- •(Морфология)
- •(Формула)
- •ا َقْسَامٌ - (Бөлімдер)
- •2) مُضَاعَفْ - (Қосарланған)
- •(Етістік және істеуші)
- •فِعْلُ مَاضِى(Өткен шақ етістігі) مَعْلُومٌ فِعْلُ مَاضِى(Өткен шақ негізгі етістігі)
- •مَجْهُولٌ فِعْلُ جَحْدُ (Өткен шақтың болымсыз, ырықсыз етістігі)
- •ف ِعْلُ نَفِي (Осы және келер шақтың болымсыз етістігі)
- •مَعْلُمٌ فِعْلُ نَفِيُ الْحَال(Осы шақ болымсыз, негізгі етістік)
- •مَجْهُولٌ فِعْلُ نَفِيُ الْحَال (Осы шақ болымсыз, негізгі етістік)
- •مَعْلُمٌ فِعْلُ نَفِيُ الاِسْتِقْبَل (Келер шақ болымсыз, ырықсыз етістік)
- •مَجْهُولٌ فِعْلُ نَفِيُ الاِسْتِقْبَل (Келер шақ болымсыз, ырықсыз етістік)
- •1) أمْرُ الَحَاضِرُ- екінші жаққа қатысты бұйрық рай.
- •مَعْلُمٌ أمْرُ الَحَاضِرُ (Екінші жаққа қатысты негізгі етістіктің негізі түрі)
- •مَجْهُولٌ أمْرُ الَحَاضِرُ (Екінші жаққа қатысты негізгі етістіктің ырықсыз түрі)
- •2) أمْرُ الْغَائِبُ - бірінші және үшінші жаққа қатысты бұйрық рай.
- •مَعْلُمٌ أمْرُ غَائِبُ (Бірінші және үшінші жаққа қатысты бұйрық рай негізгі етістік)
- •مَجْهُولٌ أمْرُ غَائِبُ (Бірінші және үшінші жаққа қатысты бұйрық рай негізгі етістік)
- •فِعْلُ نَهِي (Бұйрық райдың болымсыз түрі) مَعْلُمٌ فِعْلُ نَهِي (Болымсыз бұйрық райдың негізгі етістігі)
- •مَجْهُولٌ فِعْلُ نَهِي (Болымсыз бұйрық райдың ырықсыз етістігі)
- •اِسْمُ زَمَانٌ و اِسْمُ مَكَانٌ (Мезгіл және мекен есімдері)
- •اِسْمُ آلاَتٌ (Құрал жабдық есімі)
- •اِسْمُ تَفْضِيلٌ (Салыстырмалы шырай)
- •اِسْمُ تَصْغِيرٌ (Кішірейтпелі шырай)
- •نُونُ الْتَعْقِيدِ (Күшейткіш нуны)
- •نُونُ الْتَعْقِيدِ (Күшейткіш нуны)
- •اِفْعَالٌ - бабы.
- •2) تَفْعِيلٌ - бабы.
- •3) مُفَاعَلَة ٌ - бабы
- •4) اِنْفِعَالٌ - бабы
- •5) اِفـْتِعَالٌ - бабы
- •6) تَفَعُّلٌ- бабы
- •7) تَفَاعُلٌ - бабы
- •8) اِفْعِلآلٌ - бабы
- •9) اِفْعِيلآلٌ- бабы
- •10) اِسْتِفْعَالٌ - бабы
- •11) اِفْعِيعَالٌ - бабы
- •12) اِفْعِوَّالٌ - бабы
- •(Сарф қағидалары)
اِفْعَالٌ - бабы.
а) Ләзім етістікті мутағадди етістігіне айналдырады. Мысалы: ذ َهَبَ (кетті) أذ ْهَبَ (кетірді).
ә) Орындаушының меңзелген уақытта келгенін, сол уақытта болғанын білдіреді. Мысалы: أصْبَحَ الْمَرِيضُ (сырқат таңды атырды), أمْسَي الْمُسَافِرُ (жолаушы кешті батырды).
б) Бір жерге немесе бір қалаға баруды көздеу мағынасын білдіреді. Мысалы: أعْرَقَ (Ираққа бет алды), أمْصَرَ (Мысырға бет алды).
в) Орындаушының бір сипатқа ие болғандығын білдіреді.
Мысалы: أطْفَلَتْ فَاطِمَتُ (Фатима балалы болды), ألْحَمَ زَيْدٌ (Зайд етжеңді болды).
г) Орындаушы орындалушының қандай сипатта немесе қандай күйде екендігіне көз жеткізгендігін білдіреді. Мысалы: أبْخَلْتُ مَحْمُودًا (Махмуддың сараң екендігіне көз жеткіздім).
д) Бір кезеңнің немесе бір уақыттың келгенін білдіреді. Мысалы: أحْصَدَ الزَّرْعُ (Егін жынайтын уақыт болды).
е) Орындаушы орындалушыдан бір сипаттың немесе бір күйдің кетіргенін ділдіреді. Мысалы: أشْكَيْتُ صَالِحًا (Солихты сырқатынан айықтырдым).
2) تَفْعِيلٌ - бабы.
а) Ләзім етістікті мутағаддиға айналдырады. Мысалы: فَرِحَ (қуанды), فَرَّحَ (қуандырды).
ә) Бір етістіктің қайта-қайта, көп қайталау арқылы орындалғанын білдіреді. Мысалы: قَطَعَ (кесті), قَطَّعَ (кескілей берді), طُفْتُ (айналдым), طَوَّفْتُ (айнала бердім), غَلَقْتُ (жаптым), غَلَّقْتُ (жаба бердім).
б) Орындаушының бір сиптқа қатысты екенін білдіреді.
Мысалы: كَفَّرْتُ بُوذِيًا (буддистті кәпірге жатқыздым).
в) Бір сипатты кетіргенін білдіреді. Мысалы: قَشَّرْتُ الْعُودَ (таяқтың қабығын аршыдым).
г) Орындаушының бір нәрсеге ұқсап қалғандығын білдіреді. Мысалы: قَوَّسَ الشَّيْخُ (қарт садаққа ұқсап қалды).
д) Есімнен етістік жасалады. Мысалы: خَيَّمَ الْقَوْمَ (қауым шатыр жасады).
е) Бір жаққа қарай бет алғандығын білдіреді. Мысалы: كَوَّفَ (куфаға бет алды), شّرَّقَ (шығысқа бет алды)
3) مُفَاعَلَة ٌ - бабы
а) Бір іске орындаушы мен орындалушының ортақ екендігін білдіреді. Мысалы: ضَارَبَ سَعِيدٌ مَحْمُودًا (Сағид пен Махмуд төбелесті).
ә) Бір істі көп рет қайта-қайта орындалғанын білдіреді.
Мысалы: ضَاعَفَ الله أجْرَهُ (Аллаһ Тағала оның сауабын көбейтті).
б) ثُلَثِي مُجَرَّد - тан ерекшеленбей мағыналас болып та келеді. Мысалы:قَتَلَ - قَاتَلَ (өлтірді), سَفَرَ - سَافَرَ (сапар шекті).
4) اِنْفِعَالٌ - бабы
Бұл бабта күш немесе аспап жәрдемімен орындалатын етістіктер келеді. ثُلَثِي مُجَرَّد - та мутуғадди болған етістіктерді ләзімге айналдырады. Мысалы: كَسَرَ (сындырды), اِنْكَسَرَ (сынды).
5) اِفـْتِعَالٌ - бабы
а) ثُلَثِي مُجَرَّد - тағы мутағадди етістікті ләзімге айналдырады. Мысалы: جَمَعَ (жинады), اِجْتَمَعَ (жиналды).
ә) اِسْمٌ - нан етістік жасайды. Мысалы: خُبْزٌ (нан), اِخْتَبَزَ (нан пісірді).
б) Іс-әрекеттің шынайы еңбеңпен орындалғандығын білдіреді. Мысалы: كـَسَبَ (кәсіп қылды, тапты), اِكْتَسَبَ (еңбектеніп жүріп тапты).
