Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
т рек модул 14-15.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
311.3 Кб
Скачать

Есеп №4

Балалар бөліміне 3 жасар науқас түсті. Қарап тексергенде: жүрісі үйрек тәрізді, адинамия, бойы қысқа, айақтарының О-тәрізді иілгені байқалды. Ата-анасының сөзінен бала мерзіміне жетіп туылған, босану үрдісі қалыпты болған. Баланың 2 жасынан бастап ауру белгелері байқала бастаған. Үчасткелі дәрігер рахит аңғарымын қоып, Д дәруменін тағайындаған, бірақ ем қонбады. Тексеріс кезінде шамалы гипокальциемия, айқын гипофосфатемия, сілтілі фосфатазаның белсенділігі жоғарылаған, 1,25(OH)2D3 қандағы деңгейі төмендеген, фосфатурия анықталды.

  1. Қандай ауыру тұралы ойлауға болады?

  2. Анықталған аурудың этиологиясымен патогенезін түсіндіріңіз

  3. Клиника-зертханалық нәтижелерге патофизиологиялық сараптама беріңіз

Есеп №5

Науқас Н., 25 жаста, клиникаға мұрт, сақал өсуіне, етеккір орамының бұзылуына, жалпы әлсіздік, басы ауыруына, аяқтары мен арқасындағы ауыру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде:

  • Терісі құрғақ, іші мен сандарында қызыл қоңыр түсті жолақтар

  • Бетінде, мойнында, ішінде, кеудесінде майдың айқын жиналуы

  • Артериялық қысым 150/105 мм с.б.

  • Жамбас сүйектерінің рентгенограммасында –айқын остеопороз

  • Гипернатриемия, гипокалиемия, гипергликемия – 9,5 ммоль/л, глюкозурия

  • Кортизол мөлшері жоғарылаған

  1. Остеопорозға анықтама беріңіз, жіктелуін көрсетіңіз

  2. Науқастағы остеопороздың патогенезін түсіндіріңіз. Патогенездің сызбанұсқасын құрастырыңыз

  3. Остеопороздың дамуына әкелетін жайттарды көрсетіңіз

6 есеп.

28 жастағы С. науқасқа ангинасына байланысты бұрын өзі бірнеше рет қабылдаған амаксиклав дәрісі тағайындалды. Емнің екінші күнінде науқастың жалпы жағдайы жақсарып дене қызымы төмендеді, бірақ терісіне қышыну және ашу сезімімен қабаттасатын қызыл дақ түріндегі бөртпелер қаптап кетті. Дерматологпен дәрі-дәрмектік токсикодермия деген диагноз қойылды.

1. Бөртпенің шығуы амаксиклавқа аллергиялық серпілістің болуымен байланысты ма?

2. Бөртпенің патогенезі қандай?

3. Науқасқа амаксиклавты ары қарай қабылдауға бола ма?

7 есеп

Дерматологтың қабылдауына 24 жастағы науқас А., саусақтарының терісіне бөртпелердің шығуына шағымданып келді.Осыған ұқсас, бірақ айқындылығы төмен бөртпе алты ай бұрын болған. Преднизолон майын жаққан соң тез жоғалып кетті. Дәрігер аллергиялық жанасулық дерматит деген диагноз қойды.

1.Бөртпенің пайда болуы науқастың кәсіптік іс-әрекетімен байланысты болуы мүмкін бе?

2.Неге преднизолон майын жаққан соң бөртпе кетіп қалды ?

3. Аллергиялық жанасулық дерматит аллергиялық серпілістің (Джелл және Кумбс бойынша) қай түріне жатады ?

4. Осы дерматиттің патогенезі қандай ?

7.6. Таратылатын материалдар

7.7. Әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология: Оқулық: – Алматы; «Эверо», 2010. – Б. 480-517

  2. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология: Оқулық: – Алматы; «Эверо», 2010. – Б. 480-517

  3. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2т., 2010.- С. 716-731

Қосымша

  1. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга - М.: Томск., 2006.- С. 337-340

  2. Остеоартрит//Под ред. Лесняк О.М. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2006. - 176 с

  3. Остеопороз // Под ред. Беневоленской Л.И., Лесняк О.М. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2008. - 176 с

  4. Литвицкий П.Ф. Патофизиология учебник + СД. – 4-е изд. – М., 2010. – с.448-450

  5. Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова.– Алматы.: «Эффект» баспасы, ҚазҰМУ, 2007.- Б. 146-147, 214-216 .

  6. Тақырыптың мульдимедиялақ көрсетілімі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]