Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zhalpy_tekh (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
215.04 Кб
Скачать
  1. Оқушылар үлгерімін есепке алудың және білімдерін тексерудің міндеттері. Үлгерімді есепке алудың түрлері

Білім, іскерлік, дағдыны тексеру яғни бағалаудың үлкен оқулық және тәрбиелік маңызы бар. Дұрыс есепке алу, бағалау, оқушыларды оқыту және тәрбие берудің бітрталай мәселелерін шешуде үлкен роль атқарады:

Тексеру нәтижесі арқылы оқушылардың теориялық материалдарды қалай игеретіндігін және кейбір түрлерін орындағанда іскерлік пен дағдыларға ие болатындығын, сұрақтарды түсіндірудегі қателіктерін анықтауға мүмкіндік береді. Тек, осы сұрақтардың бәрін анықтағаннан кейін ғана оқытушының оқу процесіне түзетулер кіргізіп, оқушыларға көмек көрсетуіне болады.

Есепке алу мен бағалаудың, оқушылар үшін де маңызы бар. Олардың қайсысы болсын өзінің жетістіктері туралы жолдастары мен оқытушының пікірлеріне немқұрайды. Мақтау немесе ескерту оқушылардың белсенділігін арттырады, олардың жұмысында жарысу элементтері дамытады. Оқытушының үлгісімен әрбір оқушы жұмысын бағалауға тырысады, өзін-өзі бақылауға үйренеді.

Бағалаудың әсері әр жастағы балалар үшін әр түрлі болады. Мысалы: 5-6 сынып оқушылардың әлі еңбек тәжірибесі қалыптасқан кезде оқытушының бағасы олар үшін жұмыстағы жетістіктерінің кқрсеткіші болып табылады. Бұл кезеңде, оқытушыәрбір оқушының дербес өзгешеліктерін мұқият ескеруі керек, нашар баға қоюмен әуестену және оқушының шектен тыс мақтау жөн емес. Оқу процесінде оқушының жұмысты бағалау пікірлеріне саналы түрде қарауы қалыптасады. Бұл пікірлерді білу оларға өз жұмысын бағалауға және өз бағасын мұғалімінің бағасымен салыстыруға мүмкіндік туғызады.

Сондықтан, мүмкіндік бағасының әр қашан объетивті болуы маңызды, әйтпесе бағаның тәрбиелік ролі төмендейді.

  1. Оқушылардың білімі мен іскерлігін тексеру оқытушыға өз жұмысын бағалауға кемшіліктерді талдауға, жіберілген қателерді уақытында жоюға мүмкіндік береді.

  2. Оқушылардың білімі мен іскерлігін тексеру үшін есепке алудың мынадай түрлері қолданылады:

  • Күнделікті;

  • Мерзімді;

  • Қорытынды.

Күнделікті есепке алу әр сабақта жүргізіледі. Оқытушы оқушылардың материалды түсінуін және оны практикада қолдана біліун, графикалық және лабораториялық жұмыстардың дұрыс орындалуын, саймандар мен тетіктерді білуін тексереді.

Оқытушы оқушылардың еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтауың, олардың жұмыс орның дайындауын және тәртіпте ұстауын, материалдар мен уақытты ұқыпты падалануын бақылайды.

Оқушының білімі мен іскерлігін бірге қарау оның сабақтағы істеген барлық (жалпы баға) немесе оның тек маңызды этаптарын бағалауға болады. Оқушыларды еңбек операцияларын дұрыс орындауға үйрету сөз жоқ маңызды мәселе болып табылады. Бірақ, бұл жалғыз ғана мәселе болмағандықтан сабақтағы есепке алуды түгелдей тек оқушылардың еңбек операцияларын игеруін ғана бағалаумен шектеу дұрыс болмайды.

Сонымен қатар еңбекке баулудың басқа да мәселелерін (теориялық материалды білу) қоса тексеру қажет.

Мерзімді есепке алу тақырыпты немесе бөлімді оқытудың соңында жүргізіледі. Мерзімді есепке алудың элементтерінің бірі – оқушылардың орындаған жұмысын (бұйымын) тексеру және бағалау.

Баға бұйымынң сапасын тексеру нәтижесенде оны жасаудағы кейбір операцияларды дәлдікпен жасауын ескере отырып қойылады. Бұйымның қажетті жұмысқа сай келуі де ескертіледі.

Мерзімді есепке алу ауызша-сұрақ, жазбаша-графикалық бақылау жұмысын орындау, бақылау бұйымын жасау түрінде жүргізілуі мүмкін. Бақылау жұмысына тым әуес болмау керек, өйткені оған көп уақыт кетеді. Бақылау жұмысы жүргізілетін уақыт туралы оқушыларға алдын-ала ескерту қажет.

Қорытынды есепке алу тоқсаннын немесе жылдың аяғында жүргізіледі. Қорытынды бағалар күнделікті және мерзімді есепке бағалары бойынша қойылады.

Білімді, іскерлік пен дағдыларды тексеру мен бағалау. Тексерудің негізгі мақсаты–мектеп оқушыларының зерттелген материалды меңгеруінің сапасын анықтау және оқу туралы олардың жауапкершілігін арттыру.

Оқу жұмысының нәтижелерін есептеу мен бағалау балалардың өздеріне тапсырылған тапсырмаларды уақытында әрі тырыса орындауға, өздерінің білімдерін, біліктілігімен және дағдыларын жетілдіруге деген ынта жіғерін оятады, атап айтқанда, тексеру оқушыларды қызметке ынталандырады, білім алудағы олқылықтарын көрсетеді, оқытудың тиімділігін арттыру жолдарын анықтауға жағдай жасайды.

Тексерудің түрлері–білім, біліктілік және дағдылану. Тексерудің негізгі түрлері–ағымдағы тексеру және емтихандар.

Ағымдағы тексеру әрбір сабақта өткізіледі, ол ауызша, жазбаша, сараман болуы мүмкін. Емтиханда білімді, іскерлікті және дағдыны тексеру мамандандырылған сипатта өтеді.

Білімді, біліктілік пен дағдылануды есепке алу, тексеру бағалаумен және бес балды жүйе бойынша баға қоюмен аяқталады.

Бағалаудың нақтылығы сандық пен сапалық көрсеткіштерге негізделеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]