- •Студенттерге болашақ мұғалім және тәрбиеші ретінде қойылатын талаптар.
- •2. Кәсіпке оқытудың, еңбекке тәрбиелеудің және оқушыларды жетілдірудің қазіргі кезеңдегі міндеттері.
- •Оқу бағдарламалары және оларға әдістемелік талдау
- •Кәсіптік окыту қағидалары туралы түсінік. Кәсіптік окыту дидактикалык қағидаларының жүйелігі.
- •7. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың қағидалары
- •9. Жалпытехникалық және арнайы пәндер бойынша оқу сабақтарын ұйімдастырудың негізгі формалары.
- •Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар. Сабактың мақсаты. Сабақ түрлері. Сабақтың кұрылымы.
- •12. Кәсіпке окытудың әдістері мен құралдары
- •Жаттығу - іскерлік пен дағдыны қалыптастырудың негізгі әдісі. Жаттығу түрлері. Оларға қойылатын талаптар. Жаттығуды ұйымдастыру және өткізу әдістері.
- •Нұсқаулар, олардың түрлері. Кіріспе нұсқау және ағымдағы нұсқау. Олардың ерекшеліктері және өткізу әдістері.
- •Қазіргі инновациялық окыту технологияларының мақсаттары, міндеттер және ұғымы. Сабақты инновациялык окыту технологиялары пайдалану арқылы ұйымдастыру.
- •Мұғалімнің сабақты өткізуге даярлану кезеңдері.
- •Такырыптық-мерзімдік жоспарлаудың мазмұны.
- •Педагогтардың қызметі.
- •Оқушылар үлгерімін есепке алудың және білімдерін тексерудің міндеттері. Үлгерімді есепке алудың түрлері
- •.Оқушылардың білім мен білігін және дағдыларын тексерудің түрлері
- •Оку бөлмелеріне, оларды жабдықтауға және безендіруге, оқушылардың жұмыс орындарына қойылатын эргономикалық және психологиялық-педагогикалық талаптар.
- •Мектеп шеберханаларының жұмыс тәртібі. Мұғалімнің және оқушылардың жұмыс орындары.
- •25.Сыныптан тыс сабақтарды ұйымдастырудың міндетттері және олардың педагогикалық ерекшеліктері.
- •39. Оқушылардың оқу еңбектерін ұйымдастырудың формалары: фронталды, топтық, даралай және оларға әдістемелік талдау.
- •42. Сабақты иновациялық оқыту технологиялары пайдалану арқылы ұйымдастыру: ұжымдық оқыту тәсілі, іскерлік ойын, ақпараттық, интеграциялық технологиялар, дамыта оқыту технологиясы
Нұсқаулар, олардың түрлері. Кіріспе нұсқау және ағымдағы нұсқау. Олардың ерекшеліктері және өткізу әдістері.
Нұсқау беру. Технологиядан сабақ берудің тиімді әдістерінің бірі - нұсқау беру, яғни сарамандық жүмысты орындау үшін негізгі техникалық біліммен таныстыру, оны орындаудың тәртібі мен тәсілдерін көрсету. Нұсқау берудің нәтижесінде оқушыға тақырыптар, жұмыстың мақсаты мен тәсілдері түсінікті болуға тиіс. Мұғалім нүсқау беру барысында оқушыларға оны орындауда кететін қалыпты қателіктер, еңбек қауіпсіздігін сақтау ережелері туралы, өз іс - қимылдарын қай жерде, қашан және нені бақылау керектігі жайында әңгімелейді. Мүғалім окушылардан бұл іс - әрекеттерді және тәсілдерді кайталауды сұрайды, оларды неғүрлым тиімді орындау үшін нұсқаулар береді, қателіктерді талдайды. Жұмыс барысында кіріспе, ағымдағы нүсқау беру жөне қорытынды нүсқау беру деп бөлінеді.
Кіріспе нұсқау беру. Кіріспе нұсқау берудің көлемі мен мазмұны оқушылар танысуға тиісті материалдың тың болуына, еңбек тапсырмасын орындаудың қызметіне байланысты. Мұғалім тақырыпты, сарамандық жұмыстың мақсатын хабарлайды, жаңа материалды талдайды, одан кейін жұмыстың ретімен, әрбір еңбек операциясын орындаудың кажетті тәсілдерімен, қолданылатын аспаптармен және басқа қүрал-жабдықтармен таныстырады. Мұндай нұсқау беру, мысалы, 6-сыныпта картоп пюресін езірлеу алдындағы сарамандық жұмыста қолданылады.
Кіріспе нұсқау берудің мазмұны. Картоптан жасалатын кең тараған тағамның бірі пюресі. Ол балалар мен диеталық тағамдардың құрамына кіреді, жеке тағам ретінде де, сондай-ақ балыққа, етке гарнир ретінде де беріледі.
Егер еңбек тапсырмасын оқушылар бірнеше сабақ бойына орындайтын болса, онда сарамандық жұмыс басталатын алғашқы сабақта нұсқау беру жалпы сипаттаболады. Онда барлық еңбек операцияларын орындаудың тәсілдерін жан-жақты айтудың қажеті жоқ.Өйткені балалар бәрібір оны келесі сабақтарға дейін есінде ұстай алмайды. Мұғалім бұл жағдайда кіріспе нұсқау беруге оқушыларды тақырыппен, жұмыстың мақсатымен таныстырады, бұйымды дайындаудың ретін белгілейді, сол сабақта орындалуға тиісті операциялардың тәсілдерін жіктеп, түсіндіріп береді.
Ағымдағы нұсқау беру. Ағымдағы нұсқау беру оқушылардың жеке жұмысы барысында жүзеге асырылады. Мұғалім олардың жұмысын қадағалап, аралап шығу процесінде қажетті нұсқаулар береді. Мұғалім аралауды белгілі бір жүйелілікпен алдын ала жоспарлауы мүмкін немесе әр оқушының жұмысын бақылайды. Аралап шығу мақсатты, кешенді болады. Мақсатты варианттар оқушыларжаппай жұмыстың бір түрін орындағанда атқарылады.
Ағымдағы нұсқау беру процесінде мұғалім оқушылардың қателерін тауып, түзейді, қатені қалай түзеуді және алдағы жұмыста оған бермеуді түсіндіреді, тәсілдерді қалай дұрыс орындауды көрсетеді, оқушылардың бәрінен бұрын қандай еңбек әрекетің қайталауды сұрайды. Сөйтіп ағымдағы нұсқау беру жеке және ұжымды болуы мүмкін. Кейде кіріспе нұсқау беру мен ағымдағы нұсқау беру барысында оқытушы кіріспе нұсқау берудің келесі кезеңін өткізуге қайта оралады. Бұл жағдайда операцияның күрделілігінен бүкіл технологиялық процестің барысы туралы бірден айтуға тиімсіз болғанда ғана жасалады. Мысалы, егер оқушылар сабақта өңдеумен және белдемшені жалғаумен шұғылданса, ал кіріспе нұсқау беруде алдымен бауды өңдеу жайында көрсетіп айту керек, оны белдемшемен жалғауды екінші кезеңде, ағымдағы нұсқау беру процесінде көрсеткен дұрыс.
Қорытынды нұсқау беру. Сарамандық жұмысты аяқтау нәтижесінде мұғалім жұмыс қорытындысын шығару мақсатымен ақырғы нұсқау беруді өткізеді. Мұғалім сынып алдында үздік жұмыстарды көрсетіп, олардың жақсы жағы мен кемшіліктеріне жан-жақты тоқталады, оқушылар жұмысында қалыпты кемшіліктерді және олардың көздерін талдайды, орындалған жұмыстың нәтижелерін хабарлайды.
Технология
сабақтарында нүсқау берудін ауызша
түрлерімен катар, жазбаша нұсқау
пайдаланылады. Мұнда оқушыларға нұскау
карталартаратылып беріледі, онда еңбек
операциясын өткізудің реті, оларды
өткізудің тәсілдері, кджетті аспаптар
мен материалдар көрсетіледі. Жазбаша
нұсқау беруді практикалық жүмыс
процесінде бір сабақта
балалар екі немесе күрделі бір еңбек
операциясын жасаған кезде қолданған
тиімді.
Мұндай жағдайда ауызша нұсқаудан гөрі кейде балаларға нұсқау карталар таратылады да мұғалімнің ауызша әңгімесін жазбаша түрде еске түсіреді. Нұсқау карталар бір оқушыға немесе бір топка беріледі. Ол сабақтың бір топ оқушылармен, не жекелеген оқушылармен өтуіне байланысты. Мәселен, 6-сыныпта аспаздықтан сарамандық жұмыс өткен кезде әрбір топка жеке-жеке тағамғажасалған нұсқау карталар таратылады. Нұсқау беру картасында тағамның аты, мөлшері, кажеттіазык-түліктер, аспаптар, ыдыс-аяқ, тағамды әзірлеудің реттілігі көрсетіледі.
Зерттелетін нысандар мен баска да көрнекі қүралдарды көрсету. Мектеп оқушыларын зерттелетін объектілермен таныстырудың тиімді тәсілі - әр түрлі бейнефильмдерді, диафильмдерді және диапозитивтерді пайдалану. Бейнефильмдер мен диафильмдер оқушыларға басқа көрнекі құралдар көмегімен көрсетуге мүмкін емес, сән үйлерінің әр түрлі киім үлгілерімен, сән ательелерінің жұмысымен таныстырғанда, олардың түсінік алуға жағдай жасайды. Бүл, бір жағынан жаңа білімнің көзі болса, басқа жағдайда - мұғалім баяндаған материалды бекітіп, қорытудың тәсілі болмақ.
Технология сабақтарының тағы бір маңызды ерекшеліктері графиктік көрнекі қүралдарды - машиналар мен механизмдерді, бұйымдардың сызбаларын, үлгілермен бөлшектерінің суреттерін көрсету.
Аспаптарды, машиналар мен құрал-жабдыктарды, технологиялық процестерді зерттеу, оларды табиғи таза күйінде көрсету мүмкін емес. Мысалы, тігін машиналарының жекелеген механизмдерінің құрылысы, олардың жұмыс принциптері, реттеуі және т.б. схема бойынша да, сондай-ақ тікелей де зерттеп үйретіледі. Жұмыс процесінде окушылардың біліктілігі мен дағдылануы қалыптасады. Жіпті орағанда, оны тартып реттегенде, олар қозғағыштың, орағыштың және басканың құрылысымен, жұмыс принциптерімен танысады.
Оқыту нұсқау карталарымен жұмыс. Жазбаша нұсқау беру технология бойынша мектеп шеберханаларының жұмыс сараманына кеңінен енгізілуде. Ол технологиялық операциялардың мазмұнын, техникалық жағдайларын айкындауға, операцияларды орындауға, операцияларды орындаудың тәсілдеріне, бір немесе бірнеше операциялардың суреттері мен сызбаларын жасауда өзін-өзі бақылауды іске асырудың әдістеріне негізделеді.
Технологиялық нұсқау карталарын пайдалану оқу процесінде оқушылардың белсенділігін арттыруға, өз жұмысына талдау жасап, оны бағалауға ұмтылыс жасап, жігерлендіріп отырады.
Оқыту нұсқау карталары оқушыларға өзіне бақылау жасауға, яғни өзіне жеке бақылау орнатуға мүмкіндік береді.
