Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
САРФ ҚАЗАҚША.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
349.05 Кб
Скачать

6) تَفَعُّلٌ- бабы

а) تَفْعِيلٌ - бабындағы мутуғадди етістікті ләзімге айналдыру үшін تَفَعُّلٌ бабына салынады. Мысалы: كَسَّرَ (талқанын шығарып сындырды), تَكَسَّرَ (талқаны шығып сынды)

ә) تَفْعِيلٌ - бабында екі іске әсері тиетін етістік болса, تَفَعُّلٌ - бабында бір іске әсері тиетін етістікке айналады. Мысалы: عَلَّمْتُ التِّلْمِيذ َ الْقِرَاءَة َ (шәкіртке оқуды үйреттім), هَذ َاالتِّلْمِيذ ُ تَعَلَّمَ الْقِرَاءَتَ (бұл оқушы оқуды үйренді).

б) Орындаушының қолынан келмейтін іске және өзінде жоқ қасиетті бар етіп көрсетуге әрекет еткендігін білдіреді. Мысалы: تَكَرَّمَ (ұлық болуға тырысты), تَشَجَّعَ (батыр болуға тырысты).

в) Орындаушының бір істен сақтанғандығын білдіреді. Мысалы: تَأثَّمَ (күнәдән сақтанды), تَهَجَّمَ (ұйқыдан сақтанды).

г) Бір жағдайдан екінші жағдайға кезіккендігін білдіреді. Мысалы: تَأيَّمَ (жесір болып қалды)

д) Есімнен етістік жасайды. Мысалы: وِسَادَة ٌ (жастық), تَوَسَّدَ التُّرَابَ (топырақты өзіне жастық қылды).

7) تَفَاعُلٌ - бабы

а) Бір істің көпшілік болып орындалғанын білдіреді. Мысалы: تَصَالَحَ الْقَوْمُ (халық өзара келісім жасасты).

ә) مُفَعَلَة ٌ - бабындағы мутағадди етістігін ләзімге айналдырады. Мысалы: جَاعَدْتُ زَيْدًا (Зайдті алыстаттым), تَبَاعَدَ (ол алыстады).

б) Өзінде жоқ сипатты, жағдайды бар етіп көрсетеді. Мысалы: تَجَاهَلَ (білмегенсіп тұрды), تَمَارَضَ (ауырғансып тұрды).

8) اِفْعِلآلٌ - бабы

а) Бір жағдайдан немесе бір сипаттан екінші сиптақа кіргендігін білдіреді. Мысалы: اِحْمَرَّ الْبُسْرَ (көк құрма қызарды).

б) Етістіктің мағынасын күшейту мақсатында қолданылады.

Мысалы: اِسْوَدَّ الَّليْلُ (түн қап-қараңғы болды).

9) اِفْعِيلآلٌ- бабы

Бұл бабта етістіктің мағынасын тағыда күшейте түседі. Мысалы: اِحْمَارَّ (қып-қызыл болып кетті).

10) اِسْتِفْعَالٌ - бабы

а) Бір іс-әрекеттің орындалуын талап етуді білдіреді. Мысалы: اِسْتَنْطَقَ (сөйлеуін талап етті), نَطَقَ (сөйледі).

ә) Орындалған істің бір сипатқа ие екендігін білдіреді. Мысалы: اِسْتَعْظَمَ الْأمْرَ (бұл істі ұлы іске санады).

б) Бір күйдің екінші күйге айналғандығын білдіреді. Мысалы: اِسْتَحْجَرَ الطِّينُ (лай тасқа айналды).

в) Мутоғадди етістікті ләзімге айналдырады. Мысалы: أيَقَظَ (оятты), اِسْتَيْقَظَ (оянды).

11) اِفْعِيعَالٌ - бабы

Бұл бап етістікті асыра сілтеу үшін қолданылады. Бұл бапқа тек қана صَحِيحٌ және نَقِصٌ етістіктері жатады. Мысалы: اِحْدِيدَابٌ (қатты бүкір болды).

12) اِفْعِوَّالٌ - бабы

Бұл бап та етістікті асыра сілтеу, асыра көрсету мақсатында қолданылады. Мысалы: اِجْلِوَّازٌ (өте жылдам жүру).

رُبَاعِي مُجَرَّدٌ

دَحْرَجَة ٌ

دَحْرِجْ

يُدَحْرِجُ

دَحْرَجَ

فَعْلَلَة ٌ

فَعْلِلْ

يُفَعْلِلُ

فَعْلَلَ

1

رُبَاعِي مَزِيدٌ

تَدَحْرُجٌ

تَدَحْرَجْ

يَتَدَحْرَجُ

تَدَحْرَجَ

تَفَعْلُلٌ

تَفَعْلَلْ

يَتَفَعْلَلُ

تَفَعْلَلَ

1

اِبْرِنْشَاقٌ

اِبْرِنْشِقْ

يَبْرَنْشِقُ

اِبْرَنْشَقَ

اِفْعِنْلآلٌ

اِفْعَنْلِلْ

يَفْعَنِلِلُ

اِفْعَنْلَلَ

2

اِقْشِعْرَارٌ

اِقْشَعِرَّ

يَقْشَعِرُ

اِقْشَعَرَّ

اِفْعِلْلآلٌ

اِفْعَلِلَّ

يَفْعَلِلُّ

اِفْعَلَلَّ

3

قَوَاعِدُ الصَّرْفِ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]