Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дип.-ҚАРЖЫЛЫҚ-ЕСЕП-ЖӘНЕ-КӘСІПОРЫНДЫ-БАСҚАРУДА-Б...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
332 Кб
Скачать
☆

3.1. Бухгалтерлік баланс туралы түсінік және оның құрылымы мен есеп беру жүйесіндегі негізгі форма ретінде.

Бухгалтерлік есептің негізгі ақпаратын қызметінің, функциясының бірі-

пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәліметтерді уақытылы жеткізіп беріп отыру. Осындай ақпараттық мәліметтің негізгі қайнар көзі- бухгалтерлік баланс. “БАЛАНС” сөзі француз тілінен алынған. Бұл сөз қазақ тіліне аударылғанда “таразы” немесе “тепе- тең” деген мағынаны білдіреді. Сырт көзбен қарағанда кәсіпорынның бухгалтерлік балансы актив және пассив деп аталатын екі бөлімді кесте болып табылады. Оның сол жағында, яғни активінде кәсіпорынның қаржылары, заттай және ақшалай шығындары көрсетілсе (орналастырылған болса), оң жағында, яғни пассив бөлімінде қорлану көздері қарастырылады. Бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес бухгалтерлік баланстың актив бөлімінде кәсіпорынның өзіне тиесілі, яғни қолда бар мүліктері қарастырылады. Ұйым осыларды пайдалану арқылы ғана алдағы уақытта табыс таба алатындықтан бұл мүліктерді кәсіпорынның әулетті табыстары ретінде таниды. Ал баланстың пассиві деп аталатын бөлімінде кәсіпорынның қорлану көздері туралы ақпаратты мәлімет жазылады. Ұйымның қорлану көздері меншікті капитал және тартылған (сырттан немесе басқа жақтан алынған, қарастырылған) капитал деп екіге бөлінеді. Мұндағы тартылған капитал дегеніміз кәсіпорынның міндеттемелері, яғни кредитор берешек борыштары болып табылады. Кредиторлар қатарына заңды немесе жеке тұлғаларды жатқызуға болады. Егер кәсіпорын өз кредиторларының алдындағы қарызын уақытылы төлей алмаған жағдайда, олар ұйымнан активтерін сату арқылы қарызын қайтаруды талап ете алады. Кәсіпорынның меншікті капиталы инвесторлардың мүдделілігін танытады және ол активтің жиынтық сомасынан міндеттемелерді шегеріп тастағандағы қалдық сомаға тең болады. Инвестордың кредитордан айырмашылығы- өз алашағын алу үшін жанталасатын (тырысатын) болса, ал инвестор жоғарыда аталған активтің жиынтық сомасынан міндеттемелерді шегеріп тастағандағы қалдық сомаға, яғни меншікті капиталға ие және де кәсіпорынның қожайыны болып табылады. Осы айтылғандарды қорытындылай отырып ұйымның барлық активтері инвесторлар мен кредиторлардың меншігі екендігін аңғаруға болады. Сондықтан бухгалтерлік баланстағы мына теңдіктің әрдайым тең болатындығы сөзсіз.

актив= меншікті капитал+ міндеттеме

Бұл теңдікті кейбір шет елдерде келесі түрде көрсетіледі:

актив- міндеттеме= меншікті капитал

Әдетте кәсіпорынның бухгалтерлік балансы есеп беретін уақытқа қарай негізделіп, айдың, тоқсанның, жылдың басына жасалады. Баланстың актив бөлімі ұзақ мерзімді активтер және ағымдағы активтер деп аталатын екі тараудан тұрады. Ұзақ мерзімді активтердің қатарына кәсіпорынның материалдық емес активтері, негізгі құралдары, ұзақ мерзімді қаржы салымы (инвестициялар), ұзақ мерзімді дебиторлық борыштары жатқызылады. Ал ағымдағы активтер тарауында ұйымның материалдық құндылықтары, тауарлары, дайын өнімдері, аяқталмаған өндірісі, қысқа мерзімді дебиторлық борыштары, қысқа мерзімді қаржы салымы, алдағы кезең шығындары, ақшалары және басқа да ағымдағы активтері қарастырылады. Бухгалтерлік баланстың пассив бөлімі үш тараудан тұрады. Оның бірі меншікті капитал деп аталып, онда кәсіпорынның жарғылық қоры, резервтік қоры, бөлінбеген пайдасы немесе жабылмаған зияны көрсетіледі. Пассив бөлімінің екінші және үшінші тараулары тиісінше ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелер деп аталады. Ұзақ мерзімді міндеттемелер қатарына кәсіпорынның ұзақ уақытқа алған несиелері мен қарыздары жатқызылса, қысқа мерзімді міндеттемелер тарауында ұйымның алдағы кезеңдерінің табыстары, бюджетке қарызы, бюджеттен тыс мекемелерге қарызы, жабдықтаушы- мердігерлерге қарызы, жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы бойынша қарызы, зейнетақы қорларына қарызы және басқа да кредиторлық борыштары көрсетіледі. Жоғарыда айтқандарымыз түсініктірек болу үшін “АШМ Сервис Орталығы” фирмасының 2006 жылғы 1 қаңтарға жасалған бухгалтерлік балансын қарастырайық.

Бүгінгі күннің негізгі талабы –жарықтың экономиканың қатынастардың принциптерін іске асыру нәтижесінде халқымыздың әлеуметтік- экономикалық тұрмыс дәрежесін жақсарту және еліміздің экономикалық әлеуетін нығайту болып табылады. Осы мақсаттарды іске асыру қаржылық есеп пен есеп берудің және кәсіпорынды басқаруда бухгалтерлік баланстың рөлі мен маңызының ерекше екендігі белгілі болып отыр. Сондықтанда дипломанттық негізгі мақсаты кәсіп орындарды қаржылық есептің мәнін ашу, есеп беруді жасау және кәсіпорынды басқаруда бухгалтерлік байланыстың ролін анықтау мен оның қаржылық жағдайына баға беру болып табылады.

Диплом жұмысының кіріспе бөлімінде диплом жұмысының негізгі мақсаты, зерттеу нысаны мен предметі және бухгалтерлік байланыстың мәні, кәсіпорынды басқаруда оның ролі мен қаржылық жағдайы анықталынады.

Диплом тапсырудың бірінші тарапында «Қаржылық есеп беру және оның жасалуы» айтылып онда қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы, есеп беруге қойылатын талаптар мен есептерді өңдеу кезеңдері және қаржылық есеп беруді пайдаланушылар мен қаржылық есеп берудің элементтері беріледі.

Қаржылық есеп беруді жасауда оның құрамына бухгалтерлік баланс. Шаруашылық қаржылық қызметі нәтижесі туралы есеп беру, ақша қаржылықтарының байланысы туралы есеп беру іс шаралары туралы ақпарат беру кіретіндігі айтылады.

Диплом жұмысының екінші тарауында «Қазіргі кезеңде кәсіпорынды басқару бухгалтерлік байланыстың ролі мен маңызы» туралы пікірлер айтылып, оны жетілдіру жолдары мен оның өндірістік факторларына талдау жасалынған. Сонымен бірге есеппен есеп берудің дәрежесі халықаралық талаптарға жауап беретін дәрежеге жеткізу жоғарғы дәуірдің басты проблемасы екендігі туралы ой –пікірге білдірілген.

Диплом жұмысының қорытынды бөлімінде баяндалған материалдар негізінде зерттеуге және талдау жасау нәтижесінде пайда болған тұжырымдар мен ой-пікірлер ұсынылған. Мұның нәтижесінде қазіргі жағдайда өндірісті басқарушылар мен қаржыгерлерге жұмыстың тактикасымен стратегиясы мен іске асыруды қажетті үлгімен әдістерді жақтауға қажет береді және әр бір кәсіпорынның Қазақстан Республикасының экономикалық реформаларын іске асырумен кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығын нығайтуда бухгалтерлік болыстың мағынасы ерекше екендігі дәлелденеді. Қорыта айтқанда диплом жұмысы шаруашылық қызметкерлер үшін құнды жұмыс деп бағаланады және оның нәтижесін қорғауға ұсынады.

“АШМ Сервис Орталығы” өндірістік кооперативінің 2006 жылғы 1 қаңтарына