Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zhalpy_tekh (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
215.04 Кб
Скачать

25.Сыныптан тыс сабақтарды ұйымдастырудың міндетттері және олардың педагогикалық ерекшеліктері.

Қазiргi таңда жеке тұлғаны қалыптастыру технология пәні мұғалімдерінің алдарына қоятын мақсаттар мен міндeттepінe өте жауапкершілікпен қарауды талап етедi. Оқушыларға бiлiм, бiлiк және кәсiптiк бағдар беру барысында мұғалім әр оқушының алдында оның келешегіне шын мәніндe жауапты екендігін сезiну қажет. Осы үлкен мiндеттi aтқapy үшін технология пәнінің мұғалімінің өзі бiлімдi, бiлiктi, мәдениеттi, жаңашыл болуы қажет деп ойлаймын.

Оқушы ic-әрекет арқылы танымын жетiлдiрiп, тәжірибе мен адамгершiлiк құндылыққа ие болады. Оқушының мынадай ic-әркетін ұйымдастыруға болады:

- өмipлік мақсатты көздей бiлуi;

- адамдық қадыр-қасиетiн сақтау;

- қоғамдағы өз оpнын тапа бiлу;

- ceзімін дамыту, біреудің жағдайын түсіне білуі.

Сыныптан тыс жұмыстардың негiзi - үйiрме жұмыстары болып табылады.

Үйiрме жұмысының мaқсaты: оқушылардың сыныптан тыс уақытта шығармашылық iзденітерін, өзiндiк қабiлетiн және қоғамдық қарым-қатынасын қалыптастыру.

Үйiрме жұмыстарының мiндеттерi:

- оқу-тәрбие үрдiсiнде алған бiлiмдерiн ары қарата дамытуға мүмкiндiк жасау;

- оқушының қоғамдық белсендiлiгiн дамыту;

-оқушылардың өзара қарым-қатынасын қалыптастыру, белгiлi бip еңбекке (болашақ мамандықтың түріне) баулу, оны дамытуға ықпал ету;

Үйiрме жұмыстарының алдына қоятын негізгі талaбы:

- үйipме жұмыстарының қатысатын оқушының қабiлетiн есекеру;

- бiлiм беру. Оқыту мен тәрбие берудiң өзара байланысы;

- оқушылардың еркіндігі;

- нарықтық экномикалық қажеттiлiктi негiзге алу.

Үйріме жұмыстары оқушылардың сұранысы бойынша, пән сабақтарында алған бiлiмдерiн жетiлдiру негiзiндс жүргізіледi.

Үйiрмелерге қатысатын оқушылардың практикалық бiлiм, бiлiк дағдылары бiрдсй болуы мүмкін емес. Себебi оның бiлiмi, қызығушылығы, қабылдауы және жұмысқа қабiлеттерi әртүрлi болғандықтан, алған дағдылары да тұрақты болмайды. Бiрақ, бланың жас ерекшелiктерiне байланысты қызығушылығы мен белсендiлiктерiн дер кезiнде дамыту мен жоспарлау - әрбiр ата-ана мен тәрбиешiнiң мiндетi.

Сонымен қатар, компьютерлiк жаңа технологияға байланысты оқушылардың техникаға деген қызығушылығы арта түстi. Үйiрме жұмыстары арқылы компьютерлiк ойындар, әртүрлі бағдарлама құрастыруды үйрету арқылы оқушының компьютерлiк сауаттылығын аша отырып оны жоғарғы сыныптардa пайдаланудың негiзi қаланады.

Сондықтан, сыныптан тыс жүргізiлетiн оқу-тәрбие жұмыстарын үйiрмелердi зерделегенде төмендегiдей жағдайларды ескеру керек:

1. Сыныптан тыс yaқыттa жүргiзiлетiн жұмыстардың (жоспарларын, бағдарламарын, мазмұнын, әдiс-тәсiлдерiн, т.б.) коғамдық сұранысқа байланысты жетiстiктерi мен кемшiлiктерiн айкындап, пән сабақтарының мазмұнымен салыстыра және сабақтастыра отырып, сыныптан тыс жүргізілетiн үйiрме жұмыстарының жүйесiн, мазмұнын айқындау.

2. Бүгiнгi әлеуметтiк-экономикалық нарықтық қатынастарға байланысты бастауыш сынып оқушыларын өздсрiнiң қабiлетi мен iскерлiгi бойыншa үйiрме жұмыстарына қатыстыру.

3. Ұсынылатын үйipме жұмыстарының жүйесi оқушылардың жеке тұлға pетінде дамып, қалыптасуына ықпал ететiндей болуы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]