
- •Глоссарий
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Протеинограмма
- •Аспаптық зерттеулер
- •6.6 Әдебиеттер:
- •6.7. Бақылау
- •7.1.Тірек –қимыл жүйесі, тері және оның қосалқылары бойынша машықтық дағдыны қалыптастыру.
- •7.2.Сабақтың мақсаты:
- •7.3.Оқыту міндеттері:
- •Есеп №1
- •Есеп №2
- •Есеп №3
- •Есеп №4
- •Есеп №5
- •7.6. Таратылатын материалдар
- •7.7. Әдебиеттер:
- •7.8. Аралық бақылау (2сағ)
- •Сүйек тіні дамуы бұзылысының этиологиясы және патогенезі.
- •8.Аудиториядан тыс өзіндік жұмысқа (сөж) арналған әдістемелік ұсыныстар
- •8.1.1.№ 1 Тақырып «Мешел патофизиологиясы»
- •8.1.8. Әдебиеттер
- •9.4.Тәжірибелік дағдЫлар тізімі
6.7. Бақылау
(сынамалық тапсырмаларды орындау, мерзімдік бақылауды қараңыз )
7.СОБӨЖ(2сағ)
7.1.Тірек –қимыл жүйесі, тері және оның қосалқылары бойынша машықтық дағдыны қалыптастыру.
7.2.Сабақтың мақсаты:
Тірек –қимыл жүйесі, тері және оның қосалқылары бұзылыстарының клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын, өзін өзі жетілдіруді қалыптастыру
7.3.Оқыту міндеттері:
Тірек –қимыл жүйесі, тері және оның қосалқылары бойынша клиникалық-зертханалық мәліметтерді сараптау машықтық дағдысын қалыптастыру
Топппен жұмыс жасауда коммуникациялық дағдыны қалыптастыру
7.4.Жүргізу түрі:
Шағын топта жұмыс жасау: кес-стади
7.5. тақырып бойынша тапсырмалар:
Есеп №1
Науқас М., 40 жаста, әлсіздікке, шаршағыштыққа, бұлшықетінің гипотониясына, шөлдеуге, аяқ сүйектеріндегі жайылмалы тесіп ауыру сезіміне шағымданды. Рентгенограммада айқын диффузды остеопороз, түтікті сүйектердің эпифизінде кистозды түзіліс және қыртысты қабатының жұқарған бөліктері, бет сүйегінде төменгі жақтың бойына дәнекер тіндердің өскендігі (эпулидтар) анықталады. Қанын зерттегенде: гиперкальциемия, гипофосфатемия, сілтілі фосфатазаның жоғарылағандығы анықталды. Кальциурия және фосфатурия, зәрі сілтілі
Қандай ауру туралы ойлауға болады?
Аурудың этиологиясы мен патогенезін түсіндіріңіз
Клиникалық-зертханалық мәліметтерге патофизиологиялық сараптама беріңіз
Гиперкальциемияның мүмкіндік салдарын көрсетіңіз
Есеп №2
Емханаға науқас Р., 45 жаста, екі қолының саусақтарындағы және білезік буындарындағы ауыру сезіміне, олардың ісінуіне, ертеңгілік қозғалуының қиындауына шағымданады. Ауыру сезімдері жиі қозғалыс кезінде пайда болады. Бұдан басқа, науқасты дене қызымының кешкілік 37,5 – 38,0˚ көтерілуі, жүрек қағуы, физикалық жүктемеде ентігу, әлсіздік, шаршағыштық, арықтағаны мазалайды. Ауру тарихынан буындарындағы ауыру сезімі вирустық жұқпамен ауырған соң соңғы 3 айда мазалағаны белгілі болды. Екі қолының да саусақтарындағы буындар, білезік, шынтақ буындары ісінген, құрылымы өзгерген, терісі қызарған, ауырғандықтан қимылы шектелген. Саусақтарының және шынтақ буынының жазатын бұлшықеттері аздап атрофияланғаны байқалады. Қан талданымы: Эритроцит 3,0 х1012, Гемоглобин 100 г/л; түстік көрсеткіш - 1,0. Лейкоциттер - 10,0 х 109 /л; Лейкоциттік өрнек: Эозинофил - 3, 0 %, таяқшаядролы нейтрофил- 8 %; сегментядролы - 67 %; Лимфоцит -18 % ; Моноцит 4%
ЭТЖ -35 мм/сағ. Қанның биохимиялық талданымы: С-әсерлі нәруыз +++; жалпы нәруыз – 50 г/л, А/Г коэффициенті - 1,0
Қандай ауру туралы ойлауға болады?
Аурудың этиологиясы мен патогенезін түсіндіріңіз
Клиникалық-зертханалық мәліметтерге патофизиологиялық сараптама беріңіз
Зертханалық мәліметтерге патофизиологиялық сараптама беріңіз
Есеп №3
Хирургиялық бөлімшеге науқас тізе буынының ауыратындығына шағымданып түсті. Дене қызымы 380С. Қарап тексергенде: оң тізе буыны сипағанда қатты ауырады, қызарған, ыстық және ісінген, сұйықтық бар. Терісінде сыздауықтар бар. Ауру тарихынан науқас көптеген жылдар бойы қантты диабетпен ауырады. Буыннан сұйықтық алынды. Бактериологиялық зерттегенде алынған сұйықтықтан алтынтүсті стафилококк анықталды.
Қандай ауру туралы ойлауға болады?
Аурудың этиологиясы мен патогенезін түсіндіріңіз. Оның дамуында қантты диабет қандай рөл атқарды?
Клиникалық көріністерге патофизиологиялық сараптама беріңіз
зертханалық мәліметтерге патофизиологиялық сараптама беріңіз