Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zhalpy_tekh (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
215.04 Кб
Скачать
  1. .Оқушылардың білім мен білігін және дағдыларын тексерудің түрлері

Оқушылардың оқу жұмысын күнде бақылап отыру.

Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушылардың тәртібін, білімді қалай қабылдайтынын және түсінетінін, тәжірбиелік іскерлік және дағдыларға машықтандыру кезінде өз бетімен атқара алатын жұмыстарын, оқуға икемділігін, қызығушылығын, қабілетін, білімді жүйелі алуын қадағалайды. Бақылау мәліметтеріне сүйеніп, мұғалім оқушылардың жеке ерекшеліктерін анықтап, оларды өз жұмысында қолданып, оқушылардың білімдерін дұрыс тексеруге және бағалауға мүмкіндік алады.

Ауызша сұрау.

Оқушылардың білімін тексеріп, бағалау үшін жиі қолданылады. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушыларға оқылған материал бойынша сұрақ беріп, жауаптарын бағалап, материалды қаншалықты деңгейде түсінгендерін анықтайды. Кейде балалармен ауызша тексеруді әңгімелесу деп тайды. Мұғалім бір оқушыға тақырыпты түгелдей баяндатады.толық жауап білімінің тереңдігін, жүйесін көрсетеді. Бірақ оқушылардың білімін ауызшатексерудің кемшіліктері де бар, себебі оған көп уақыт кетіп, 45 минут ішінде 3-4 оқушының ғана білімін тексеруге мүмкіндік береді.

Жазбаша сұрау.

Жазбаша жұмыстары үйде және сыныпта орындалады. Жазбаша білімін тексеру әдісін көбіне өзіндік жұмыс деп атайды. Бұл әдіс арқылы мұғалім тақтаға, парақтарға, карточкаларға 10-12 минут ішінде орындалатын тапсырмаларды жазып қояды. Жауаптардың қорытындыларын сынып журналына белгілеп, бір сабақта көп оқушылардың біліміін тексеруге болады.

Бақылау жұмысы

Оқу бағдарламасының жекелеген тақырыптарын және бөлімдерін өтіп болған соң жазбаша немесе тәжіребиелік бақылау жұмысын алады. Бақылау жұмысының алдында мұғалім оқушылардың оқылған материалдарды меңгергенін анықтау мақсатымен жазба жұмыстарын жүргізеді. Егер оқушылар тақырыпты немесе бөлімді жақсылап меңгермесе, онда бақылау жұмысы жүгізілмейді.

  1. Оку бөлмелеріне, оларды жабдықтауға және безендіруге, оқушылардың жұмыс орындарына қойылатын эргономикалық және психологиялық-педагогикалық талаптар.

Еңбекке тәрбиелеу процесі үлкен міндеттерді шешуді талап етеді. Қазіргінарық заманында оқу шеберханасының ішіндегі талаптарға сай құрал – сайман,жабдықтарсыз алысқа бара алмаймыз. Қазіргі оқушы жан – жақты дамығанбілікті, білімді іскер маман болуы қажет. Мектеп – оқушының екінші үйі, ол бір күндік уақытысынан жартысынан көбін оқу, білу, үйрену, дағдылану барысында соның ішінде өткізеді. Мектеп ішін, сынып бөлмелерін, шеберханаларды талапқа сай безендіріп нормативті актілерді, нүсқауларды, құжаттарды жүйелі қолдана білу бүгінгі таңда өзекті. Демек мектеп ішінің жалпы жабдықталуы оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына кәсіптің түрлерін игеруде ықпалын тигізеді. Соның ішінде Технология пәні бойынша шеберханалардың алатыны ерекше. Ең негізгі орын мектептің материалдық –техникалық базасы болып саналады. Сондықтан, мектептерде оқу шеберханасын ұйымдастыру мен жабдықтауға ерекше көңіл бөлінеді. Оқу кабинетін жабдықтау мұғалімнің шығармашылық ізденісі мен жаңаша оқыту әдістерін қолдануына да байланысты. Кабинетті жабдықтағаннан басқа сабаққа оқытудың техникалық – құралдарын қолдану жағдайлары ескеріледі. Оқу шеберханасында жұмыс орнын ұйымдастыруға қойылатын эргономикалық талаптарына тоқталатын болсақ. Кез келген өндірісте адамды қоршап жатқан сыртқы орта адам организміне, оның физиологиялық функциясына, психикасына еңбек өнімділігіне әсерін тигізеді. Өндірісте ортаның адам организмінің мүмкіндіктерін бейімделу проблемалары мен эргономика ғылымы айналысады.

Эргономика «адам – еңбек құралы - өндірістік орта» жүйесін бірыңғай процесс ретінде зерттеп оны оңтайластыруды ұйымдастыруды өзінің міндеті деп санайды. Бұл процесті оңтайластыру адамды функциональды міндетін орындағанда едәуір жағдайлар жасауды көздейді. Ол ғылыми негізделгенұйымдасу – техникалық талаптарды істеу және еңбек құралдары мен процестерін адам ерекшеліктерін ескеру арқылы (физикалық, психикалық және антропометриялық ) есептерді енгізеді .

Эргономика, биология, психология, физиология, еңбек гигиенасы, химия, физика, математика, кибернетика және т.б. ғылымдардың кепілдемесін қолданады. Эргономика ролі жылдан – жылға өсуде, әсіресе техникалық процестерді механизациялау мен автоматизациялауды енгізу кезеңінде. Өндірістік ортаның сапасын бағалауда келесі эргономикалық көрсеткіштер қолданылады.

Гигиеиалық – жарықтандыру дәрежесі, температура, ылғалдық, қысым, шаңдылық, шу, радиация, діріл және т.б. Бұйымдардың адамның антропометриялық қасиеттеріне сәйкес келуі (өлшемі, пішіні). Бұл топ рациональды және ыңғайлы дене тұрысын, дұрыс келбет, қолдың оптимальды ұстағыштығын т.б. адамның тез шаршауынан қорғауды қамтамасыз етеді. Физиологиялық – бұйымның адамның сезім мүшелерінің жұмыс істеу ерекшеліктеріне сәйкес келуін анықтайды. Олар адамның жұмыс қозғалысының жылдамдығына және көлеміне, көру, есту, түйсік, дәмдік және сезім информациясының сезім мүшелеріне түсетін көлемдерше әсер етеді. Психикалық – бұйымның адамның психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келуі керек. Психологиялық көрсеткіштер бекітілген және жаңа қалыптасқан адам дағдысының сәйкес келуін және оның мүмкіндігі мен информацияны өңдеуін сипаттайды.

Эргономикалық талаптарды есепке алу қажет жердегі техника диопозоны транспорт жабдықтары және күрделі жүйелерді басқарудан тұтыну тауарларға дейін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]