- •Студенттерге болашақ мұғалім және тәрбиеші ретінде қойылатын талаптар.
- •2. Кәсіпке оқытудың, еңбекке тәрбиелеудің және оқушыларды жетілдірудің қазіргі кезеңдегі міндеттері.
- •Оқу бағдарламалары және оларға әдістемелік талдау
- •Кәсіптік окыту қағидалары туралы түсінік. Кәсіптік окыту дидактикалык қағидаларының жүйелігі.
- •7. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың қағидалары
- •9. Жалпытехникалық және арнайы пәндер бойынша оқу сабақтарын ұйімдастырудың негізгі формалары.
- •Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар. Сабактың мақсаты. Сабақ түрлері. Сабақтың кұрылымы.
- •12. Кәсіпке окытудың әдістері мен құралдары
- •Жаттығу - іскерлік пен дағдыны қалыптастырудың негізгі әдісі. Жаттығу түрлері. Оларға қойылатын талаптар. Жаттығуды ұйымдастыру және өткізу әдістері.
- •Нұсқаулар, олардың түрлері. Кіріспе нұсқау және ағымдағы нұсқау. Олардың ерекшеліктері және өткізу әдістері.
- •Қазіргі инновациялық окыту технологияларының мақсаттары, міндеттер және ұғымы. Сабақты инновациялык окыту технологиялары пайдалану арқылы ұйымдастыру.
- •Мұғалімнің сабақты өткізуге даярлану кезеңдері.
- •Такырыптық-мерзімдік жоспарлаудың мазмұны.
- •Педагогтардың қызметі.
- •Оқушылар үлгерімін есепке алудың және білімдерін тексерудің міндеттері. Үлгерімді есепке алудың түрлері
- •.Оқушылардың білім мен білігін және дағдыларын тексерудің түрлері
- •Оку бөлмелеріне, оларды жабдықтауға және безендіруге, оқушылардың жұмыс орындарына қойылатын эргономикалық және психологиялық-педагогикалық талаптар.
- •Мектеп шеберханаларының жұмыс тәртібі. Мұғалімнің және оқушылардың жұмыс орындары.
- •25.Сыныптан тыс сабақтарды ұйымдастырудың міндетттері және олардың педагогикалық ерекшеліктері.
- •39. Оқушылардың оқу еңбектерін ұйымдастырудың формалары: фронталды, топтық, даралай және оларға әдістемелік талдау.
- •42. Сабақты иновациялық оқыту технологиялары пайдалану арқылы ұйымдастыру: ұжымдық оқыту тәсілі, іскерлік ойын, ақпараттық, интеграциялық технологиялар, дамыта оқыту технологиясы
Такырыптық-мерзімдік жоспарлаудың мазмұны.
1.1. Күнтізбелік- тақырыптық жоспар - бұл білімдік мекеменің мектеп оқушыларын нақты пән бойынша дайындау деңгейі мен мазмұндық минимум талаптарын іске асыруға арналған құжат. Күнтізбелік- тақырыптық жоспар нақты пән бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігімен бекітілген үлгі оқу бағдарламасы негізінде педагогтың өздігінен құрастырылады. Онда берілген пәнді үйрену нәтижесі бойынша оқушылар даярлығына қойылатын талаптар, білімдік үдерісті ұйымдастыру бойынша ұсыныстар болып, нақты пәнді оқытудағы педагогтың тәжірибелік қызметінде мемлекеттік стандарттар компоненттерінің қалайша іске асырылатыны жайында түсінік берілуі тиіс. Күнтізбелік- тақырыптық жоспар ең бастысы - өздерін толығымен іске асыруға ықпал етуші жергілікті жердегі жағдайларды есепке ала отырып, мемлекеттік стандарттарға сәйкес оқушылардың білім берудегі міндетті минимумдарды иегіруіне кепілдікті қамтамасыз етеді.
1.2. Күнтізбелік- тақырыптық жоспар – мұғалімнің пән бойынша оқу бағдарламасын орындау қызметін регламенттеуші құжат. Күнтізбелік- тақырыптық жоспар мұғаліммен әр сыныпқа арнап Мемлекеттік білімдік стандарттарға сәйкес әзірленеді. Мұғаліммен әзірленген күнтізбелік- тақырыптық жоспар әдістемелік бірлестік жетекшісімен келісіліп, 3 қыркүйекке дейін мектеп директорымен бекітіледі.
1.3. Күнтізбелік- тақырыптық жоспардың міндеттері:
Күнделікті сабақ жоспарын құру міндеттері:
- әр тақырыптың жылдық курстағы және әр сабақтың тақырыптағы орнын белгілеу;
- жеке сабақтармен, жылдық курстың тақырыптарымен өзара байланысын белгілеу;
- оқушы қызметінің нәтижесін нақтылау мақсатында оқу курсында тексерілетін мазмұн элементтері мен бітірушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды белгілеу;
- білім алушыларды пән бойынша жүйелі білім, білік және дағдылармен қаруландыру бойынша тиімді жұмыс жүйесін қалыптастыру.
1.4 Күнтізбелік- тақырыптық жоспардың әзірлену деңгейі мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің өлшемі болып табылады.
1.5. Оқу курсының күнтізбелік- тақырыптық жоспарын әзірлеу кезінде келесі қызметтер ретін іске асырады:
* жұмыс барысы мен нәтижесін болжау;
* қажетті шаралар мен әрекеттердің ретін әзірлеу;
* оларды жүзеге асыру үшін барынша тиімді әдістер мен тәсілдерді таңдау;
Ø Қызметті дәл есептеу және оның кезеңдерінің басталуы мен аяқталу мерзімін белгілеу; ;
Ø Қызметті есепке алу және оның нәтижесін бақылау түрлері мен әдістемелерін анықтау;
Педагогтардың қызметі.
Ø Мұғалімнің өзі сабақ беретін барлық пәндерден міндетті түрде күнтізбелік –тақырыптық жоспары болу керек.
Ø күнтізбелік –тақырыптық жоспар бір жылға жасалуы тиіс.
Ø Мұғалім қажеттілігіне қарай өзінің күнтізбелік –тақырыптық жоспарына түзетулер енгізеді.
Ø Мұғалім мектеп әкімшілігінің немесе тексерушілердің талабы бойынша күнтізбелік –тақырыптық жоспарын ұсынуға міндетті.
