Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дип.-ҚАРЖЫЛЫҚ-ЕСЕП-ЖӘНЕ-КӘСІПОРЫНДЫ-БАСҚАРУДА-Б...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
332 Кб
Скачать
☆

Бухгалтерлік балансы (өлшем бірлігі мың теңге)

Активтері

Сомасы

Пассивтері

Сомасы

1

2

3

4

Ұзақ мерзімді активтер:

Меншікті капитал

Материалдық емес активтер

Негізгі құралдар

Ұзақ мерзімді қаржы салымы (инвестиция)

Ұзақ мерзімді дебиторлық борыш

Жиыны

Ағымдағы активтер:

Ұзақ мерзімді міндеттемелер:

Материалдық қор

Ұзақ мерзімді несие

Дайын өнімдер

Ұзақ мерзімді қарыз

Тауарлар

Жиыны

Аяқталмаған өндіріс

Қысқа мерзімді міндеттемелер:

Қысқа мерзімді дебиторлық борыштар

Бюджетпен есеп айырысу

Қысқа мерзімді қаржы салымы (инвестиция)

Бюджеттен тыс төлемдермен есеп айырысу

Алдағы уақыт шығындары

Жабдықтаушылармен есеп айырысу

Ақша қаражаттары

Жиыны

Жиыны

Барлығы

Барлығы

Осы жоғарыда келтірілген “АШМ Сервис Орталығы” фирмасының бухгалтерлік балансынан

көретініміз- бұл ұйымның активтері мен пассивтері 83000,0 мың теңгеге тең. Мұндағы кәсіпорынның меншікті капиталы 59000,0 мың теңгені, ал міндеттемелері 24000,0 мың теңгені құрайды. Жоғарыда берілген теңдіктің орнына (формулаға) осы сандарды орналастыратын болсақ мына түрде болады.

актив = меншікті капитал+ міндеттеме

83000000,0= 59000000,0+ 24000000,0

Біз бұл мысалымызда, яғни жоғарыда берілген бухгалтерлік баланста

Қазақстан Республикасының заңдарына сай жасалған баланстың үлгісін қарастырдық. Кейбір батыс елдерінде баланстағы тауарлардың, баптардың орындары ауысып та келтіріледі.

Мысалы, кейбір елдерде ағымдағы активтер баланстың актив бөлімінің басында орналастырылатын болса, оның баптары өтімділіктеріне қарай кезекпен құрастырылады. Сонымен қатар кейбір баланста активтер мен міндеттемелер баланстың сол жағында көрсетіліп (орналастырылып) , оң жағында тек қана кәсіпорынның меншікті капиталы көрсетіледі. Баланстың мұндай түріне мына теңдік негізделген:

актив- міндеттеме= меншікті капитал

83000000,0- 24000000,0= 59000000,0

Бұл теңдік бухгалтерлік баланста ұйым иесінің меншігін көрсетуге негізделген. Жоғарыдағы мысалымызға сәйкес баланстың бұл түрін құрастыратын болсақ, баланс кестесінің екі жағы да 59000,0 мың теңгеге тең болады.

Елімізде нарықты экономикалық қатынастардың және халықаралық шаруашылық пен қаржылық байланыстардың дамуы бухгалтерлік есеп пен есеп беруді жетілдіру туралы актуал мәселелерді алға ұсынды, олардың мазмұны мен әдістері қабылданған халықаралық нормаларға жақындастырылды.

Бухгалтерлік баланстың орталық формасы баланс болып есептелінеді. Баланс бұл сондай сипатталынады: онда объектілердің есебі екі рет көрсетіледі және екі көзқарас жағынан қарастырылады. Ұйымдардың бухгалтерлік есеп берудің құралы, мазмұны және қалыптастырудың методикалық негіздері Қазақстан республикасының заңдылықтары бойынша заңды тұлғалар болып табылатындар бухгалтерлік есептің стандарты арқылы реттелінеді. Олар: 2 “Бухгалтерлік баланс және қарсылық есептерде негізгі ашылулары” және “Есеп беруді құрастыру бойынша методикалық нұсқаулар” 1997 жылы 21 майда № 7 Қазақстан республикасы Қаржы министрлігі бухгалтерлік есеп және аудит методология Департаментінің бұйрығымен бекітілген құжаттар негізінде іс алып барылады.

Қазақстан Республикасындағы амалдағы бухгалтерлік есеп пен есеп беру қаржылық есептердің халықаралық стандарттары негізінде белгіленген принциптерінде құрылған. Егер қазіргі жағдайда бухгалтерлік есепті халықаралық бизнестегі деп айтсақ, ондай жағдайда есеп беруі қажет. Мойындай керек, бүгінгі таңда ұйымдарға әкімшіл әдіспен жазылған бухгалтерлік есеп пен есеп берудің методологиясы дүниежүзілік тәжірибенің талаптарына толық жауап бере бермейді.

Кәсіпорынның есеп беруі бұл қаржылық есеп процедурасының логикалық жалғасы болып есептелінеді және ұйымның есеп беру кезеңіндегі мүліктік және қаржылық жағдайларын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі екендігін білдіреді.

Барша амалдағы ақпараттардың барлығы пайдаланушылар үшін ашық бейнеде болуы тиіс яғни қаржы есептері анық және түсінікті болуы қажет. Баланста заңды тұлғаның аты- жөні, тұратын жері, есеп күні мен есеп кезеңі көрсетілуі тиіс. Сонымен бірге бұл орында кәсіпорын қызметі түрінің қысқаша бейнесі, оның заңдылық формасы мен өлшем бірлігі, яғни барлығы қаржы есебінде көрсетілген болуы тиіс, бұдан басы бұрынғы жыл үшін де жоғарыда келтірілгенге сәйкес мәліметтер болуы керек.

Баланс Қазақстан республикасы валютасында жасалынады, өлшем бірлігі- мың теңге. Бухгалтерлік баланс есепшот бойынша Бас кітапта көрсетілген қалдық негізінде жасалынады.

Баланста ағымдағы активтер мен міндеттемелердің анықталуы және оның жиынтық қорытындысы бойынша ашылуы (жазылуы) заңды тұлғалардың қарсылық жағдайына талдау жасауда қаржы есебін пайдаланушыларға көмек көрсетелік ақпарат көзі болып есептелінеді.

Баланс мәліметі бойынша кәсіпорынның жүйесі- бұл айрықша жазбаның түрі. Ол есеп беру кезеңі үшін кәсіпорынмен оның бөлімдері қызметтерінің жағдайлары мен нәтижелері туралы бейнелейтін жалпы мәліметтерді ағымдағы есептерден түскен қысқаша үзінділері болып саналады. Есеп беру сандық көрсеткіштерден құралады.

Белгілі бір кезең үшін кәсіпорын мен оның бөлімдері қызметтері жағдайлары мен нәтижелері туралы бейнелейтін жалпы мәліметтер бухгалтерлік, статистикалық және оперативті техникалық есептер негізінде қалыптасады. Солар арқылы кәсіпорын қаржылық- шаруашылық қызметтері есеп беруінде әржақты бейнелеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Экономикалық ақпараттар жүйесінде бухгалтерлік есеп беру- ең көбірек жинақталған және талдап қорытылған ақпараттармен болған ең маңызды басқару инструменті (құралы) болып табылады.

Бухгалтерлік есеп берудің мәліметтері- басқарудың әртүрлі дәрежесіндегі мақсаттар үшін пайдаланылады. Бухгалтерлік есепті жүйелі үйрену иеленген табыстардың себебін ашады, сонымен бірге кәсіпорынның жұмыстағы кемшіліктерін көрсетеді, кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігінің арттыру жолдарын анықтауға көмектеседі.

Бухгалтерлік есеп беру- бұл кәсіпорын шаруашылық қызметінің негізгі объективтік бағасы болып табылады, сонымен бірге ол ағымдық және басқармалық шешімдерді қабылдау үшін ең маңызды әсер ететін инструмент болып табылады.