санаты;
- аудан.
Ресми жариялау нысандары Қазақсатн Республикасы сыртқы сауда кеден статистикасының конструктивтік негізі болып табылады.
Айлық, тоқсан сайынғы, жылдық, демалыс статистикалық ақпаратын қалыптастыру үшін кеден комитетінің бөлімшелері ақпараттық-статистикалық кеденге қажетті мәліметтерді ұсынады.:
- ай сайынғы статистикалық ақпарат есептік кезеңнен кейінгі айдың 10 күніне жинақталады.
- тоқсан сайынғы (жылдық) статистикалық ақпарат – тоқсаннан (жылдан) кейінгі айдың 15 күніне жинақталады.
Ақпараттық-статистикалық кеден «Кеден органдары қызметінің негізгі көрсеткіштері» деген арнайы кедендік статистикалық бюллетені бойынша салыстырып тексерілген мәліметтерді қалыптастырады.
Бақылау сұрақтары:
Статистикалық ақпараттың рөлі қандай?
Кеден органдары қызметінде кеден статистикасының рөлі қандай?
Қазақстанның кеден статистикасының тапсырмалары немен сәйкес келуі тиіс?
Кеден статикасын құруға арналған мәліметтер қайдан алынады?
ТМД қатысушы мемлекеттердің сыртқы сауданың Бірыңғай кеден статистикасының әдістемесі қашан бекітілді?
Негізгі әдебиеттер
1.ЌР кеден шекарасы арқылы, жеке тұлғалармен өткізіліп жатқан тауарларды және көлік құралдарын мәлімдеу тәртібі" 02.07.99 жылғы ҚР МКМ КК Инструкциясы.
2.Алибеков С.Т. Таможенное дело в РК. Учебное пособие. Алматы., 1997 г.
3.ҚР Статистика Агенттігінің өңірлік құрылымын оңтайландыру туралы ҚР Үкіметінің 2005.18.01 № 24 Қаулысы. Соңғы редакциядағы күні; 2005.18.01. Мем.тіркелімдегі №22586
