- •Студенттерге болашақ мұғалім және тәрбиеші ретінде қойылатын талаптар.
- •2. Кәсіпке оқытудың, еңбекке тәрбиелеудің және оқушыларды жетілдірудің қазіргі кезеңдегі міндеттері.
- •Оқу бағдарламалары және оларға әдістемелік талдау
- •Кәсіптік окыту қағидалары туралы түсінік. Кәсіптік окыту дидактикалык қағидаларының жүйелігі.
- •7. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың қағидалары
- •9. Жалпытехникалық және арнайы пәндер бойынша оқу сабақтарын ұйімдастырудың негізгі формалары.
- •Сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар. Сабактың мақсаты. Сабақ түрлері. Сабақтың кұрылымы.
- •12. Кәсіпке окытудың әдістері мен құралдары
- •Жаттығу - іскерлік пен дағдыны қалыптастырудың негізгі әдісі. Жаттығу түрлері. Оларға қойылатын талаптар. Жаттығуды ұйымдастыру және өткізу әдістері.
- •Нұсқаулар, олардың түрлері. Кіріспе нұсқау және ағымдағы нұсқау. Олардың ерекшеліктері және өткізу әдістері.
- •Қазіргі инновациялық окыту технологияларының мақсаттары, міндеттер және ұғымы. Сабақты инновациялык окыту технологиялары пайдалану арқылы ұйымдастыру.
- •Мұғалімнің сабақты өткізуге даярлану кезеңдері.
- •Такырыптық-мерзімдік жоспарлаудың мазмұны.
- •Педагогтардың қызметі.
- •Оқушылар үлгерімін есепке алудың және білімдерін тексерудің міндеттері. Үлгерімді есепке алудың түрлері
- •.Оқушылардың білім мен білігін және дағдыларын тексерудің түрлері
- •Оку бөлмелеріне, оларды жабдықтауға және безендіруге, оқушылардың жұмыс орындарына қойылатын эргономикалық және психологиялық-педагогикалық талаптар.
- •Мектеп шеберханаларының жұмыс тәртібі. Мұғалімнің және оқушылардың жұмыс орындары.
- •25.Сыныптан тыс сабақтарды ұйымдастырудың міндетттері және олардың педагогикалық ерекшеліктері.
- •39. Оқушылардың оқу еңбектерін ұйымдастырудың формалары: фронталды, топтық, даралай және оларға әдістемелік талдау.
- •42. Сабақты иновациялық оқыту технологиялары пайдалану арқылы ұйымдастыру: ұжымдық оқыту тәсілі, іскерлік ойын, ақпараттық, интеграциялық технологиялар, дамыта оқыту технологиясы
7. Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың қағидалары
Сыныптан тыс шара өз еркімен қағидасының негізінде құрылады, ал оның мазмұны оқушылардың қызығушылықтарын арттыруы тиіс. Сыныптан тыс жұмыстардың өз еркімен таңдау оқушылардың сұраныстарын және қызығушылықтарын, олардың жалпы дайындғын, жеке бас аударымын қамтиды.
Сонда да тақырып таңдағанда оқушылардың тілектеріне ғана сүйенуге болмайды. Мұғалім оқушыларға белсенді әсер етіп, олардың бойында техниканың түрлеріне, еңбектің прогрессивтік түрлеріне қызығушылықтарын оятып, тәрбиелеуі қажет. Сыныптан тыс жұмыстың ерекшелігі, оқу процесіне қарағанда, оқушылардың жоғарғы белсенділігі.
Сыныптан тыс жұмыстарының міндеттері:
еңбекке баулу процесінде алынған білім мен іскерліктерін бекіту, жалпылау және кеңейту;
өндірістік еңбек базасында оқушыларды шығармашылық қызметке қосу;
қазіргі заманға сай өндіріс негіздері туралы ойларын кеңейту;
мамандық таңдауға тереңдете дайындау.
Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері әртүрлі – олар үйірмелер, қызығушылықтары бойынша клубтар, өндірістің белсенділерімен кездесу, өндірістік экскурсиялар және басқа шаралар.
Еңбекке баулу базасында сыныптан тыс жұмыстардың түрлері ойша үш топқа біріктірілген.
Оның біріншісіне үйірмелер жатады. Оларды да оқу пәндерімен байланысы бойынша үш топқа бөледі: пәндік, пәнаралық және пәндік емес.
Пәндік деп еңбекке баулумен байланысты үйірмелерді айтады. Өздерінің мазмұны бойынша олар еңбек сабақтарының жалғасы сияқты, бірақ олардың қызметі күрделірек және терең болады. Пәндік үйірмеде еңбек объектісі оқушылар сабақ кезінде орындағандарынан басқаша болуы керек. Пәндік үйірмелерге тігін, столярлық, слесарлық, токарлық, аралас үйірмелер жатады.
Пәнаралық үйірмелер арасында физика – техникалық кең тараған. Онда балалар физика және басқа да жалпы білім беретін пәндер курсында оқылатын әртүрлі модельдер жасайды. Оларды жасау кезінде оқушылар ғылымдар негізі бойынша білім алады.
Пәндік емес үйірмелер сыныптан тыс жұмыстардың ішінде ең көп тараған. Қызметінің мазмұнына қарай олар әртүрлі болады. Ең алдымен бұлар спорттық – техникалық үйірмелер (авто, авиа, ракета модельдеу, металды және ағашты көркемдеп өңдеу үйірмелері және т.б).
Үйірме жұмыстарының мазмұны халыққа білім беру органдарының әдістемелік кабинеттері, жас техниктер станциялары дайындайтын бағдарламалармен анықталады. Әдетте үйірме сабақтары аптасына бір немесе екі рет екі академиялық сағатты алады.
Жұмыстыжекебасқарудықамтамасызетуүшінбірүйірмеде 15 оқушыданкөпболмауыкерек. Үйірмелік сабақтың құрылымы аралас сабақтың құрылымына жақын. Үйірмелік сабақтар келесі кезеңдерді кіргізеді: ұйымдастыру бөлімі, қайталау, алдында өткен материалды жүйелеу және жалпылау, нұсқау, шығармашылық тапсырмаларды шешу, практикалық жұмыс, нәтижесін шығару.
Негізгі сабаққа қарағанда үйірмелік сабақта қызмет бостандығы көп, яғни қолдан келетін жүктеуді және басқарудың көлемінде затты өз бетінше таңдау.
Үйірме сабақтары үшін еңбекке баулудың қарапайым әдістері тән және олар қойылған дидактикалық мақсаттарға және материалдың мазмұнына байланысты таңдалады. Бірақ оларды қолданудың өзіндік ерекшеліктері бар, ауызша айту әдістерінен түсіндіру көп, ал әңгіме аз қолданылады: демонстрация әдістерінен көбірек – көрнекі және графикалық құралдарды қолданады, ал – табиғи объектілерді, процестерді, жұмыс әдістерін демонстрациялау аз қолданылады.
Маңызды орынды нұсқау алады. Ол: кіріспе, күнделікті және қортынды, фронтальды, звенолық, жеке, ауызша, жазбаша және графикалық болуы мүмкін.
