
- •Студенттерге болашақ мұғалім және тәрбиеші ретінде қойылатын талаптар.
- •2. Кәсіпке оқытудың, еңбекке тәрбиелеудің және оқушыларды жетілдірудің қазіргі кезеңдегі міндеттері.
- •Оқу бағдарламалары және оларға әдістемелік талдау
- •Кәсіптік окыту қағидалары туралы түсінік. Кәсіптік окыту дидактикалык қағидаларының жүйелігі.
- •7. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың қағидалары
- •9. Жалпытехникалық және арнайы пәндер бойынша оқу сабақтарын ұйімдастырудың негізгі формалары.
- •Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар. Сабактың мақсаты. Сабақ түрлері. Сабақтың кұрылымы.
- •12. Кәсіпке окытудың әдістері мен құралдары
- •Жаттығу - іскерлік пен дағдыны қалыптастырудың негізгі әдісі. Жаттығу түрлері. Оларға қойылатын талаптар. Жаттығуды ұйымдастыру және өткізу әдістері.
- •Нұсқаулар, олардың түрлері. Кіріспе нұсқау және ағымдағы нұсқау. Олардың ерекшеліктері және өткізу әдістері.
- •Қазіргі инновациялық окыту технологияларының мақсаттары, міндеттер және ұғымы. Сабақты инновациялык окыту технологиялары пайдалану арқылы ұйымдастыру.
- •Мұғалімнің сабақты өткізуге даярлану кезеңдері.
- •Такырыптық-мерзімдік жоспарлаудың мазмұны.
- •Педагогтардың қызметі.
- •Оқушылар үлгерімін есепке алудың және білімдерін тексерудің міндеттері. Үлгерімді есепке алудың түрлері
- •.Оқушылардың білім мен білігін және дағдыларын тексерудің түрлері
- •Оку бөлмелеріне, оларды жабдықтауға және безендіруге, оқушылардың жұмыс орындарына қойылатын эргономикалық және психологиялық-педагогикалық талаптар.
- •Мектеп шеберханаларының жұмыс тәртібі. Мұғалімнің және оқушылардың жұмыс орындары.
- •25.Сыныптан тыс сабақтарды ұйымдастырудың міндетттері және олардың педагогикалық ерекшеліктері.
- •39. Оқушылардың оқу еңбектерін ұйымдастырудың формалары: фронталды, топтық, даралай және оларға әдістемелік талдау.
- •42. Сабақты иновациялық оқыту технологиялары пайдалану арқылы ұйымдастыру: ұжымдық оқыту тәсілі, іскерлік ойын, ақпараттық, интеграциялық технологиялар, дамыта оқыту технологиясы
Қазіргі инновациялық окыту технологияларының мақсаттары, міндеттер және ұғымы. Сабақты инновациялык окыту технологиялары пайдалану арқылы ұйымдастыру.
«Инновация» ағылшын тілінен аударғанда (Іnnоvаtіоn) «новацияға кіріспе» дегенді білдіреді. Бұл термин мәдени антропологияда пайда болды.
Ол бір мәдениет жетістіктерін сауда, товар алмасу процестеріне пайдалану, аудару дегенді білдіреді. «Инновация» термині антропологиядан экономикаға, сонан соң педагогикаға көшіп, оқыту мен тәрбие жүйесіндегі, оқыту әдістемесіндегі білім беру мекемелерінің практикалық немесе ғылыми әрекетінде туындаған түрлі өзгерістерді зерттеді.
«Инновация» сөзі - қазіргі уақытта барлық өндіріс, медицина, техника салаларында өте жиі қолданылып жүрген термин. Қазір бұл сөз «жаңа, өзгеру, жаңаша» деген мағынаны білдіреді және дәл қазіргі жаңа заманға да «жаңа, жаңаша өзгерудің» мазмұны терең және анық екендігі белгілі. Мұның ерекшеліктері негізінен мыналар:
- үйренушінің белсенділік іс-әрекетін дамыту;
- оқыту мен үйретудің өзара үйлесімділігін қалыптастыру;
- мүнда үйренушінщ дербес қабілетін дамытуға тікелей көмек беру;
- үйренушінің танымдық процеске белсенді қатысуын анықтау мүмкіндігі;
- көрнекілік қуралдарын көбірек пайдалану арқылы сезіміне, қабылдау эмоциясына әсер ету
Мұғалімнің сабақты өткізуге даярлану кезеңдері.
Оқыту процесі – оқытушылар мен студенттердің бірлесіп жасайтын іс-әрекетін қамтитын екі жақты процесс. Бірақта орта мектепке қарағанда жоғары мектеп студенттерінің оқу қызметінде өзіндік жұмыстары анағұрлым артық болуға тиісті. Жоғары мектепте студенттің шын мәнінде оқу процесінің субъектісі екенін айқын көруге болады, жоғары мектепте студенттің оқу-таным әрекеті жоғары дәрежеге көтеріледі. Жоғары мектепте оқылатын ғылымдардың мазмұны, көлемі, тарихы орта мектепке қарағанда, анағұрлым артады және күрделенеді.
Оқу пәнінің әдістемесі – тәрбиенің жалпы мақсатына, оқудың міндеттеріне, оқушылардың жас ерекшіліктеріне сай келетін және ұсынылған оқу пәнінің мазмұны, оқуды ұйымдастыру және түрлері, міндеттері туралы ғылым.
Оқу пәндерінің әдістемесі педагогикалық ғылымның нақтырақ айтсақ оқытудың жалпы теориялық (дидактиканың) саласы болып келеді. Әрбір оқу пәнінің әдістемесі – базалық ғылымдарға сәйкес әдістерді және арнайы мазмұнын қамтиды. Әдістемелік ғылымдардың өздерінің ғылыми зерттеулерінің әдістері болады. Осылардың барлығына негізгі және жалпы әдістер болып табылады.
Жоспар - оқу-тәрбие процесін дұрыс ұйымдастырудың негізі. Сабақтың табысты өтуі үшін іргелі даярлық қажет. Оның негізгі бөлігі жоспарлау болып табылады. Оқу сабағын жоспарлаудың екі түрі бар:
Күнделікті;
Перспективті.
Перспективті жоспарлаудың мақсаты оқу материалын үйренудің логикалық жүйесін белгілейді. Келесі оқу жылының жүктемесі осы оқу жылының аяғында белгілі болатындықтан, алдын ала жұмыс жоспарын жасаудың мүмкіндігі бар. Оқу қызметінің перспективі жоспарын жасау үшін мұғалім төмендегілерді орындауы қажет:
бағдарламалық материалды тыңғылықты үйреніп, оған талдау жасау;
пәнаралақ байланыстарды бкелгілеу;
мектептің материалдық-техникалық базасының мүмкіндіктерін бағалау, оны толықтыруға байланысты деректерді анықтау;
оқушылардың еңбек етуінің тұрлері мен мазмұнын анықтау;
техникалық құжаттарды дайындау, қажет құралдарды, материалдар мен көрнекі құралдарды, техникалық оқу құралдарын (ТОҚ) анықтау;
көрнекі құралдарды, кестелерді, плакаттар мен оқу әдебиеттерін дайындаудағы қиындықтарды анықтау.
Оқу жоспары – бұл оқу орындарының берілген түрдегі оқу-тәрбие процестерінің уақыты мен мерзімін, жүйеліліктерін, түрін, көлемін, мазмұның анықтайтын мемлекеттік құжат.
Бұл құжатта көрсетілген оқу пәндерінің тізімі, оларды үйрену жүйелілігі, әрбір оқу пәндерін оқытуға бөліп берілген сағаттар саны, консультация және емтихандар, сонымен қатар емтихандардың тізімі әрбір оқу тобы үшін міндетті болып табылады яғни кәсіби және орта мектеп білім берудің рұқсатсыз өзгертілуі мүмкін емес.
Кең мағынада оқу жоспары дегеніміз – оқыту процесін және мазмұның белгілейтін барлық оқу-бағдарламасының құжаттануын айтамыз. Оқу жоспары оқу орындарының түрін, оның мақсаты мен міндеттерін, оқушылардың контингентін және олардың оқу мерзімін анықтайтын мемлекеттік директивтік құжаттардың негізінде жасалады.
Календарлық жоспар 1 жылға, жарты жылға, тоқсанға арналып жасалуы мүмкін. Жоспар құрастырудың бірегей формасы жоқ, әр мұғалім бұл жұмысқа жекеше шығармашылық тұрғыдан қарайды.
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар - бағдарлама мен әдістемелік ұсыныстарды оқып шығып, жыл бойына берілген сабақтарды бөлімдер мен тақырыптар бойынша ойластыру негізінде құрылады. Жоспарлау мұғалімнің сабақ мазмұны мен реттілігін, мақсатын нақты анықтауына мүмкіндік береді. Күнтізбелік жоспар әр түрлі болады.
Өзіне-өзі қызмет көрсету сабағында оқулықпен жұмыс істеу. Өзіне-өзі қызмет көрсету сабағында оқулық мұғалімнің маңызды көмекшісі болып табылады. Сондықтан оқушылардың оқулықпен жұмыс істей білуі маңызды рөл атқарады. Бұл әсіресе сызбалары мен технологиялық атаулары бар оқулықты алғаш рет пайдаланатын оқушыларына қатысты.
Сабақтың мазмұны және құрылымы бағдарлама бойынша сабақтың мақсатына келетіндей етіп, мұғалім анықтайды. Ол үшін мұғалім сабақтың әрбір элеметіне кететін жұмыс уақытының шамасын анықтауға тиіс.
Оқу пәндерінің бағдарламасы – бұл теориялық және практикалық мәліметтердің оқытылу бірізділігін, мазмұнын, міндетті көлемін анықтайтын мемлекеттік құжат.
Оқу бағдарламасы оқу жоспарындағы әрбір пәнге жасалады. Оқу бағдарламасы орта мектептердің және кәсіби - техникалық мектептердің мұғалімдері үшін міндетті түрде қажет.