- •Студенттерге болашақ мұғалім және тәрбиеші ретінде қойылатын талаптар.
- •2. Кәсіпке оқытудың, еңбекке тәрбиелеудің және оқушыларды жетілдірудің қазіргі кезеңдегі міндеттері.
- •Оқу бағдарламалары және оларға әдістемелік талдау
- •Кәсіптік окыту қағидалары туралы түсінік. Кәсіптік окыту дидактикалык қағидаларының жүйелігі.
- •7. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың қағидалары
- •9. Жалпытехникалық және арнайы пәндер бойынша оқу сабақтарын ұйімдастырудың негізгі формалары.
- •Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар. Сабактың мақсаты. Сабақ түрлері. Сабақтың кұрылымы.
- •12. Кәсіпке окытудың әдістері мен құралдары
- •Жаттығу - іскерлік пен дағдыны қалыптастырудың негізгі әдісі. Жаттығу түрлері. Оларға қойылатын талаптар. Жаттығуды ұйымдастыру және өткізу әдістері.
- •Нұсқаулар, олардың түрлері. Кіріспе нұсқау және ағымдағы нұсқау. Олардың ерекшеліктері және өткізу әдістері.
- •Қазіргі инновациялық окыту технологияларының мақсаттары, міндеттер және ұғымы. Сабақты инновациялык окыту технологиялары пайдалану арқылы ұйымдастыру.
- •Мұғалімнің сабақты өткізуге даярлану кезеңдері.
- •Такырыптық-мерзімдік жоспарлаудың мазмұны.
- •Педагогтардың қызметі.
- •Оқушылар үлгерімін есепке алудың және білімдерін тексерудің міндеттері. Үлгерімді есепке алудың түрлері
- •.Оқушылардың білім мен білігін және дағдыларын тексерудің түрлері
- •Оку бөлмелеріне, оларды жабдықтауға және безендіруге, оқушылардың жұмыс орындарына қойылатын эргономикалық және психологиялық-педагогикалық талаптар.
- •Мектеп шеберханаларының жұмыс тәртібі. Мұғалімнің және оқушылардың жұмыс орындары.
- •25.Сыныптан тыс сабақтарды ұйымдастырудың міндетттері және олардың педагогикалық ерекшеліктері.
- •39. Оқушылардың оқу еңбектерін ұйымдастырудың формалары: фронталды, топтық, даралай және оларға әдістемелік талдау.
- •42. Сабақты иновациялық оқыту технологиялары пайдалану арқылы ұйымдастыру: ұжымдық оқыту тәсілі, іскерлік ойын, ақпараттық, интеграциялық технологиялар, дамыта оқыту технологиясы
Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар. Сабактың мақсаты. Сабақ түрлері. Сабақтың кұрылымы.
Сабақтың дидактикалық құрылымы мына элементтерді камтиды:
- тірек білімдері мен қимыл тәсілдерінің көкейкестілігі;
- жаңа ұғымдар мен әрекет тәсілдерін қалыптастыру;
- білімді өмірге қолдана білу, білік пен дағды икеміне ие болу;
- білімді бағалау, білік пен дағдыны қалыптастыру;
Бұл кұрылымды ары қарай мына 3 бөлікке бөлуге болады:
- логикалық - психологиялық;
- мотивациялық;
- әдістемелік.
Логикалық-психологиялық: бөлімде негізінен сабақта таным процесін қалыптастыратын психологиялық әрекеттерден тұрады - Олар: бұрынғы алған білімдерін қайта жаңғырту; білім мен әрекет тәсілдерін қабылдау; материалдарды ой елегінен өткізіп, есте сақтау; білім негіздері мен әрекет тәсілдерін жалпылау; білім мен жаңа әрекет тәсілдерін түрлі жағдаяттарға байланысты практикада қолдана білу.
Сабақтың мотивациялық құрылымы:оқушының зейінін жинақтау және бағыттай білу; сабақтағы негізгі қимыл - әрекет мәнін түсіндіру; оқушылар қызметіне түрткі жасау; оқушылар мен бірлесе отырып сабақ мақсатын айқындау; түпкі мақсатқа жетуде жағдаяттармен қамтамасыз ету; оқушылар қимылындағы сенімділік әрекетін қуаттау нәтижесі мен іс - әрекетті бағалау.
Әдістемелік құрылым: сабақтың барлық кезеңінің практикалық тұрғыда жүзеге асуына ұйытқы болады.
Өндірістік оқыту (практикалық) сабақтарын оқу. Шеберханаларында цехтарда өткізудің мынандай түрлері бар:
- жаңа еңбек тәсілдерін үйрететін сабақ;
- өткен тәсілдерді бекітуге арналған сабақ; Мұның өзі: а) жаттығу сабақтары; ә) оқу - өндірістік бұйымдарды өз бетінше жасау сабағы б) аралас сабақтар (комбинированные). Өнеркәсіп не өндіріс ұйымдарында жүргізілетін өндірістік оқу түрлері:
- өндірістік жағдайды білім мен дағдыларды қалыптастыратын, кешенді және күрделі жұмыстар түрін атқару;
- өндірісте білікті жұмысшылар іс - әрекетті оқушылардың бақылауын ұйымдастыратын оқыту түрі;
- сол жұмысты практикант - студенттің атқаруы;
- нақты кәсіп бойынша штаттық жұмыс орнында өндірістік практика өткізу.
- бақылау - тексеру және біліктілік сынақтарын жүргізетін оқыту түрі,
- топ саяхат ұйымдастыру (экскурсия).
Кіріспе нұсқау - оқушыларға белгілі бір жұмысты белсенді және саналы түрде атқару үшін жүргізілетін алғашқы дайындық. Нұсқауда тәжірибе жүргізу мен түсіндіру жұмыстары қатар жүргізіледі.
Кіріспе нұсқау, негізінен, өндірістік оқыту сабақты өткізу барысында жүргізіліп, мына үлгідегі құрылымды қамтиды:
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Оқушылардың теориялық дайындығын тексеру.
Сабақта жоспарланған жұмыс мазмұнын түсіндіру, жаттығулар мен өз бетінше жұмыстардың орындалу тәртібі;
Жасалынатын техникалық бұйымдардың сұлбасын, кестесін қарастыру.
Оқу - өндірістік жұмыстарға қажетті материалдық объектілерді демонстрациялау.
Оқушыларға оқу - өндірістік жұмыстарды орындауға қажетті құрал-жабдықтармен, құрылғылар мен аспаптармен таныстыру.
Жұмысты тиімді орындау, сапасын бақылау тәсілдері мен дәрістерін түсіндіру және демонстрациялау.
Қателіктер мен ақаулардың алдын алу және болдырмау шараларын қарастыру
Оқу - өндірістік жұмыстарды атқару кезінде жұмыс орнын тиімді ұйымдастыра білуді түсіндіру және көрсету.
Шеберханада, не өндірісте жұмысты атқару кезінде, техникалық және қауіпсіздік ережелерін ескеру.
Кіріспе нұсқаудың қалай түсінгенін сұрау, бақылау, бекіту егер қажет болса тиісті жерлерін қайталау.
Оқушыларға тапсырма беріп, жұмыс орындарына бөлу. Бұл келтірілген құрылымдар оқу мазмұнының ерекшелігі мен күрделілігіне қарай, не өндірістік оқыту шеберінің оқу не тәрбие мақсатына байланысты ішінара өзгеріске ұшырауы да мүмкін.
Ағымдағы нұсқау - кіріспе нұсқаудан соң жүргізіліп еңбек жаттығуларын орындауда жиі жіберілетін қателіктерді болдырмауға бағытталады. Ол әрбір оқушымен жеке өткізіледі. Ағымдағы нұсқау кезінде өндірістік оқыту шебері оқушының жұмыс орындарын аралап, тексеріп мына нәтижелерге назар аударуы тиіс:
жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылуына;
еңбек қызметін, тәсілдерін дұрыс атқаруға;
бақылау - өлшеу аспаптары мен құрал - жабдықтарды дұрыс пайдалануға;
техникалық құжаттарды дұрыс пайдалана білуге;
техника қауіпсіздігі ережелерін және өндірістік санитария мен гигиена нормаларын сақтауға.
Ағымдағы нұсқау кезінде шебер өндірістік орындағы оқушылардың жұмыс орнын кезең-кезеңімен мына төмендегі мақсаттарды шешу үшін, бірнеше рет жүргізеді.
Корытынды нұсқау - шебердің жұмысты атқару кезінде істің сапасы, дұрыс орындалуы және жіберілген қателіктердің жалпы сипаттамасы қорытындылады. Ол өндірістік оқыту соңында, не тиісті оқу бағдарламасы не тараулар аяқталған соң, оқушылармен белсенді әңгіме түрінде жүргізіледі.
Жазбаша нұсқау - өндірістік оқыту процесінде дидактикалык жазыққа ие. Өйткені ол, түрлі ақпараттық мәліметтерді біріктіреді; сөздік, графикалық - сызбалы, кесте толтыру т.б.
Жазбаша нұсқа - өндірістік оқу жағдайында кеңінен қолданылады. Жазбаша нұскау білім алушылардың өз беттерінше дағдылықтарын дамытуда, өңдеу технологиясын дұрыс табады, мамандықты тез игеруіне көмектеседі, өндірістік оқуды шебер басқаруды жеңілдетеді. Өндіріс кәсіпорнында және шеберханалары да нұскау материалдары оқылады. Білім алушылар шебердің көмегінсіз, инструкциямен жұмыс жасауға дағдыланады. Жазбаша нұсқаудың тиімділігі кандай жағдайда жоғарылайды. Егер дидактикалық талап бойынша дұрыс жауап берсе және өндірістік оқытуда басқа әдістермен сәйкес қолданылса. Өндірістік оқыту шебері жазбаша нұсқадан картотека, нұсқау түрін, тақырыбы бойынша бағдарлама, тақырыпты анықтау, жұмыс түрін, орындалу операциясы, жазба нұсқауларын құру, әр жаттығудың орындалу тәртібін анықтау, өңделу технологиясының түсінігі, жұмыс ережесі және жазба карта түрлерін анықтап жасауы тиіс
