- •Мазмұны
- •4. Оқытудың мақсаты
- •5.Пәнді оқып білудің міндеттері:
- •6. Күнпарақты –тематикалық жоспары (күндізгі бөлім)
- •6.1. Күнпарақты –тематикалық жоспары (сырттай бөлім)
- •Дәріс сабақтарының мазмұны
- •Ұсынылатын әдебиет тізімі Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиет
- •4. Оқытудың мақсаты
- •5.Пәнді оқып білудің міндеттері:
- •6. Күнпарақты –тематикалық жоспары.
- •7. Пәннің тематикалық жоспары
- •7.1 Семинарлық сабақтың жоспары
- •7.2 Соөж сабақтарының жоспары
- •8. Соөж арналған кестесі
- •9. Сөж орындау және тапсыру кестесі
- •10.Баға қою саясаты
- •10.1 Студенттер білімін кестесі:
- •10.2 Студенттердің рейтингін қою шкаласы
- •10.3.Студент білімін қорытынды бағалау кестесі.
- •10.4.Курс саясаты.
- •Ұсынылатын әдебиет тізімі Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиет
- •Пәннің оқу-әдістемелік қамсатасыз етілуінің картасы
- •Дәрістер кешені
- •1 Дәріс Кеден статистикасының құрылуы және дамуы
- •2 Дәріс Экономикалық статистикадағы кеден статистиканың алатын орны
- •Еңбек құқығының қағидалар
- •4 Дәріс Кедендік статистика әдістемелерінің негіздері
- •5 Дәріс Кеден органдарында және сэқ қатысушылардың құжаттарымен жұмыс жасауды ұйымдастыру
- •6 Дәріс. Кеден органдарында іс жүргізу тәртібі
- •7 Дәріс. Кеден органдарында іс жүргізу тәртібі
- •8 Дәріс. Кеден органдарында іс жүргізу тәртібі
- •Семинар сабақтарының мазмұны
- •Өзін-өзін тексеруге арналған сұрақтар
- •Семинарлық сабақтардың үлгі тақырыптары
- •Студенттердің өзндік жұмысын оқытушымен ұйымдастыруының үлгі тақырыптары
- •Студенттердің өзіндік жұмысының үлгі тақырыптары
- •Реферат жұмыстардың үлгі тақырыптары
- •«Кедендік іс жүргізу және кедендік статистика» пәні бойынша
- •1 Межелік бақылауға арналған сұрақтар
- •«Кедендік іс жүргізу және кедендік статистика» пәні бойынша
- •2 Межелік бақылауға арналған сұрақтар
- •Тест сұрақтары
- •Бағдарламалық және оқулық жұмыстардың мультимедиялық қосымшалары
Дәрістер кешені
1 Дәріс Кеден статистикасының құрылуы және дамуы
Дәрістің мақсаты: «кеден статистикасы» түсінігін анықтау,сонымен қоса оның негізгі тапсырмаларын қарастыру.
Дәріс жоспары:
1. Кеден статистикасының пәні мен тәсілдері
1.Кеден статистикасының құрылуы мен дамуы
Статистика ғылым ретінде – жалпы, кездейсоқ құбылыстар мен процестердің заңдылығын зерделейтін пәндер жүйесі.
Бұл пәндерге, әдетте, статистиканың жалпы теориясы, математикалық статистика және білімнің әр түрлі салаларындағы арнайы статистикалық пәндер жатады. Барлық статистикалық пәндер өзара зерттеудің жалпы пәні мен бірыңғай статистикалық методологиясымен бірігеді.
Кеден статистикасы экономикалық статистиканың болашақ құрамдық бөлігі бола тұрып, кеден ісі негіздерінің элементі ретінде сыртқы саудада болатын құбылыстар мен процестердің сандық жағын, сондай-ақ кеден ведомствосындағы жедел және қамтамасыз ететін қызметтің әр түрлі бағыттарындағы кеден төлемдеріне есеп берумен және талдау жасаумен байланысты, контрабандамен күрес және кеден ережелерінің бұзушылықтарымен, саудалық емес айналыспен, валюталық бақылаумен байланысты зерделейді.
Жаппай, оның ішінде кездейсоқ құбылыстар мен процестер статистикалық зерттеудің пәні болып табылады.
Қоғамдық өмір жаппай құбылыстар мен процестердің әр алуан түрлерінде көрінеді.
Бұл құбылыстардың әрқайсысы біркелкі элементтердің көлемінен тұрады, олар уақыт пен кеңістіктің белгілі бір шекараларында статистикалық жиынтықты жасайды. Мәселен, сыртқы сауда уақыттың нақты интервалындағы белгілі бір мемлекеттің шекарасы арқылы өтетін тауарлар партиясының жиынтығымен ұсынылады.
Статистикалық жиынтық жеке бірліктерден тұрады. Жиынтықтың әрбір бірлігі қасиеттері мен ерекшеліктерінің жанына жазылуы мүмкін. Мәселен, шекара арқылы өтетін тауарлар атауымен, санымен, бағасымен, шығарылған елімен және т.б. сипатталады. Бұл тауарларды статистикалық жиынтыққа олардың сыртқы саудаға қатысулары біріктіреді. Бірақ кейбір бүтінді жасай отырып, олардың қасиеттері мен ерекшеліктері бойынша статистикалық жиынтық бірліктері бір-бірінен ажырылатылады.жиынтықтың жеке элементтері статистикалық жиынтыққа барлық элементтерді біріктіретін белгілі бір сапалық негізге ие бола отырып, олар біріне-бірі ұқсас болмайды, олардан белгілі бір айырмашылықтар табылады.
Статистикалық жиынтықта сипаттамаларды қалыптастыру заңдарын анықтау және жеке бірліктерге тән ерекшеліктердің оларға әсері кеден статистикасының (мысалы, кейбір тауардың орта бағасын және оның белгілі бір жағдайға байланысты мүмкін вариацияларын анықтау) негізгі мақсаты болып табылады. Кеден статистикасы, сонымен қатар, барлық статистикалық жиынтықты сипаттайтын мәліметтерді алу әдістерін (құндылық өлшемдегі сыртқы сауданың көлемі, сыртқы сауданың салмақтық көлемі) зерделейді. Алайда, кеден статистикасының мағынасы осымен шектелмейді. Ол, сонымен қатар, даму заңдарын (сыртқы сауда динамикасын зерттейді және оның негізгі сипаттамаларының мағынасын болжайды) және сипаттамалар, процестер және құбылыстар арасындағы себепті өзара байланысты зерделейді. Бұл заңдылықтардың барлығы тек өзге де факторлардың кездейсоқ аясында байқалады, тек статистикалық әдістермен анықталып, зерделенуі мүмкін және статистикалық заңдылық деп аталады.
Кедендік есеп Ресейде 1918 жылдан бастап жүргізіледі – орталықсыздандырылған есепті кеден шенеуніктері жүргізді. 1930 жылдан бастап тауар айналымына байланысты кедендік есеп орталықтандырылған бола бастайды – келетін, кететін барлық тауарларды арнайы органдар есепке ала бастады. 1942 жылы кеден шекарасы бұзылып, тауарларды есепке алумен ССМ айналысты, импортқа да, экспортқа да мәліметтер шот түрінде келіп тұрды. ССМ тек коммерциялық негізде жүзеге асырылатын тауарлардың экспорты мен импортын есепке алды.
1959 жылға дейін ҚСРО Орталық кеден басқармасы және ССМ параллельдік, қайталама сыртқы сауда есебін жүргізді. 1959 жылдан бастап сыртқы сауда есебінің негізгі функцияларын өзіне ала отырып, ССМ сыртқы экономикалық қызметке бақылау жасайды. Әлемдік практикада қабылданғандай, 1991 жылдан бастап тауарлардың есебі тек кеденде ғана кедендік есеп түрінде жүргізіледі. Есептің негізі – кеден декларациясы, сондай-ақ кейбір басқа да құжаттар: тауар-ілеспе құжат; шоттар; мәміле төлқұжаты және т.б.
Статистикалық ақпарат кез-келген салада дұрысғ ғылыми негізделген шешімдер қабылдауға көмектеседі. Кеден статистикасы – кеден органдары қызметінде қажетті атрибут және дұрыс қолдану жағдайында оның негізінде сыртқы экономикалық байланыстардың толық суретін көруге және қабылданатын шешімдерді реттеуге болады. Заңнамалармен анықталған кеден статистикасының мәселелері ТМД елдері басшылары Кеңесімен бекітілген ТМДға қатысушы елдердің сыртқы саудасының кедендік статистикасының Біріңғай әдістемесінің мәселелері және мақсаттарымен, болашақта Қазақстанның да, басқа мемлекеттердің де техникалық мүмкіндіктерімен үндесуі керек.
Бақылау сұрақтары:
Статистикалық ғылым дегеніміз не?
Статистикалық пәндер арасында қандай айырмашылық бар?
Экономикалық және кедендік статистика арасында байланыс бар ма?
Кеден ісінің элементі ретінде кеден статистикасы нені қарастырады?
Негізгі әдебиеттер
1.ЌР кеден шекарасы арқылы, жеке тұлғалармен өткізіліп жатқан тауарларды және көлік құралдарын мәлімдеу тәртібі" 02.07.99 жылғы ҚР МКМ КК Инструкциясы.
2.Алибеков С.Т. Таможенное дело в РК. Учебное пособие. Алматы., 1997 г.
3.ҚР Статистика Агенттігінің өңірлік құрылымын оңтайландыру туралы ҚР Үкіметінің 2005.18.01 № 24 Қаулысы. Соңғы редакциядағы күні; 2005.18.01. Мем.тіркелімдегі №22586
